«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
65
Тірек сөздер: Тіл, үштілділік, білім, елбасы, ұлт, тәуелсіздік, ғылым,
шығармашылық, болашақ, әдіс.
Аннотация
Триединство языков-залог успешного образования молодежи Казахстана,
его надежный оплот. Мы должны добиться предоставления
качественных образовательных услуг по всей стране на уровне мировых
стандартов. На сегодняшний день, знание нескольких языков является
необходимым навыком и требованием современности. Такой феномен
объясняется усилением глобализации, развитием международных
отношений.
Говоря о развитии трехъязычия в Казахстане следует отметить,
что поставленная цель, имеет не только культурный и
образовательный характер, но и политический. Трехъязычия послужит
укреплению
конкурентоспособности
Казахстана
и
усилению
межэтнического согласия.
Ключевые слова: Язык, трехязычие, знание, президент, нация,
независимость, наука, творчество, будущее, метод.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Бүгінгі
нарық заманы бәсекеге қабілеттілікті, дамыған отыз елдің қатарынан
көріну үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуді талап етеді [1,
4]. Бүгінгі күннің басты талабы мемлекеттік тілмен қатар басқа тілдерді де
үйрену арқылы ұрпағымыздың ұлттық және әлемдік мәдениет пен
әдебиетті игеруіне, басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін
зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау, яғни полимәдениетті тұлға
қалыптастыру болып отыр.
Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің
үштұғырлылығы. Үштұғырлы тіл -Қазақстан жастары болашақ білімінің
кепілі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген
еліміздің бүгінгі күндегі басты мақсаты сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу
ісі болып отыр. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея
ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып отыр. Қазақстан халқы әлемге үш
тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Қазіргі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінде ҚХР, Өзбекстаннан, Ауғаныстан, Иран, Моңғолия
мемлекеттерінен келген шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері білім алып
келеді. Қазақ диаспорасы өкілдері дайындық бөлімінің тыңдаушылары
ретінде тіркеліп, білім алуда. Оларды кешенді тестілеуге дайындауда білім
берудің түрлі әдіс-тәсілдері мен инновациялық технологияларды
қолданудың тиімді жолдары қарастырылады. Қазіргі таңда дайындық
бөліміндегі тыңдаушылардың басым бөлігін Өзбекстаннан келген