МОНТАЖДАУ
5
3
Терминдер мен анықтамалар
Осы құжатта «Нормативтік сілтемелер» тарауына енгізілген нормативтік құқықтық
актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардағы терминдер қолданылады.
4 Жалпы ережелер
4.1 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін монтаждауды
-
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне»;
-
ҚР ҚН 1.03-00-2011;
-
ҚР ҚН 1.03-14-2011;
-
«Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»
техникалық регламентіне;
-
«Өрт қауіпсізідігі ережелеріне»
-
жобалау сметалық құжаттамаға;
-
дайындаушы зауыттар стандарттары мен нұсқауларына сәйкес жүргізу қажет.
4.2 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне монтаждау жұмыстарын жүргізген
кезде тапсырысшы келісімшарт негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстарды
орындау үшін мердігерді тартады.
4.3 Келісімшарт негізінде қатысушылар (заңды тұлғалар) өздерінің өкімдік
құжаттарымен (бұйрықтарымен) құрылысқа жауапты дербес жауапты лауазымды
тұлғаларды:
-
тапсырысшы- тапсырысшының техникалық қадағалау жауапты өкілін;
-
мердігер – жұмыс өндіруші жауаптыны;
-
жобалау құжаттамасын дайындауды жүзеге асырған тұлға (жобалаушы) – авторлық
қадағалау жүргізілген жағдайда авторлық қадағалаудың жауапты өкілін тағайындайды.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданыстағы заңнама
талаптарына сәйкес аталған лауазымды тұлғалардың тиісті рұқсаты болуы тиіс. Мұндай
жағдайда осы ұйым бөлімшесінің немесе лауазымды тұлғасының жұмыс өндіруші
жауапты мен техникалық қадағалау жауапты өкілінің міндеттерін біріктіруіне жол
берілмейді.
4.4 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін монтаждау кезінде тапсырысшы
монтаждау ұйымына қажетті қрылыс сызбаларын береді.
Монтаждау ұйымына берілетін жабдықтар мен жүйелерді монтаждаудың жұмыс
сызбаларында тапсырысшының оларды жұмыс өндіруге қабылдағаны туралы белгісі
болуы тиіс.
4.5 Ішкі сумен жабдықтау жүйесінің монтаждау-жинақтау жұмыстарын жүргізу үшін
келесі минимумның болуымен қамтамасыз етіледі:
-
ғимараттың тиісті конструктивтік элементтерінің дайындығымен;
-
ғимарат құрылысының жалпы технологиялық бірізділігіне сәйкес алдыңғы жұмыс
процестерінің аяқталуымен;
-
жұмыс орындарының дайындығымен.
4.6 Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін монтаждауды бастағанға дейін келесі
МОНТАЖДАУ
6
жұмыстар орындалуы тиіс:
-
қабатаралық аражабындарды, қабырғалар мен арақабырғаларды монтаждау;
-
іргетастарды немесе алаңшаларды құру;
-
гидрооқшаулағышты құру;
-
сумен жабдықтау кірмелерін салу;
-
еден астын дайындау (барлық үй-жай қабырғаларына таза еденге қосымша 500 мм
жобалау белгілеріне дәл келетін көмекші белгілерді салып);
-
еденасты каналдары мен техникалық еденастына салынатын құбыржолдарының
астына тіректерді орнату;
-
жұмыс құжаттамасына сәйкес құрылыс конструкцияларына бекіткіш бөлшектерді
орнату;
-
іргетастарда, қабырғаларда, арақабырғаларда, аражабындарда және жабындарда
саңылау, борозда,
қуыс және ұя дайындау;
-
қабырғалар мен аражабындарда монтаждау ойықтарын жасау;
-
қабырғаларды, қуыстарды,
бороздалар мен төбелерді сылау;
-
жасанды жарықтандыруды және электрқұралдар мен электрпісіру аппараттарын
қосу
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-
терезе ойықтарын шынылау, кіретін жерлердегі тесіктер мен сыртқы
қабырғалардағы саңылауларды бітеу (сыртқы ауа температурасы нөлден төмен болғанда);
-
1,5 метрлік биіктікте істелетін жұмыстар үшін ағаштар, төсеме тақталар, тақтайлар
салу.
4.6 Егер басқа көлемдер жобада қарастырылмаса, ғимараттың аражабындарына,
қабырғалары мен арақабырғаларына құбырларды салу үшін саңылаулар мен бороздалар
көлемі А-қосымшасына сәйкес қабылданады.
4.7 Жалпықұрылыс, санитарлық-техникалық және басқа да арнайы жұмыстарды
мынадай ретте орындау қажет:
-
еден астын дайындау, қабырғалар мен төбелерді сылақтау, басқыштарды орнату
үшін шамшырақтарды құру;
-
қабырғаларды тегістеу, таза еден салу;
-
бекіту құралдарын, құбыржолдарын салу және оларды гидростатикалық және
манометрикалық сынақтан өткізу;
-
ванналарды, қолжуғыштың астына кронштейндер мен жуып-шайғыш бактың
бекіту бөлшектерін орнату;
-
қабырғалар
мен төбелерді бірінші рет бояу,
плиткалармен қаптау;
-
қолжуғышты, унитазды және жуып-шайғыш бакты орнату;
-
қабырғалар
мен төбелерді екінші рет бояу;
-
су тартатын арматураны орнату.
4.8 Техникалық және шатырдағы жайлар бойынша:
-
аражабындар
мен шатырды монтаждау;
-
кеңейтілмелі бектар, суға арналған бактар және басқа санитарлық-техникалық
жабдықтар астына негіз орнату.
4.9 Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін монтаждау жұмыстары үш кезеңге