196
Ал Құдергі жазығындағы тас бетіндегі бедерлі сурет композициялық құрылымы терең,
әрі бай және бүлінбей толық сақталған.
Аталған Құдергі жазығында тас бетіндегі бедерлі суреті бізде сипаттап өтсек.
Шығармада көшпелі түркілердің Ұмай анаға табыну сәті бейнелеген(2 сурет). Суреттің
жоғарғы бұрышында маска киген адам бар. Ол шаман болуы мүмкін. Одан кейін екі аттың
ортасында үш айдарлы тағы адам бейнесі салынған. Бұләйел адам ба деп ойлаймыз. Ал
зерттеуші С.М. Ақынжанов бұл бейнені бала деп сипаттайды. Біз әйел адам деген
тұжырымдаймыз. Өйткені Ұмай ананың басында да үш айдарлы сурет салынған. Ал әйел
адамнан төмен жағында дулыға киген батыр бейнесі бар. Ұмай ананың артқы жағында
перспектива заңдылығына бағынғандай тағы бейне бар.
Сурет 2 – Ұмай және ежелгі түріктер. Шығыс Алтай.
Шулышман ауданы,
Кудыргэ жазығы
Жалпы Ұмай анаға қатысты петроглиф екеу ғана бірі жоғарыдағы, Ұмай және ежелгі
түріктер, қазіргі Ресей территориясындағы екіншісі Қазақстан территориясындағы
Билікөлінде табылған тас ескерткіштегі бедерлі бейне.
Мемлекетіміздің егемендігі, тәуелсіздігі енді ширек ғасырдан асып кележатқанын
ескерсек, әлде болса Қазақстан территориясында Ұмай анаға қатысты табылмаған,
зерттелмеген көне ескерткіштер -петроглифтердің бар екендігін айтуымызға болады. Демек
болашақта көшпелі халықтардың пір тұтқан, сенімі болған мәдени материалдық
ескерткіштердің кездестіретініміз анық. Әзірше осы аталған заттық дәлелдемелермен
шектеле отырып, Ұмай ана ұғымының қазақ халқының салт-дәстүріндегі рефлексивті
әсеріқандай соған назар аударсақ.
Ұмай ана түсінігі қазақ ұғымында үй ошағының - қамқоршысы ретінде айтылады.
Сондай-ақ Ұмай ана – халқымыздыңотбасылық ырым-жоралғыларындағы от анасы немесе
пірі, отбасының желеп-жебеушісі, балалардың қорғаушысы болып танылуы өзінің танымдық
маңызын жойған емес.
М. Қашқари өзінің «Түркі сөздігінде» «Ұмай–Жолдас (қатын босанғанда құрсағынан
шығатын нәрсе). Оны баланың ішіндегі жатқандағы жолдасы дейді. Сондай мақалда бар
«Жолдасқа табынса, ұл табар; кім жолдасқа қызмет көрсетсе, ұл көреді.Әйел адамдар мұны
жақсылыққа жориды»делінген.
М. Қашқаридың «Түркі сөздігі» атты тамаша энциклопедиялық туындысы 1072-1078
жылдары Бағдатта жазылған. Әлемдік еңбек ерте уақытта жазылса да Ұмай қазақ ұғымында
көрсетілгендей балалардың қорғаушысы, ал жалпы алғанда отбасының желеп-жебеушісі
анықтамасына жақын. Сонымен бірге сөздіктегі тың дерек Ұмайға «Жолдас» деген түсінік
ретінде беріп отыр.
«Ұмай ана» ұғымының келесі бір анықтамасыМұқанмадияр Орынбековтің «Ежелгі
қазақтың дүние танымы» аттыеңбегіндекөрсетілген. «Ұмай ана қызметі жоғары тұрған құдай
197
ретіндегі Тәңір (Аспан-Әке) мен Жер-Судың (Ана) арасындағы байланысы ер адам мен
әйелдің арасындағы байланысқа ұқсастырып қаралады, өйткені өсіргеніңнің өнімді болуы,
астықтың бітік шығуы және баққан малдың көп өсім беруі сол жердің (Жер-Ананың)
өнімділігінде, соның берекеттілігінде еді» дейді.
Кейбір нақты деректерде Ұмай ана құдай емес деп жазылады. Ал М. Орынбеков Ұмай
ананы құдай деңгейінде түсіндірген. Біздің ойымызша Ұмайдың «құдай» немесе «құдай
емес» қызметі аса маңызды емес. Керісінше Ұмайдың Ана, Жер Ана (Жер-Су) аталуы
өсіргеніңнің өнімді болуы, малдың көп өсім беруі және олардың берекеттілігінде. Бұл жерде
Ұмайдың «аналық қызметі» мәнді болып табылады.
Ұмайдың Ана, Жер Ана (Жер-Су) аталуына байланысты мынадай ерекшеліктер бар.
Ертеректе алтай түркі тілдес халықтарЖер-Суды «Иер-Суб» деп аударып, оны құдай ретінде
қабылдаған. Осы Иер-Субқұдайы моңғолдардың генетикалық мифтік салт-дәстүрінің негізі
желісі болған.
Г. Потанин өзінің «Восточные мотивы в западноевропейском эпосе» еңбегінде «У
монголов Ордоса я записал такую фразу: «из гор великая Сумбер — из озер великое Сум-
далай (молочное море)» деп «Сумберді» таудың атауы екенін дәлелдеп береді . Ал О.
Сүлейменов «АЗиЯ» еңбегінде «Сумбер – ол Иер-Суб (Жер-Су)» деген мағына береді деп
негіздеме жасайды.
Моңғол аңыздарындағыдағы Сумер-Ула тауы мен Сум-далай аталатын үлкен көлдің
атауларын талдайық. Моңғолша сум – сүт, иер – жер, ула – тау, далай – дария, теңіз дегенді
білдіреді. Моңғолдар сөз басын өздерінің «сумына» – сүтке тірейді. Таудың аты «Сүтті жер»
тауы, дарияның аты «Сүт» дариясы болып шығады. Бұл сүттінің мағынасы «құтты жер»,
«құтты дария» болып шығады.
Ордос моңғолдары Сумбер екі басты тау ретінде этимологиялық негізімен қарастыра
келе, Суб-Иер екі немесе үш айдарлы таңбасы бар екенін жазады. Ал байқап қарасақ, Ұмай
ананың төбесінде де үш айдарлы таңба бар. (1-2 суреттер)
Қорыта айтқанда Ұмай ананың төбесінде үш айдарлы тәж таңба оның Жер ана (Жер-
Су), Суб-Иер ұғымдарына толық негіз болып тұр деп есептейміз. Деректеріміздің дәлелі
ретінде
Түркі және славян халықтарының жазба ескерткіштерін зерттеген Олжас Сүлейменов
үш айдарлы таңбаның (белгі) шумер халықтарындаиероглифтерінде«тау –жер», «елді мекен»
деген ұғымды белгі көрсетеді дей келе, үш айдарлы таңба (белгі) қытайдың шань және
иньәулеттерінде және египет иероглифтерінде де «тау-жер» мағынасын білдіреді
дейді.Олжас Сүлейменов келтірген дерегі бойынша бізде арнайы таблица жасап салыстырып
көрдік (3-сурет).
Ежелгі шумерлерде
Кейіңг шумерлер
Түркілерде
Қытайдың,
Инь әулеті
Қытайдың,
Шань әулеті
Египет иероглифі
Ұмай анадағы үш
басты белгілер
Сурет – 3 Ежелгі жазба ескерткіштердегі үш
айдарлы таңбалар