61
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ХАЛ-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ: ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА
Есенжолова Ақзеріп Самалбекқызы
5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының
2 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Есжанова Эльмира Жубахановна
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы,
Қазақстан, akzerip.esenzholova99@gmail.com
Аннотация: В статье рассматривается необходимость дальнейших инновационных
подходов к решению экологических проблем и предотвращению загрязнения в Республике
Казахстан. В соответствии с экологическими проблемами в стране был принят ряд мер. Од-
ной из них является Концепция Республики Казахстан по переходу на «зеленую экономику».
В статье анализируются этапы и ключевые тенденции перехода к «зеленой экономике» и
подчеркивается, что «зеленая экономика» играет ключевую роль в снижении воздействия на
окружающую среду и решении ее последствий в будущем.
Ключевые слова: экология, зеленая экономика, зеленая инфраструктура, экосистема,
альтернативный источник энергии
Abstract: The article considers the need for further innovative approaches to solving envi-
ronmental problems and preventing pollution in the Republic of Kazakhstan. In accordance with
environmental problems, a number of measures were taken in the country. One of them is the Con-
ception of the Republic of Kazakhstan on the transition to the "green economy". The article analyz-
es the stages and key trends of the transition to a "green economy" and emphasizes that the "green
economy" plays a key role in reducing the environmental impact and solving its consequences in
the future.
Key words: ecology, green economy, green infrastructure, ecosystem, alternative energy
source
Қазіргі таңда Қазақстан үшін экологиялық ахуал күн тәртібіндегі өте өзекті
мәселелердің бірі. Осыған орай 2007 жылы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы
Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында да экологиялық ахуал мәселесі талқыланды. Атап
айтқанда ресурстық әлеуетті кәсіпорындардың өз жұмыстарының экологиялық тазалығын
сақтау, ғимараттардың экологиялық тазалығы мен тиімділігіне жоғары талап қою,
қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау,
сонымен қатар Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етті. Аталған талаптардың
барлығы еліміздегі экологиялық мәселелердің оң шешімін табудың мүмкіндігі болып
табылады [1].
Экологиялық мәселелерге сәйкес елімізде біршама шаралар қабылданды. Соның бірі
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы. ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы 30 мамырда «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тұжырымдама қоршаған ортаға
түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа сипаттағы
дамыған экономикаға көшу мақсатындағы терең жүйелі жаңартулардың негізін қалайды [2].
Осы тұрғыда 2017 жылы Елімізде өткен ЭКСПО 2017 көрмесі осы бастаманың айрықша
белгісі болып табылады. Баламалы энергия көздерін пайдалану экологиялық мәселелерді
шешуде үлкен рөл атқарады.
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару
тиімділігін арттыру;