322
периода (занятия 9-28) направлен на совершенствование адаптации технико-тактических
приемов к модельным условиям игровой деятельности. 3 этап (занятия 29-40) направлен на
применение технико-тактических приемов в реальных условиях игровой деятельности
(методический принцип реализации).
Каждое тренировочное занятие включало в себя:
1. Разминку и специальную физическую подготовку (18-20% времени), связанную с
выполнением действий по изучаемым технико-тактическим приемам.
2. Работу над повышением индивидуального технико-тактического мастерства по его
различным проявлениям (до 80% времени).
Разработанный
нами
метод
оптимизации
технико-тактической
подготовки
волейболистов по отношению к ныне существующим традиционным методам является более
эффективным, достоверным и надежным.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: Физкультура и спорт, 1977. - 271 с.
2. Озолин Н.Г. Современная система спортивной тренировки. - М.: Физкультура и спорт, 1970. - 418 с.
3. Платонов В.Н. Подготовка высококвалифицированных спортсменов. - М.: Физкультура и спорт, 1986.
- 315 с.
4. Матвеев Л.П. Проблемы периодизации спортивной тренировки. - М.: Физкультура и спорт, 1964. - 245 с.
5. Топышев О.П. Педагогические аспекты совершенствования деятельности спортсменов в игровых
видах спорта: Автореф. дис... д-ра пед. наук. - М., 1989. - 48 с.
6. Беляев А.В., Чернов Ю.И. Построение и содержание микроциклов на общеподготовительном этапе
подготовки высококвалифицированных волейболистов в подготовительном периоде: Метод. рекомендации. -
М.: Госспорткомитет СССР и ШИИФК, 1990. - 19 с.
7. Квечииски С. Командные тактические действия волейболистов в защите и методика их
совершенствования: Автореф. дис... канд. пед. наук. - М., 1993. - 27 с.
ӘОЖ 37.091.3:355/359
СЕЙЛХАНОВА А., ҚАЙСАНОВА Т.Т.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
МЕКТЕПТЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасынның бүкіл халқының ардақты
парызы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда
Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызымет ету Қазақстан Республикасы
азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып
табылады деп көрсетілген.
Жастарды әскери қызметке жақсы дайындау мақсатында Бастапқы әскери дайындық
туралы ҚР Үкімет қаулысына сәйкес бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша
барлық оқу орындарында оқу материалдық базалары болуы керек. Бастапқы әскери даярлық
жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік
(арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Оқытудың тиімділігін арттыру барысында
жаңа оқыту технологиялары қолданылып, оқытудық әртурлі әдіс-тәсілдері арқылы жеке
тұлғаны қалыптастыру, оқушының даралығын сақтап, білім сапасын жетілдіру мәселелері
көтерілуде.
Бастапқы әскери дайындық сабақтары жоғары сыныптарда Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша
оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдылары-
ның дамуын қалыптастыруға ықпал етеді. Орта білім беру мекемесінде бастапқы әскери
дайындық сабағын жоспарлау және өткізу мынадай міндеттерді орындау аясында жүреді:
323
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының
негiзiн жастардың оқып үйренуi;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен
ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери
қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы
күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;
- Әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-
тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;
- Қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;
- Төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн меңгеруi.
Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери
дайындық пәнін жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Ізденіс үстіндегі
әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан
алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ, бастапқы
әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери
істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді. Бастапқы әскери дайындық
сабақтарын жоспарлауда теорияның практикамен ұштасуына аса көңіл бөлінеді.
Оқушылардың қабылдау қабілеті бірдей болмағандықтан кей бала айту, әңгімелесу, лекция
түрінде тез қабылдаса, ал кей оқушы көру қабілеті арқылы тез үйреніп алады. Осы тұрғыда
мұғалім өзімнің сабақ беретін сыныптарын жете зерттеп, әр оқушының неге қабілетті екенін
байқап, оны жеке, топтық жұмыстарда ескеруі қажет. Бастапқы әскери дайындық сабағын
жоспарлауда, потриоттық ғылыми байланысы бар негізгі қағидаларды басшылыққа ала
отырып, төмендегі талаптарды ескерген жөн:
1. Жас мөлшерін есепке алу.
2. Болмыс ерекшелігін ескеру.
3. Патриотық сезімін ұғу.
4. Жасына сай ақыл-ойын дамыту.
5. Тәрбие мамұнының біртұтастығы.
6. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
7. Ұжымдық тәлім-тәрбие.
Бастапқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты
дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың
сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери
қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беру
деңгейі бойынша «Бастапқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне
және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Пән бойынша оқу
бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпы дидактикалық ұстанымдар: табиғи
үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік,
жүйелілік пен бірізділік принциптері басшылыққа алынуы керек. Үздіксіздік ұстанымы
оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен
технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді. Пән бойынша оқу
бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпы дидактикалық ұстанымдар: табиғи
үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік,
жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынады. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың
барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы
деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді. Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-
қатынастың
«болуын»
көрсететін
барлық
көрнекілік
құралдарын
(вербалды,
иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар)
пайдалану қарастырады. Белсенділік ұстанымы мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады:
тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, іс-әрекеттік бағдарланған ұстанымдары.
Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы,
психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |