Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет30/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   187

61 
 
ӘОЖ 811.111’1 
ҒАЛЫМБЕКОВА Д.Ғ., МАТКАРИМОВА Д.А. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР 
ҚАТАРЫНДАҒЫ СОМАТИЗМ 
 
Фразеологизмдер  –  тілдің  мағыналык  жағынын  көпғасырлық  дамуының  нәтижесі. 
Тілдік  бірліктің  тіл  біліміндегі  орны,  атқаратын  кызметі  ерекше,ceбeбi,  коршаған  орта 
туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді кыска әpi ыкшамды, бейнелі де эмоционалды турде 
беруде оған тең келер бірлік жоқ.[1, б.5] 
Тіршіліктің  бар  саласын  қамтитын  әр  ұлттың  өзіне  ғана  тән  көркем  сөз  орамдарын  – 
фразеологизмдерді  молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай 
саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік , әсерлік қасиетімен қасиетімен көзге түседі. Осындай 
көркем,  пәрменді  бояуы  қанық  алуан  түрлі  фразеологизмдерді  халық  орынды  пайдаланып, 
ұрпақтан  –  ұрпаққа  жеткізіп  келеді.  Халықтың  талай  ғасыр  сомдап  шығарған  тұрақты 
тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі. 
Құрамында  дене  мүшелерінің  атаулары  бар  тұрақты  сөз  тіркестерін  соматикалық 
фразеологизмдер  деп  атайды  (грек.  Soma  –  дене,  onym  -  атау).  Лексикологтардың  айтуына 
қарағанда  қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестерінің  30%  жуығы  соматикалық  атаулардан 
тұрады.[1, б.93] 
«Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды сөз 
жасауға  сонша  бейімділігімен  ғана  сипатталмайды,  сонымен  бірге  тұрақты  тіркестер 
жасаудағы  белсенді  қызметімен  де  айрықша  көзге  түседі».  Бір  сөздің  өзі  бір  ғана  ұғымға 
телінбей, әлденеше ұғымға, ортақ атауға айналып кеткен. 
Жекелеген  сөздердің  әр  ұғымға  жату  –  жатпауын  есепке  алмай,  жалпы  адам  біткенге 
қатысты сөздер мен фразеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте 
адамның  дене  мүшелеріне  қатысты  екі  жүзге  жуық  сөздер  қамтылып,  бұлардан  туындаған 
4200  фразеологизмдер  бар  екені  анықталған.  Бұл  қазақ  тілінің  анатомиялық  атауларға 
қатысты  фразеологизмдерге  соншалықты  бай  екенін  көрсетеді.  Тілдегі  фразеологизмдердің 
мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелерінің қызметін жай кездейсоқ нарсе деп қарауға 
болмайды.[2] 
Адамдар  өзіне  тән  қимыл  әрекетін,  ішкі  психологиялық  жай  күйін,  бойындағы  бар 
қасиетін айнала қоршаған ортаға, түрлі құбылыстарға ұқсастырып , салыстыра сөйлеуді әдет 
еткен.  Мысалы,  сөзге  шебер,  шешен  кісі  туралы  тілге  жүйрік,  тілі  майда,  тілі  мен  жағына 
сүйенген т.б деп айтады. Keep a civil tongue in one’s head – «әдепті сөйлеу», тырнақ астынан 
кір  іздеу  –  «жаманшылық  қуу»,  аузы  аққа  тию  –  «айран,сүт  ішу»,  тізесін  батыру  –  «күш 
көрсету», т.б толып жатқан ұқсас құбылыстарды соматикалық атаулар арқылы жеткізген. 
Фразеологизмдерді  мағына  жағынан  классификациялау  ең  қиын  мәселелердің  бірі. 
Қиындық  нақты  бір  тілдегі  сөз  тудырушы  тәсілдердің  бірі  болып  табылатын  осы 
категорияның өзіндік ерекшелігінен келіп шығады. 
Мысалы:  1.  Тілі  байланды  деген  фразеологизм  «ауру-сырқаудың  салдарынан  тілі 
сөйлеуге  келмей  қалды»  деген  мағынаны  білдірумен  қатар,  басқаша  мән  беріп  айтатын 
болсақ,  «үні  шықпады»,  «аузына  құм  құйылды»  дегендердің  орнына  жүретіні  белгілі.  Lose 
one’s  tongue  –  «тілін  жұтып  қою»,  «үндемей  отыру»  деген  мағынаны  білдіреді.  Кейде 
тұлғасы мен құрамы жағынан бір-біріне ұқсамайтын фразеологиялық бірліктің өзі де кейде 
бір  ғана  ұғымды  білдіре  алады.  Мысалы:  «мылжың»,  «бос  сөзді»  деген  ұғымды  –  аузымен 
орақ  ору,  тілмен  жағына  сүйену,  тілі  ұзын  –  деп  айта  аламыз,  ағылшын  тілінде-  wag  one’s 
tongue- «дәмсіз сөйлеу»; a long tongue – «тілі ұзын» деген балама сөздермен айта аламыз. 
Бұл  мақалада  қолданылған  барлық  дерексөздерден  жиналған  адам  дене  мүшелері 
атауларынан  құралған  фразеологизмдерді  жинақтап  оларға  статистикалық  талдау  жасауға 
тырыстық. 


