Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет33/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   187

67 
 
жату;  аз  сөйлеп,  көп  тыңдау;  иманды,  инабатты,  қайырымды  болу;  жас  ұрпаққа  тәрбие 
беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден  
алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, 
оның  баюына  үлес  қосу  [3].  Адамгершілік  тәрбиесінің  міндеттеріне:  гуманизм,  адалдық, 
батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін 
дамыту;  оқушыларды  өз  міндетіне,  өзгенің  мүддесіне  байыпты  қарауға  үйрету;  өз  Отанын 
сүюге,  ұлттар  достығын  құрметтеуге  тәрбиелеуді  айтады;  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  -  дені 
сау, ұлттық  сана-сезімі бар, рухани ойлау дәрежесі  биік, мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы 
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып 
келеді.  Жас  ұрпақты  іс-әрекет  пен  қарым-қатынас  арқылы  тәрбиелеу  -  балаларды  ақыл-ой 
әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-
ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара 
сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие 
барысында  психологиялық  жайдарылық,  үйлесімділік  ахуал  туғызу,  жас  азаматтың  өзіне 
сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын 
талап  пен  көрсетілетін  құрметтің  бірлігі  болып  келеді  [4].  Әр  қоғамның  келешегі  ұлт 
тәрбиесіне қатысты. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі ол – бала. Ата – ана болудың 
зор жауапкершілігі де осы кезден басталады. Ислам дінінде бала – өмірдегі сынақтардың бірі 
ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы – жаманның, 
обал  –  сауаптың  не  екенін,  қалай  еткенде  жақсы  адам  болып  қалыптасудың  жолдарын 
үйрету, парасатты тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс. Парасатты, ізгі тәрбие, тәрбиенің 
кемелдігі  неден  басталмақ?  Бұл  ең  әуелі  баланың  өз  ата-анасын  сыйлауы,  иманды  болып 
өсуі,  жанашыр,  адал,  еңбекқор,  кішіпейілділік  секілді  ізгі  қасиеттерді  бойға  сіңіруі. 
Есейгенде  қоғамға  пайдалы  азамат  болуы,  жас  кезінен  анаша,  есірткі,  автомат  ойындары, 
сыра,  арақ,  темекі,  зинақорлық  секілді  теріс  қылықтарға  үйір  болмауы,  ешкімнің  ала  жібін 
аттамауы. Әдепті болуы, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсетуі. Міне, мұндай ұрпақ - 
ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші. 
Баланың  күтімі,  жетілуі  мен  оқу-тәрбиесінің  жемісті  болуы  әр  жанұяның  «бала 
тәрбиесі»  мәселесін  жіті  қолға  алып,  мейлінше  көзқарақтылық  танытуларына  байланысты 
болады.  Ата-ананың  бұл  төңіректе  білген  -  түйгені  неғұрылым  жан-жақты  әрі  тереңірек 
болған сайын,балаға берілер тәрбиенің де соғұрылым жақсырақ болары сөзсіз. Егер ата-ана 
баласын мейірімге бөлеп, ойы мен жүрегін ізгілікке бағыттап, өздерін әрі  қоғамға пайдалы 
азамат  етіп  тәрбиелесе,  ұлтқа  тұлға  болатын  берік  тірек  сыйламақ.  Керісінше,  адамдық 
қасиеттеріне  көңіл  бөлмей,  тек  материалдық  тұрғыдан  қамтамасыз  етумен  шектелсе,  онда 
бала қоғамды ішінен ірітетін зиянкес болып өспек. Ағаштың түрі мен тіршілігі жалғасу үшін 
оның  тұқымы  қаншалықты  маңызды  болса,  адамзат  тіршілігі  мен  ұрпақ  жалғастығында  да 
баланың  рөлі  сондай  екенін  ұмытпаған  жөн.  Осы  орайда,  ұлттық  негізде  әрі  мұсылмандық 
сипаттағы  тәрбиемізге  көңіл  бөлудің  орны  ерекше.  Өмірге  жақсы  ұрпақ  әкелу  әуелде 
көргенді жерден, ары бар, ақылы бар, ұяты бар иманды жар таңдаудан басталатындығының 
өзі  Ислам  тәрбиесінің  қаншалықты  кеңдігін,  ауқымдылығын  ұқтырады.  Өзара  отау  тігуге 
ниеттенген  екі  жасқа  ақ  некемен  ғана  бас  қосу  міндеттеледі.  Бұл  үлкен  тектіліктен, 
тазалықтан туған. Өйткені, некемен басталған бас қосу берекелі тіршілікке, өмірге дені сау, 
таза ұрпақ әкелуге жол ашқан. Бұдан әрі жанұяны адал табыспен асырау да Исламдағы үлкен 
жауапкершілікті аңдатады. Жанұяны адал табыспен асырау, біріншіден, ақыреттік сұрақтан 
қорқуды  еске  алса,  екіншіден  ұрпағының  бойына  арам  қан  жұқтырмауды,  тазалықтың 
ұрпағына  да  жалғасқанын  қалаудан  шыққан.  Баланың  жас  шамасын  белгілеу  әрі  сол  жасқа 
сай  тәрбиенің  негіздерін  саралауы  да  Ислам  дінінің  бала  тәрбиесіне  қатты  көңіл  бөлетінін 
көрсетеді.  Ғалымдар  Исламдағы  бала  тәрбиесінің  негіздерін  анықтауда  хазірет  Мұхаммед 
пайғамбарымыздың  өмірінде  кездескен  нақты  оқиғаларға  сүйенген.  Өйткені,  Құрандағы 
Аллаһ тағаланың көрсеткен үлгілі тәрбиесі сүннетпен ажарланып толыға түскен. Адамзаттың 
асылы  Пайғамбарымыз  Ислам  тәрбиесін  қалыптастыруда  балаларды  көзден  таса  қылмаған. 
Қайта дүниеге келмей жатып, балаға алаңдаушылық білдірген. Бала дүниеге келісімен діни 


68 
 
салт  -  жоралғылар  жасалып,  мұсылман  үмбетінің  тағы  бір  адамға  толысқанын  қуаныш 
көрген.  Әрі  сол  мұсылман  үмбеті  деген  атқа  сай  тәрбие  алуын  қадағалаған.  Осы  орайда, 
балаға жақсы мазмұнды ат қоюға шақыруының өзі қандай тәрбие екені айтпаса да түсінікті. 
«Баланың  жақсысы  қызық,  жаманы  күйік»  демекші,  балаға  «Аллаһтың  аманаты»  деп 
қаралуының  өзі  исламда  балаға  қаншалықты  көңіл  бөлінгендігін білдіреді.  Ислам  діні  араб 
қауымының  арасында  кездескен  қыз  баланы  жек  көру,  оны  тірідей  көміп  тастау  секілді 
айуандық әрекеттерді тыйғаны мәлім. Осы тұрғыда Ислам діні балаларға деген зор мейірім 
әкелгенін білуге тиіспіз [5].  
Қорытындылай  келсек:  «Діни  білім  –  тәрбие  бастауы»  Дін  –адамды  туралық  пен 
әдемілікке  жетелейтін  жол,  адам  өмірін  тәртіпке  келтіретін  жүйе.  Сондықтан  да  дін  тәлім-
тәрбиесі  әрбір  адам  үшін  пайдалы  және  қажеттілігін  жоймайды.  Исламдағы  тәрбие  баланы 
адамгершілікке  баулу  үшін  бүкіл  қоғам  мәдениетін  жетілдіру  керектігін  аңдатады.  Өйткені 
бала  тәрбиесі  ата-анаға  да  балабақша,  мектеп,  ұстаздарға,  дос-жарандары,  ойын  түрлері, 
газет-журнал,  теледидар.  Ұлы  даланы  мекендеген  ұлттың  болашағы  қашанда  өзі  туып, 
тәрбиелеген,  өсіріп,  мәпелеген  жастарында.  Ал  жастардың  ойы  мен  мақсаты  өз  ұлтының 
қамы  мен  жаны  үшін  жұмыс  жасап,  жан  -  жағын  иман  нұрына  бөлеп,  көркем  мінезбен, 
керемет біліммен алпауыттардың аранына жұтылып кетпеу жолында жұмыла іс қылу болуы 
қажет.  Өзге  жұрт  жақсылығымызға  сүйініп,  жамандығымызға  күйінетін  ұлт  болсақ  біз 
ешқашан  өзге  жолға  түспейміз,  теріс  ағымға  ермейміз,  ешқандай  жаһандануға  да 
жұтылмаймыз. Қазақ Елінің әр ұланы өр рухты, көркем мінезді, иманды, сапалы білімді, дені 
сау, ұлттық санасы биік болса біздің алар асуымыз әлі алда, Тәуелсіздігіміз Мәңгілік болмақ! 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Абуов А. Мировоззрение: Ходжа Ахмета Ясави – Алматы, - 1997 ж. 
2.  А.  И.  Артемьев.  Дінтану:  Жалпы  дінтану  негіздері,  діндер  тарихы,  Қазақстандағы  діндер.  Алматы. 
“Бастау” 2010, - 567 бет. 
3.  Ж.Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, - 2000 ж. 
4.  Е.Сағындықұлы. Педагогика: Алматы, - 1999 ж. 
5.  http://centre-ato.kz/index.php/kz. 
 
 
ӘОЖ 811.512.122’367 
ДӘУЛЕТШЕ Н., ЕНСЕБАЕВА К.К. 
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ЖҮЙЕСІ  ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУІНДЕ 
 
Құрмалас  сөйлем  жүйесі  ғалымдар  зерттеуінде  көптеп  қарастырылады.  Мақалада  сол 
зерттеулерге  сүйене  отырып  сөз  қозғамақпыз.Тіліміздегі  жай  сөйлемдер  мен  оның 
күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер 
ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде жасалады.Жай сөйлемдердің құрылыс 
материалы  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркесі,  оралымдар  болса,  құрмалас  сөйлемнің  құрылыс 
материалы жеке жай сөйлемдер болады.  
Құрмалас  сөйлем  осындай  грамматикалық  табиғатына  орай  жеке  жай  сөйлемдердің 
байланысу амал-тәсілдерін, олардың өзара мағыналық қарым-қатынасын тексереді. Құрмалас 
сөйлем  синтаксисіне  байланысты  жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  оған  былайша 
анықтама  беруге  болады.  Құрамындағы  екі,  одан  да  көп  сөйлемдердің  предикаттық 
қатынастың  негізінде  тұлғалық,  мағыналық  және  интонациялық  жағынан  өзара  тығыз 
байланыста жұмсалып, күрделі бір ойды білдіре айтылуын құрмалас сөйлем дейміз. 
Құрмалас  сөйлемнің  осылайша  терминдік  атауы  күні  бүгін  де  тілімізде  әбден 
қалыптасып  кетті.  Мұның  өзі  бір  кезде  екі  жай  сөйлемнің  өзара  қосыла,  байланысу 
(құрмаласу)  табиғатынан  шыққан.  Алайда  тіліміздің  даму  барысында  оны  басқаша  атау 
құбылысы  да  байқалады.  Мәселен,  проф.  Қ.  Жұбанов  отызыншы  жылдары  ауыл  мұғалімі 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау