326
Қазіргі заманның талабына сәйкес оқушы-жауынгерлерді оқыту процесінің дамуының
басты барысы болып жүйелі түрде тәрбиешінің рөлін, дамыту және психологиялық
дайындықты арттыру болып табылады. Оқушылық қызметте өмірге сырттай қарау,
абстрактілі ойлау және тәжірибе әрқашан бірлікте болады, ол - зерттеу мазмұнымен,
дайындығымен, дәлелді ережелермен, материалды техникалық қормен, мұғалімнің
шеберлігімен және басқа да факторлармен анықталады. Бастапқы әскери дайындық пәнінің
сабақтарында ассоциативті - рефлекторлы және ойша әрекеттің кезеңдік калыптасу
концепциясы да ескерілуі қажет. Оқыту тәжірибесі және арнайы зерттеулер көрсеткендей
теориялық сұрақтарды оқытуда ассоциативті-рефлекторлы әдістеме көп нәтижелі, ал
дағдыны қалыптастыруда қимылдық әрекеттерді қайталауда ойша әрекеттің кезеңдік
калыптасу концепциясының әдістемесі қолданылады [3,4].
Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр
мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік
жолында жанын пида етті. Сондықтанда, біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен
Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды,
Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз
қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз
Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы
керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін
сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі бастапғы әскери дайындық пәнін оқыту
арқылы жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге жан-жақты дайындады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Әскери психология және әскери педагогика, Ә.Р. Айтуғанов, И.Қ. Тұрметов. К.Д. Баетов, А.,2007ж
2.Педагогика, И.Ф. Харламов, А.,1990ж.
3.Бастапқы әскери дайындық сабағында оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, К.М. Катуков,
А.,1988 ж.
4. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау, А.:Мектеп 2003 ж
ӘОЖ:159.922.8
СЕКСЕНОВА К., ИГІБАЕВА А.К.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеткіншек үшін өзінің беделін, өз деңгейін түсіру, яғни жолдастарының көз алдында
осындай жағдайға ұшырауы – ең үлкен трагедия болып саналады. Міне осы себеппен
жеткіншек жолдастарының көзінше оған мұғалім ескерту жасағанда ашу көрсетеді. Осындай
ескертулерді ол өзінің тұлғасының тапталуы деп есептейді. Осының негізінде жеткіншек пен
мұғалім арасында қақтығыс жиі туындайды. Және жеткіншек «қиын» болады, тек қана
тактикалық көңіл аудару жеткіншектің эмоционалдық қалпын қамтамасыз етеді. Жеткіншек
белсенді түрде адал достарды іздейді, бірақ әрқашан оларды таба бермейді. Мұнда тағы да
жас ерекшеліктің қиындығы жеткіншектің міндеті, жеткіншектің қандай ұжымға кіруін,
оның әр түрлі топтардағы орнын біліп қана қоймай, сондай-ақ жас жеткіншектің тобының
қалыптасуын мақсат бағдарлы түрде басқаруы қажет және әрқайсысына өзінің лайықты
орынын иемденуіне, сондай-ақ сыныпта жолдастарының арасындағы орнын анықтауға
көмектесуі қажет.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей 92 пайыз қиын жеткіншектер изоляциаланған
оқушылар қатарына кірген. Ал бұл жеткіншектердің сыныптастар арасындағы тығыз
байланыстың жоқтығын көрсетеді. Жеткіншектің дамуына жанұя өте үлкен ықпал жасайды.
327
Егер жанұядағы ата-аналар және үлкендер жеткіншектің жоғарлаған мүмкіндіктерін ескеріп,
оған сеніммен, сыймен қараса, ол оның қиыншылықтарды жеңіп, жолдастармен өзара
қатынас орнатуға, олармен контактіні сақтауға яғни оның әр түрлі сұрақтарына жауап беруге
көмектеседі. Ал осының бәрі жеткіншектің әлеуметтік қоғамда лайықты азамат болуына
жағымды әсерін тигізеді [1].
Жеткіншектік жастағы тұлғаның жаңа біліктілігі үлкендікке ұмтылудағы көрінісі. Кіші
оқушы тұлғасы ерекшеліктерін мінездемесінде, осы балалар өздерінің жоғарғы
сезімталдығымен, еліктегіштігімен және аңқаулықтарымен ерекшеленеді деп белгіленген.
Оларда сондай-ақ өз бетімен болып, әлсіз дамыған өзбеттілік осы жеткіншектік жаста
айрықша біліне бастайды. Осы кезеңде оқушылар көп нәрсені өз беттерімен мойындайды
және осындай іс-әрекет аймағын кеңейтуге ұмтылады. Олар осыдан өздерінде дамып келе
жатқан қажеттіліктің және үлкен болғысы келушіліктің қанағаттану мүмкіншілігіне ие. Өзін
үлкен деп санауға және болуға деген қажеттілік осы кезеңде доминанттаушыға айналады.
Алдымен осы құбылыс жеткіншектің үлкендер өміріне және іс-әрекетіне ұмтылудан
байқалады [2].
Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуындағы қарым-қатынас жасау аумағы көп деңгейде
кеңейеді. Ол жеткіншек өмірінде қарым-қатынас маңызды жайттарды іске асыратын басты
аймақ болады, оның қоғамға деген, өзіне деген барлық қатынастар саласы қайта құрылады.
Жеткіншектің кезеңде өзін-өзі тануының жаңа деңгейі қалыптасады. Жеткіншек өзінің
қасиеттерін,басқа адамдармен өз кемшіліктерін және құқықтарын салыстыра келе өзін
бағалайды, осының барлығында ол әлеуметтік қабылдаған эталондармен критерийлерге
сүйенеді. Жеткіншектің өзінің мүмкіншіліктерімен өзін бағалауы оның басқа адамдарға қадала
зейін қоюы арқылы жүзеге асады. Сондықтан қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас
объективті де субъективті түрде бірінші деңгейлік маңыздылық болып тұрақталады[3].
М.И. Лисина және оның шәкірттері бұл форманы жағдайдан тыс жеке бастық деп атаған.
Бұл форма бойынша жеткіншектердің коммуникативті іс-әрекетінде қарым-қатынастың жеке
бас мотиві жетекші болады. Ересек адамды жеткіншектер тұтас барлық қасиеттерімен, білімі,
біліктілігі, әлеуметтік роолімен статусымен және де адамгершілік моральдық жағымен «үлкен»
дос деп қабылдайды. Жеткіншектің қарым-қатынастағы зейіні затқа емес, әлеуметтік ортасына,
яғни басқа «адамдар әлеміне» аса шоғырланатындығы эмперикалық жолмен анықталған. Міне,
сондықтан дәл осы кезеңде жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіру өте тиімді болады деп
санаймыз. Себебі жеткіншектер ересек адамдармен қарым-қатынас құруы психологиялық
тұрғыдан даяр болса, онда психологиялық әсер ету, яғни дамыту, коррекциялау мүмкіндіктері де
зор болмақ. Бұл кезде балалар ересек адамның мейірімді қатысымен ғана қанағаттанбай,
олармен өзара түсінісумен импатияға ұмтылады.
Егер қарым-қатынастық коммуникативтік іс-әрекет деп қарастырсақ, онда тіл осы іс-
әрекетті жүзеге асыратын құрал болады. Сондықтан жеткіншектер тілінің даму
ерекшеліктерін анықтаудың бір аспектісі. Кезінде А.Р. Лурия, А.В. Запорожец, Ф.Я. Юдович
тілдің жеткіншектердің мінез-құлық, жүріс-тұрысын реттейтін әсерін көрсетеді.
Психологиялық әдебиеттерден жеткіншектердің сөйлеу белсенділігі тек ересек адамдардың
қарым-қатынасымен анықталатындығын көрсетеді.
Ансавина жеткіншектермен қарым-қатынас контакт жасау мәселесін бірінші орынға
қоя отырып, тәрбиелеудің ғылыми негізін жасаған. Қарым-қатынас дефицит ұғымы
жеткіншек пен ересек адамдар арасындағы байланысын зерттеуші Шеваланов болған.
Мухина қарым-қатынас стилі «Педагогтың жеткіншектерге әлеуметтік-психологиялық әсер
етуінің дара типологиялық ерекшелігі» деп анықтайды. Әдебиетке талдау жасағанда
педагогтың қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл қарым-қатынас сипатында
жеткіншектердің ерекшелігі әлеуметтік, адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік ролі, статусы
көрінеді. Әрбір қарым-қатынас стилі педагогтың жеткіншектерге әсер етуін байқатады.
Педагогтың қарым-қатынасының авторитарлы стилі педагогтың позициясымен
сипатталынады. Онда педагогтың жеткіншектерге бағынуды талап етуі не іс-әрекетті
орындауда жазалау тәсілін қолдануы жеткіншек инициативасын табан асты етуі. Кез келген
Достарыңызбен бөлісу: |