Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу - Математика 3 сынып
- Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі
- Мейрбекова Лаззат
- Оразалиевна
Сабақтың мақсаты: - І. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдалану білігін бекіту жұмысын жүзеге асыру, қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді ұйымдастыру. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығарту
- ІІ. Оқушылардың математикалық тілі мен зейінін,
- ой-өрісін дамыту.
- ІІІ. Сабақтағы белсенділікке, жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге тәрбиелеу
- Сабақ көрнекілігі:,интерактив тақта
- Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу
- Сабақ типі: жаңа сабақ.
Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме, балалар! - Көңіл күйлерің қалай?
- Біз бүгін сапарға аттанамыз!
Жұмбақтарды тапсаңдар, біздің қайда сапарға аттанатынымызды білесіңдер? - Там басына тары жайдым.
- (Жұлдыз)
- Бір шопан таң атқанша қой бағады
- (Ай және жұлдыздар)
- Қонақтап күнде қонар су бетіне,
- Сүйсінер барлық адам келбетіне.
- Тұлғасы су ішінде көрінеді,
- Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
- (Ай)
1991ж.2 қазанда - 1991ж.2 қазанда
- Тоқтар Әубакіров
- ғарышқа ұшты
- 1994 жыл
- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
- Қуанамын мен де,
- Қуанасың сен де.
- Қуанайық достарым,
- Арайлап атқан әр күнге!
- Оқып, білім аламыз,
- Біздер зерек баламыз.
- Математика пәнінде
- Тапқыр, алғыр боламыз.
- Ауызша жұмыс жасау.
- Ойын «Брейн – ринг»
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
- Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
- Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
- Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
- Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
- 10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
- 10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі?
- Қалғаны неше үйрек?
- Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
- №1 «Әрқайсысына затын табуға көмектес»
- 23 = 20 + 3 42 = 40 + 2 94 = 90 + 4
- 45 = 40 + 5 67 = 60 + 7 38 = 30 + 8
- №2 Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаздырту:
- 23; 45; 42; 67; 94; 38
- №3. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәнін тап:
- (50+15) : 5= (9+9) : 6= (32+48) : 8=
- (52+11) : 9= (19+17) : 4= (42+24) : 6=
- №4. Өз бетінше орындату
- Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тап:
- 1)75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр
- 2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт
- 3) 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт
- 4) 420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр
- (18+14) : 2 * 18 : 2 + 14
- 45 : 5 + 20 : 5 * (45+20) : 5
- >, <, = таңбаларын қоя отырып, дәлелдеу
- Бір,екі, тұрайық,
- Алақанды ұрайық.
- Жүгірейік, жүгірейік,
- Аяқты ұшынан басайық.
- Саңырауқұлақтай отырып,
- Емендерше тұрайық.
- Тұрайық, отырайық,
- Тұрайық, отырайық,
- Тұрайық, отырайық,
- Орнымызға жайғасайық,
- тып–тыныш.
- №7 Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту
- 1) 12 кг қияр мен 15 кг қызанақ банкаларға 3 килограмнан бөліп тұздалды. Неше банка қажет болды?
- 2) Бір алма ағашынан 36 кг, ал екіншісінен 24 кг алма
- жиналды. Алмалар 6 килограмнан бөлініп,
- жәшіктерге салынды.
- Неше жәшік қажет болды?
- №9.Қорапқа көлемі 1 см3 неше текше сыяды?
- №8. 5 жәшіктегі жүзімнің массасы 40 кг.
- Жүзім салынған осындай 7 жәшіктің
- Массасы қанша болады?
- №11.Теңдіктер тура болатындай етіп,бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қою.
- 45 54 9 = 11 56 49 7 = 15
- 2 3 1 3 =1 3 5 2 5 =1
- ІV.Сабақты бекіту
- №12.Қосындыны бөлумен алмастырып алып, есептеу.
- 5:3+10:3 8:3+4:3
- 19:7+2:7 18:5+7:5
- 7:4+17:4 5:2+11:2
Міне, біз де Айға қондық! - V.Қорыту.
- 1)Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
- 2)Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
- VІ. Бағалау.
- VІІ. Үйге тапсырма: №5, 201 бет, № 10, 202 бет
Достарыңызбен бөлісу: |