177
боласыңыз – боласыз, амансыңыз – амансыз;
-ын/-ыл және олардың дыбыстық түрлерінің өздік, ырықсыз етістер тудыруында
ерекшелік бар: өтіліп – өтіп. Әдеби тілде бұл сөздерден өздік, ырықсыз етістер жасалмайды.
-ай/-ей сын есімнен етістік жасайтын –ла/-ле қосымшалары орнына айтылады:
жеңілейіп – жеңілдеп, тынышайып – тынышталып;
Бізің, сізің: біз, сіз есімдіктерінің 1,2 жақ сыпайы түрінің ілік септік тұлғасы.
-лық, -лік: әдеби тілде қосылмайтын сөздерге қосылады: жастығында – жасында,
қонақтыққа – қонаққа, қысқылықта – қыста, жазғылықта – жазда. Мысалы: Біреуі
жастығында қайтты. Басқарма қонақтықта бопты.
-шылық, -шілік, -лық, -лік жұрнақтары орнына қолданылады: батыршылық-батырлық,
ақыншылық – ақындық. Мысалы: Оның ақыншылық қасиеті басым.
-лы/-лі:1 – жақ көпше қалау, тілек, бұйрық мағыналарын білдіреді: сөйлеселі –
сөйлесейік, айталы – айталық. Мысалы: Ертең тағы сөйлеселі.
-ың/-ің етістіктің бұйрық мәнімен бірге тілек, қалау, сыпайылық реңдерін білдіреді:
көрің – көр, жіберің – жіберіңіз. Мысалы: Өзің барып көрің. Оқуға жіберің деп районға арыз
беріп едім.
-мақ/-мек жұрнақтары арқылы етістіктен жасалған есім сөздер кездеседі: отырмақ –
сауық кеші, ауырмақ – айырмашылық;
-тын,-тін жұрнақты есімше анықтауыш қызметін атқарғанда барыс септігінде
қолданылады: жұмсайтынға – жұмсайтын. Мысалы: Осы үйде жұмсайтынға бала жоқ.
3. Лексикалық ерекшеліктер –бір нәрсенің атауы не оның сын – сапа қимылының әр
жерде әртүрлі аталуымен байланысты болады.
Маңғыстау сөйленісіндегі лексикалық ерекшеліктер:
Бересен - орасан, жабау – шаршау, қаржас – шамалас, қылы – терезенің шынысы,
шадуар – қора, сүңкі – ыңғайлы, қалпы, орпа – тайыз құдық, ығысы – қисыны, ашағар – суы
ащы бұлақ, манағы – бағанағы, құртақандай – кішкентай, дымқос – науқас, екібастан – сөзсіз,
еме жарқалау – азын-аулақ, естіміш – естігені көп, егдеру – егделену, дыр – ірі, зор, әжетте –
заматта, басы шашылу – басы қату, бәшәй- бақай, бопалай – аралас, гүмәнін ашу – сырын
ашу, айқай – кең, ұшы-қиырсыз; тұрақты тіркестер: айна қылу – әжуа қылу, дағ етпеу –
ештеме етпеу, дән қою – алдау, қыпы қану – құмары қану, тәлеті жоқ – құнты жоқ, сәуір салу
– түнде жол жүру, мақы жібермеу – жаңылмау, пияда жүру – жаяу жүру.
Атақ – ат-жөн. Мысалы: Менің атағымды жазып алыңыз.
Ағаш – үй – киіз – үй. Мысалы: Осы ағаш үйді алдырдық.
Адам қара – кісі. Мысалы: Бүгін адам қарасы көп болды.
Азар – әрең, зорға. Мысалы: Өзеннен осы жерге азар жеттім.
Айлақ – шығанақ, бұғаз.Мысалы: Маяктың жайғасқан жері теңіздің бір айлағы.
Айналу – күзету.Мысалы: Қораға айналатын ит екен.
Ақар-шақар – ұзынды-қысқалы. Мысалы: Ақар-шақар құз жартастардың арасынан шыға келді.
Алас-қапас – алас-құлас.
Әзір– зорға, әрең. Мысалы: Мен шайға әзір келіппінғо.
Әндемде – лезде. Мысалы: Машинаға мінуіміз мұң екен, әндемде жетіп келдік.
Батыру – толтыру. Мысалы: Қайықты балыққа батырып қайттық.
Бибақ сөз – бос сөз. Мысалы: Бибақ сөз сөлеме.
Биттей – кішкентай. Мысалы; Биттей кінә да адамды ұялтады.
Дабыра – сыбыс, дапқырт, қауесет.Мысалы: Домбыраны күнә деп – білмей айтқан
дабыра.
Даңғайыр – даңғыл, сара жол;Мысалы: Үстірт жаққа шығатын жол даңғайыр.
Дүр – ғұлама. Мысалы: Адамды ақырғаны тоңдырады, бір өзі бір жігіттей он дүр еді.
Сонымен, Маңғыстау сөйленісіне тән ерекшеліктер жалпы батыс сөйленістеріне ортақ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. «Қазақ диалектологиясы» - Алматы, 2002, 200 бет.
2. «Қазақ диалектологиялық сөздігі»- Алматы: Ғылым, 1996, 200 бет.
178
ОӘЖ94(574.42)
ОКАНОВ А.К., БУЛГЫНБАЕВА А.К.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын
тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту
жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға
тарту өте пайдалы процесс. Біріншіденшетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын
жеделжетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден
шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру
тәжірибесін де ала келеді.
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталды молайту,
елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын
еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражатты
білдіреді.
Инвестициялар инвестициялау формаларына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың
ұдайы өндірістегі мақсаты мен рөлінежәне қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға
салынатын инвестициялар, шетелдік инвестициялар, қоржындық инвестициялар болып
бөлінеді. Шетелдік инвестициялар – шет ел инвесторлары жүзеге асыратын инвестициялар.
Шетелдік инвестицияларға:
-тікелей
шетелдік
инвестициялар
(қаражатты
компаниялардың
немесе
кәсіпорындардың жарғылық қорына немесе акцияларына салу);
- қоржындық шетелдік инвестициялар (қаражаттыұзақ мерзімді борышқорлық
міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салу);
-сыртқы несиелер, қарыздар, ресми және гуманитарлық көмектер жатады.Шетелдік
инвестициялардың түрлері 1-суретте көрсетілген[1,б.5].
Қазіргі таңда инвестиция тартып, өндіріс ошақтарын құруда Шығыс Қазақстан облысы
алдыңғы орында келе жатқан аймақ. Соңғы жылдары еліміздегі инвестициялық өнімнің әрбір
бесінші бөлігі Шығыста өндірілгенің облыстағы басшылардың бұл бағытта тиімді жұмыс
істеп жатқанын аңғаруға болады.
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына қаншалықты инвестиция тартылып,
облыс экономикасы қалай өркендегенін айтсақ. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында
инвестиция түрлі салаларға тартылып жатыр.
Күні кеше ғана Еуропалық даму банкі Шығыс Қазақстандағы ірі шаһарлардың
инфрақұрылымын жаңғырту үшін таяу арада 20 млрд теңге инвестиция бөлетінеді. Ғаламдық
қаржы институты Шығыстағы бес жобаға қолдау білдіріп отыр. Бұл әзірге істің басы ғана.
Инвесторлар ең алдымен Семей қаласындағы сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесін
жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады.
Сол сияқты шаһарды жылумен қамтамасыз ету жүйесін жандандыру жайы да
қарастырылған. Келешекте облыс тарапынан халықаралық қаржы институты назарына 3
топқа іріктелген тағы 120 жоба ұсынылмақ. Ол ұсыныстар Семей мен Өскеменнен өзге,
Риддер, Курчатов, Зырян сияқты ірі шаһарлар мен ауыл-аймақтардың инфрақұрылымын
жақсартуға бағытталған. Ең ұтымды келісімдердің бірі Семей және Өскемен қалаларындағы
көшелерді жарықтандыру мәселесіне арналған. Бұл жаңа жоба электр энергиясын 60-65%-ға
үнемдейді. Сәйкесінше бюджеттік қаржы шығыны да азаяды. Инвесторлар қолдауымен
Семей қаласында – 200, Өскеменде 300 орындық аурухана құрылысы басталады.
Жыл басында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы жұмыс сапарымен
Австрияның Штирия федералды жеріне барып қайтқан болатын. Сапар барысында аймақтар
арасында ынтымақтастық орнату жолдары сөз болған-ды. Кездесулерде австриялық тараптан
Достарыңызбен бөлісу: |