Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет88/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   187

179 
 
ШҚО-ға инвестиция тарту мүмкіндіктері кеңінен сөз болған.  
Облыстың  инвестициялық  жобаларының  аясында  ынтымақтастық  орнатуға  ұсыныс 
жасалынған  еді.  Нақтырақ  айтсақ,  Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  мен  Штирия 
федералды  жерінің  үкіметі  арасындағы  Қазақстан  мен  Австрияның  аталған  аймақтары 
арасында  экономика,  туризм,  зерттеулер,  технологиялар,  ауылшаруашылығы,  денсаулық 
сақтау  мен  басқа  да  салалардағы  әріптестік  қарым-қатынастарды  орнатудықарастыратын 
меморандум жобасы талқыланған. 
 
 
 
Сурет 1. Негізгі капиталға жұмсалған инвистициялар көлемі млн. Теңге [2 ]. 
 
 
 
Сурет 1. 2017 жылдың ақпанында негізгі капиталға жұмсалған инвистициялар көлемі   
жалпы ШҚО және аудандар бойынша млн. Теңге [2]. 


180 
 
Инвестиция  тарту  мәселесі  сөз  болғанда  Шығыс  Қазақстан  облысының  іргедегі 
Қытаймен  арадағы  сауда-экономикалық  байланысының  жаңа  кезеңге  аяқ  басқанын  ерекше 
атапайтуға болады. Бүгінде ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе 
жұмыс  жасауда.  Ауылшаруашылығы  мен  туризмді  дамыту  және  инвестиция  тарту 
мақсатында 4 меморандумға қол қойылған [3]. 
Өскемен  қаласына  Қазақстандағы  Қытайдың  Бас  елшісі  Чжан  Вэйдің  басшылығымен 
Қытай  және  Қазақстан  арасында  экономикалық  қарым-қатынасты  нығайту  мақсатында  
80-нен астам делегация өкілдері келіп әртүрлі жобаларға қол қойған болатын. Бүгінде Қытай 
кәсіпкерлері  облысымыздағы  туристік  бизнесті  және  мал  шаруашылығын  дамыту 
жобаларына  ерекше  қызығушылық  танытуда.  Синьцзян-Ұйғыр  автономдық  ауданының 
кәсіпкерлері  Тарбағатай  және  Алтай  аумағының  басшыларына  облыстың  инвестициялық, 
соның  ішінде  –  өнеркәсіпті  дамыту,  инфрақұрылым,  энергетика  және  ауылшаруашылығын 
дамытуға бағытталған жобалар көрсетілді. Сол кездесуде сауда-инвестициялық байланысты 
нығайту мақсатында, ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері 4 меморандумға қолқойды. Оның ішінде 
Аягөз ауданында жылына 100 мың бас қой өсіретін мал шаруашылығы кешенін құру сынды 
экономикалық  және  қаржылық  қолайлылық  тудыратын  жобалар  кіреді.  Сонымен  қатар, 
Үржар  ауданының  Бахты  ауылында  құны  2  млрд  420  млн  теңгеқұрайтын  ұн  комбинатын 
салу  және  ШҚО-да  туризмді  дамытып,  «НИМЭКС-Текстиль»  ЖШС  іске  қосу  бойынша 
инвестиция  тарту  жұмысы  аталған  жобалардың  ішіне  кіреді.  Осылайша  2015  жылдың 
жартысында  ҚХР  және  ШҚО  арасындағы  ішкі  өнім  айналымының  құны  169,9  млн  доллар 
