216
«Манас» эпосы жайлы материалдар жинап, оның терең сырларын аса білгірлікпен ұғына
түскен М.Әуезов оны 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 30 қаңтардағы санында «Қырғыз
дастаны «Манас» деген атпен жариялап, ол жайлы түйген ойлары мен өз топшылауларын
ортаға салады. 1936 жылы өзінің «Қырғыз халқының батырлық эпосы» атты мақаласын
«Казахстанская правда» газетінің 28 сәуірдегі санында жариялайды. Онда ғалым эпостың
өзіне тән ерекшеліктері мен халықтық сипатын терең аша түсіп, аса күрделі де шым-
шытырық оқиғаларды емірене жырлаған жомықшы-жыршылардың талантына таң қалады.
Эпостың нағыз халық жүрегінің нәрлі тынысы екендігін айта келіп, «Манасты» тұтас күйінде
бір кісі ғана шығармаған. Ол сан ғасырлар бойына, сан буын жомықшылардың қатысуымен
ұлғайып, дамып отырған», - деп түйіндеулер жасайды [6, 112] .
М.Әуезов 1952 жылы маусым айында Бішкек қаласында болып өткен «Манас» эпосы
жайындағы конференцияға қатысады. Қырғыз өлкесіңде өткізілген бұл конференцияға
арнайы барған М.Әуезов онда «Манас» эпосының халықтық нұсқасын жасау керек» деген
тақырыпта баяндама жасап, эпостың халықтық сипатын терең аша сөйлейді. Әрі, өзінің
эпосты жинап, зерттеуге мақсат-мұраттарын да айта келіп: «Мен 30-жылдың басында
«Манасты» зерттеуге кірістім де 1945 жылға дейін өз зерттеуімнің алғашқы нұсқасын
тәмамдап, ал 1947 жылы жөндеп шықтым», - дейді [7, 237]. М.Әуезовтің өз мәлімдеуі
бойынша, «Манас» жырын көп жылдар аса іждағатпен зерттегенін байқауға болады. Бұған
қарап, Әуезовті «Манас» жырының білгірі ретінде де танимыз. Әкімшіл-әміршіл жүйенің
озбыр саясаты тұсында «Манас» эпосының тағдыры талқыға да түскені белгілі. Сол кезде
қырғыз халқының мәңгі өшпес рухани ескерткіші «Манастың» әдебиет төріндегі орнын
айшықтап, М.Әуезов оның мол құндылығын дәлелдеп, сол әміршіл саясат қылышынан
қорғап қалған болатын.
Мұхтар Әуезов Орта Азия жазушыларының талай-талай жиындары мен
конференцияларында, торқалы тойлары мен симпозиумдарында туысқан өзбек, қырғыз,
түрікмен, тәжік сияқты т. б. халық қаламгерлерімен бірге болып, ол ел әдебиеттері туралы,
қаламгерлері шығармашылығы, олардың шығармаларының табиғаты жайлы әлденеше рет өз
пікірлерін де ортаға салды.
М.Әуезов түркі халықтары әдебиетін шығармашылығына азық етіп, оның бар асылын
бойына сіңіріп, оны терең білімдарлығымен зерттеп, сол әдебиет туралы көптеген еңбектер
жазса, ал кейіннен жазушының суреткерлік шеберлігі мен ғұлама ғалымдық дарынын
туысқан көрші халықтардың қаламгерлері өздеріне үлгі етіп, өнеге тұтты. М.Әуезовтің
талантына тәнті болып, туысқан өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен және қарақалпақ халықтары
айрықша қадір тұтып, қаламгерлері өздеріне ұстаз санап, жазушылық дәстүрін молынан
игерді. Қырғыздың жазушысы бүгінде «адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматов
Мұхтар Әуезовті өзіне ұстаз ретінде құрметтеп: «Ол кісі менің ұлы ұстазым ғана емес,
қасиетті қамқоршым, жалықпас жебеушім болды», - деген сөзі ұстазға деген шынайы
ризалық белгісі еді. Шыңғыс Айтматов осы «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында екі
түрлі ұлттық асыл қасиеті барын тебіреніп былай жеткізеді: «Өз басым өзге елге сапарға
шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге
қастерлеп ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – Манас, бірі – Мұхтар Әуезов.
...Мұхтар Әуезовті қырғыздар аса зор құрметпен өзіміздің туған перзентіміз деп
таниды», - дейді [8, 71].
Шыңғыс Айтматов – М.Әуезовтің қаламгерлік шеберлігін өзіне үлгі тұтып,
шығармашылық жолмен дәстүрін жалғастырған жазушы. Ең алғашқы тырнақалды туыңдысы
«Жәмила» повесіне М.Әуезовтің игі әсері болғаны анық байқалады. Себебі «Жәмила»
повесін оқып отырғанда, М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдары жазылған алғашқы
әңгімелері еске түседі. Осы кезде жазылған әңгімелерінің бас кейіпкерлерінің көбі «Жәмила»
атымен аталғаны белгілі.
Ш.Айтматов «Жан пида» романын жазғанда қасқырлар өмірін суреттеуден бастайды.
Бұған дейін қасқырлар өмірі М.Әуезовтің әйгілі «Көксерек» повесінде бейнеленген еді.
Даланың жыртқыш аңын суреттеудегі М.Әуезовтің хас шеберлігі Ш.Айтматов романында да
217
көркемдік жалғастықпен келісімге ие болды.
Түркі халықтары әдебиеті – М.Әуезов шығармашылығының мол қазына артқан қайнар
бұлағы. Өзінің ғылыми-шығармашылық жолында М.Әуезов түркі әдебиетін өзіне рухани
азық етті, өмір бойы асылындай құрметтеп, зерттеп-зерделеді, ол мұраны байытып
толықтырды, көкжиегін кеңейтті. Түркі халықтары әдебиетінде Әуезовтің көркем бай дәстүрі
қалыптасты. Әуезовтің жазушылық шеберлігінен үлгі алып, түркі халықтары қаламгерлері
зор шығармашылықпен жалғастырды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Тихонов Н. Заманымыздың зор адамы / Кітапта: Біздің Мұхтар. Құраст. Б.Сахариев. – Алматы: Жазушы,
1976.- 432 б.
2 Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1996. –
3 272 б.
4 Күмісбаев Ө. Шығыс шайырларымен өз тілінде сырласқан // Абай. - 1997. № 2-3. – Б. 98-102.
5 Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – 296 б.
6 Сейданов Қ. Мұхтар Әуезов және Орта Азия әдебиеті: Талдау / Кітапта: Д.Қонаев, Т.Қожакеев,
Қ.Сейданов. Әлемнің Әуезові. - Алматы: Санат, 1997.-144 б.
7 Әуезов М. Шығармалар. 12 томдық. – Алматы: Жазушы, 1969. –ХІ т. - 480 б.
8 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Құраст. Ы.Дүйсенбаев. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. – 428 б.
9 Айтматов Ш. Ұстаз туралы сөз / Кітапта: Біздің Мұхтар. Құраст. Б.Сахариев. – Алматы: Жазушы, 1976. – 432 б.
ӘОЖ 82-3
ҚАЙЫРБАЕВА А.М., КАРТАЕВА А.М.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
М.ӘУЕЗОВТІҢ
«АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫ – АҚЫН ТУРАЛЫ ШЫҒАРМА
М.Әуезовтің тынымсыз іздеп-зерттеген, ұзақ уақыт бойына шұғылданған
тақырыптарының ең бастысы, негізгісі – халқымыздың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен
шығармашылық мұрасы және ақындық қызметі. Бұл тақырып оның шығармашылық өмірінің
басты мақсатына айналды.
М.Әуезов Абайға арналған еңбектерін жазуды ерте кезден-ақ ойлаған. Сөйтсе де ол Қазан
төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы
мәселеге қызу араласа бастаған еді. Абай тақырыбына жазушының нақты қай кезден бастап
кіріскені туралы Л.М.Әуезованың деректерінен мынадай мәлімет алуға болады: “М.О.Әуезов өзі
мұғалімдер семинариясының шәкірті, ал содан кейін Ленинград университетінің студенті болып
жүрген кезінің өзінде-ақ Абайға ерекше ынта қоя бастағанын жазған болатын. Болашақ
эпопеяның авторы осы жылдардың өзінде-ақ Абайдың жақындары – зайыптары Әйгерім (1918
жылы қайтыс болды), Ділдалармен (1924 жылға дейін өмір сүрген), ақынның әкесі Құнанбайдың
тоқалы Нұрғаныммен, ақын Көкбаймен және басқаларымен әңгімелесіп, сұрастыра жүріп, өз
кейіпкерлерінің өміріне тікелей қатысты көптеген қызықты фактілер жинап алған еді. Сондай-ақ
қазақ әдебиеті классигінің өмір тарихына байланысты көптеген қызықты мәліметтерді
жазушының атасы Әуез айтып берген болатын. Ол Абай Құнанбаевты жақсы білетін, оның
үстіне ақынның замандасы еді» [1, 18].
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуды мақсат еткен соң, қалайда ұлы
ақынның өмірі мен шығармашылығын терең зерттегені сөзсіз. Алайда, Әуезовтің «Абай
жолы» эпопеясын жазуға кірісерден (1937 жылдан) әлдеқайда бұрын Абайдың өмірі мен
шығармашылығын зерттеп келгені ақиқат. Бірақ шындап Абай туралы кесек көркем туынды
жазуға бел байлаған жазушы арнайы қосымша деректер, материалдар іздеп, бұрыннан
білетіндерін толықтырап, тағы көп еңбектенген. «Бұл жерде атап айтатын нәрсе, тарихи
деректер, өмірде болған деген оқиғалар. Абайдың өзіне, айналасындағы адамдарға қатысты
нақтылы жайлар, сондай-ақ Абай заманын сипаттайтын кезеңдер – бұлар қанша мол,
Достарыңызбен бөлісу: |