Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет27/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187

54 
 
қоғамның  өміріне  қазақ  зиялы  қауымының  өкілі  ретінде  өз  есімін  тарих  парақшаларында 
алтын әріптермен көмкеріп, мәңгі етті. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  “Ұлы  тұлғаларын  білмейінше,  бірде-бір дәуірді  дұрыстап 
тану  мүмкін  емес.  Адам  тағдырының  айнасынан  біз  тарих  көшінің  жүрісін  ғана  аңдап 
қоймаймыз,  оның  рухын,  тынысын  сезінеміз.Сондықтан  да  халқы  мен  елінің  алдындағы 
өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда да оны 
адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз 
азаматы  болып  қала  берген.  Тарихтың  қай  кезенінде  болсын,  олар  өз  ұлтының  бетке  ұстар 
мақтанышы  болып  келген.  Ол,  ол  ма,  белгілі  бір  мағынасында  олардың  өздері  де  халық 
тарихының  тұтас  бір  дәуіріне  татыған,  халқының  бағытынан  жаңылмай  тәуелсіздікке 
бастайтын  жолын  нұрландырған  ел  тарихының  шамшырақтары  болған”  [7],-  деп 
тұлғалардың тарихтан алар орнын көрсетеді. 
Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  -  өз  халқының  біртуар  азаматы  мен  көсемі.  Ол  үнемі 
өзінің  терең  білімі  мен  тәжірбиесінің,  алға  қойған  мақсатты  орындауға  деген  қабілетімен 
ерекшеленетін.  Ол  өз  заманының  саясаткері  ретінде  біздің  елімізде  социализмді  құру  ісіне 
адал қызмет етіп, көпұлтты Қазақстанда лениндік халықтар достығының белсенді жетекшісі 
еді.  Қазақстан  экономикасы  мен  мәдениетіне  қосқан  үлесі  орасан.  Өзінің  игі  істерімен  ол 
Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің есімін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын 
елінің тарихында мәңгілікке қалды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  МейиржанМашан. Д.А. Кунаев - История в портретах (личности в истории) – Алматы: - 2009. - 128 с. 
2.  ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. 
3.  Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева (в аспекте истории Казахстана). – Алматы, 1994. - 300 с. 
4.  Назарбаев Н.Ә. Елі барда еріелеусізқалмайды // ЕгеменҚазақстан– 2010, 13 қаңтар. 
5.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылдың 24 ақпанындағы «Д.А. Қонаевтың есімін мәңгі есте 
қалдыру туралы» қаулысы. 
6.  Сағдиев М.,«Адалдық болды ақ туым» // Егемен Қазақстан – 2004, 12 мамыр. 
7.  Назарбаев  Н.Ә.Жасай  бер,  тәуелсіз  Қазақстан!  Тәуелсіздік  күніне  арналған  салтанатты  мәжілісте 
сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. - 1998, 16 желтоқсан. 
 
 
ӘОЖ 811.512.122373 
БОЛАЕВА А.Қ.,  ӘЛІМХАН А.Ә. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.  
 
ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ ОҚЫТУ 
 
Жалқы  есімдер  –  жеке  заттың,  құбылыстың  атауы  болатын  сөз,  сөз  тіркесі.  Жалқы 
есімге  адам  аттары  (антропонимдер),  географиялық  атаулар  (топонимдер),  діни  атаулар 
(теонимдер),  жануарлар  атаулары  (зоонимдер),  аспан  денелерінің  атаулары  (астронимдер), 
тарихи  уақиғалармен  байланысты  мезгіл  атаулары  (хрононимдер),  рухани  нысандар 
атаулары  (идеонимдер)  т.  б.  жатады.    Жер-су  атауларын  зерттейтін  тіл  ғылымының  саласы 
топоним дедік. Бұл ономастика ғылымының үлкен саласының бірі болып табылады. Ал кісі 
есімдері,  яғни  антропоним  болса,  антропонимикадан  құрылған.  Жалқы  есімдерді    зерттеу 
қашанда  өзекті  мәселе  болып  табылады.  Бүгінгі  таңға  дейін  біздің  байтақ  еліміздің   қыр-
сыры  ашылмаған  қаншама  елді  мекендер,  жер-су  атауларының  кездесуі  бір  жағынан 
таңқалдырып  отырса,  екінші  жағынан  байтақ  жеріміздің  ашылмаған  қыр-сырының 
молдығын білдіреді. Жер-су атаулары, елді мекендер атаулары ерте кезден-ақ қандай да бір 
тарихи оқиғаға байланысты адамның рухани мәдениетін білдіретін, нақтылай кетер болсақ: 
анимистік  сенім,  жергілікті  рухты  қасиет  тұту,  діни  және  мифологиялық  көзқарастар, 
т.б.Топонимдер  жер  бетіндегі  кез  келген  табиғи  немесе  адам  жасаған  нысандар  атауынан 
тұратын  жалқы  есім  түрлері.    Жалқы  есімдерге  мектепте  тек  6-сынып  оқулығында  ғана 
аздаған  мәлімет  пен  бір-екі  жаттығу  ғана  беріліп  өтеді.  Бұл  тақырып  оқушылар  үшін  ең 


55 
 
қызықты  тақырыптардың  бірі,  оларды  жан  –жақты  түсіну  үшін,  жалқы  есімдердің  жасалу 
жорлдары  мен  қолданыстағы  орнын  нақты  айқындау  үшін  қосымша  деректер  беріп, 
жекелеген  зерттеу  жұмыстарын  беру  тиімді.    Тапсырманы  алдымен  өзі  тұратын  
елді  мекен,  жер-су  атауларының  сыры  ашып  келуді,    ол  жайлы    халық  аузындағы  кейбір 
аңыздарды  жазып  келуден  бастаймыз.  Егеменді  еліміздің   сан  жылғы  армандарының  
бірі  тарихи  атаулардың  қайта  жаңғырту  болса,  қазіргі  кезде  көптеген  елді  мекендердің 
атаулары  сол  баяғы  атауларын  қайта  жаңғыртуының  өзі  қоғам  үшінде  үлкен  мәртебе. 
Сондықтан  өз  өлкеміздегі  қайта  жаңғырған  атаулардың  берер  мағынасы  мен  мәнін  ашу 
оқушыны  қызықтыра  түсері  анық.    Содан  соң  өздері  тауып  келегн  жалқы  есімдердің 
жасалуына  талдау    жасатамыз.  Мысалы,  Ақбұйрат,  Жұмабек,  Ордабай,  Игілік,  Тұрсынбай, 
Ерейментау[1,  43  б.].  Бұл  атаулар  бірігу  арқылы  жасалып  тұрғанын  айтқан  соң,  
мұндағы  берілген  жер-су  атаулары  қалай  шыққан,  -  деген  сұраққа  жауап  іздейміз.  
Не  себепті  Ақбұйрат,  Ерейментау  деп  аталған  екен?  –деген  сұрақ  оқушылардың 
қызығушылығын  арттыра  түседі.  Олар  үйден  осы  атаулардың  шығу  төркінін  қарастырып 
келіп,  ой  бөліседі.  Өз  нұсқаларын  ортаға  салады.  Ендеше,  сол  оқушылардың  тапқан 
жауаптарына тоқталсақ, Ақбұйрат - мекен аты, «ақ отты бұйрат» дегеннен шыққан. Мұндағы 
отты  сөзі  шөбі  шүйгін  дегенді  бересе  керек.  Ал,  «Ерейментау»  -  атауы  туралы  бірнеше 
нұсқалар  бар  екен:  оның  бірі  –  кезінде  бұл  жерде  тұрған  кісінің  құрметіне  аталса,  
енді  бірінде    қазақ  тілінде  ер+емен  сөздерінен  қалыптасқан  атау,  яғни  «еменді,  күшті  ер»  
дегенді  білдіреді  деп  көрсетсе,  халық  арасындағы  аңыздарда  жоңғар  жаулап  алушыларға 
қарсы  күрес  кезеңіне  байланыстырады.  Бөгенбай  батыр  кезінде  жауды  айдап  кіргізіп, 
 тау  шатқалында  Бөгенбай  мен  жоңғар  арасында  жекпе-жек  айқасы  болған.  Жоңғар 
 ұтылып  қалған.  Бөгенбай  жауынгерлері  жаудың  атын  үстауға  ұмтылған.  Көп  кешікпей 
таулар  арасында  «ермен,  ермен»  деген  шаттық  айғайлар  естілді.  Содан  бері  ел  ішінде  бұл 
тауларды  Ерейментау  деп  атап  кеткен  деген  де  нұсқа  қарастырылғанын  оқушылар  
табады.  Бұл  оқушылардың  еліміздегі  белгілі  жер-су  атауларын  жай  біліп  қана  қоймай,  
сол  жердің  аталу  себебін  де,  ондағы  тарихи  оқиға  жайлы  да  мәлімет  алады.  
Сондай-ақ,  өз  бетінше  іздене  отырып,  біріккен  сөздердің  жазылу  емлесі  де  есінде  жақсы 
сақталады. 
Жалпы  қай  уақытта,  қай  қоғамда  болмасын  жер-су  атауларының  алар  орны  бөлек. 
Белгілі бір жер аумағына, территорияға иелік ететін, сол жерді мекендеп тұратын халық өз 
меншігін  топонимдік  атаулар  арқылы  белгілейді.  Яғни  топонимдік  атаулар  өмірдің 
экономикалық  дамуына,  меншіктілік  формасының  қалыптасуына  да  қатысты  екен.  Жалпы 
жер-су атауларының әрбір объектіге  (тауға, суға, орман-тоғайға т.б.) жекелене атала бастауы 
да  адамзаттың  осы  табиғатты  игеруі  нәтижесінде  пайда  болған  меншіктілікке  тікелей 
байланысты  деп  айтуға  болады.  Осы  жөнінде  В.А.Никонов:  «Чем  полней  человечество 
овладевает  природой,  тем  огромней  количество  названий  и  важней  их  роль»  –  деп  жазған 
екен бір еңбегінде.  Бұл дұрыс айтылған пікір деп ойлаймын. Өйткені адам баласы неғұрлым  
табиғатты жақын таныған сайын, оның түрлі құбылыстарын тереңнен түсінген сайын оның 
бәрін  өз  танымы  бойынша  бағалап,  оған  ат  қойып,  өз  алдына  бөлек  жаңа  дүниелерді  аша 
түседі.  
Сонымен  қатар,  жер-су  атауларына  тек  географиялық  орналасуы  ғана  емес,  бірнеше 
жүз жылдықтарды басынан өткерген атауда сол жердегі тарих, яғни кімдер басқарды, кімдер 
жаулап  алды,  олардың  мәдениеті  қандай  болды,  өзгелерге  қандай  қасиеттерімен  белгілі 
болды деген өзекті мәселелер де жатады. Осыларға терең көңіл бөлу арқылы өзінің білімін 
тарих пәнінен де шыңдай түседі.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 Исабеков  С.,  Назарғалиева  К.,  Дәулетбекова  Ж.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  6-сыныбына  арналған 
оқулық. 3-басылымы, өңделген/Алматы: Атамұра, 2011.-208бет. 
2 Ұлан есімі-ұлағат бесігі. Анықтамалық.- Барнауыл: Азбука.2008. – 312бет. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау