Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет94/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187

192 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.  Аристов Н.Б «Основы перевода» - Москва 2009 
2.  Ванслав М. В., Ярв И. В., Ивлева Е. С. «Особенности перевода деловых писем и контрактов» 
3.  Солдатова Людмила Анатольевна «Лингвистические и экстралингвистические основы вариативности 
перевода» 
4.  Электронный ресурс http://abbyy-ls.kz/articles/osobennosti_perevoda_delovoj_dokumentatsii 
5.  Электронный ресурс http://www.flarus.ru/?smid=237 
 
 
ӘОЖ 323 (574) 
СЕРІКОВА З.С., ШҮРШІТБАЙ М.Ш. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуында  саяси, 
рухани,  мәдени  жаңаруына  сай  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  беру  мемлекеттің  жаңа 
стратегиялық  бағдарламасының  бір  бағыты  болып  отыр.  Себебі,  патриот  ұрпақ  – 
Тәуелсіздігіміздің  тірегі,  саяси  тұрақтылығымыздың  негізі,  еліміздің  өркениетін  алға 
жетелеуші,  мемлекетіміздің  мәңгілігінің  белгісі.  Саяси  тұрақтылыққа  анықтама  беретін 
болсақ,  «Саяси  тұрақтылық  –  әр  түрлі  ішкі  және  сыртқы  өзгерістер  жағдайында  саяси 
жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақты жағдайы» [1


Жалпы «патриотизм» дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекет алдындағы борышын 
жанқиярлықпен  орындау.  Ал  халқымыздың  біртуар  азаматы  Бауыржан  Момышұлы 
патриотизмге  мынадай  анықтама  берді:  «Патриотизм–  Отанға,  мемлекетке  деген 
сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей 
байланыстылығын  сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелді  екенін  мойындау,  яғни  патриотизм 
дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі 
күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».  
Бүгінде,  қазақ  жастарына  патриоттық  тәрбие  беру,  оларды  ұлтжандылыққа, 
Отансүйгіштікке  баулу  мемлекеттің  маңызды  бағыттарының  бірі.  Бірақ,  бұл  қазақ 
жастарының  бойында  Отан  алдындағы  жауапкершілік,  ұлтжандылық  сезімі  жоқ  дегенді 
білдірмейді. Себебі, бізге ата-бабаларымыздан ұлан ғайыр байтақ территория, тереңге тамыр 
жайған  төл  тарихымызбен  мәдениетіміз  өшпес  мұра  болып  қалып  отыр.  Бай  тарихи 
мұралардан  нәр  алған  жас  буын  өкілдерінің  рухани  мүгедек  болуы  мүмкін  емес.  Яғни, 
қоғамымызда  патриот,  ұлтжанды  азаматтар  бар,  және  олар  қашан  да  бола  береді.  Бірақ, 
олардың саны көңіл көншітердей көп емес. Б.Момышұлының:  «Адам болу  – қасиет, азамат 
болу – міндет, патриот болу – парыз»,-деген сөздеріне сүйенсек, патриот болу әр адам үшін 
міндет болып табылады. 
Патриотизмді  қалыптастыру  –  бұл  тек  мемлекеттік  міндет  қана  емес,  сонымен  қатар 
қоғамның  әлеуметтік  тапсырысы.  Патриотизм  –  отбасына,  туып-өскен  ортасына,  топырағы 
мен  табиғатына,  еліне  деген  құрметтен  бастау  алады.  Өз  ұлтын,  жерін  сүйіп,  оның  мұңын 
мұңдап,  жоғын  жоқтайтын  адам  ғана  шынайы  патриот  бола  алады.  Оны  зорлықпен, 
нұсқаумен  жүргізу  мүмкін  емес.  Ел  Президенті  Н.Назарбаевтың:  «Әрбір  адам  біздің 
мемлекетімізге,  оның  бай  да  даңқты  тарихына,  оның  болашағына  өзінің  қатысты  екенін 
мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары 
да,  келешегі  де  барлық  адамға  жақын  әрі  түсінікті  болуы  тиіс.  Әрбір  адам  бала  кезінен 
Қазақстан  –  менің  Отаным,  оның  мен  үшін  жауапты  екені  сияқты  мен  де  ол  үшін 
жауаптымын  деген  қарапайым  ойды  бойына  сіңіріп  өсетіндей  істеген  жөн»,  –  деуі 
патриотизмге  баулудың  жарқын  үлгісі  іспетті.  Қазақстандық  патриотизмнің  анықтамасы  да 
осынау  парасатты  ойдан  бастау  алатындай.  Осы  орайда,  “Отанды  сүю  –  отбасынан 
басталады”демекші,  тұлғаның  бойында  патриоттық  сезімді  сәби  кезінен-ақ  бастау  керек. 


193 
 
«Отансүйгіштік сезім өзінен-өзі қалыптаспайды, оған белгілі бір жағдайлар, шарттар керек. 
Ең  алдымен  мемлекет  пен  халық  арасындағы  түсіністік,  өзара  қамқорлық,  негізгісі 
міндеттілік қажет. Мемлекет халық алдында міндетті болса, халық та мемлекетке борышты. 
Ешбір қамқорлығы жоқ мемлекетті сүю, қолдау қиын»

2

. Яғни, осыған сүйене отырып қазақ 
жастарының арасында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында біршама құндылықтар 
қажет екендігін алға тартамын: 
- Қазақстан  көпұлтты  мемлекет.  Мұнда  130-дан  астам  ұлт  өкілдері  тұрады.  Нағыз 
патриотұлтқа  бөлінбей,  барлығымыздың  ортақ  Отанымыз  -  Қазақстанды  қорғау,  өзінің 
отандастарын  жақсы  көру  керектігін,  барлық  ұлт  өкілдерінің  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарауы, шын ниетімен қадірлеуі керектігін, әрбір 
ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санау қажеттігін түсіндіру; 
- Ұлтжанды  азамат  өз  тілін  жетік  білуі  қажет.  Шамасы  келгенше,  орысша  сөздерді 
қоспай сөйлеуі керек. Себебі, қазіргі жастардың орысша сөйлесетіні ешкімге де құпия емес. 
Ахмет  Байтұрсынұлы:  "Тілі  жоғалған  ұлттың  өзі  де  жоғалады"  деп  ақиқатты  дөп  басып 
айтқан.  Біздің  бар  тірегіміз  -  тіліміз,  дініміз,  ғасырлар  бойғы  дәстүріміз,  салтымыз  бен 
мәдениетіміз екендігін жастардың санасына сіңіру; 
- Бұл  әрбір  азаматтың тек өзінің конститутциялық  борышын  өтеуі ғана емес, сонымен 
бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі; 
- Қазақстан  Республикасының  азаматының  Отанын  қорғауға  деген  оң  көзқарасын 
қалыптастырып,  Қазақстан  Республикасының  қарулы  күштерінің  әскер  қатарында 
болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру; 
- Ұлтжандылық  тек  мемлекетті  қорғаумен  ғана  шектелмейді.  Сонымен  бірге  әрбір 
азаматтың  сапалы  білім  алып,  мемлекетімізге  әсіре  пайдалы  қызмет  етуі,  ел  мүддесінің  өз 
мүддесінен биік тұруы қажеттігін ұқтыру; 
- Әрбір  азамат  өзінің  байырғы  заманнан  мұра  болып  қалған  тариxы  мен  мәдениетін, 
салт-дәстүрін  жетік  біліп,  құрметтеуі  керек.  Себебі,  тариxын  білмеген  xалықтың  бүгіні  де, 
ертеңі де жоқ. 
Осылай  дей  келе,  патриотизмді  тәрбиелеу  –  бұл  тұлғаның,  елдің,  оның  мәдениетінің 
бірегейлігі,  әлеуметтің,  халықтың  әлеуметтік  психологиясының  ерекшеліктері  толымды 
көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы 
жүйелі  дамуы.  Патриотизм  міндетті  түрде  тұлғаның  жоғары  әлеуметтік  белсенділігін 
діттейді,  өйткені  оның  өзі  еңбекте  табыстарға  жету  үшін,  қоғамға,  ел,  жұртқа,  халыққа 
қызмет ету үшін биік серпін болып табылады. 
Егер  қазақы  патриотизмнің  қайнар  көзін  байқасақ,  біздің  ұлтқа  ол  ешқашан  жат 
болмағанына,  қайта  бесіктегі  сәттен  бастап  ұлттық  тәрбиемен  бірге  бойға  дарығанына  көз 
жеткізуге болады. Бағзы ата-бабаларымыз Отанды қорғауда жан-тәнін аямай, патриотизмнің 
ең озық үлгісін көрсеткен. Себебі, ол табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген сезім болатын. 
Қазыбек би: «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы 
болады», – деген. Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы халқымызды жігерлендіріп, қанына 
сіңген қасиетке айналған. Біз әлі де осы қасиеттен ажыраған жоқпыз. Алайда ендігі  мәселе 
ұлттық  патриотизм  үлгісін  жаңа  қазақстандық  патриотизммен  ұштастыру,  басқа  ұлттарға 
өзіміздің  елімізді,  жерімізді,  ұлтымызды,  мемлекетімізді  сыйлауына  жол,  бағыт  көрсету 
болмақ.  
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан 
ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер 
қатарында  жастарды  патриоттық  сезімге  баулып,  өсіру  өзекті  саналады.  Қазақстанның  кез 
келген  азаматын  отансүйгіштік,  патриоттық  рухта  тәрбиелеудің  орны  бұрын  да  бөлекше 
болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының 
көбеюімен  де  байланысты.  Себебі  болашақ  –  қазақ  жастарының  қолында.  Ал  осы  жолда 
тайсалмай,  елім  үшін  деп  ерінбей  еңбек  ететін  болсақ,  өз  үлесімізді  қосарымыз  анық. 
Келешекте  ел  тізгінін  қолға  алатын  жастардың  барынша  білімді,  жан-жақты,  білікті  болуы 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау