Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет114/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   187

232 
 
токсикалық  табиғатты  идеясы  кейінгі  бірнеше  зерттеулерде  де  жалғасын  тапты.  Сөйтіп, 
шизофренияның дамуын белок алмасуы бұзылысы мен науқас организмінде азот өнімдерінің 
жиналуымен  байланыстырды.  Бірнеше  онжылдықтар  бұрын  шизофренияның  токсикалық 
табиғатты  идеясы  осы  аурумен  науқастардың  қан  сарысуынан  арнайы  затты  анықтаумен 
таныс  болды.  Бірақ  шизофрениямен  науқастарда  арнайы  заттың  болу  идеясы,  мысалы 
тараксеина  [Хисс  Р.,  1958],  кейін  дәлелденбеді.  Шизофрениямен  науқастардың  қанында 
мембранотропты  токсиндер  анықталды.  Айқын  токсикалық  фактор  мен  шизофрениялық 
процестің  қатерлі  болуы  арасындағы  кореляция  анықталды.  Бұл  идея  шизофренияның 
иммунологиялық гипотезін дамытты. Шизофрения кезіндегі жүйке жүйесіне кері әсер ететін 
активті фактор аутоантиген мен аутоантидене түзілуіне әкеледі, олар өз кезегінде ми тіндерін 
зақымдайды.  Олардың  саны  ауру  дың  қатерлігіне  байланысты.  Соңғы  кездері  арнайы 
зерттеулер  мен  тәжірибелер  арқасында  шизофрения  патогенезінде  ОЖЖ-нің  негізгі
 
медиаторларының  (дофамин,  серотонин,  норадреналин)  алмасуының  бұзылысы  жатқаны 
анықталды.  Нәтижесінде  катехоламин,  индол  гипотезалары  пайда  болды.  Біріншісі 
шизофрениямен  науқастардың  миындағы  нейробиологиялық  процестердің  бұзылу 
механизмінде  норадреналин  мен  дофамин  дисбалансы  жатқанымен  түсіндіріледі.  Индол 
гипотезасын  ұстанушылар  шизофренияның  дамуын  серотонин  мен  басқа  индол 
туындыларының  дисбалансымен  түсіндірді.  Шизофренияның  дамуында  тұқымқуалау 
факторларының ролі анықталды. Шизофренияның жақын туыстардың арасында даму жиілігі 
тұқымқуалау  аурулары  жоқ  популяциялармен  салыстырғанда  едәуір  жоғары.  Сонымен, 
қазіргі  уақыттағы  мәліметтер  шизофрения  және  онымен  ұқсас  психикалық  бұзылыстар 
мультифакториальды  және  мүмкін  болса  полигенді  табиғатты  аурулар  екенін  дәлелдейді. 
Клиникалық  көрінісі.  Шизофрения  кез  келген  жаста  дамуы  мүмкін.  Бірақ  жиі  жас  кезде 
дамиды(20-23 жас). Және кейбір шизофренияның түрлерінің дамуына арнайы «оптимальды» 
уақыт болады. Мысалы, параноидты түрі 30 жастан жоғары кезде дамиды, ал неврозға ұқсас 
бұзылыстар,  ойлау  бұзылысы-  жасөспірім  мен  жас  кезде.  Жиі  преморбидті  сипаттағы 
тұлғаның ерекшеліктері анықталады. Көбіне тұйықтық, физикалық белсенділігінің төмендігі, 
тәртіптілік,  қиялға  бейімділік,  оңаша  әрекеттерге  көңіл  бөлу  (оқу,  музыка  тыңдау, 
коллекциялар  жинау)  жатады.  Көп  науқастар  абстракты  ойлауға  жоғары  қабілеттілікті 
көрсетеді,  нақты  ғылымды  оңай  меңгереді  (физика,  математика).  Аурудың  алғаш  пайда 
болғанын науқастың қалыпты өмір  салтының өзгерісі көрсетеді. Ол  өзінің бұрынғы сүйікті 
жұмыстарын  ұмытады,  туыстары  мен  достарына  көз  қарасын  бірден  өзгертеді.  Бұрын  тән 
болмаған  қызығушылықтар  пайда  болады:  философияға,  дінге,  этикаға,  космологияға. 
Кейбір  науқастар  өзінің  денсаулығына  өте  қатты  мазаңдайды,  ипохондриялықты  көрсетеді, 
басқалары  өздерін  асоциальды  ұстайды.  Бұл процесс  бұрынғы  қоғамдық  байланыстарының 
үзіліп,  өршімелі  аутизм  дамуымен  жүреді.  Манифестті  кезеңнің  белгілері  көптеген 
клиникалық  көріністерімен ерекшеленеді. Ойлаудың бұзылысы шизофренияға ең тән белгі. 
Науқастар  жиі  басқарылмайтын  ойлар  легіне,  ойлардың  тоқтауына,  «бітелуіне», 
параллельдігіне  шағымданады.  Осы  құбылыстар  науқасқа  әңгімелесіп  отырған  адамды, 
оқығанды  түсінуге  кедергі  болады.  Жеке  сөйлемдерден,  сөздерден  ерекше  символды 
ойларды қағып алу, жаңа сөздерді шығару (неологизм) тән. Мәнсіз даналықпен айналысуға, 
ой  толғауға  (көп  сөйлеу)  бейімділік  тән.  Ауыр  жағдайларда  сөйлеу  байланыссыздығы 
дамиды.Эмоционалдық  бұзылыстар  туыстарға  бауыр  басу  мен  жан  ашу  сезімдерін 
жоғалтумен  басталады.  Кейде  ол  туыстарды  жек  көрумен,  қатыгез  қатынаспен  көрінеді. 
Уақыт  өткен  сайын  сүйікті  ісіне  қызығушылық  толығымен  жойылады.  Науқастар  олақ 
болады,  тіпті  қарапайым  тазалықты  да  сақтамайды.  Науқастың  міне-құлқы  да  айтарлықтай 
өзгереді.  Тұйықтық  ерте  дамиды,  туыстармен  ғана  емес,  достарымен  де  байланыс  үзіледі. 
Науқастар  күтпеген  қылықтарды  жасайды,  сөйлеу  мәнері  мен  бетті  қимылдату  өзгереді. 
Бұлардың  барлығы  таныстарын  таң  қалдырады.  Шизофренияға  типті  және  әртүрлі 
сенестопатиялар тән. Сенестопатиялар ерсі, ерекше сипатта болады. Қабылдаудың бұзылысы 
есту  галлюцинациясымен  (жиі  жалған  галлюцинация)  көрінеді.  Бірақ  кейде  тактильді,  иіс 
сезу,  көру  галлюцинациялары  дамуы  мүмкін.  Аурудың  типтік  көрінісіне  сандырақтың 


233 
 
әртүрлі  түрлері  жатады-  паранойялды,  паранойдты,  парафренді.  Әсер  ету  сандырағы  жиі 
псевдогаллюцинациямен  бірге  жүреді-  Кандинский-Клерамбо  синдромы.  Қимыл-жігер 
бұзылыстары  әртүрлі  көріністермен  жүреді.  Ырықты  қызметтің  ең  айқын  бұзылысына 
кататоникалық  синдром  жатады,  ол  ступор  мен  қозумен  көрінеді.  Ступорлы  жағдай 
кататоникалық  қозу  мен  импульсивті  қылықтармен  үзілуі  мүмкін.  Кататоникалық  синдром 
люцидті  және  онейроидты  болып  екіге  бөлінеді.  Люцидті  кататония  аурудың  жағымсыз 
ағымын  білдіреді  және  паранойдты  шизофренияның  соңғы  кезеңдерінде  жиі  кездеседі. 
Онейроидты  кататония  аурудың  жеделдігін  көрсетеді  және  жиі  реммисиямен  аяқталады. 
Науқаста  1  сұраққа  2  пікір,  2  шешім  болады  (амбиваленттілік).  Ол  науқасқа  дұрыс 
қимылдауға  кедергі  болады.  Жиі  ерік-жігері  төмен  болады  (энергетикалық  потенциалының 
редукциясы), ол әлсіздік, апатиямен аяқталады. Параноидты түрі басқалардан жиі кездеседі. 
Аурудың  кенет  өзгеру  белгілерімен  қоса  (аутизм,  ойды  құрастудың  бұзылуы,  эмоцияның 
төмендеуі мен орынсыздығы) осы түрдің клиникасының негізгі көрінісіне сандырақ жатады. 
Аурудың  ағымы  паранойялды,  параноидты,  парафренды  синдромдар  реттілігімен  жүреді. 
Ауру  жас  және  ересек  кезеңде  дамиды  (25-40  жас).  Эмоционалдық  ақау  көп  жағдайда 
біртіндеп  ұлғаяды  және  науқас  туыстарымен  байланысты  ұзақ  уақыт  сақтайды.  Көптеген 
науқастар  ұзақ  уақытқа  еңбекке  қабілеттілігін  сақтайды,  жанұясын  сақтайды.  Ауру  ерте 
басталса  сонша  қатерлі  ағымды  болады.  Гебефрендік  түрі  -  шизофренияның  ең  қатерлі 
түрлерінің  бірі.  Оның  негізгі  көрінісі-  гебефрендік  синдром.  Диагноз  балалық  және  ерсіз 
қимылдардың,  ақымақтық  түріндегі  қозудың  анықталуына  негізделеді.  Көңіл  күйі  бос, 
продуктивсіз  эйфориямен,  орынсыз  күлкімен,  агрессия,  мәнсіз  бұзылыстар,  түсінбеушілік 
ұстамаларымен  алмасады.  Сөз  сөйлеу  реттілікті  жоғалтады,  қайталауларға,  неологизмдерге 
толады,  жиі  сыни  ұрысумен  бірге  жүреді.  Іс-әрекеті  қырсықтық  пен  негативизмге  толы 
бағытсыз  белсенділіктен  тұрады.  Науқастар  қарапайым  мәселелерді  шеше  алмайтын 
жағдайға жетеді, сондықтан үнемі бақылау мен күтуді қажет етеді. Ауру жасөспірім кезінде 
дамиды  (13-15  жас)  кейін  ремиссиясыз  өтеді.науқастар  жұмысқа  тұрмай  мүгедек  болып 
қалады.  Кататониялық  түрі  көбіне  қимыл  бұзылысымен  сипатталды.  Кататониялық  ступор 
ұзаққа  созылған  ыңғайсыз,  ерсіз,  табиғи  қалыпқа  жатпайтын  қалыпта  тұрумен, 
шаршамаумен  ерекшелінеді.  Мысалы,  басын  жастықтан  көтеріп  жату  (ауалы  жастық 
синдромы),  басты  халатпен,  жапқышпен  жабу(капюшон  синдромы).  Бұл  кезде  бұлшық  ет 
тонусы  өте  жоғары  болады.  Бұл  науқастарға  керек  қалыпты  алып,  ұзақ  сақтауына 
көмектеседі  (каталепсия-  балауызды  ептілік).  Науқастарға  негативизм  (ұсынысты,  тілекке 
қарама-қарсы  қимылды  орындаудан  бас  тарту)  мен  мутизм  (әңгімелесушінің  сөзі  мен 
бұйрығын  түсіне  алса  да  сөйлеудің  толық  жоғалуы)  тән.  Қимылсыздық  стереотирті 
қозғалыспен-  кататоникалық  қозумен  үзіледі.  Кататонияның  басқа  көріністеріне 
әңгімелесушінің қимылын, пікір қайталау(эхопраксия, эхомимия, эхолалия), пассивті бағыну 
(нақты  бұйрықты  алғанынша  қимылдамау)  жатады.  Қарапайым  түрі  толық  негативті 
симптоматикамен  көрінеді.  Ең  жиі  өршімелі  апатико-абулиялық  ақау  кездеседі.  Аурудың 
басында оқудан, жұмыстан бас тартады, қаңғыруға бейім болады, достары мен жанұясынан 
ажырайды. Кейін науқастар қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға мүлдем араласпайды, 
суық, эгоист болып кетеді; жинақтаған білім қорын жоғалтады, яғни интеллектің бұзылысын 
көрсетеді  («шизофрениялық  ақыл  кемістігі»).  Бұл  түрге  жасөспірім  мен  жастық  кезде  даму 
тән  болады:  ремиссиялық  ағым,  жылдам  өршу,  ерде  мүгедектікке  әкелу.  Қарапайым 
шизофрения,  гебефрения,  люцидтік  кататония  ең  қатерлі  варианттарға  жатады. 
Шизофренияның  ағымы.  Ағымның  типтері.  А.А.  Снежневскийдің  жіктемесі  бойынша  3 
негізгі тип кездеседі: үзіліссіз, ұстамалы-прогредиентті, реккурентті. Үзіліссіз тип құрамына 
баяу былжырдан ауыр рогредиенттіге дейін жатады. Осы тип кезіндегі синдромдық спектрге 
невроз  және  психопатияға  ұқсас  синдромдар,  сондай-ақ  галлюцинаторлық,  сандырақтық, 
кататониялық  синдромдар  атады.  Ұстамалы-прогредиентті  типіне  үзіліссіз  типтегі 
синдромдардың  айқындалған  қосарласуы  тән.  Ұстамаларға  аффективті  компоненттер 
қосылуы  мүмкін.  Паранойялды,  параноидты,  галлюцинаторлы,  парафренды  ұстамалар  да 
дамуы  мүмкін.  Реккурентті  тип  айқын  көрінетін  полиморфты  ұстамалармен  сипатталады- 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау