210
проблематиканың көлемін анықтап алу қажет. Сол үшін де лексикографияның басқа
лингвистикалық пәндермен байланыстарын қарастыру қажет. Тілдегі сөздік құрамды тіркеп,
көрсетудің тәсілдері мен көлемін зерттеуші теориялық пән ретінде лексикография әсіресе
лексикологиямен тығыз байланыста. Тілдегі сөздік құрамды жүйелі түрде зерттейтін пән
болғандықтан лексикология көбінесе лексикографиялық туындыларда бейнеленген
материалдарды пайдаланады. Тілдегі лексикалық бірліктерге лексикография тұрғысынан
жасалатын тізімдеме мен сипаттама ұзақ уақыт бойы лексикологиялық зерттеменің бір түрі
саналып келді. Шындығында, лексикология лексиканың жекелеген фактілерін зерттеумен
айналысатын болса, лексикография тілдегі лексикаға жаппай сипаттама жасаумен
айналысады. Сөз мәселесін зерттейтін лексикология лексикография үшін ең маңызды
нәрсені: ұлт тілінің сөздік құрамына толық сипаттама жасауды, ұлт тілінің сипатын ашатын
ерекшеліктерді ашып көрсету ісін жүзеге асыра алмайды. Ұлттық тілдің толық сөз құрамы
тек қана лексикографиялық туындыларда көрініс табады. Мұндай сипаттама табиғи тіл
құралдарының немесе қосымша арнаулы метатілдің көмегімен жасалады. Лексикографиялық
туындыларда лексикалық бірліктің грамматикалық сипаттамасы да жасалады. Сөздік мақала
құрамында берілетін сипаттамада бірліктің жеке өзіне тән грамматикалық белгілер
(категориялық, парадигматикалық, синтагматикалық) қамтылады. Сөздіктің көптеген
түрлерінде, әсіресе аударма сөздіктерде, бұған қосымша қысқаша грамматикалық очерк
беріледі. Демек, сөздік пен грамматикада да проблематика ортақтығы бар. Сөзге толық
лексикографиялық сипаттама жасау кезінде оның фонетикалық ерекшеліктері де қамтылады.
Тілдің фонетикалық құрылымы туралы деректердің көлемі сөздіктің көлеміне, мақсаты мен
міндеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Лексикографияның негізгі қызметі лексикалық бірліктің мағынасын ашу болғандықтан
ол сөздің мазмұндық құрылымының компоненттерін қарастыратын ғылым ретіндегі
семасиологиямен тығыз байланыста дамып отырады. Осы тұрғыда, мысалы, сөздің басты,
лексикалық мағынасынан өзге мағыналары мен мәндері туралы айтуға болады. Олардың
қатарында лингвоелтанымдық және лингвомәдениеттанымдық мағыналарды атауға болады.
Сөз болған мағыналар тілді тұтынушылар арасында белгілі бір сөздің мәніне қатысты
болатын алуан түрлі мазмұнды белгілер мен жағдаяттардың жиынтығын береді. Демек, сөз
мағынасының құрамы мен құрылымына, оларды сөздіктерде қамтудың әдіс-тәсілдеріне
қатысты мәселелер екі пәнге ортақ болып табылады. Лексикографиялық туындыларда
ұлттық тілге тән ассоциациялар жүйесі бейнеленеді. Бұл мәселенің психолингвистикаға
қатысы болатыны белгілі. Себебі олар ұлттық дүниетаным, ұлттық діл ерекшеліктерін
құрайды. Демек, лексикографияның дамуы үшін психолингвистикалық, этнолингвисти-
калық, лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің нәтижелері маңызды болмақ.
В.Г.Гак теоретикалық лексикографияның қарастыратын мәселелері қатарында
сөздіктердің жалпылама типологиясы мен жаңа типтерін жасауды; сөздіктің
макроқұрылымын зерттеуді (лексиканы сұрыптап алу, сөздер мен сөздік мақалаларды
орналастыру принципі, омонимдерді беру, сөздікте және оның соңындағы қосымшада
қосалқы материалдарды: грамматикалық мақалаларды, дәйектемелерді, т.б. беру); сөздіктің
микроқұрылымын, яғни жеке сөздік мақаланың құрылымын (сөздің грамматикалық және
фонетикалық түсіндірмесі, мағыналарға бөлу мен жіктеу, сөздік анықтамалардың түрлері,
шартты белгілер жүйесі, тілдік дәйектеме материалдардың түрлері, фразеологияның берілуі,
қосалқы деректерді орналастыру, т.б.) зерттеуді атайды [6].
Теоретикалық лексикографияның құрамы туралы қазақ лексикографиясында бізден
бұрын жүргізілген зерттеу жұмыстарында жақсы жазылған: «Қазіргі кездегі әлемдік
лексикографияда қалыптасқан жіктеме бойынша теоретикалық лексикография өзара
байланысты екі бөліктен: лексикография теориясы мен лексикография тарихынан құралады.
Лексикографияның тарихы түрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде жасалған сөздіктерге
жалпыфилологиялық талдау жасап, оларды ғылыми айналымға қосу мәселелерімен
айналысады. Лексикографияның теориясы сөздік түзу тәжірибесін қорытып, жүйеге салады,
сөздіктердің тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрларын жетілдірудің теориялық
211
мүмкіндіктерін зерттейді. Сөздіктерді түзудің ұстанымдары (принциптері) мен әдіс-
тәсілдерін
жасайды.
Лексикографияның
теориясы
лексикографияның
тарихына,
лексикографиядағы отандық және әлемдік дәстүрлерге, сондай-ақ‚ теориялық зерттеулерге
сүйенеді. Лексикографияның теориясы, тарихы, практикасы өзара бірлікте қарастырылатын‚
бірінсіз бірі болмайтын‚ бірімен бірі өте тығыз байланысты‚ біріне бірі тәуелді салалар
болып табылады» [6]. Біз де осы тұжырымды жөн көреміз.
Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект –
«лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Белгілі бір ғылым саласының
арнаулы ғылыми тілін, ондағы ғылыми аппарат құрамын, ұғым мен зат, құбылыс
атауларының табиғатын талдау ісімен салалық метатіл ілімінің айналысатыны белгілі.
Лексикографияның да өз метатілі бар [7, 8]. Ғалымдардың лексикография терминіне берген
анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнері» деп атайды
[8]. ХХ ғасырдың орта шеніндегі ғалымдар осыған ұқсас көзқарасты ұстанған:
«Лексикография – сөздіктерді түзу, сөздік түзу техникасы» [9]. Кеңес Одағы тіл білімінің
өкілдерінің пікірі бойынша лексикография – «сөздік түзу бойынша жасалатын ғылыми
жұмыс» [10], «сөздік түзумен айналысатын ғылым түрі» [11]. Лексикографияға үлкен
лингвистикалық сөздікте: «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын
ғылым саласы» [12] түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген
негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы
мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы
сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді [13]. О.С.Ахманованың лингвистикалық
терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау
ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы [11] - деген
анықтама беріледі. Кірме сөздер сөздігінде: 1) сөздік түзу ісі; 2) тіл біліміндегі сөздік түзудің
теориясы мен тәжірибесін зерттейтін сала; 3) сөздік түрінде басылған еңбектердің
жиынтығы, сөздік түріндегі әдебиет [14]. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма)
лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша,
лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік
жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі
сөздіктердің жиынтығы.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір
мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе. Бұл
туралы бұдан арғы зерттеу барысында «оқу лексикографиясы» терминінің мәнін ашу кезінде
кеңірек сөз болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию/Ф.де. Соссюр. -М., 1977.
2 Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») /А.И.Смирницкий // Вопросы
теории и истории языка в свете трудов И.В.Сталина по языкознанию. - М., 1952.
3 Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии /Л.В.Щерба // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ -1940.
Вып.3. С. 89-117;
4 Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. ...докт. филол.
наук./П.Н.Денисов. - М., 1976.
5 Морковкин В.В. Об объеме и содержании термина «лексикография» /В.В.Морковкин // Вопросы
языкознания, 1987. №1.
6 Гак В.Г. Лексикография // Лингвистический энциклопедический словарь. -М.‚ 1990. С. 258-259.
7 Никитина С.Е. Семантический анализ языка науки / С.Е.Никитина. - М., 1987. С.93-109.
8 Касарес Х. Введение в современную лексикографию/ Х.Касарес. - М.‚ 1958.
9 Карпович А.Е. О лексикографической терминологии/ А.Е.Карпович // Современная русская
лексикография / Сб. ст. -Л.‚ 1977. С. 205-210.
10 Большой энциклопедический словарь. Языкознание. - М., 1990.
11 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов/ О.С.Ахманова. - М., 1966.
12 Современный словарь иностранных слов. - М.‚ 1992.
13 Қалив Б. Түсіндірме сөздікке түсініктеме / Б.Қалив //Қазақ әдебиеті‚ 1988‚ 25 қараша.
14 Гак В.Г. Грамматика и тип словаря /В.Г.Гак // Слово в грамматике и словаре. - М., 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |