45
қарама – қарсы, яғни оң және теріс: рахаттану - азаптану, пайда – зиян, абырой - ұят, билік -
бағынушылық, қауіпсіздік - қауіп, сұлулық – тартымсыздық, ақиқат - өтірік, жақсылық -
жамандық, бақыт - бақытсыздық, және т.б. деп бөлінеді. Әдетте, кейбір құндылықтарды
практикалық құндылықтарға, ал басқаларын рухани құндылықтарға жатқызуға болады. Осы
аталған құндылықтардың қалыптасуын табиғатпен байланыстыруымызға болады.
Табиғатты тіршілік көзі деп алатын болсақ, оның әрбір әсері адам өмірінде зор ықпал
етіп, тұлғалық құндылықтарының дамуына септігін тигізері сөзсіз. Аяулы табиғатсыз осы
ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан
табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде
қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат
шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын
жырға қосып, суреттегені белгілі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.
Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал
қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа
ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бұл орайда,
Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы
ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат
бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға
оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы
қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуымыз тиіс.
Табиғаттың
адам
үшін
маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы
-түрлі
заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Адам табиғатқа мейірімділікпен,
сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болары анық. Жер бетіндегі барлық тіршілік
атаулы табиғат-анаға қарыздар. Адам бойындағы құндылықтардың сабақтастығын қөре
аламыз, адамзат үшін табиғаттың орны маңызды. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті
болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Олай
болса, студенттердің бойындағы тұлғалық кәсіби құндылықтарын экологиялық тәрбие
берудің енгізінде дамытуымыз қажет. Осы мақсатта, біз студенттердің тұлғалық кәсіби
құндылықтарын дамыту үшін экологиялық тәрбиенің әсерін практикалық тұрғыда дамытуға
болатындығын дәлелдеуді ұсындық.
Келесіде, «Экологиялық тәрбие берудің негізінде студенттердің тұлғалық кәсіби
құндылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында шеберлік сыныптың үлгі- нұсқасы берілді.
Шеберлік сыныбын
жүргізуші
Халықова Айжан Мағауияновна
6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының 2
курс магистранты
Мерзімі
27 сәуір, 2018 жыл
Тақырыбы:
«Экологиялық тәрбие берудің негізінде студенттердің
тұлғалық кәсіби құндылықтарын дамыту жолдары»
Жалпы мақсаттар:
Белсенді әдіс- тәсілдердің негізінде студенттердің тұлғалық
кәсіби құндылықтарын дамыту арқылы экологиялық
сезімдерін ояту.
Қатысушыларды ұжымдық сыйластыққа, бір - біріне сенім
арту, табиғатты қорғауға, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже:
-шеберлік сыныпта пайдаланылған белсенді әдістерді өз
тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;
- сын тұрғысынан ойлау негізінде кәсіби құндылықтарды
дамытудың жолдарын жақсы түсінеді.
-қатысушылар ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім артып,
бірлесіп жұмыс жасайды, іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Түйінді идеялар:
Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен
жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту
46
Әдіс тәсілдер:
Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, /тұжырымдамалық
постерлер жасау/
Ресурстар:
маркерлер, тақырып бойынша қажетті мәтіндер, бейнежазба,
слайд,үлестірмелі қағаздар
Уақыт
Ұйымдастыру
Оқытушының
іс-әрекеті
Тыңдаушылардың іс-
әрекеті
2минут
Қатысушылармен амандасу
Танысу жаттығуы
Табиғатпен байланыстырып
есімдерін атау
Топқа бөлу (1,2,3,4 санау арқылы)
1. Ізгілік
2. Еркіндік
3. Достық
4. Табиғат
Топқа бөлініп отырады
5 минут
3 минут
Қызығушылықты
ояту сатысы.
Ой шақыру
Танымдық түсінік
«Құндылықтар» тренингті
жаттығуы
Махаббат, отбасы, мәдениет,
денсаулық, бақыт, ата-ана,
Отан, білім, табиғат. Берілген
құндылықтар ішінен біреуін
таңдау және себебін түсіндіру
Сұрақтар:
-Құндылық дегеніміз не?
- Құндылықтарды таңдау кезеңі
қалай болды, қандай сезімде
болдыңыз?
Студенттердің тұлғалық кәсіби
құндылықтарын дамыту
Қатысушылар құндылық
маңыздылығын топта
талдайды,алған әсерімен
ой бөліседі.
Таңдау себебін
түсіндіреді.
Слайд бойынша түсінік
беру
10минут
Мағынаны тану
сатысы.
«Дананың кілті» әдісі арқылы
«Жер ана» әңгімесін топтық
талдау.
Қатысушылар жеке-жеке
монологты оқып, әр
кілттегі тапсырмаларды
топпен орындайды. Әр
топ өз нұсқасын айтып,
дәлелдейді.
5минут Сергіту жаттығуы
«Алма мен құрт» жаттығуы
Қатысуышылар жаттығу
арқылы, жағдаяттан
шыға отырып, сыни
талдауға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |