Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет108/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   187

220 
 
толғануларын  сондай  шеберлікпен  қайта  тірілткен.  Абайдың  ішкі  дүниесін  суреттегенде 
Әуезов еш жерде де оның мейлінше нәзік ақын жанының байлығын, сол жанның кереметтей 
сарындары  мен  құлпырған  құбылыстарын  көрсетуге  сараңдық,  іштарлық  қылмайды»  [9, 
310].
 
Абай  поэзиясы  эпопея  үшін  құнды  дерек  көздері  болды.  Бұл  мәселе  ғалым 
Е.В.Лизунованың “Современный казахский роман” деген монографиясының “Поэзия Абая – 
главный  документ  романа  эпопеи”  деген  бөлімінде  қарастырылады  [10].  Аталмыш  еңбекте 
эпопеяда кездесетін Абай  поэзиясын шығарма мәтінімен салыстыра отырып, «Абай жолы» 
роман-эпопеясының  басынан  аяғына  дейін  Абайдың  дәуіріне  қатысты  оқиғаларды 
баяндауда, образдар жасауда ақын шығармашылығына сүйенгенін көрсетіп береді. 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  ақын  поэзиясы  туралы  академик  З.Ахметовтің 
пікірінде  нақты  айтылған  еді.  Мәселен:  «Поэзия  Абая  служила  опорой  для  глубокого 
постижения социальных и нравственных идеалов поэта, его эстетических взглядов, а также 
для  понимания  той  социальной  среды  и  исторических  условий,  в  которой  эта  поэзия 
родилась» [11, 236].  
Өз  заманының  оқырмандарына  жақсы  таныс,  әрі  зор  тәрбиелік  маңызын  кейінгі 
дәуірлерде  де  жоймаған  Абай  поэзиясы  эпопея  авторы  үшін  құнды  дерек  көзіне  айналып, 
соның көмегімен ол ағартушы ақынның шығармашылық мұрасының аса зор қоғамдық мәнін 
көрсетуге тырысты. Эпопеядағы көптеген көріністерді Абай поэзиясының әсерінен туған деп 
айтуға  толық  болады.  Бірақ  ең  бастысы  –  Абайдың  іс-әрекеттерін  суреттейтін,  рухани 
дүниесін  аша  түсетін  сәттерді  жазушы  ақын,  ағартушы  әрі  ойшыл  ретіндегі  ұлы 
жетістіктерімен  байланыстырады.  Шындығына  келсек,  жекелеген  болмаса  Абайдың  жалпы 
поэтикалық  шығармалары  1886  жылдан  дүниеге  келген,  яғни  оларда  жасы  толысқан  (40 
жастан  асқан)  Абайдың  өмірінің  соңғы  жиырма  жылындағы  ақындық  бейнесі,  ойлары  мен 
көңіл күйі көрініс тапқан.  
Ал  эпопеяда  болса,  Абай  тағдырының  барлық,  яғни  он  үш  жасынан  өмірінің  соңына 
дейінгі  кезеңдерін  көрсету  көзделген  болатын.  1-кітапта  Абайдың  он  үш  жасынан  25-ке 
дейінгі жасы, 2-кітаптың басында 30-ға тақаған, соңында қырықтан асқан жасы суреттеледі. 
Осылайша бүкіл 1-кітап пен 2-кітаптың басым бөлігі поэтикалық туындыларында ақынның 
жас  шамасы  суреттелген  кезеңдерін  қамтиды.  Ғалым  Р.Бердібаевтың  сөзіндегі:  «Шығарма 
қаһарманының  ақын  болуы  романистің  қиял  құсын  шарықтата  шабытты  сөйлеуіне,  әлем 
құбылыстарын  ақынның  көзімен  танып  білуіне,  романтикалық  серпілістерге  көтеріліп 
отыруына  мүмкіндік  берген»,  -  деген  пікірінен  эпопеяның  бас  кейіпкерінің  ақын  болуы 
жазушы шабытына айрықша әсер еткенін көруге болады [12, 81].  
Дегенмен  эпопеяны  жазу  үстінде  Әуезовтің  көз  алдында  оның  көркем 
туындыларындағыдай  Абайдың  ақындық,  азаматтық  бейнесі  тұрғандығы  анық.  Сөйтіп 
эпопея авторы ақынның әрі ағартушының ішкі жан дүниесін көрсете отырып, басты кейіпкер 
Абайдың сенім ұялататын көркем бейнесін жасады.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 Әуезова Л.М. М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары.  –  Алматы: Мектеп, 
1977. - 272 б. 
2 Ахметов З. Даналық тағылымы // Абай. – 1997. - № 2-3. – Б. 63-68 
3 Ысқақұлы Д. Сын талқы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 416 б. 
4  Ергөбек  Қ.  «Абай»  романы  қалай  жарық  көрді?  /  Кітапта:  Мұхтар  мұрасы  –  Наследие  Мухтара: 
Ғылыми мақалалар мен зерттеулер. Құраст. Ш.Ыбыраев, С.Қорабаев. –  Алматы: Қазақстан, 1997. – 352 б. 
5 Негимов С. Әдебиет әлемі. – Алматы: Ана тілі, 2008. – 256 б.  
6 Әуезов М. Шығармалар. 12 томдық. – Алматы: Жазушы, 1969. – 12 т. - 536 б. 
7 Әуезов М. Әр жылдар  ойлары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959. - 555 б. 
8 Андре Стиль / Кітапта: М.Әуезов тағлымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. Құраст. Р.Нұрғалиев. 
– Алматы: Жазушы, 1987. – 432 б. 
9 Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. – Алматы: Қазмемкөркемәдбаспасы, 1958.  – 444 б.   
10 Лизунова Е. Современный казахский роман. – Алма-Ата: АН ССР, 1964. - 305 с. 
11 Ахметов З. Роман-эпопея Мухтара Ауэзова. – Алматы: Санат, 1997. – 288 б.  
12 Бердібай Р. Тарихи роман. – Алматы: Санат, 1997.- 336 б. 


221 
 
4
-СЕКЦИЯ 
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ –  
ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢА ТИПІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ  
 
СЕКЦИЯ 4 
ОБРАЗОВАНИЕ ХХІ ВЕКА –  
ПУТЬ К ФОРМИРОВАНИЮ НОВОГО ТИПА ЛИЧНОСТИ 
 
 
ӘОЖ: 159. 922.8 
АДАМБЕКОВА З.К., ТУРАРОВА Г.У. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛАЛАРДЫҢ  
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ 
 
Гипербелсенді  балалар  мәселесі  өзінің  іс-әрекеттегі  мінез-құлқын  ұйымдастыруда 
күрделіліктері  бар,  өзін  қоршаған  құрбыларымен  және  ересектермен  өзара  әрекетте 
мәселелер туғызатын түзетуге көнбейтін, «қиын балалар» мәселесі ретінде қарастырылады.  
Мұндай  ерекшеліктер  ырықтылықтың  даму  көрсеткіштері  болып  табылады.  Отандық 
балалар  психологиясында  ырықтылықтың  дамуы  бала  тұлғасының  дамуының  негізігі  және 
орталық сызығы ретінде қарастырылады.  
Л.С.  Выготский  пікірінше,    тұлғаны  мінез-құлықтың  тұтастығы  біріктіреді,  ол  «ие 
болу» белгісінен ерекше, сәйкесінше, тұлғаның дамуы өз іс-әрекетін және өзінің психикалық 
процестеріне ие бола алу болып табылады [1]. 
Ырықтылықтың  пайда  болуын  және  ырықтылықтың  дамуын  зерттеуге  арналған 
А.В.Запарожец,    З.М.Истомин,  Я.З.Невирвич  және  т.б.  еңбектерінде  ырықтылық  ең  алғаш 
рет ересек мектеп алды жасында пайда болатыны анықталған.  
Ырықты  мінез-құлық  формаларының  генезисі  іс-әрекет  пен  мінез-құлықтың  бақылау 
және  өзіндік  бақылауының  қажетті  буыны  ретінде  қарастырылады  (Д.Б.  Эльконин,  Л.А. 
Венгер,  Е.А.  Бугрименко  және  басқалар).  Баланың  ырықты  мінез-құлқы  үнемі 
зерттеушілердің назарын аударады, өйткені ырықты бақылау және өзіндік бақылаудың пайда 
болуы  мектепке  дейінгі  балаларда  болады.  Бұл  жасерекшелік  кезеңнің  ерекшеліктерімен 
шартталған  бірнеше,  ең  алдымен  реттеудің,  басқарудың  және  іс-әрекеттің  ерте  жастық 
арнайы формаларына қатысты сұрақтар қатары қойылады. 
Т.А.  Борановскаяның  зерттеулерінің  (шет  тілі  материалдары  негізінде)  көрсетуінше, 
заттық-мазмұндық  әрекеттерді  кезеңмен  қалыптастыру  дәстүрлі  оқытуға  қарағанда  өзіндік 
бақылаудың жоғары шарттарын қалыптастырады [2]. 
Өзіндік  бақылау  механизмдерінің  қалыптасуы  мінез-құлықты  басқарутәсілдеріне  ие 
болуда,  оған  қажетті  мотивтердің  қалыптасуында  маңызды  рөлге  ие.  Көптеген 
психологтардың  пікірінше,  мінез-құлықты  реттеу  тәрбие  мәселесінің  ортаңғы  діңгегімен 
тығыз байланысты, яғни, моральдық нормалардың мінез-құлықты ішкі реттеуші ретінде өтуі 
(М.И.  Боришевский,  И.И.  Чеснокова,  С.Т.  Якобсон  және  т.б.)  М.И.  Боришевский 
зерттеулерінде  өзіндік  бақылау  мінез-құлықты  реттеуші  механизм  ретінде  ғана  емес, 
сонымен қатар тұлғаның сапасы – мінез-құлық ережелеріне деген әрекеттік қатынасы ретінде 
қарастырылады.  Кіші  мектеп  жасындағылардың  мінез-құлқын  өзіндік  реттеудің 
қалыптасының  шартын  анықтай  отырып,  автор  баланың  өзіндік  бақылауы  және  мінезі 
ережелерге  өте  тұрақсыз,  қазіргі  кездегі  өзекті  қажеттеліктерінің  қанағаттануына  тәуелді 
екендігін көрсетеді [3]. 
Тек кейбір зерттеулер ғана адам аралық қатынастың ерекше типі ретінде  бақылау мен 
өзіндік  бақылаудың  мәндік  жағын  ашады.  Е.А.  Бугрименконың  зерттеулерінде  мектепке 
дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  бақылау  әрекетінің  құрылымын  жүзеге 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау