218
қаншалықты құнды болғанымен көркем шығармаға тек тірек боларлық мағлұматтар ғана.
Ендеше, Әуезов абайтанудың негізін салған теңдесі жоқ ғұлама ғалым болғанымен, егер ол
сонымен қатар ұлы суреткер болмаса, «Абай жолы» дүниеге келмес еді дей аламыз», - деген
З.Ахметовтің пікірінен М.Әуезовтің ғалым болғанымен жазушылығы болмаса «Абай жолы»
роман-эпопеясының дүниеге келмеуі мүмкін емес екенін білеміз [2, 68].
«1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының шығуы қазақ
әдебиетінің ғана емес, республиканың мәдени өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болды» [3,
404]. «Абай жолы» роман-эпопеясының жариялануы өте күрделі әрі маңызды жол болды.
М.Әуезов алғашында Абай туралы романын үш кітап етіп жазып, «Телғара» деп атамақшы
болады. Жазушы 1940 жылы күзде «Абайдың» алғашқы кітабын бітіреді. Қолжазбаның
ортасынан асқанда шығарма көлемдене түсіп, 2-ші кітапқа жалғасады. «Телқара» деген
аттың орнына «Абай» деп жазылады. Латын әрпімен жазылған қолжазбаны басып шығаруда
көптеген қиындықтарға ұшырайды. Ең бірінші, 40-шы жылы графика ауысып, орыс
графикасымен қайта жазуға тура келеді. Бірақ ұзақ талқылаудан соң роман латын әрпімен
терілуге жіберіледі. Сол уақытта баспаның бас редакторы болып тұрған профессор
Б.Кенжебаев ешкімнің рұқсатынсыз 1942 жылы кітапты басып шығарады. Сол үшін
Б.Кенжебаевтың жеке басына көптеген қиындықтар туғызады. «Міне, осындай қысталаң,
өзексіз тар, өңезе кезеңде Бейсембай Кенжебаевтың тәуекелі – қайталанбас рухани ерлік,
қайталанбас кісілік», - деп Қ.Ергөбек ғалымның ерлік ісіне тәнті болады [4, 35].
Байқап
отырсақ, Б.Кенжебаевтың азаматтығы мен батылдығы болмаса, «Абай» романының шығу-
шықпауы, әрі қарай жазылуы-жазылмауы неғайбыл еді. Осылайша, «Абай» халқының
қолына тиеді.
«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының ұлттық мақтанышы, дана кемеңгері
Абайдың өлмес-өшпес, жанды бейнесі суреттеледі. «Абай жолы» әлем әдебиеті тарихында
ұлы шығарма ретінде қабылданған. Ол ізгілік пен сұлулықтың шарайнасындай, ақындық
даналық пен нәзік сыршылдықтың телегей теңізі іспетті. Суреткердің негізгі мақсаты –
Абайдың өмір-тарихын ежіктеп көрсету емес, оның рухани кесек, бірегей тұлғасын барша
адамзатқа, ғаламзатқа ортақ өнердің жарық жұлдызы екендігін таныту. Жазушы Абайдың
кемеңгерлік, ақындық, қайраткерлік, адамгершілік болмысын жан-жақты терең аша білген»,
- деп ғалым С.Негимов «Абай жолы» эпопеясының құндылығын атап көрсетеді [5, 107].
«Абай жолы» – қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма. Халқымыздың дана
ойшылы, кемеңгер ұлы, классик ақыны Абай Құнанбаевтың ақындық, гуманистік,
демократтық, қайраткерлік тұлғасын сомдай отырып, қазақ елінің жарты ғасырлық тарихын,
өмір болмысын, тыныс-тіршілігін, салт дәстүрін кең құлашпен суреттеп берген дәуірлік
туындысы. Мұхтар Әуезовтің атын әлемге жайған, әлем әдебиетінде суреткерлік
қолтаңбасын қалдырған бас кітабы. Роман-эпопея мәңгілік тақырыпты қозғаған әр заманда
да өзекті болып келетін, сан ғасырлар адам баласының сүйіп оқи берер, рухани нәр берер
байлығы болып қалады.
Өмір тәжірибесі мен суреткерлік шеберлігі ұштала келе Әуезовтің тарих тереңіне
бойлай отырып, басты кейіпкер – Абай образы арқылы бүкіл бір дәуірдегі халықтың
әлеуметтік, тарихи шындығын көрсететін көлемі жағынан ірі эпикалық туынды жазу идеясы
туындайды. Бұл идея жазушыға аяқ асты келген жоқ. Абай шығармашылығына деген оның
қызығушылығы жиырмасыншы жылдардан пайда бола бастайды: ұлы ойшыл-ақынның
өмірі, шығармашылығы жайлы деректерді жинастырып, зерттеп, ол туралы мақалалар
жазады; ақынның жеке өлеңдерін бастырады; өзі тапқан тың деректермен толықтыра Абай
өмірбаянын жазады.
Абайдың өміріне байланысты жазба деректердің аздығы жазушыға көп қиындық
туғызады. Сол уақытта болған көптеген оқиғалармен М.Әуезов жас кезінен таныс болған.
Эпопеяда өзі сомдап шығатын болашақ кейіпкерлерінің кейбіреулерімен кездеседі. Ақынның
өміріне қатысты жазба материалдармен қоса, ауызша деректерді жинағанын М.Әуезов өзі
жазған болатын. «Мен роман жазбақ болғаннан кейін, керекті материалды әртүрлі жолмен
өзім жинай бастадым. Абайдың жасы қазір жүз онға жуықтады, - өзі маған кездескен жоқ.
219
Сондықтан, мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету үшін, Абайды көзбен
көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. Рас, өзімнің сол Абай
шыққан жердің қазағы болғандығымның біраз пайдасы тиді: жасаңдау кезімде Абайды
жақсы білетін адамдармен – кемпір-шалдармен кездескенім бар. Олардың кейбіреулері тіпті
Абайдан бірнеше жас үлкен де адамдар еді...», - деп жазушы эпопеяға қалай материал
жинағанын оқырманға түсіндіреді [6, 109].
М.Әуезов
эпопеяға материал жинамақ болып кіріскенде көп нәрсені аңдамай өткізіп
алғанын өкініп айтады. Абайды көрген-білген адамдардың көбі қартайып қалғандықтан,
олардың жадынан көп нәрселер шығып кеткені жазушыға қиындықтар туғызады. Абай
өмірін биограф ретінде зерттеп жүргенде, М.Әуезов ақын өлеңдерін көп адамның аузынан
жазып алып, 40 пайызын ғана қалпына келтіргені туралы мәлімет береді. Абай қайтыс
боларынан сегіз жыл бұрын ғана шәкірттеріне өлеңдерін жинастыруды ескерткен. Сол
жылдан бастап, ақын өлеңдерінің көбінің нақты жылы белгіленіп отырғанын М.Әуезов атап
көрсетеді. Сондықтан «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда жазушыға Абай өз
шығармашылығы арқылы көмекке келгенін мәлімдейді.
М.Әуезовтің өз мәлімдеуіне қарағанда, «Абай жолы» эпопеясына қатысты материалдар
тапшы болғандықтан, ақынның әдеби мұрасы басты деректерінің бірі болып саналады. Абай
дәуірінің әлеуметтік шындығын терең де дәл түсінуден туған “Абай жолы” эпопеясының
тарихи жағынан нақтылығына, оның көркемдік тұрғыдан суреттелуіне ақынның өз
шығармашылығы да едәуір көмек болды. М.Әуезов Абай поэзиясын соншалықты терең
түсініп, ақын жанының қыры мен сырын тану арқылы Абайдың бүкіл болмыс-бітімін,
тыныс-тіршілігін көзбен көрсетіп, қолмен ұстата білді. Абай шығармалары сол дәуірдің
әлеуметтік құбылыстарын ашуға көмек беретін жазушы үшін табылмас дерек көздері болды.
“Ең анық деректер, - дейді М.Әуезов – Абай өлеңдерінің соңғы жылдарына жатады, бұл
кезде ол өзінің достарына өлеңдерін бір кітапқа тиянақтауға рұқсат етті. Демек, маған өз
шығармаларымен Абай көмекке келді, 1885 жылдан бастап оның шығармаларының
жылдары көрсетілген” [7, 400]. «Абай жолы» эпопеясын жазарда ақын шығармашылығының
көп көмекке жарағанын жазушы атап көрсетеді.
Екінші бір пікірінде жазушы сол ойын онан да гөрі нақтылай түседі: “Екінші кітапта, -
дейді жазушы,- мен бірінші кітаптан гөрі Абайдың өлеңдеріне жиірек үңілдім және бұл
заңды да өмірінің бұл шағында Абай өзінің бүкіл ойын, алған әсерлерін өз туындыларында
қалдырып кеткен” [7, 403]. Яғни, жазушы эпопеяның екінші кітабында Абай өлеңдерін көп
келтіргенін ескертеді. Жазушының дерегі бойынша, жұмыстың осы бөлімінде «Абай жолы»
роман-эпопеясындағы ақын өлеңдері мен қарасөздерінің қолданылуы мен оның жүзеге асуы
мәселелеріне зер салып, арнайы зерттеп көрейік.
«Мұхтар Әуезовтің романы, ең алдымен, поэзия сазына толы, сиқырлы сұлу алыс
жағалауға жетелейді. Ол алыс жағалау біз үшін кеңістік пен уақыт қойнауында, бірақ сол
тылсым әлем бұл кітапта біздің қазіргі болмысымызбен қандай қоян-қолтық жымдасқан,
өйткені ол халықтың тағдыры басқалардан ала бөтен ерекше болып саналмайды», - деп
Андре Стиль «Абай жолы» эпопеясын оқығанда алған өзінің әсерін шабыттана жеткізеді [8,
42]. Расында да эпопеяны оқып отырған оқырман өлеңмен өрілген поэзиялық шығарманы
оқып отығандай әсерде болатыны анық.
М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында негізінен көтерілетін мәселе –Абайдың
ақындығы мен даналығы. Бізге мәлім тарихтағы Абай – ең алдымен ақын, ойшыл, философ,
сазгер. Абайдың қоғамдық-гуманистік еңбегін оның ақындық қызметінен бөліп алып қарауға
болмайды. Өйткені Абайдың “надан зұлымға кектеніп, шиыршық атып толғанғанда”, халқын
прогресс пен өнер-білімге үндегенде негізгі құрал еткені – поэзия, яғни ақынның өз тілімен
айтқанда “улы сия, ащы тіл”. Сондықтан да “Абай жолы” эпопеясында оның ақындығы
жайындағы тақырыптың көрнекті орын алуы мейлінше табиғи әрі заңды.
«Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың кемеңгер ақын болып қалыптасуы қалай
жазылғанын академик-сыншы М.Қаратаев былай сипаттайды: «...Ұлы ақынның кейбір
өлеңдері мен әндерінің туу процесіндегі өнерпаздық актыларын, оның философиялық
Достарыңызбен бөлісу: |