289
педагогикалық қолдаудың құралдарының сипаты келесі педагогикалық шарттарды бөліп
көрсетуді талап етеді:
- тұтастық (қолданылатын құралдар тұтас жүйені құрауы керек);
- жүйелілік (таңдап алынған құралдар әдістерде жүйелі қолданылуы керек, өйткені
эпизодты қолдану қажеті тиіділікті бере алмайды);
- мақсатқа бағыттылық (сабақтың нақты міндеттеріне сәйкес формалары мен әдістерін
таңдау);
- диагностикалық (оқушының тұлғалық өзгерістеріне диагностика жүргізу, соның
негізінде индивидуалды білім берудегі түзетулер енгізу);
- диалогтық (білім беру процесіндегі қарым қатынас эмпатия, жанашырлық,
мейірімділік негізінде құрылады, әртүрлі жағдайларда таңдау еркіндігі болуы керек);
- вариативтілік (құралдар жүйесін оқушылардың даралық ерекшеліктерін есепке ала
отырып таңдау);
- динамикалылық (бір тақырыпты меңгеру барысында диалогтық өзараәрекетті
ұйымдастырудың әртүрлі типтері мен әдістерін қолдану).
Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың өзін-өзі дамуын психологиялық-педагогикалық
қолдауды ұйымдастыру кеелесі бағыттағы жұмыстарды қамтиды:
1.
Аналитикалық-диагностикалық
– оқушыларды психологиялық-педагогикалық
зерттеу, жалпы және жекелеген мәселелерін диагностау, психологиялық-педагогикалық
қорытынды және ұсыныстар әзірлейді арастырады.
Диагностикалық іс-әрекет нәтижесі оқушылар үшін бағдарық сипатқа ие, педагог үшін
алынған нәтижелер негізінде оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда маңызды көрсеткіш болып
табылады. Тұлғалық өзгерістер диагностикасы және өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және
өзіндік жетілу жұмыстары бойынша оқушыдағы өзгерістерді бақылауға және өзін-өзі тану
пәні барысында оқушы тұлғасына түзетулер жасауға мүмкіндіктер береді.
Өзін-өзі тану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру өзін-өзі дамытуда өте қажеті: өзің
жайлы толыққанды ақпарттарсыз, өзіңнің даралық ерекшеліктеріңді, қабілеттеріңді,
икемдіктеріңді, кемшіліктеріңді білмей өзін-өзі дамыту мүмкін емес; өзіңнің психологиялық
және тұлғалық ерекшеліктерің жайлы ойларың әдетте, өзіңе қанағаттанбаушылыққа әкеледі
және өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізу үшін өте күшті ықпал
болып табылады; өзін-өзі тану пәні оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған,
сондықтан өзін-өзі тану процесінде алынған мәліметтер оқушының тұлғалық өзгерістерін
бақылауға мүмкіндік береді және өзін-өзі тану пәнінің тиімділігін анықтайды.
Өзін-өзі тану – кешенді процесс, келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
- психологиялық құралдарды қолдану арқылы өзінің псхологиялық және тұлғалық
сапаларын зерттеу;
- оқушының өзіндік бағасы, өзін басқалармен салыстыру нәтижесінде қалыптасады
және өзінің бәсекелестік деңгейін өз іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстыру. Өзіндік
бағаның адекватты болуы өмірлік мақсаттарды дұрыс қоюуға жетелейді, төмен өзіндік баға
адамның кез келген іс-әрекетте кедергілерге кездесуіне әкеледі, сәл жоғары өзіндік баға
утұлғаны
белсенділікке ықпалдайды;
- өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеумен байанысты қарастыру (білім беру іс-әркеті
процесіндегі өөзіндік бақылау, өз өмірлік мәліметтерін талдау; өзіндік талдау – мәліметтерді
сыни бағалау, оларды белгілі бір құндылықтарға жатқызу; интеллектуалды, эмоциялық және
ерік сапаларын, темперамент ерекшеліктерін жіне физикалық мүмкіндіктерін өзіндік сынау).
Өзін-өзі танудың маңызды көзі достарының, таныстарының, педагогтарының және басқа
адамдардың ерген сыни бағаларын талдау болып табылады. Басқалардың берген бағасын
сезіне алу - тұлғаның жетілгендігінің маңызды көрсеткіші.
2. А
ғартушылық бағыт өзін-өзі тану сабағында оқушылардың өзін-өзі дамуына
қажетті білімдермен қамтамасыз етуді қамтиды.
Берілген бағыт оқушыларда өзін-өзі дамытуға қажетті білім алушылық және өзіндік