62 
 
Қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  соматикалық  фразеологизмдерге  компоненттік 
талдау  жасау  мақсатында  тұрақты  тіркес  құрамына  кіретін  ең  өнімді  адам  мүше  атаулары 
таңдалынып алынды. Олардың саны – 17: ауыз – mouth, аяқ – feet, бас-head, бауыр – liver, бет 
– face, бүйрек-kidney, ерін – lip, жүрек – heart, иық – shoulder, көз – еуе, кірпік – еуеlash, қол – 
һand, құлақ – ear, мұрын – nose, тырнақ – nail, тіл – tongue, тіс – tooth.[4, 52-57бб.] 
ауыз – mouth 
Қазақ тілінде ауызға байланысты – 53 фразеологизм, ал ағылшын тілінде – 20 тұрақты 
тіркес табылды.  Мысалы, ағылшынтілінде:  With one mouth6 Sing  on the wrong side of one’s 
mouth,  Open  full  mouth,  т.с.с.  Ал,  қазақтілінде:  Аузы-аузына  жұқпады.  Аузына  берік,  Аузы 
дуалы т.с.с. 
аяқ – feet 
Ағылшын  тілінде  аяққа  байланысты  –  14,  ал  қазақ  тілінде  –  26  соматикалық 
фразеологизмдер  бар.  Мысалы,  ағылшын  тілінде:  Be  at  smb’sfeet;Be  light  on  one’s  feet. 
Аруағын аяқ қабасты. Аяғы алысқа түсті. 
бауыр – liver 
Қазақ  тілінде  бауыр  сөзімен  –  33,  ағылшын  тілінде  –  7  фразеологизм  бар.  Мысалы 
ағылшын  тілінде:  Hot  liver;  White  liver;  Good  liver;  Ал  қазақ  тілінде  Бауыры  суыды,  Бауыр 
басты, Бауырға ел тарттырмады. 
бет – face 
Ағылшын тілінде бетке байланысты – 18 тіркес, ал қазақ тілінде – 45 фразеологизм бар. 
Мысалы,  ағылшын  тілінде:  On  the  face  of  the  earth;  Good  Friday  face;  In  the  face  of  the  day; 
Қазақ тілінде: Беталды; Бетінен жарылқасын; Бетке оттай басылды; т.с.с. 
ерін – lip 
Қазақтіліндеерінгебайланысты  –  7,  ағылышынтілінде  –  3  тұрақтытіркесбар.  Мысалы, 
ағылшынтілінде : Lick one’s lip; Escape smb’s lips: Қазақтілінде: Ернікезерді; Ерніншүйірді 
жүрек – heart 
Ағылшын  тілінде  жүрекке  байланысты  –  31,  ал  қазақ  тілінде  –  40  фразеологизм  бар. 
Мысалы ағылшын тілінде A big heart; Have one’s heart in one’s mouth; Қазақ тілінде Жүрегі 
дауаламады, Жүрегі елжіреді. 
көз – еуе 
Қазақ  тілінде  көзге  байланысты  –  43,  ал  ағылшын  тілінде  –  34  фразеологизм  бар. 
Мысалы ағылшын тілінде: All my eye; Black eye; Cas an evil eye; Қазақ тілінде: Көгенкөз, Көз 
алдында, Көз байлады. 
қол – һand 
Қазақ  тілінде  қолға  байланысты  –  58,  ал  ағылшын  тілінде  –  68  фразеологизм  бар. 
Мысалы  ағылшын  тілінде:  At  hand;  At  single  hand;  Қазақ  тілінде:  Арзанқол;  Қолжалғады; 
Қолжаулық 
кірпік – еуеlash 
Ағылшын  тілінде  кірпікке  байланысты  –  2,  ал  қазақ  тілінде  –  8  фразеологизм  бар. 
Мысалы, ағылшын тілінде: Hang on by the eyelashes, Without turning an eyelash; қазақ тілінде: 
Кірпік қаққанша; Кірпігіне мұз қатты. 
мұрын – nose 
Қазақ  тілінде  мұрынға  байланысты  –  18,  ал  ағылшын  тілінде  –  32  фразеологизм  бар. 
Мысалы:  Acquiline  nose;  Cock  one’s  nose;  Bite  by  the  nose;  Мұрнын  жарды,  Мұрнынан 
шаншылып жүр; Мұрны қанап жатқан жоқ, т.с.с. 
тіс – tooth 
Қазақ тілінде тіске байланысты – 25, ағылшын тілінде – 20. Мысалы ағылышын тілінде 
Long in the teeth; Be fed to the teeth; Азу тісі балғадай, Тіс қаққан. 
тырнақ – nail 
Қазақ  тілінде  тырнаққа  байланысты  –  9,  ал  ағылшын  тілінде  –  5  фразеологизм  бар. 
Мысалы  ағылышын  тілінде:  By  nails;  Hit  the  nail  on  the  head;  Тырнақ  алды;  Тырнағын 
батырды. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау