Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет90/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   187

184 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  АлиеваН.Н.http://www.rusnauka.com/8_NPE_2007/Philologia/1954.doc.htm 
2.  Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы:Оқулық.-Алматы. Қазақ Университеті,2014. 
3.  Есенова Қ.Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің прагматикасы. Алматы.2007 
4.  Есенова  Қ.Ө.,  Ныязбекова  К.С.  Мәдениетаралық  коммуникациядадағы  лексикалық  бірліктердің 
прагматикалық мәні // Электронды ғылыми-теориялық конференция мақалалар жинағы 
5.  Брандес М.П. Стилистика немецкого яызка. – М.: Высшая школа, 1990. 
6.  Дулганова В.Н. Прагматический аспект межкультурной коммуникации. Улан-Удэ, 2003. 
 
 
ӘОЖ821.512.122.09 
ӨТЕПБЕРГЕН Б., БИЯРОВ Б.Н. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУРЕТТІ ЖАЗУЛАРДЫҢ  
ТАРАЛУ АЙМАҒЫ 
 
Қазақстан  жерінмекендеген  қола  дәуірі  тайпалары  идеологиясының  петроглифтерде 
табуы.  Қола  дәуірінде  өнер  түрлері,  оның  ішінде  петроглифтер,  яғни  жартасқа  сурет  салу 
өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, 
адамдардың  бейнесін  немесе  белгілі  бip  сюжеттік  желіге  кұрылған тұтастай  композицияны 
шекімелеп  түcipгeн.  Жартастағы  суреттер  -  нәзік  те,  күрделі  өнер,  оның  кұпиясын  түсініп, 
мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және 
мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада 
болып  жатқан  құбылыстарды,  өздерінің  білетін  білімімен  тәжірибесін,  өздері  жөніндегі 
мәліметтерді  символдармен  кейінгі  ұрпаққа  бере  білген.  XX  ғасырдың  60-70  жылдары 
археология  ғылымында  петроглифтерге  деген  аса  кызығушылық  ғалымдардың  жеке-дара 
зерттеулерінен  көрініс  тапты.  Соңғы  жиырма-отыз  жылдықта  әлем  ғалымдары  арасында 
тарихымызға  тастағы  суреттерді  зерттеуге  деген  ұмтылған  жаңаша  көзқарастар 
қалыптастыруда.  
Осындай  көзқарастар  аясында  туындаған  зерттеулер  барысында  Қазақстанның  шексіз 
таулы-далалы  аймақтары  да  қамтылып,  жүздеген  петроглифтік  орындар  анықталды. 
Олардың  біразы  ежелгі  ғибадатхана  орындары,  яғни  ежелгі  адамдардың  ұзақ  уақыт  бойы 
мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған 
тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде 
көрсету  мақсатында  жасалған  тастағы  таңбалар  осының  айғағы.  Ашық  аспан  астында  су 
көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну  ғұрыптарын  жасаған 
адамдар  діни-мифологиялық  көріністерін  жартас  беттеріне  түсіруге  тырысқан.  Мұндай 
көріністерді  Қазақстан  жерінен  табылған  петроглифтерден  анықтау  қиын  емес.  Себебі, 
Қазақстан,  әcipece  Жетісу  өңipi  -  петроглифтерге  бай  аймактардың  бipi  болып  табылады. 
Солардың ішіндегі ең көрнектісі - жартастағы жазу дәстүрлі көркем стилінің негізін қалаған 
Тамғалы тас жазулары ерекше танымал.  
Тамғалы  петроглифтері  орта  қола  ескерткіштеріне  жатады  [1,  19  б.].  Ежелден  киелі 
саналатын  Тамғалы  шатқалы  Алматыдан  солтүстік-батысқа  қарай  орналасқан.  Тамғалы 
петроглифін  Шу-Іле  тауының  оңтүстік-шығыс  бөлігінен  1957  жылы  19-қыркүйекте 
Қазақстанның  кәсіби  археологы  Анна  Георгиевна  Максимованың  басшылығымен 
жүргізілген археологиялық экспедиция тапты [8, 5 б.].   
 
Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. 
Соңғы  уақытта  А.Г.  Максимова  мен  А.А.  Попов  Тамғалы  петроглифінің  жеріне  тұрақты 
зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың 
аталмыш  зерттеу  аясындағы  алғашқы  «Наскальные  изображения  урочища  Тамгалы»  еңбегі 
жарық  көреді,  онда  ескерткішке  жүргізілген  зерттеудің  жарты  ғасырлық  тарихы  берілген. 
1977-1978  жылдары  Тамғалы  ескерткішін  зерттеу  одан  әрі  А.Г.  Максимованың 
жетекшілігімен  жалғасты.  Тамғалы  аймағы  толығымен  зерттеліп,  петроглифтер  жиналған 


185 
 
негізгі орындардың кестесі құрылады. Атап өтсек, б.з.д. екінші мыңжылдықтың ортасындағы 
мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның ең белгілісі - Күнбасты 
құдай.  А.Г.  Максимова,  А.С.  Ермолаева,  А.С.  Марьяшевтың  «  Наскальные  изображения 
урочища  Тамгалы  »  кітабында  Тамғалының  күнбасты  алыптары  ежелгі  антропоморфты 
құдайдың  бейнесі  болса  керек  деп  жазылған.  Қазақстан  тарихында  із  қалдырған  көптеген 
халықтар  үшін  Тамғалы  шатқалы  әулие  жер  деп  саналып,  салттық  рәсімдер  жүргізілді, 
құдайға  табыну,  салттық  рәсімдер  жүргізілді,  құдайға  табыну,  ата  -  баба  рухына  тағзым 
жасалды.  Аспан  астында  біріккен  мұражай  болды.Мұндағы  суреттер  -  адамның  рухани 
мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз. Тамғалы шатқалында кездесетін 
ғалымдардың  назарын  аударған  петроглифтердің  бірнешеуіне  тоқталсақ:  «Күн  басты 
адамдарды,  қол  ұстаса  айнала  жүріп  би  билегендерді  бейнелеу,  Күнге  табыну,  
жыл  мезгілдердің  алмасуына  байланысты  жаңа  жылды  –  Наурызды  қарсы  алу  ғұрпына 
орай туған [2, 39 б.].  
Жойқын күш иeci өгіздер күш-қуат пен құнарлылықтың бейнесі iспеттеc болса, қолына 
шоқпар,  аса  таяк  ұстаған,  жүгіріп  бара  жатқан  немесе  мінәжат  етіп,  сиынған  қалпында 
кимылсыз  отырған  адам  бейнелері,  аң  аулау  сәті,  адам  өміріндегі  құрбандық  шалу  рәсімі  - 
бұлардың  бәpi  мифология,  космогониялық  мифтердің  кейіпкерлері  [2,  43  б.].  Құдipeттi 
жануарларды  -  өгіз,  түз  өгiзi,  ат,  түйелерді  бейнелеу  көне  халықтардың  дүниетанымында 
маңызды  рөл  атқарған  Митра,  Веретрагна,  Агни  сияқты  кұдайлар  образын  кейіптеуден 
туған»  [2,  45  б.].  Ерте  кезеңдегі  тарихымыздан  белгілі,  ежелгі  дүниетанымда  дін  пайда 
болғанға дейін осылай күнделікті тұрмыста пайдаланылған жануарларды бейнелеу үpдici кең 
етек алған. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанның да петроглифтері археологтар тарапынан 
аса  қызығушылық  туғызып,  бүгінгі  күні  белсенді  түрде  зерттелуде.Атап  айтар  болсақ: 
Ешкіөлмес,  Баян  Жүрек,  Кұлжабасы,  Сауысқандық,  Арпаөзен,  Қасқабұлақ,  Тосбұлақ, 
Қызылшың,  Тектұрмас  және  тағы  басқалары  қола  ғасырынан  бepi  сақталған  «мәдени- 
тарихи  ландшафтар»  болып  табылады  [3,7  6.]  К.М.  Байпақов  пен  Т.В.  Савельева  өз 
зерттеулерінде:  «Б.з.д.VIII-б.д.III  ғасырларда  әртүрлі  мәнерде  орындалған  петроглифтердің 
скиф-сақтардың жануарлар стилімен үндестігі айқын аңғарылады» деп атап өтеді [2, 100 б.]. 
Бұдан  шығатын  тұжырым  Қазақстан  жерін  мекендеген  ежелгі  тайпалардың  дәстүр 
сабақтастығы сақталып бүгінгі күнге дейін жетуі. Яғни, өнердің дамығаны осы өлкеде өмip 
сүрген  ежелгі  адамдардың  да  ақыл-ойының  дамуы  болып  табылады.  Қазақстандағы 
петроглифтердің  көп  бөлігін  зооморфтық  бейнелер  кұрайды.  Өнім  өндіруші  шаруашылық 
кезеңінде діни наным-сенімнің дамуымен алғашқы орынға ешкі, арқар, өгіз, буйвол, жылқы, 
кұлан, түйе, таутеке, қабан және тағыларды (ит, аю және тicтi аңдар) бейнелеу шығады [4, 88 
6.].  Суреттерден  көpiнiп  тұрғандай  адамға  күнделікті  өмірде  үй  жануарлары  да,  дала 
жануарлары да таныс, шаруашылыққа міндетті түрде пайдаланады. Аңдарды бұлай бейнелеу 
көптеген  кiшiгірiм  ғибадатханаларға  тән.  Бipнeшe  eшкi  мен  арқарлардың  бейнеленуі 
ғұрыптың  дәстүр  бойынша  көктем  мерекелерін  қарсы  алу  немесе  егіншілік  культі  мен 
байланысты [5, 403 б.].  
Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  қола  ғасыры  ғибадатханаларында  eшкінi  бейнелеу 
суреттердің  жартысына  жуығын  алады.  Петроглифтердегі  eшкi  барлық  жерде  ең  көп 
кездесетін  бейне  болып  табылады.  Жануарлар  бейнесі  петроглифтердің  ішінде  стилистика 
бойынша  «зооморфты»  ешкінің  бейнеленуі  анық  реалистік  емес  мінез-кұлықты  бөліп 
көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  иконографикалық  тұрақты  бейне  көптеген  күрделі 
композицияларда  кездеседі.  Өзге  де  бинарлы  оппозициялық  ретінде  бейнеленген 
кейіпкерлермен  бipгe  кеңістік  кұрастырып,  таңбалылықты  білдіреді.  Таңбалық  
жүйелер  ежелгі  қауым  арасында  кеңінен  таралған  -  дөңгелек-күн,  аспан  дөңгелі,  крест 
сияқты  таңба  —  әлемнің  4  жағы,  бұтақ  пен  мүйіз  —  дүние  ағашының  белгісін  бейнелеуге 
жатқызады.  
Ең  көрнекті  петроглифтердің  қатарында  Қызылорда  облысы,  Шиелі  ауданындағы 
Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 метр жерден, 2004 жылы БжҒМ Археология 
институтының аспиранты С. Мұрғабаев тапқан Сағындық ескерткішін атауға болады. 1993-


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау