МОНТАЖДАУ
12
қосуды пісіру, бұранда, салмалы сомын және ернемек (арматураға және жабдықтарға)
арқылы, баспақ-қосылыстарда (баспақ-фитингі және құбырмен баспақ-фитингінің кең
қонышы тереңдігіне жабылу арасында металдың суық механикалық деформация есебінен)
орындау қажет.
Мырышпен қапталған құбырлар, тораптар мен бөлшектер бұрандамен мырышпен
қапталған байланыстырғыш бөлшектерді немесе мырышпен қапталмаған соғымды
шойынды қолданып, салмалы сомынмен, ернемекпен (арматураға және жабдықтарға),
баспақ-фитингімен немесеойықты қосылыстары бар құбыржолдары жүйелерінде
пайдалануға арналған фитингімен қосылуы тиіс.
5.5.3 Болат құбырлардың бұрандалы қосылыстары үшін МемСТ 6357 (дәлдік класы
В) бойынша жеңіл құбырларды бүрлеу және кәдімгі және күшейтілген құбырларды кесу
арқылы орындалатын цилиндрлі құбырлы бұранданы қолдану қажет.
Құбырларда бұранданы бүрлеу әдісімен жасағанда бұранданың ұзындығы бойына
оның ішкі диаметрін 10 % дейін кішірейтуге рұқсат етіледі.
5.5.4 Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде құбыржолдар бұрылыстарын
МемСТ 8946 бойынша бұрыштықтарды, қайтарғыштарды орнату немесе құбырларды ию
арқылы орындау қажет. Мырышпен қапталған құбырларды тек суық күйінде ғана ию
қажет.
Диаметрі 100 мм және одан көп құбырлар үшін иілгіш және пісірме қайтарғыштарды
қолдануға рұқсат етіледі.
Пісірмен құбырларды иген кезде пісірме жікті құбыр дайындамасының сыртқы
жағына орналастыру қажет және де жік жазықтығы ию жазықтығына кемінде 45°
бұрышпен келуі тиіс.
5.5.5 Ернемектер құбырмен пісіру арқылы қосылады.
Құбырға пісірілген ернемек перпендикулярлығынан ауытқу құбыр осіне қарағанда
ернемектің сыртқы диаметрінің 1 %-на дейін рұқсат етіледі, бірақ 2 миллиметрден аспауы
тиіс.
5.5.6 Ернемек беттері тегіс және қылаусыз болуы тиіс. Бұрандама бастарын
қосылыстың бір жағына орналастыру қажет.
5.5.7 Құбыржолдарының тік учаскелерінде сомындарды төменгі жақта орналастыру
қажет.
5.5.8 Бұрандама ұштары, әдетте, сомыннан бұрандаманың 0,5 диаметрінен немесе
бұранданың 3 қадамынан артық шықпауы тиіс.
5.5.9
Құбыр ұштары, құбырға ернемекті пісіру жігін қоса алғанда ернемек айнасынан
шықпауы тиіс.
5.5.10 Ернемек қосылыстарындағы төсемдер бұрандама саңылауларын жаппауы тиіс.
Ернемек арасына бірнеше немесе қисайған төсемдерді салуға жол берілмейді.
5.5.11 Жинақталған тораптардың сызықтық көлемдерінен 1 м ұзындыққа ±3
миллметрден аспауы тиіс және әр келесі метрге ±1 мм.
МОНТАЖДАУ
13
5.6 Полимер құбырлардан жасалған құбыржолдар қосылыстарының түрлері
мен тәсілдері
5.6.1 Ішкі құбыржолдарына арналған арынды құбырлар полимер материалдың түріне
байланысты қосылуы тиіс:
-
пісіру кең қонышқа (полиэтилен, полипропилен, полибутен және т.б.);
-
желіммен кең қонышқа (поливинилхлорид, шыныпластик, базальтпластик және
т.б.);
-
механикалық түрде ажырама және ажырама емес байланыстырғыш бөлшектердің
көмегімен (металлполимер, «тігілген» полиэтилен және т.б.).
5.6.2 Полимер құбырларды пісіру, желімдеу, кең қоныш, ернемек, салмалы сомын
арқылы қосады. Қосылыс түрін таңдау құбыр материалына, жұмыс және құбыржолдарын
салу жағдайына байланысты және монтаждау кезінде толығымен жобалау құжаттамасына
және ҚР ҚТ МемСТ Р 52134 ҚР ҚТ 4.01-05-2002 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
5.6.3 Арынды құбырлардан жасалған суқұбырларына арналған бекітпе – бұл күш
түсетін элементтер болып табылатын тіректер мен аспалар.Көлденең және тік
суқұбырларын ғимараттың құрылыс конструкцияларына бекіту тиісті бекітпе мен
бекіткіш
бөлшектердің, консольдердің, кронштейндердің көмегімен жүргізіледі.
5.6.4 Құбыржолдарының тура сызықты учаскелеріндегі полимер құбырлардың
сызықтық кеңеюінің жоғары коэффициентіне байланысты орнықтырғыш қамыттардың
арнайы конструкциясы бар компенсаторларды қолдану қажет (мұндай жағдайда тірек
конструкциялар құбыржолдарының еркін жылжуын қамтамасыз етуі тиіс);
5.6.5 Полимер құбырлардың механикалық зақымдануға бейімдігінен және олардың
кесілуге жоғары сезімталдығынан қамыттар жалпақ және төсемі болуы тиіс немесе шеті
дөңгелетілген және ішкі беті тегіс болуы тиіс (құбырлармен түйісетін конструкциялар,
мысалы, тұтас төсектің қылаусыз және өткір
жиексіз тегіс беті болуы тиіс;
5.6.6 Қозғалмайтын тірек қамыттарында полимер құбырларды қатты бекітуге рұқсат
етілмейді (қабырғаларды қатты жергілікті қысу арқылы).
5.6.7 Көлденең суқұбырларын бекіту үшін метрикалық бұрамасы бар дөңгелек
болаттан жасалған болат қапсырмалар пайданылады, олар құбырды құрсаулап,
ғимараттың құрылыс элементтеріне орнатылатын бұрыштық болаттан жасалған
сыңылауға салынады, содан кейін сомынмен мықтап орнықтылады.
5.7 Мыс құбырлардан жасалған құбыржолдар қосылыстарының түрлері мен
тәсілдері
5.7.1 Мыс құбыржолдарында тармақтарды орнату және арматураға қосу үшін мыс
байланыстырғыш бөлшектер пайданылады.
Құбыржолдарын салғанда мыс құбыпларды өзара және байланыстырғыш
бөлшектермен жинақтау дәнекер, бұрама, баспақ, пісірме және жалғастырғыш
қосылыстарды пайдаланып жүргізуге болады.
5.7.2 Жұмыстар жоғары температуралы немесе төмен температуралы дәнекерлеуді
және механикалық қосылғыштарды пайдалану арқылы жүргізіледі (қыспа қосылыстар –