«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
52
Жоғарғы сатыда мәтіндерді, кинофильмдер мен бейнефильмдерді
талқылау тәсілін қолданған тиімді [4].
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету негізгі ерекшелігі - оның екі
жақтылығында. Қазіргі кезде сөз әрекетінің теориясында диалогты
адамдардың бірге қызмет істеу барысында бір-бірімеі түсінісуінің негізі
деп қарастырады. «Орта мектепте шетел тілдерін оқыту методикасының
теориялық негіздері» деген кітаптың авторлары В.А.Бухбин мен
В.Штраустың диалогтың ерекшеліктері мынада деп атап көрсетеді: бір сөз
актісінде рецепция мен репродукция қатар қатысады; диалог екі (немесе
одан да көп) адамдар қатысуы арқылы жүзеге асырылады: диалогқа
қатысушы адам бірде тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып, диалогқа
қатысушылардың рөлдері алмасып отырады.
Диалогқа қатысушылардың саны екі және одан да көп болуына
байланысты оның мынадай экстралингвистикалық сипаттары кездеседі:
ақпараттың ұжымдылығы; ақпараттың әркелкілігі; ақпаратты бағалаудағы
пікір қайшылықтары сөзге әріптестердің дене қимылы мен мимикасының
белсене араласуы; сөйлеушілердің төңірегіндегі заттардың әсері т.б. Осы
аталған ерекшеліктерге байланысты диалогта сөйлемдердің эллипсистік
түрлерінің жиі қолданылуы түсінікті.
Жоғарыда аталғандардан басқа диалогтың тағы бір ерекшелігі - оның
спонтандылығында, яғни сөздің мазмұны мен қүрылымы алдын-ала
жоспарланбайды, өйткені оның қандай болуы әріптестің репликасына
байланысты. Диалог сөздің кенетттен бірден айтылатын сөзде түрлі
клишелер мен ауызекі тіл формулаларын қолдануды талап етеді.
Диалог сөзге эмоционалды әсерлілік, мәнерлілік тән. Бұлар сөздің
субъективтік баға беру, бейнелілік сияқты қасиеттерінен көрінеді. Сондай-
ақ сөзде вербалдық емес элементтерді, дайын сөз формулаларын және
үлгілер мен клишелерді қолданудан да сөздің эмоционалдық-экспрессивтік
сипаты көрінеді.
Диалогтың осы аталған ерекшеліктеріне орай орта мектепке арналған
шетел тілі бағдарламасы диалог сөзге үйретуге мына төмендегідей
талаптар кояды:
а) оқытудың төменгі сатысында 1 және 2 курстарда студенттер үлгі
ретінде берілген алдын-ала дайындалған сұрақ-жауап репликаларын
қолдана отырып, қарапайым әңгіме жүргізе алуға, өтініш, бұйрық, шақыру
сияқтыларды айта алуға, таныс тақырыптар мен өтіп жатқан материал
көлемінде және тыңдаған немесе оқыған мәтінге байланысты айтылған
пікірді толықтыра алуға, оған кажетті қосымша ойларды қоса алуга тиіс.
Сөйлеу көлемі әр оқушыға 5-6 реплика, Сөйлеу уақыты – 3-4 минуттан
тұрады. Сөйлеу жылдамдығы қалыпты ырғақпен бірдей немесе сөйлемдер
арасындағы үзілістер арқылы баяулатылады;