360
демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір
жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге
болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған
сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.
Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа
мамандарды дайындай білуіміз керек [5,18б].
Қорытындылай келе, ағылшын тілі – халықаралық тіл. Қазіргі кезде ағылшын тілі
Америка құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған
мемлекеттердің ресми тілі, Біріккен ұлттар ұйымының алты ресми тілінің біреуі. Дамыған
отыз елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән
берілуде. «Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет. Расында да, ағылшын тілін
білу жастарға әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға, алдыңғы қатарлы
мемлекеттерде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің
парызымыз – «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді
меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу керек деп ойлаймын. Үш тілді білу жас ұрпақтың
білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. Тілдердің үштұғырлылығы мәдени
жобасында көрсетілгендей «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі
және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі». Біз осы істің тек
жанашыры ғана емес, орындаушылары болуымыз керек. Дамыған елу мемлекеттің қатарына
кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың
қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аханов Р. Тіл біліміне кіріспе. - Алматы, Мектеп Баспасы, 8291. - 18 бет;
2. Махмудов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша - орысша сөздік. - Алматы, 8211. - 18 бет;
3. Кашкин И.А. Теория перевода. – СПб. 8227. – 29 бет;
4. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – М. Высщая школа, 8218. – 29 бет;
5. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. – 18 бет.
ӘОЖ 821.512.122.09
ИСАХҰЛ Д., КАРТАЕВА А.М.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.,
ЖАЗУШЫ ТАЛАПТАН АХМЕТЖАННЫҢ
«АЙСӘУЛЕ» ХИКАЯТЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
Біз бұл жұмысымызда жерлесіміз, жазушы Талаптан Ахметжанның «Айсәуле»
хикаятында айтылатын философиялық ойлар төңірегінде толғанбақпыз. Себеп не?
Біріншіден; көп жылдар бойы өлке әдебиетін зерттеу, оны ғылыми айналысқа енгізу
кенжелеп келеді. Өзіміздің шығыс өңірінде өлке әдебиеті соңғы бір жылда ғана қолға
алынып оқытыла бастады. Осы игі іске аз да болса өз үлесімізді қоссақ дейміз. Екіншіден;
барлық ғылымдардың атасы болған философиямен әдебиетті байланыстыра зерттеген
ғылыми жұмыстар сиреп барады. Және қазақ әдебиетінде философиялық ойларын көркем
шығармасында сәтті берген қаламгер аз. Солардың бірі – Талаптан Ахметжан.
Талаптан Ахметжан – философ жазушы. Сөзімізге дәлел – жазушының «Айсәуле»
хикаятындағы хаттарда айтылған ойлар. Олардың философиялық мазмұнын алда ашып
көрсететін боламыз. Осы орайда екі сауалға жауап бере кетуді жөн көрдік. Талаптан
Аметжан кім? Философия қандай ғылым?
Талаптан Ахметжан – жазушы, драматург. Ол 1961 жылы 16 желтоқсанда Шығыс
Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. 1977 жылы
Теректібұлақ орта мектебін өте жақсы бітіріп, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы
361
мектеп-интернатқа ауысады. 1979 жылы мектеп-интернатты бітірген ол Өскемен құрылыс-
жол институтына оқуға түседі.
1985 жылы институтты бітіріп, құрылыста мастер, Шығыс Қазақстан облыстық
телерадио комитетінде редактор, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім
меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде Бас
маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас
редактордың орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары,
«Арыс» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарған.
Жазушының «О дүниенің қонағы» атты кітабына 2002 жылы халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығы берілді. Халықаралық Валентин Пикуль атындағы, Қазақстан Жастар
Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының О.Бөкей атындағы сыйлықтарының лауреаты
[1, 298 б].
Философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық
сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген
адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-
жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі
қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -
даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және
Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия»
терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және
математигі Пифагор.Философияның қарастыратын мәселелері жан-жақты. [2, 8 б].
Ең алдымен автор махаббат философиясының мәнін терең аша білген.Өмірдің мәні,
өнердегі мәңгілік тақырып – махаббат жайында тамаша философиялық ойларын айта білген.
Автор былай дейді: «Махаббат, ғашықтық деген ұлы сезім! Мынау байлауы жоқ баянсыз
дүниенің жалғыз жарық сәулесі – махаббат... Өмір отын өшірмей, жүректерден жүректерге
жалғап жүрген де осы ұлы сезімнің ұшқыны. Махаббат сөнсе – өмір өшпек. Жүрегінде
махаббаты жоқ жан – құлқынның құлы. Махаббатсыз жүрек – мейірімсіз, тасбауыр. Жарты
әлемнің қансырап, қайғы жұтып отырғаны осындай махаббатсыз жүректердің ызғарынан
тараған індеттің кесірінен...» [3, 169-170 б]. Бұл үзіндіден біз махаббат күшінің қаншалық
қуатты екенін сезіне аламыз.
Махаббатты, арманды автор философиядағы «болмыс» ұғымы ретінде бейнелейді.
Философияда идеалистік көзқараста болады. Махаббатты мәңгілік дейді. «...Дүниеде
өлмейтұғын бір-ақ нәрсе бар, ол – махаббат. Жер басып жүрген жұмыр басты пенденің бәрі
сол құдіреттің күшімен жаратылған, содан нәр алған. Бірақ соны біле бермейтініміз
өкінішті». Енді жазушының диалектикалық көзқарасына қараңыз: «Дүниеде мынандай
заңдылық бар: бар нәрсе жоғалмайды, жоқтан бар пайда болмайды, дүние тек түрленеді,
өзгереді. Адам мына өмірге келгенше де періште боп ғұмыр кешеді. Біз ата-
бабаларымыздың арман-қиялында өмір сүреміз. Олар бізді көруді арман етіп өткен. Біз
болашақты көруді арман етеміз, өзіміз көрмегенімізбен де болашақты біздің арманымыз –
ұрпағымыз көреді. Болашақ деген – арман... Арман жоқ нәрсе емес, бар нәрсе. Бар нәрсе
бәрібір көрінбей тұрмайды...» [3, 171 б].
Махаббат философиясы мен еңбек философиясының да байланысын аша түседі. «Өзің
ғашық болған жанның бәрін құшып-сүю, яки, соңынан ессіз еріп кету дұрыс емес, олай
істесең адамшылықтың биік шыңы – еңбектен қол үзіп қаласың. Жүрегіңдегі ғашықтық
сезімің еңбегіңнен көрініс табатын болсын. Артыңа өлмейтұғын іс қалдыр. Соған бар
махаббат жылуыңды төк. Жүрегіңе махаббат жылуын төгіп тұрған белгісіз емес, белгілі...
Соның кім екенін таны! Содан шуақ алып, жылуын өзгеге шашқан махаббатыңның белгісізге
сіңіп жоғалмасын ойла!» [3, 171 б]. Бұндағы автордың ойының марксистік философия
мектебінің өкілі Ф.Энгельстің еңбек туралы ойларымен ұқсастығын танимыз.
Философиядағы тағы бір күрделі ұғым – эстетика туралы жазушының ойы: «...Гүлді
аяламасақ, мәпелемесек, қызықпасақ – гүлде не қасиет қалады? Біз гүл көзіне тұнған шықты
неге көрмейміз?! Сұлулық деген сол шық емес пе! Ертең-ақ тамып кетеді. Содан соң мың
Достарыңызбен бөлісу: |