құрап  үлгерген.  Сауда  құрылымында  ҚХР-ға  әсіресе  мырыш,  қорғасын,  өңделмеген 
алюминий,  мыс  өндірістері  экспортқа  шығарылуда.  Ал  Қытай  Халық  Республикасынан 
пневматикалық  шиналар,  жабдықталған  жүк  көліктері,  минералды  және  химиялық 
тыңайтқыш  көліктер,  өндірістік  құрылғылар,  киімдер  және  техникалық  бағыттағы 
керамикалық бұйымдар әкелінеді. 
Шығыс  Қазақстан  –  қаржысалып,  өндірісті  дамытуға  қолайлы  өңір.  Бірақ  сол  қаржы 
көзін  өзіміз  іздестіруіміз  қажет.  Облыста  тау-кен  металлургиясы,  машина  жасау, 
ауылшаруашылығы, туризм, энергетика салаларына қаржысалуға басымдық мол.  
Бүгінгі  күні  облыстың  сыртқытауар  айналымы  2  миллиард  300  миллион  АҚШ 
долларын  құрап  отыр.  Соның  ішінде  экспорт  бойынша  сыртқа  1  миллиард  600  миллион 
доллардың  өнімі  шығарылып,  экспорт  көлемі  бірнеше  пайызға  артты.  Импорттық  тауарлар 
2,2 пайызға азайып, 600 миллион долларды құрады. 
2015  жылдың  10  желтоқсанда  Өскеменде  «Алтай  Агро  Инвест  –  2015»  форумы 
өткізіліп,  шараның  мақсаты  –  әлеуетті  инвесторлар  үшін  облыстағы  аграрлық  сектордың 
инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру еді. Форум жұмысына 100-ден астам шақырылған 
қонақтар,  соның  ішінде  13  мемлекеттен  (Қазақстан,  Ресей,  ҚХР,  Франция,  Біріккен  Араб 
Әмірлігі,  Чехия,  Израиль,  Малайзия,  Моңғолия,  Бразилия,  Канада,  Үндістан,  Швейцария) 
келген 70-тен астам инвесторлар мен дипломаттар қатысты[4]. 
Қызығушылық танытқан инвесторларға 160 млрд. Теңгені құрайтын 52 инвестициялық 
жоба  ұсынылды.  Форум  аясында  30  млрд.  Теңгеден  астам  қаржыға  өзара  ынтымақтастық 
туралы  меморандумдарға  қол  қойылды.  Осылайша  Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  ең 
қиын  деген  салаларға  қомақты  инвестиция  тартып,  ортақ  Отанымыздың  өркендеуіне 
барынша күш жұмсап келеді. 
Шығыс  Қазақстан  облысының  білім  басқармасы  мен  түркиялық  «KAZ-AZMECO» 
ЖШС  концессиялық  келісімге  қол  қойып,  Семей  қаласында  1290  орынға  арналған  
5  бала  бақша  салуға  уағдаласты.  Мемлекеттік  және  жеке  меншік  әріптестік  негізінде 
салынатын  5  бала  бақша  құрылысына  2  639  миллион  теңге  инвестиция  тартылмақшы. 
Бұлжоба  BOT  (Build  –  Operate-Transfer)  жүйесі  арқылы  жүзегеа  сырылады.  Яғни,  инвестор 
концессиялық  нысандысалады  да,  7  жыл  көлемінде  жеке  меншік  құқығын  пайдаланып, 
концессия  нысанына  иелікетеді  (мемлекет  тарапынан  құрылысқа  жұмсалған  концессиялық 
шығын толық өтелгенше). Оданкейін концессия нысаны мемлекет меншігіне өтіп, әрі қарай 
концессионерге 12 жылға сенімді басқару негізінде пайдалануға беріледі. Концессия мерзімі 


181 
 
–  20  жыл.  Шетелдік  компаниялардың  қатысуымен  әлеуметтік  нысандар  салу  ісі  алғаш 
Шығыс Қазақстанда қолға алынып жатуы инвестор тартудағы жетекшілікті көрсетеді.  
Шығыс  Қазақстан  жалпы  республика  бойынша  елге  инвеститция  тартуда  жетекші 
рөлде келеді. Бұны жоғарыда көрсетілген кестелер мен цифрлардан ақ көруге болады [5].  
Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  болып  дамуының  қазіргі  кезеңінде,  шетел 
инвестицияларының  маңызы  өсуде.  Бүгінгі  күні,  ұлттық  экономикаға  46  млрд.  АҚШ  доллары 
көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл 
сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында 
шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды 
шетке  шығарудың  бүгінгі  таңдағы  ерекшеліктерінің  бірі,  өндіріске  тартылатын  капиталдар 
көлемінің  өсуі  болып  отыр.  Портфельдік  инвестициялардан  тікелей  инвестицияларға  көшу 
тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және 
қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді. 
Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, 
ел  экономикасын  халықаралық  еңбек  бөлінісі  жүйесіне  кеңінен  қатыстырып,  мұқтаж 
салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы. 
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық 
тәжірибесі  көрсеткендей,  Қазақстан  бұл  процестен  аулақ  тұра  алмайды.  Бұл  қазіргі 
дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі . 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Инвестициялар  туралы  Қазақстан  Республикасының  2003  жыл  8  қаңтардағы  №373  –II 
Заңы.http://www.rusnauka.com/1_NIO_2014/Economics/4_154781.doc.htm 
2.  Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталы http://invest.e-vko.kz/kz/ 
3.  ЖеңсікбаеваК.М.  Шетел  инвестициялары,  оларды  тарту  және  қолдану.Алматы:  «Қарасай»  баспасы, 
2008. – 436 бет. 
4.  «Қазақстан  Республикасында  инвестицияларды  тарту,  арнайы  экономикалық  аймақтарды  дамыту 
және  экспортты  ынталандыру жөніндегі 2010  -  2014 жылдарға арналған бағдарлама» ҚР Үкіметінің қаулысы. 
2010 жыл 30- қазан, № 1145. 
5.  Экономикалық даму: экономиканыңнақты секторы. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2012жыл. 
6.  Макроэкономикалық  орта  және  Қазақстандағы  экономикалық  жағдайлар.Қазақстанның  қаржы 
тұрақтылығы  туралы  есеп.ҚР ҰлттықБанкі  мен  Қадағалау  Агенттігі.  www.  nationalbank.kz.2012  жыл 
желтоқсан.www. nationalbank.kz 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’2  
ОРАЗБЕК А.Қ., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.  
 
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ 
 
Мәдениетаралық  коммуникация  термині  тар  мағынасында  әдебиетте  1970  жылдары 
пайда  болды.  Сол  кезге  қарай  мәдениетаралық  қатынас  жағдайларында  коммуникативтік 
сәтсіздіктер  мен  олардың  салдарын  зерттейтін  ғылыми  бағыт  та  жасақталды.  Соңынан 
мәдениетаралық  коммуникация  ұғымы  аударма  теориясы,  шет  тілдерді  оқыту, 
салыстырмалы култорология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады. 
Тілдік  қатынас  (коммуникация)  әртүрлі  қоғамдық  қатынастардың  нәтижесінде 
адамдарға  тән  ойлау  арқылы  жарыққа  шыққан  сөйлесімнің  тіл  арқылы  жүзеге  асуы,  яғни 
адамдардың  аса  маңызды  қатынас  құралы  болу-  тілдің  негізгі  және    елеулі  функциясы.  Ал 
мәдениетаралық  коммуникация  жай  қатынас  құралы  емес,  түрлі  мәдениет  иелерінің 
арасындағы  қатынас  құралы  ретінде  қарастырылады.Бұл-коммуникация  үрдісіне 
культурологиялық  көзқарас  тұрғысынан  қарауды  қажет  етеді.  Ол  түрлі  тілдік 
қауымдастықтар  өкілдерінің  арасында  өзара  түсіністікті  қамтамасыз  ететін  болғандықтан 
олардың тілдік және мәдени деңгейлерінің өзара тең дәрежеде болмаса да шамалас болғаны 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау