«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
63
модернизация тұрғысында Еуропаның көп елдеріндегі сияқты біршама
қиындықтарды басынан өткеруде.
Бірақ әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды
білім беру жаңалық емес, өйткені АҚШ пен басқа да көптеген Еуропа
елдері, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта үлкен жетістіктере қол
жеткізгені ақпараттан белгілі. Осы ретте, Қазақстандық білім беру
жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-
тәжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу — жаңа педагогикалық
проблема болып отыр, себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық
тұрғыдан іске асырылуы тиіс [4].
Негізіннен «Үш тұғырлылық» жобасы аясында үш тілді тілді үйренуге
біраз жағдайлар жасалуда. Бұл жоба елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті
елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен
бірге осы тұрғыда айта кететін жайт, халық еліміздің мемлекеттік тілі —
қазақ тілі екендігін білуге тиіс. Осы ретте көптілділік деп жүргенде өз
тіліміздің мәртебесін жоғалтып алмаймыз ба деген ой туындауы әбден
мүмкін, бирақ ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі
жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек.
Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін 1-сыныптан, тіпті
балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан
оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол.
Негізі балаға жастайынан тіл үйретудің артықшылықтары көп. Сәби
санасының қабылдауы жылдам болғандықтан, тілді еркін меңгеруіне
септігін тигізеді.
Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында көп тілді білімі бар педагогикалық
кадрларды даярлау іске асырылуда. Пәнді үш тілде оқытатын
педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен
сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер
енгізу арқылы жүргізіліп жатыр. Ел президенті педагогикалық білім беру
құрамын жаңарту, жаңа формациядағы педагогтарды дайындау бойынша
біршама міндеттерді алға қойды. Қазіргі таңда оқытушыға қойылатын
негізгі талап- ақпараттық сауаттылық, көптілділік, оқуға және барлық
педагогикалық қызмет барысында дамып, жетілуге дайын болу.
Қазақ даналығы «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды» деген,жас ұрпаққа саналы,- мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім
беру бүгінгі күннің басты талабы.Қазіргі таңда Қазақстан білімінің жақсы
қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бөлініп отыр.
Көптілділік мәселесі-тек Қазақстан үшін ғана емес ,әлем алдында тұрған
шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі болғандықтан бүгінде елімізде
ағылшын тілді мамандарды даярлау жүйесіне нақты ерекше мән берілуде.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
64
«Көш бара түзеледі» деген де нақыл сөз бар ,сайып келгенде біз өзге
тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып
өзімізді дамытып өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі
мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Мемлекеттік тіл – ана тіліміз, ағылшын
тілі - әлемдік бизнес тілі болып қалады. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір
Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге
ешқандай кедергі жасамайды. Тек осыны түсіне білу керек. Бүгінгі таңда
ғаламдандыру тілі болып тұрған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді
елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте өз
орнын нық ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы».–Астана:-2000, -
20б.
2.
ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы» Заңы: Ресми бас.
ҚР Заңы 06.01.2011ж. №378-IV. — [ЭР].Қолжетімділік тәртібі:
httр://kapshagay.gov.kz.news.
3.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» // Егемен Қазақстан. — 2007. —№ 55. — 11–13-б.
4.
Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. — Алматы:
Білім, 2009. — 189, 190-б.
ӘӨЖ 82
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ -БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
М.Ж.Аманғалиева
1
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Аңдатпа
Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің
үштұғырлылығы. Үштұғырлы тіл -Қазақстан жастары болашақ білімінің
кепілі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген
еліміздің бүгінгі күндегі басты мақсаты сауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу ісі болып отыр. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар,
бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып отыр. Қазақстан
халқы әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға
тиіс.
1
Көптілді дайындық кафедрасының аға оқытушысы, Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Достарыңызбен бөлісу: |