Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет38/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   187

77 
 
«мұхиттай»  деген  теңеуге  тіркестіріледі.  «Өмір  –  мұнар»  ауыстыруын  мұхиттай  шексіз 
мұңмен  айқындап,  ақын  тұтас  бір  бейне  әлемін  көз  алдымызға  әкеледі.  Сол  арқылы 
лирикалық  қаһарманның  бастан  кешіріп  тұрған  көңіл-күйі  айқын  сезіледі.  Сондай-ақ 
«мұхиттай шексіз мұң»  – ұлғайтуға да (гипербола) мысал бола алады.  «... теңеу, метафора, 
метонимия, аллегория, символ, эпитетіңауыспалымағынасы бар мол тобы... – екінәрсені, екі 
құбылысты  бірімен  бірін  салыстыруға,  бірінің  сипатын  біріне  ауыстыруға  негізделеді.  Ал, 
поэзиядағы  осындай  салыстырудың  өзі  жайдан-жай  тумайды  ...Мәселе  осындай 
салыстырулардан аңғарылатын жайдың, ойдың, сезімнің молдығында, әсерлілігінде» [7,22] – 
деген тұжырым жасайды З.Ахметов. Осы түйін негізінен көзтастасақ, Кеңшілік салыстыруы 
бір айқындау шеңберінен шығып, тұтастай бейнелісуретке ұласқан.  
«Композициялық тұтастық танбастап, жеке айқындаулармен аяқталатын туындының барлық 
элементтер  бірлігі  стильдік  жүйені  құрайды,  яғни  стиль  болып  табылады»  [8,371]  деген 
Л.И.Тимофеев  тұжырымы  айқындаулардың,  басқа  да  көркемдегіш  құралдардың  тікелей  стильге 
қатыстылығын  көрсетеді.  Ақындар  тіліндегі  стильдік  ерекшеліктерді  тануда  бұл  бейнелі  сөздің 
өзіндік маңызды орны бар екеніне өзіміз жасаған талдаулар нақты дәлел бола алады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л.,1989. – 406 с. 
2.  Потебня А.А. Эстетика и поэтика. М.,1976. -330 с. 
3.   Вольф  А.С.  Эпитет  как  характерологическое  средство  в  творчество  Л.Фейхтвангера  // 
Филологические науки. -1972, №2. 34-42 стр. 
4.  Әбдірашев Ж. Перзентпарызы. Алматы: Жалын, 1980. – 112 бет. 
5.  Мырзабекова К. Жолға салдым көшімді. Астана: Елорда, 2002. – 208 бет. 
6.  Мырзабеков К.Менің мұңым – махаббат. Алматы, 2003. 192 бет. 
7.  Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана: Фолиант.2002. - 408 бет. 
8.  Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М., 1966. Слово о стихе. –  М., 1982. 
 
 
ӘОЖ  811.512.122 
ДҮЙСЕМБАЙ Е., ҚАЙЫРБАЕВА. Ж. Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Ғалым  Ербол  Жанпейісов    өзінің  «Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері»  атты  зерттеу 
еңбегінде  ұлт  лингвистерін  мынадай  үш  буынға  бөліп  қарастырған  болатын:  біріншісі  –  
А.  Байтұрсынұлы  бастаған  Қ.  Жұбанов  пен  Т.  Шонанов  қатарлылар;  екіншісі  –  аталмыш 
мерейтойгерлер  және  оларға  тұстастар  мен  өкшелестер;  үшіншісі  –  ғылымға  негізінен 
тәуелсіздік жылдарында келгендердің легі. 
«Тіл  тағдыры  –  ұрпақ  тағдыры,  ұрпақ  тағдыры  –  ел  тағдыры»  дегендей  адамзат 
тарихының  сандаған  ғасырлар  бойы  жинақтаған  тәжірибесі  көрсеткендей  қоғам  мен 
мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Осы тіл мәселесі 
біздің  іргелі  Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейінгі  25  жылда  қандай  деңгейде  зерттелді, 
өзекті, жиі зерттелген  салалары қандай болды, ғалымдар қандай әдісті басшылыққа алғаны 
жайлы сөз қозғасақ. 
Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, 1990 жылдардан бергі  ғалымдар тіл білімінің 
біраз    салаларына  зерттеулер  жүргізіп,  түрлі  көзқарастары  мен  пікірлерін  білдіріп,  тіл 
білімінің  дамуына  өз  үлестерін  қосқан.  Филология  саласына  бет  бұрған  жас  студенттердің 
тіл  біліміне бастар  «әліппесі»  болып табылатын К. Ахановтың   «Тіл біліміне кіріспе»  атты 
зерттеу еңбегінде тілді белгілі  бір дәуірде  өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан  қарастыра 
отыра    сипаттама  беретін  тіл  білімі  бар,  нақтылай  атауы  –  сипаттама  тіл  білімі    немесе 
синхрониялық лингвистика болса, оны (тілді) шығуы мен тарих  бойында дамуы тұрғысынан 
зерттейтін  тіл  білімі  тарихи  тіл    білімі    немесе  диахрониялық  лингвистика  болмақ  –  деп 
айтып өткен болатын [1, 4-5 бб.].  


78 
 
Тәуелсіз елдің қазақ ғалымдары бастапқы кезеңде зерттеу еңбектерінде  диахрониялық  
әдісті  кеңінен  қолданған.  Яғни,  жалпылама  сипаттама  беру,  түбі  бір  туыстас  тілмен  
салыстыру.  Б.  Қасым  «Түркі  тілдерінің  күрделі  етістіктер  мен  аналитикалық  формалы 
етістіктері»  деп  аталатын  мақаласында  сөздің    ішкі  мағынасы  –  лексикалық  мағына  да, 
жалпы дерексіз мағынасы – грамматикалық мағына  болатынын айта келіп, түркі тілдеріндегі  
көмекші  етістіктердің,  қалып  етістіктердің,  күрделі  етістіктердің,  құранды  және  аналити- 
калық етістіктерге жекелей анықтама бере отырып, айырмашылықтарын көрсетіп берген. 
Б.  Қасым:  «Тарихи  жағынан  алғанда,  қалып  етістіктері  -ур/-үр  қосымшасы  арқылы 
қалыптасқан  деп  беріледі.  Бұл  қосымша  аталған  етістіктерде  дыбыстық  жағынан  өзгеріске 
түсіп, түбірмен жымдасып, кірігіп кеткен: отыр – ол тұрур; тұр – тұрұр; жүр – жүрүр; жатыр 
–  жатұрұр.  Сөйтіп  отыр,  тұр,  жүр,  жатыр  етістіктерінде  көрсетілген  қосымша  сіңісіп 
кеткендіктен,  олардың  осы  тұлғаларында  шақтық  мағына  сақталған,  нәтижесінде  олар 
шақтық мағына білдіретін ешбір қосымшасыз тікелей жіктеліне алады. Қалып етістіктерінің 
бойында шақтық мағынаның сақталуы – олардың грамматикалық ерекше белгісі» - дей келе, 
зерттеу  жұмысын теориялық жағынан  нақтылаған [2]. 
Сонымен  қатар,  тіл  білімінде  тәуелсіздік  жылдары    грамматикамен  қатар    қазақ 
терминологиясы  да  кең  ауқымда  зерттелген.  Дәлел  ретінде,  өз  еңбектерін  жазу  барысында 
синхрониялық әдісті қолданған ғалым Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлын айта аламыз. Ғалымның  
ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары қазақ тілінің лексикологиясы мен терминологиясы 
мәселелеріне арналған. Бұған ғалымның  «Терминдер және олардың аудармалары», 1990 ж.; 
«Қазақ сөзі», 1997 ж.; «Основы казахской терминологии», 2000 ж.; «Тіл майданы» (оқулық), 
2004 ж.; «Қазақ тіл білімінің мәселелері», 2007 ж. атты еңбектері дәлел. 
Және  де,   ғалым  «Қоғамдық  ғылымдар  терминдерінің  орысша-қазақша  сөздігінің»  екі 
томдығын түзіп шықты. Бұл сөздікті жасай отырып Ө. Айтбайұлы Тәуелсіздік жылдарында 
 ғылымның әртүрлі саласында пайда болып, орынсыз қолданылып жүрген терминдердің бір 
жүйеге  келуіне,  ғылыми  тұрғыдан  зерттелуіне  атсалысты.  Ғылыми  еңбектің  биология,  
химия,  физика,  математика,  теміржол,  музыка,  спорт,  компьютер  саласына  қатысты 
терминдерді,  сөздіктерді  рет-ретімен    Мемлекеттік  терминдер  комитеті  талқысына  салып, 
жұртшылыққа ұсынуда  үлесі мол. 
Зерттеуші, ғалым Мәулен Балақаев ағамыздың алпыс жылдан астам  ғұмыры қазақ тіл 
білімі ғылымының  тарихымен тығыз байланысты. Зерттеуші осы аралықта үзбей  бастауыш, 
орта  және  жоғарғы    оқу    орнының  оқытушы,  студенттеріне,  жалпы  лингвист-ғалымдарға 
арналған  оқу  құралдарын,  монографиялық  зерттеулерін  жариялады.  Қазақ  тіл  білімінің  сөз  
тіркесі  синтаксисі  салаласының  дамуына,  қалыптасуына  зор  еңбегі  сіңген  ғылым  ұйымдас- 
тырушысы. Қазіргі біз оқып жүрген синтаксис саласының іргетасын қалаған М. Балақаев сөз 
тіркесі  мен  сөйлемнің  айырмашылығын  анықтай  отырып,  сөз  тіркесі  синтаксисіне  өзіндік  
анықтама беріп өткен: «Синтаксис словосочетания изучает структуру, способы и типы связи 
сочетаемых слов. Не менее важным для синтаксиса словосочетания  является установление 
функции и значения слов  в составе словосочетаний» [3]. 
Сөз тіркесін бағыныңқы сыңарына қатысты есімді және етісті деп екі түрге бөле отыра, 
тіркесу  жолына  қарай  5  топқа  жіктеген:  қиысу,  меңгеру,  матасу,  қабысу,  жанасу.  Жай 
сөйлемдер  мен  сөз  тіркестерін  жүйелік  сипаттама  тұрғысынан  грамматикалық  категория- 
ларға үлестірген. Кейіннен АлМУ-дың қазақ тілі кафедрасы жоғарғы оқу орындарына арнап 
бірнеше еңбектер, бағдарлааларды және оқулықтарды жарыққа шығарған. 
Тәуелсіздік  жылдарында  жоғарыда  аталған  еңбектермен  бірге  Н.  Оралбаева  мен  
Ғ. Қалиевтың «Қазіргі қазақ тілі» (лабороториялық жұмыстар, орыс тілді мектептерде қазақ 
тілі  маманын  дайындайтын),  Н.  Оралбаева,  Т.  Әбдіғалиева,  Б.  Шалабаевтардың  бірлесе 
шығарған  «Практикалық қазақ тілі», Н. Оралбаева мен Қ. Жақсылықованың «Орыс тіліндегі 
мектептерде    қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі»  атты  оқулықтары  жарық  көрді.  Бұл  еңбектерде 
түп негізі берік бекіген мемлекеттік тілімізді өзге ұлттарға  салыстырмалы түрде үйрету әдіс-
тәсілдері қарастырылған. 
Ендігі  кезекте  қазақ  тіл  білімінің  соңғы  10  жылдығында  жарияланған  ғылыми 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау