Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет109/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   187

222 
 
асыруда ешқандай қиындықтар болмаса да, ересектерге деген үлкен тәуелділіктің болатыны 
анықталған.  Мектеп  жасындағылардың  өзіндік  бақылау,  бақылау  әрекеттерінің 
қалыптасуының  мәнді  шарты  адамдар  арасындағы  ерекше  өзара  қатынасты  бақылаудың 
әлеуметтік  жағы  ретінде  меңгеру  болып  табылады.  Арнайы  зерттеулерде  автор  мектепке 
дейінгілердің ерекшеліктеріне сай бақылаудың әлеуметтік функциясын бөліп көрсету болып 
арнайы  ұйымдастырылған  ойын  іс-әрекеті  болады,  ойында  өзара  бақылау  ережесі 
балалардың ойын әрекеттерінің негізгі мазмұнын құрайтынын айтады.  
Автор осындай ойындардың көмегімен балаларда бақылаудың белгілі бір шеңберіндегі 
міндеттерді  жүзеге  асырудағы    жекелеген  әрекеттерін  ғана  емес,  ойындық  емес  формадағы 
да  іс-әрекеттің  әртүрлі  аймағындағы  жалпы  бақылау  ережелеріне  деген  қатынасты 
қалыптастыруға  болатынын  айтады.  Бұл  жалпы  қатынас  баланың  ересектерден  алған 
бақылау  құралын  дербес  іс-әрекеттерде  қолдана  алуға  дайындығын  көрсетеді.    бірақ 
ересектердің  рөлі  маңызды  болып  қала  береді.  «Бала-ересек»  қатынастар  жүйесін  зерттей 
отырып,  Д.Б.  Эльконин  мектепке  дейінгі  кезеңде  балалардың  мінез-құлқы  ересектердің 
әрекетінің  бейнесі,  жанама  түрде  болатынына  қорытынды  жасайды.    Бұл  бала  мен  ересек 
арасындағы  жаңа  қатынас,  яғни  ересек  бейнесінің  бала  іс-әрекетін  және  мінез-құлқын 
бағдарлауы бала тұлғасындағы барлық жаңаның қалыптасуына негіз болады [4]. 
Сонымен  бірге    Д.Б.  Эльконин  баланың  іс-әрекетін  ережелер  мен  нормаларға  сәйкес 
реттеуге  үлгі  болатын  осы  ережелер  мен  нормаларға  ие  ересектерді  бөліп  көрсетудің 
маңыздылығын  нақтылап  айтады.  Мұндай  ерте  жастағы  өзіндік  реттеудің  ерекшелігі 
ережелер мен нормаларға ие ересектерден өзгеше емес, ересек пен баланың өзара әрекеттің 
жалпы  контекстінен  бөлініп  қарастырылмайды.  Сондықтан  басқа  адамдармен  қоғамда 
қалыптасқан  кейбір  ережелер,  нормаларды  мектепке  дейінгі  бала  өзінің  іс-әрекетіне 
ересектер араласқанда ғана орындайды [5]. 
Бала  мен  ересек  арасындағы  қарым-қатынас  екі  тілде  жүзеге  асады.  Біріншісі  –  бұл 
ересектер  үлкен  мән  беріп,  баланың  меңгеруіне  жәрдем  жасайтын  сөздер  мен  сөйлемдер 
көмегімен жүзеге асатын жалпыланған  түсініктер, категориялар.  Адамдар сезімінің екінші 
«тілі»  -  қарым-қатынастың  эффективті  құралы,  іс-әрекет  пен  мінез-құлықты  реттеу 
құралдары  [6].  Сезім  «тілін»  белсенді  қолдануды  бала  тілдік  және  басқа  құралдарды 
қолданудан қарағанда ертерек бастайтындығы өте маңызды.  Баланың алғашқы мінез-құлқын 
реттеудің  алғашқы  формасын  эмоция  жүзеге  асырады.  Баланың  даму  процесіндегі 
эмоцияның  реттеушілік  рөлінің  спецификасы  ересектердің  баламен  өзара  әрекетінің 
мазмұны  мен  динамикасының  ерекшеліктерінің  шамасымен  анықталады,  ең  алдымен, 
эмоцияның  басқа  көріністерін  анықтайтын  олардың  арасындағы  эмоционалды 
қатынастардың ерекшеліктері (соматикалық, сенсорлық және т.б. деңгейлерде). 
Бұл  ұсыныстардың  барлығы  гипербелсенді  мінез-құлықты  балаларды  зерттеуде  өте 
өзекті,  өйткені  маңызды  құрамдары  психиканың  жеткіліксіз  деңгейдегі  реттеуші 
механизмдері болып табылады.  
Сонымен,  өзіндік  бақылауды  зерттеу  мәліметтерін  жалпылай  отырып,  келесідей 
қорытындылар жасауға болады: 
1.  Көптеген  зерттеулер  өзіндік  бақылаудың  операционалды-техникалық  жақтарын 
зерттеуге  бағытталған,  оның  іс-әрекеттен  тәуелділігін,  оның  құрылымын,  кезеңдерін, 
ұйымдастыру  құралдарын  қарастырады.    Өзіндік  бақылаудың  мәндік  жағын,  яғни  іс-әрекет 
субъектісінің ерекшеліктерімен, мақсаттарымен, мотивтерімен байланысты зерттеулер өте аз.   
2.  Мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  іс-әрекетіндегі  бақылау 
әрекеттерінің  мәнділік  жағын  қарастыру  өте  өзекті,  өйткені,  бұл  кезеңде  баладан  күтілетін 
ырықты және басқарылатын мінез-құлықтар жүзеге асып, өз кезегінде «мәнділікті  іздеудің»  
ішкі жұмысын күшейтеді.  
3.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  өз  мінез-құлқыңның  мәнділігін  түсіне  алуға  бейімділік 
өзіндік реттелудің қалыптасуы ретінде ерекшеліктерге ие: 
- ырықты реттелудің құралдарын меңгеру бірлескен іс-әрекетте жүзеге асады; 
- баланың  алғашқы  мінез-құлқын  реттеудің  алғашқы  формасын  эмоция,  ең  алдымен 


223 
 
ересек пен бала арасындағы эмоционалды қатынас  жүзеге асырады. 
Балалақ  кездегі  мінез-құлықтың  созылмалы  бұзылуының  кең  таралған  түрі 
гипербелсенділік болып табылады.  Шетелдік эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері 
бойынша, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда кездесу жиілігі 4,0%-тен 
9,5%-ке дейін. 
Гипербелсенділік  зейіннің  бұзылуымен,  қозғалыстың  тежелуімен,  мінез-құлықтағы  
импульсивтілікпен  көрінеді.  Сонымен  қатар  осы  синдромы  бар    балалардың  көпшілігіне 
ыңғайсыздық және икемсіздік тән.  
Зейін  жетіспеушілігі  бар  балалардағы  гипербелсенділік  шамадан  тыс  қозғалым-
паздықпен,  жүгіріп  жүру,  айналшықтау,  бір  жерге  шығып  алулармен  сипатталады.  Ата-
аналар  оларды  бір  орныныды  отыра  алмайтын,  үнемі  қозғалыстағы  балалар  ретінде  сипат-
тайды.  Жаңа  жағдайларда,  бөтен  адамдар  ортасында  баланың  гипербелсенділігі  уақытша 
жоғалады, толқу фонында  «тежеледі». Мұндай жағдайлар баланың ата-анасымен алғаш рет 
маманға консультацияға бару барысында гипербелсенділікті анықтауға кедергі келтіреді.  
Гипербелсенді  балаларда  әртүрлі  мінез-құлық  жағдайларында,  мектеп  тапсырмаларын 
орындау  барысында    импульсивтілік  жиі  байқалады.  Ол  баланың  ойланбастан  іс-әрекет  
жасауынан  көрінеді.  Сабақ  үстінде  басқалардың  сөзін  бөліп,  жауап  береді,  жауаптарды 
аяғына  дейін  тыңдамайды.  Сыныпта  орыныныан  рұқсатсыз  тұрып  кетеді,  қасында  тұрған 
адамдардың  әңгімесіне,  іс-әрекетіне  араласады,  құрбыларымен  ойын  үстінде  ережелерді 
сақтай  алмайды.  Импульсивтілігіне  байланысты  гипербелсенді  балалар  көп  жарақаттанады, 
өз іс-әрекетінің нәтижесі жайлы ойланбастан, қауіпті жағдайларға жиі ұшырайды (төбелеске 
араласады,  жолға  жүгіріп  шығады  және  т.б.).    Мұның  барлығын  ол  импульсивтілігінен 
жасайды.  
Гипербелсенділікпен  қоса  мұндай  балалардың  қозғалыстық  аймағында  қозғалыс 
координациясының  бұзылулары,  ұзақ  моторикалардың  қалыптаспауы,  праксис  (мақсатқа 
бағытталған  жеткілікті  деңгейде  күрделі  қозғалыстар  мен  әрекеттерді  жүзеге  асыра  алу 
қабілеті)  байқалады.  
Оларда  бауын  байлауда,  түймесін  енгізуде  қиындықтар  туындайды.  Қозғалыс 
координациясының  жеткіліксіз  қалыптасуы  моторлық  икемсіздікке,  спорттық  сабақтарға 
қабілетсіздікке және жоғары жарақаттанушылыққа әкеледі. 
Сонымен  бірге  мұндай  балаларда  зейін  шоғырланумен,  айқын  көңіл  бөлінушілікпен 
байланысты мәселелер туындайды.  
Гипербелсенділік  пен  зейіннің  жетіспеушілігі  синдромының  даму  механизмдері  мен 
себептері  (яғни,    этиологиясы  мен  патогенезі)  зерттеулердің  көптігіне  қарамастан    өте 
күрделі  және  жеткіліксіз  деңгейде  анықталған  болып  саналады.    Оның  дамуының  мүмкін 
болар  механизмдерін  түсіндіруге  нейроморфологиялық,  генетикалық,  биохимиялық, 
нейрофизиологиялық, әлеуметтік-психологиялық және басқа концепциялар тырысты. Қазіргі 
кезде  бұл  синдромды  биопсихоәлеуметтік  патологиялық  үлгі  тұрғысынан  түсіндіруге 
талпыныстар жасалуда.   
Пренатальдыжәнеперинатальды  патологиялық  факторлары.  Гипербелсенділік  пен 
зейіннің  жетіспеушілік  синдромының  пайда  болуына  жаңа  туғандардың  асфексиясы, 
анасының  жүктілік  кезінде  алкоголді  ішімдіктерді,  кейбір  дәрілерді  пайдалануы,    шылым 
шегуі  әсер  етеді.    Пре-  және  перинатальді  кезеңнің  әсерлері  сонымен  бірге  әлеуметтік-
психологиялық  факторлармен  шартталады.  Әлеуметтік-экономикалық  статусы  жоғары 
отбасыларындағы  балалардың  пре-перинатальды  патологиясы  мектепке  дейінгі  кезеңде 
жойылып  кетеді,  ал  әлеуметтік-экономикалық  статусы  төмен  отбасыларындағы  балаларда 
сақталады.  
Генетикалық   факторлар.  Гипербелсенділік пен зейіннің жетіспеушілігі синдромы бар 
пациенттердің барлығының анамнезінде жоғары жүйке жүйесінің ерте органикалық бұзылу 
факторларын  анықтау  мүмкін  емес.  Әртүрлі  отбасыларын  зерттеу  бұл  синдромның 
қалыптасуынадағы генетикалық мәнді компоненттердің бар екендігін көрсетеді.  
Нейробиологиялықфакторлар.  Қазіргі  көзқарастарға  сәйкес  синдром  патогенезінде 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау