Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет156/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   187

316 
 
сақ,  ғұн    замандарынан    бастап,  сол  кезегі    ел    бастаған    батырларды  дәріптеп,  Тұмар  
патшайымның  парсы патшасы – Кирді  жеңуі немесе   бүкіл Европаны  бағындырып, Римді  
тізе  бүктіргені.  Еділ  патшаның    ерлік    істері    туралы,    айбынды  Түрік    қағанатының  
батырлары    Тоныкөк,  Күлтегін    жөнінде    терең    мағлұматтар    беріліп  отырса,  оқушы  
бойында патриоттық сезімі  ұялайтыны  сөзсіз. Қазақ  мемлекетінің   тарихында  даналығы-
мен,  батырлығымен есімдерін қалдырған   батырларымыз бен  хандарымыз  жайлы деректер  
беріліп,  оқушылармен    оқырмандар    конференциясы,  ғылыми    баяндамалар,  тақырыптық  
әңгімелер,    ауызша  журналдар,    зияткерлек    турнирлер,  тарихи    орындарға  саяхаттар  және 
т.б. ұйымдастырудың  нәтижесі жемісті  болмақ.  
Қазіргі  кезде  елбасымыз  болашақ  ұрпақтарымызды  патриотизімге  тәрбиелеуге  басты 
назар  аудару  керектігін  талап  етіп  отыр.  Сондықтан,  оны  жүзеге  асыру  мектептегі 
ұстаздардың  ең  негізгі  міндеті  деп  білемін.  Отанын  қорғау  –  азаматтың  басты  міндеті, 
қасиетті парызы. Сондықтан да бұл парызды орындау әрбір жеткіншек әзір болуға тиіс. Ол 
үшін  шәкірттерінің  бойынан  отан  сүйгіштік  сезімдерді  ояту  мақсатында  әр  түрлі  кештер, 
сабақтар өткізіп, оларға үлгі боларлықтай етіп, өнерге үйретуі тиіс деп ойлаймын. Батырлық 
пен  батылдық  отбасынанда  басталады.  Негізінен  дана  халқымыз  тегін  айтпаған.  «Отан  – 
отбасынан  басталады»    деген.  Демек,  бұл  жерде  мектеп  қана  емес  отбасыныңда  рөлі  зор. 
Отбасында  батырлар  туралы  айтыл-ған  өнеге  өсиеттер,  болашақ  бойында  отанға  деген 
сүйспеншілік осы кезден ақ дами бастайды. 
Патриот  –  өз  Отанының,    туған    халқының,  елінің,  жерінің    тағдырынан  бар  жан  - 
тәнімен    алаңдайтын  мұңын,  жоғын  жеке  басының    проблемасынан    жоғары  қоятын  
ұлтжанды тұлға. Сондықтан нағыз адам бойынан  табылатын құндылықтар  патриотизмнен 
шектесуі  маңызды.  Сынып  жетекшісі    белгілі  бір  іс  –  шараны  жоспарлағанда    оқушының 
шығармашылық,  зерттеушілік  қабілетін  қалыптастыратын  тақырып  таңдап,  баланың 
белсенді іс-әрекетін дамытатын түрлерін  анықтауының  тиімділігі мол. 
Жалпы  алғанда,  болашақ  ұрпақтарымыз    елімізді  қалқанмен  қорғайтын,  жүрегі    Отан  
деп соғатын, нағыз азаматтарды қалыптаструымыз қажет.  Себебі  біздің еліміздің болашағы 
осы  келешек  ұрпақ  қолында.  Адамзаттың  адам  болып  қалыптасуына  жан  –  жақты  тәрбие 
керек.  Елінің  тәуелсіздігін  ойлайтын  адам  жастайынан  ақылды,  зерек,  батыр  да,  батыл  да 
болуы - біздің қолымызда. Ол үшін біздің балаға шын жаны ашитын болуымыз керек, сонда 
ғана отансүйгіштікке тәрбиелеу дұрыс бағыт алып жүзеге асады. Ұлттық намысшыл азамат 
болу - ол қазақ топырағында қалыптасу арқылы тарих өкілдерінен өткен. Азаматтың ақылды 
ойы, алғыр сөзі, патриоттығы - адамның ең жоғарғы қасиеті. Отан сүйгіштік - құдіретті сезім 
мен қайрат күш жігерілік. Адамның ең үлкен бақыты - оның өмір сүрген әр күні, сол әр күнін 
оның саналы өткізуіне  ұстазы жол ашады. 
Адамда  ерік-жігер  бірден  пайда  болмайды,  оны  біртіндеп  тәрбие  арқылы  
қалыптастыру  керек  деп  ойлаймын.  Бүгінгі  таңда  оқушыларға  отансүйгіштік  тәрбие  беруге 
халықтың дәстүрге негізделген батыр бабаларымыз-дың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер 
мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінің жан-жақты тәрбие жүйесін  құру  қажеттілігі 
қазақстандық білім  саласының маңызы проблемаларының бірі болып табылады.Қазақ елінің 
ғасырлар  бойы    қалыптасқан  отансүйгіштік  тәлім  –  тәрбие  дәстүрлерін,  әдістері  мен 
құралдарының жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде  оқу  – тәрбие үрдісінде  
ұтымды қолдану  уақыт  талабы. Тарихты  парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап 
қалыптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі  кезеңде туған жер үшін ақ 
білектің  күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен    күресіп,  келешек  ұрпағына  Отанымызды,  «қазақ» 
атауын    бізге  мұра  етіп  қалдырған  батырлар,  өлеңмен  тараған  отансүйгіш  өсиеттерінің 
негізінде  бізге  жеткен.  Демек:  «Қазақ  патриотизмі  –  рухы  биік    жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы  ата-бабаларымыз-ды қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім 
-  тәрбие  беру  идеаларының  жиынтығы»,  деп  айтуымызға  болады.  Оның  дәлелі  халықтың 
мәнге ие мол рухани мұра - түркі халықтарына ортақ тас  ескерткіштеріндегі (Орхан-Енисей 
жазуларын)  тағылымдарда  орта  ғасыр  ойшылдары  (Махмұт  Қашқари,  Жүсіп  Баласағұн, 
АхметЯсауи) мен  жыршы – жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, 


317 
 
М.Өтемісұлы,  т.б.)  қазақтың  ағартушы  гуманистері  (Шоқан  Уәлиқанов,  Ыбырай 
Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев,т.б.)  ой  пікірлерде    көрініс  тапқан.  Қазақ  халқы  тұрмыс 
тіршілігінде жауынгерлік тәрбиеге аса зор көңіл бөлген. Отансүйгіштік - сезімнің  нысанасы 
мен    қайнар  көзі.  Отан  десек,  оның  мазмұны  –  туған  жер,  табиғат  оның  байлықтары,  тіл, 
дәстүр, адам  көкірегіне жылылық  жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатады, ізгі де ерлік 
істердің қайнар көзіне айналуы отансүйгіштікке тәрбиеленудің арқауы болады. Егеменді  ел 
тірегі  -  қарулы  күштер  қатарына  алынатын  жастарды  мектеп    қабырғасынан  даярлайтын 
алғашқы әскери дайындық сабағы болып табылады. 
Қысқа  мерзім  ішінде  қазіргі  қаруды  меңгеру,  Отанымызға  лайықты  қорғаушы  болу 
күрделі  іс,  сондықтан    әрбір  жас  өспірім  мектеп  қабырғасына    өзін  әскери  қызметте 
дайындауға,  Қазақстан  Республикасы  және  оның  халқының    алдындағы  азаматтық 
жауапкершілікті  кәміл  ұғынуға  тиіс.  Бұл  істі  жандандырып  жүргізуде  бастапқы  әскери 
дайындық  пәні  мұғалімінің  рөлі  зор,  оның  жеке  парасаты  мен  тәрбиесі,  мінез  –  құлқы 
оқушыға  үлгі-өнеге  болуы  керек.  Қазақ  халқының  батыр  перзенті  Бауыржан  
Момышұлының:  «Отан  үшін  отқа  түс  -  күймейсің»  деген  нақыл  сөзі  әрбір  оқушының 
жүрегінен  жол  тауып,  көңіл  түкпірінен  берік  орын  алуы  керек  .  Оқушыларға  әскери  – 
потриоттық тәрбие беру дегеніміз  - оларды, марольдық,  психологиялық  жағынан егемен ел 
қорғауға  дайындау  екенін  мектептің  педагогикалык  ұжымы    түсініп,  алдына  мақсат  етіп 
қоюы  керек.  Мектептегі  оқушыларға  саяси  және  әскери  білім    бере  отырып  отансүйгіштік 
қасиеттерді дарытып, алған білімдері мен үйренгендерін іске асыра білуге тәрбиелеу керек. 
Оқушыларға  әскери  патриоттық  тәрбие  беру  кезінде  мынадай    педагогикалық  талаптар 
жүзеге асырылады:   
-  әскери-патриоттық  тәрбиені  мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі  бөлімі  деп 
қарастырып, басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;   
- әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі әдістерді 
пайдалана жүргізу; 
-  әскери-патриоттық    тәрбиені  саяси,  адамгершілік,  әстетикалық,  еңбексүйгіштік  және 
дене тәрбиесімен  ұштастыра жүргізу; 
- әскери-патриоттық тәрбиені ауыл тарихымен  байланысты жүргізу; 
- мектепте  қазақ қоғамының  қалыптастырып дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалардың 
өмірі  мен  ерлігін,  артына  үлгі  болар  істерін  жас  ұрпаққа  насихаттап,  таныстыруда  жұмыс 
істеу  [3].   Мемлекетіміз  Қазақстан  болғандықтан  әр  оқушының  бойында  «Қазақстаным 
менің», «Мен Қазақстандық оқушымын» деген мақтаныш сезімі болуы керек. Бұндай сезімді 
қалыптастыру  үшін,  яғни,  «Менің  елім»тақырыбында  мынадай  бағыттарда  іс-шаралар 
жоспарлану қажет.  
Егеменді  ел  тірегі  –  қарулы  күштер  қатарына  алынатын  жастарды  мектеп 
табалдырығында тәрбиелеу керек. Мектепте  әскери-патриоттық  айлық  өткізіліп  тұрудың 
маңызы  зор.  Айлық  барысында  арнайы  жасалған  бағдарлама    бойынша  әр  түрлі  іс-
шараларды  жоспарлау  қажет.  Айлыққа  барлық  сынып  оқушылары  қатыстырылады, 
бастауыш сыныптарда потриоттық тақырыптпрға ашық сабақтар, тәрбие сабақтар өткізіледі. 
5-8  сыныптарда  «Егемен  еліміздің  ұландары»тақырыбына  тәрбие  сағаттары,  ал  10-11 
сыныптарда  «Отан  қорғау  міндетің»  атты  әңгімелер  мен  Ұлы  Отан,  Ауған  соғыс 
ардагерлерімен 
кездесу 
ұйымдастыру, 
қарулы 
күштер 
жайында 
мұражайлар 
ұйымдастырулар  өткізілуі  тиіс.  Жеңіс  күні  құрметіне  арналған  салтанатты  жиында  Отан 
қорғау жолында  өмірлерін қиған аталарымыз бен аналарымыздың жанқияр ерлігі айтылады. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  халқы  өз  ұрпағына    отансүйгіштік  тәрбие  беруде    баға  жетпес 
тәрбиелік    мүмкіндігі  зор  рухани,  мәдени  мұраның  мол  тәжірибесін  жинақтаған.  Бұл 
мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  отансүйгіштік  тәрбие  жөнінде  халықтық  қағидалар,  талаптар 
және әдіс - тәсілдер  қолданылған. Демек, қазақ патриотизмдік  негізгі талаптары  еліміздің 
тарихи  дамуына,  әлеуметтік  –  әкономикалық  жағдайына,  өмір  салтына,  түрлі  тарихи 
оқиғаларға  байланысты.  Патриоттық  тәрбие  үнемі  жүргізіліп  отыратын  үздіксіз  процес. 
Мектеп  тәрбиес  ісінің    орталығы  болғанымен    ата-аналар  мен  қоғамдық  ұйымдар  тыс 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау