186
1996 жылдары Оңтүстік Қазакстан мен Жетісуда (Тамғалы, Tepic, Қарасай, Хантау,
Ешкіөлмес, Баянжүрек, Қаракүнгей - орындары) ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде Орталық
Азия петроглифтер Корпусын кұру ушін француз мамандарымен бipiгiп (жетекші: 3.
Самашев), жартастағы суреттерді зерттеудің байланыссыз (бесконтактный) әдісі
колданылды. Геомикробиологиялық эксперимент жүргізуші табиғат кұбылыстарына
механизмнің әсері ылғалдану және аридтік кезеңі, әлемдік және аймактық, өзгерістер,
коршаған органикалық орта, микрофлоралар және тағы басқалары зерттелді. Сонымен қатар
суреттерді салудың технико-технологиялық әдісі ерекшеліктері қаралды. Қола дәyipi
адамзаттың шығармашылық, дамуының жарқын кезеңі болып саналады. Бұл уакытта
репертуарлары түрленіп, адамның қоршаған ортаға деген көзқарастары күрделеніп,
шаруашылық-мәдени кызметтерінде технологиялық дамуы нәтижесінде ой-танымындағы
өзгерістер жартастарға суреттермен салынады.
Сол кезеңнің өзінде макро-микрокосмоспен байланысты мифтік-ғұрыптық cypeттepi
ғалымдардың кызығушылығын туғызуда. Бүгінгi күні Тамғалы тас шатқалын зерттеумен
өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бepi археолог А.Н. Марьяшев айналысуда [6, 403 б.].
1975 жылы А.Г. Медоев пен Б.Ж. Әубәкіровтың басшылығымен геолого-геоморфологиялық
зерттеулер жүргізілді [7, 26 б.]. 1988-1994 жылдары Тамғалы шатқалында Археология
институтынының кешенді экспедициясы (А.Е. Рогожинский, З.С. Самашев), Қазақстан FA
Геология институты (Б.Ж. Әубәкіров) және Қазакстан Мәдениет Министрлігі
«Казпроектрестравция» институты (Е.Н. Рипинская, Л.Ф. Чарлина) петроглифтерді жүйелеп,
қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Тамғалы шатқалы қазіргі уақытта тек отандық
ғалымдардың ғана емес, шетелдік мамандардың да назарын аударып отыр. Қола дәуіріндегі
тайпалардың дүниетанымы түгелдей табиғатқа тәуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін
кұдірет деп білді. Ең маңызды орынға шыққан адамның түрлі бейнеде берілуі. Біріншіден,
өсіп-өну культі (плодородия), екіншіден, сол кезеңдегі наным-сенімге сәйкес пұтқа
табынушылық, үшіншіден, жақсылыққа, гүлденуге және сәттікке ұмтылысты негізге ала
отырып суреттердің салынуы.
Петроглифтерге салынған суреттерді бірнеше түрге бөлуімізге болады: 1.Қашап сурет
салу 2.Keciп, жанамалап салу 3.Кұйып, жапсыру арқылы салу Адамдарды жекпе-жекте
немесе басқа да ғұрыптық негізде бейнелеу Қазақстан жерінде көп кездеспегенмен,
табылғандары анық суреттелген. Бұндай жағдайларда адам басының орнына аң бейнесін,
құйрығын салған, яғни антропоморфтық кейіпкерді берген. Ертеден калған петроглифтерді
зерттеу барысында тарихи мазмұнын жан - жақты ашу қиындық келтіреді. Бұл жерде кандай
тайпалар тұрды, неліктен басқа жаққа коныс аударды, климаттық жағдайы қаншалықты
дәрежеде болды деген мәселелер әлі де болса археолог мамандардың алдында тұрған
сұрақ. Бүгінгі күні алда тұрған міндет оның жасын анықтаумен шектелмейді. Салыстырмалы
зерттеу әдісін пайдалана отырып, тарихи талдау жасауды қажет етеді. Қaзipгi
ғалымдар тұжырымдаған «ғибадатхана», «храм» болу себептерін, аспан астында
осыншалықты уақытқа дейін сақталу техникасын жіті назарға алуымыз тиіс. Қазақстан
жері шөлді - шөлейтті аридттік зона болғанымен ерте кезеңнен бepi қарай ата - бабаларымыз
осы жерді мекендеген. Сол кезеңдегі тұрмыс –тіршілігін жартастағы суреттерге
бейнеленген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері;оқу құралы/Кәкен Аханов – Алматы:Өлке баспасы,2010-560 б. Қайта
басылым
2. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: «Баянжүрек», 2007, - 272 бет.
3. Максимова А.Ермолаева А.Марьяшев А.Наскальные изобрежения урочища Тамгалы. Альбом. –
Алматы:Өнер,1985. 5б
4. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996, 127 б.
5.История искусств Казахстана.
6. Учебник. - Алматы: Издат-Маркет, 2006.- 248 с., илл., 32 с. цв. клейка.
187
ӘӨЖ 316.3(574)
РАМАЗАНОВ А.Р., ШҮРШІТБАЙ Б.Ш.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЕЛІМІЗДЕГІ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ОРНАУЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ РӨЛІ
Қазақстан Республикасы – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан,
тәуелсіздігін 1991 жылы алған, жас мемлекет. ХХ ғасырда Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы құрамында болып, егемендігін алғанына байланысты, қазіргі уақытта
экономикасы өтпелі кезеңдегі, дамушы елдер қатарына кіреді. Дегенмен, еліміз жылдан-
жылға көркейіп, ата-бабаларымыздың сан-мыңдаған жылдар бойы аңсаған биіктерін
бағындыруда. Соңғы жылдары Қазақстанға қызығушылық дүние жүзі бойынша айтарлықтай
өсті.Бүгінгі таңда Қазақстанда гендерлік теңдік орындалып,әйел адамдар іс жүзінде барлық
қызмет түрлерінде - білім беру, ойын-сауық, этникалық,бизнес,ел басқаруда өз үлестерін
қосуда. Мемлекеттік деңгейде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29
қарашадағы №1677 Жарлығы қарқынды орындалуда[1].Бүгінгі таңда кейбір отбасыларда
күнделікті өмірде әйел адаммен ер адамнын орны ауысқаны айқын байқалуда.Күнделікті
көлікті жүргізіп жүрген әйел адамдар артуда.Жоғарыда айтылғанның бәрі әйел адамның ер
адамдармен теңесіп,кейбір салада басым болуының айқын көрінісі.Осыдан келе неліктен
деген сұрақ туады.Ер адамның денгейі түсуінен бе?,әлде әйел адамның қазіргі таңдағы
әлеуметтік бейнесінің өскені ме? Табылған жауапқа қандай факторлар әсер ететінін
анықтауды басты мақсат қылдым.Осыған орай еліміздің әйел адамдарының қазіргі бейнесін
XIX-XX ғасырдағы бейнесімен салыстыра қазіргі әйел адамдардың бейнесін SWOT кестесіне
толтырдым.
Кесте 1–Swot кестесі
Strengths (күшті)
Weaknesses (әлсіз)
Opportunities
(Мүмкіндіктер)
Threats
(Қауіптер)
Білім алатын әйел
адамдар көбейді
Алға
қойған
мақсаттарының
өзгеруі
Шет
мемлекеттердегі
жағдаймен танысу
Демографилық
жеткіліксіздік
Бостандықтың артуы
Тәрбие мәселесі
Мемлекетті
басқару,жеке бизнеспен
айналысуға
мүмкіндіктің артуы
Ақыл ойдың ағылуы
Мемлекеттік қолдау
Өмірге
деген
көзқарас өзгеруі
Еліміздің
беделін
әлемдік
қауымдастық
алдында көтеру;
Қан өзгеруі
Әйел
адамның
дәрежесі асты
Психиологиялық
жабылу
туындау
комплекстар әсерінен
Армандаған
затына
қолы жету
Дінге көзқарас
Заңды
түрде
құқықтарға ие болу
Лесбийшіліктің
туындауы
Еңбек күшінің артуы
Кедейлік
SWOT кестесінің нәтижесінде әйел адамның индивид ретінде өсуін байқыдым.Осы
ойға басты назар аударып, ғаламтордан мәлімет іздедім.Біраз әлемнің дереккорларын қарай
отыра келесі ойға келдім.Бүгінгі таңда әйел адам толық деңгейде білім алуда.Бала
тәрбиелеуде әйел адам ер адамнан әлде қайда көп бере алады.Сондықтан білімді әйел адам-
білімді ұрпақ деп айтуға толық негіз бар [2].Өрісі кең, ақыл-ой қабілеттері бар әйел күйеуіне
ғана емес, сонымен қатарбарлық қауымға да қызықты болады. Арманы көп жағдайда мансап
қуу түрінде кездеседі.
Қазіргі таңда әйел адамдар ер адамдар сияқты алғашқы орынға мансапты одан кейін
отбасыны қоятын отбасы моделі көптеп кездесуде.Бұл жерде отбасының материялдық
Достарыңызбен бөлісу: |