Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет177/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   187

358 
 
Сезім болмаған жерде әдебиет болмайды. Оның үстіне күшпен жазылған шығарманың тілі де 
қасаңданады». 
Ағым  атаулыдан  ада  қазақ  ауыз  әдебиетінің  туындылары  қандай  еді  десеңізші?! 
Мөлдіреген поэзия, сезім де, ой да, гуманизм де барлығы-барлығы – сонда. 
Қоғам  ғылыми-техникалық  процесс,  яғни  ғылыми  технология  дамуының  теріс 
ықпалына тәуелденді, ой-өріс тарылды, ұлттық құндылықтар, әдебиет, мәдениеттің барлығы 
сырт  қалды,  қазіргі  ұрпақта  патриоттық  рух  әлсіреді.  Қоғам  «алақандай  айнаға»  табынып, 
мәңгүрттенудің  аз-ақ  алдында  тұр.  Айналаның  бәрі  –  тасқын.  Оның  қандай  тасқын  екені 
жоғарыда  санамалап  берілді.  Ұлттық  тәрбие  де  соның  астында  қалды.  Сол  тасқынның, 
жынды  желдің  жетегінде  жүрген  жастардың  жайы,  ұрпақтың  қамы  не  болады  деген  ой 
тастайды.  Жазушының  жеткізбек  болған  негізгі  идеясы  осы.  Сан  қилы  тағдырды  бастан 
өткеріп,  ата-бабаға  арман  болған  тәуелсіздікке  арып-ашып  әрең  жеткенде,  жаһандану 
үрдісінің  құрбаны  болып  бара  жатқан  бүгінгі  жай-күйіміз  мынау.  Жазушыны  ұлттың 
осындай  жайы  қатты  толғандырған.  О.Бөкейдің  «Атау  кересі»  ескертпе  повесть  атанса,  ал 
Д.Әшімханұлының «Жынды желі» – бүгінгі ұрпақ қамын ойлаған ескертпе әңгіме болмақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. 1-т. - Алматы: ҚазАқпарат, 2009;  
2.  Қазақстан  жазушылары:  Анықтамалық  /  Құрастырушы:  Қамшыгер  Саят,  Жұмашева  Қайырниса  — 
Алматы: Аң арыс, 2009; 
3. www.didahmet.kz; 
4. Дидахмет Әшімханұлы «Жер аңсаған сарыатан»  Алматы: Жазушы, 2002 жыл. 
 
 
 
ӘОЖ 811.111:37.091.3
 
ЖҮСІП К.Н, АМРЕНОВА А.К 
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ  АҒЫЛШЫН ТІЛІН    
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ұлы  ағартушы    Ы.Алтынсарин:  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені 
жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа 
егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін 
білімді, білікті ұстаз болайық. 
«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  -  дейді  халқымыз.  Ұрпақ  жалғастығымен  адамзат 
баласы  мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық 
жұлдыз  -  оқу.  «Өз  еліңе  пайдалы  болу  үшін,  жақсы  оқыңыздар»,  -  деп  А.Құнанбаев 
айтқандай,  егеменді  еліміздің  тірегі  -  білімді  ұрпақ.  Сусыз,  құрғақ,  таса  көлеңке  жерге  дән 
ексең  өнбейтіні  сияқты,  жас  ұрпақтарымызды  тәрбиелемесек  өспейді,  өнбейді.  Қазіргі 
мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет  – оқушылардың шығармашылық білім 
дағдыларын  қалыптастыру.  Міне,  өз  ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш,  абзал  азамат 
болып  өсуі  үшін  халық  педагогикасының  негізгі  мақсатын  шығармашылықпен  оқу-тәрбие 
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады [1,81б].  
Ағылшын  тілі  –  XXI  ғасырдың  тілі.  Бұл  тіл  қазақты  дүниеге  танытатын,  әлемдік 
деңгейге  шығаратын  тіл.  Еліміздің  шет  елдермен  қарым-қатынасымыз  күшейіп  отырған 
қазіргі  кезде  оқушылардың  шет  тіліне  қызығуын,  білімге  құштарлығын  ояту,  танымдық 
белсенділігін  арттыру  әрбір  шетел  тілі  мұғалімінің  міндеті.  Ағылшын  тілін  оқытуда  ең 
алдымен  тәжірибелік  мақсат  қойылады,  оған  спортшылардың  сөздік  қорларын  байыту, 
сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. 
Шетел  тілі  қазіргі  кезде  заман  талабына  сай  көптеген  мектептерде  1  сыныптан  бастап 
жүргізілуде.  Бұл  спортшы  бойында  ерте  кезеңнен  бастап  ұлтаралық,  мәдениетаралық 


359 
 
бірлестікке  дайындықтың  қалыптасуына  тікелей  ықпал  етеді.  Шетел  тілін  бастауыш 
мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға  психологиялық ойлауына, шет тілі 
сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік 
нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Қазақстан Республикасының 
мемлекетаралық  тілі  –  ағылшын  тілін  жаңа  технологиялар  арқылы  оқыту  ісі  күннен-күнге 
өзекті  болып  келеді.  Тілді  ақпараттық-коммуникативтік  технология  арқылы  оқыту  –  тіл 
үйренушінің  өз  бетімен  тіл  үйрену  қабілеттерін  жетілдіруіне  игі  ықпал  ететін  тиімді  жүйе 
болып табылады. 
Жаңа  технологиялар  -  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін  құрал,  бірақ  ол  мұғалімді 
алмастыра  алмайды.  Компьютер  мүмкіндіктері  психология  мен  дидактика  тұрғысынан 
талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні 
қуып  кетпей,  оқыту  программасының  тек  сыртқы  емес,  ішкі  тиімділігіне  көп  көңіл  бөлген 
дұрыс.  Компьютердің  сызбалық  мүмкіндігін  молдығы  дәрістік  экспериментті  бояулы 
суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады [2,18б]. 
Бүгінгідей  жаһандану  заманында  көп  тіл  білетін  адамның  қоғамдағы  алар  орны  да 
ерекше.  Тіл  –  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Әрбір 
Қазақстандық  үш  тілді  жетік  меңгеруі  керек.  2020  жылға  дейін  ағылшын  тілін  білетін 
тұрғындар саны біршама көбеюі  керек»  — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап 
жоғарғы  оқу  орындарында  ағылшын  тілін  үйрету  айрықша  мәртебеге  ие.  Ағылшын  тілінің 
Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін 
маңызды  етеуде.  Тіл  үйренудің  ешқандай  зияны  жоқ,  керісінше  пайдасы  ұшан-теңіз.  Туған 
тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің 
дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.   
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті  мемелекет құруда жас ұрпақтың 
тигізер үлесі  зор. Бүгінгі  таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту 
басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, 
одан  әрі  қарай  дамыта  алады.  Сонымен  қатар  шет  мемлекеттерге  шығып,  мол  тәжірибе 
жинақтауға  мүмкіндігі  зор.  Мысалы,  еліміздегі  беделді  университеттердің  бірі  әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінде  шет  тілдерін  кәсіби  деңгейде  меңгеру  мықтап 
қолға алынған [3,12б].  
Менің  мамандығым  үшін,  дене  тәрбиесінде  ағылшын  тілін  үйрену  маңызды.  Мысалы 
шет  мемлекеттерге  спорттан  жарысқа  барған  кезде,  журналистер  сұхбат  алған  жағдайда 
ағылшын тілінде  жауап қайтару үшін ағылшын тілін біліп жүрген пайдалы деп ойлаймын. 
Ұстазымыз  әр  сабағында  ағылшын  тілінде  мақала  жазуды,  қазақ  тілінен  ағылшын  тіліне 
аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды,  дауыс ырғағын  дұрыс  қойып оқуды үйретеді. 
Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла бастауы 
керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, мұғалімдер оқушылардың 
еркін  сөйлеп,  өзіндік  пікірін  білдіре  алатын  дәрежеде  оқытылып  шығуларына  аса  назар 
аударғаны  жөн.  Сондықтан  жастарды  тілге  баулу,  еркін  сөйлеуге  машықтандыру 
балабақшада,  мектеп  қабырғасында,  оқу  орындарында  қолға  алынып,  жүзеге  асырылуы 
қажет.  
Мұғалім  үнемі  ізденіс  үстінде  болу  керек.  Сонымен  қатар,  кроссвордтар,  ребус, 
жұмбақтар,  жаңылтпаштарды  тез  әрі  дұрыс  айттыру  арқылы  оқушылардың  және 
спортшыларымыздың  тілдері  жаттығады,  логикалық  ойлау  қабілеттері  дамиды,  шапшаң 
ойланатын  болады.  Сергіту  сәтін  ұйымдастырған  кезде  интернеттен  онлайн  жүйесінде 
«happy song », «Bingo» «If you happy», «Hello how are you» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап 
тұрып  орындатса,  оқушылар  сергіп  қызығушылықтары  оянар  еді  деп  ойлаймын.  Бір 
жағынан, тілдері жаттығады, екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды [4,92б]. 
Пән  мұғалімдері  арасында  да  үнемі  үзілмес  байланыс  болуы  керек  деймін.  Мысалы: 
қазақ  тілі,  орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  мұғалімдері  бір  тақырыпты  бір  уақытта  бастап, 
пәндер  арасында  тым  құрығанда  атауларын  бала  үш  тілде  біліп,  байланыстыра  отырып 
тіркес,  сөйлем,  қысқа  әңгіме  құра  білсе  бір  оқу  жылы  ішінде  біршама  жетістікке  жетер  еді 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау