Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 3,06 Mb.
бет1/19
Дата09.01.2018
өлшемі3,06 Mb.
#7223
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2011 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 432-ө бұйрығымен

бекітілген




Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)




  1. Жалпы ережелер

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және жөндеу - құрылыс жұмыстары» бөлімінен тұрады.

БТБА-ны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары: «Жұмыс сипаттамалары», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» деген үш бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

«Жұмыс үлгілері» бөлімі осы кәсіп пен осы тарифтік разряд үшін анағұрлым үйреншікті, солармен салыстырғанда жұмысшы атқаратын басқа жұмыстардың разрядтарын анықтауға болатын жұмыстардың тізбесін қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіптік органның немесе қызметкерлердің өзге де өкілдікті органының пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында саналмаған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.



2. Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары
Арматуршы
1. Арматуршы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арматура болатын тоттан тазарту және оны маркасы мен диаметріне қарай стеллаждар мен штабелдерге сала отырып сұрыптау. Арматураны және армоқұрылымдарды тасымалдау. Пәшкелер мен арматура болаты бухталарын сым орамаларынан босату. Арматура болатын қол шығырымен тарқату және тарту. Арматура болатын түзету. Арматура стержендерін қол қабырғаларда кесу және майыстыру. Қарапайым тегіс қаңқаларды өру. Арматура болатын механикалық және электромеханикалық тәсілдермен нығайту. Арматура стержендері мен кестелерін түрлері мен маркалары бойынша пәшкеге байлай отырып жиынтықтау. Арматура құрылымдарын инвентарлық ілмектермен іліп алу. Дайындамаларды тұтыну орындарына жеткізу арбасымен немесе тельфермен тасымалдау.

Білуге тиіс. Қолданылатын арматура болаттарының түрлері, сыныптары мен маркалары және олардың негізгі физикалық-механикалық қасиеттері, болаттың орауын жазу мен кесудің ережесі мен әдістері, дайын қаңқаларды тасымалдау мен жинау ережелері, арматураны орауын жазу, түзеу және кесуге арналған қол лебедкалары мен станоктарының құрылғысы, арматура құрылымдарын монтаждау кезіндегі дабылдату ережесі, дайындамаларды ілмектеу және орнын ауыстыру.





  1. Арматуршы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арматура болатын электр шығырлармен тарқату және тарту. Арматура болатын жетекті және жартылай автоматты станоктарда кесу. Арматура болатын механикалық және электромеханикалық тәсілдермен сүйрету және жапыру, күш калибровкасы, тарту немесе контактілік электрмен жылыту жолымен нығайту. Бір стерженде төртке дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру. Ұш салу немесе шайба, втулка мен гильза престеу жолымен, алдын ала қуаттандырылған бұйымдарға арналған арматура стержендерінің ұштарын анкерлеу. Созылмалы стенділер пен арнайы жүйелерде ішекпакеттерін жасау. Қарапайым құрылымдар қорамаларында стержденьдер мен қаңқалардың орналасуын белгілеу. Қарапайым торлар мен массасы 100 кг. дейінгі тегіс қарапайым қаңқаларды жинастыру және орнату. Қарапайым және орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Белгілі бір үлгілер бойынша сымнан каптарға арналған арматураны жасау. Қарапайым төсем бөлшектерін орнату және бекіту. Іргетастар мен плиталардағы жекелеген стержендерден арматура орнату. Арматураны қолмен өру арқылы бекіту.

Білуге тиіс. Арматура дайындамасына арналған жабдықтардың қолданылу қағидаты, арматура дайындау ережесі, қарапайым арматура мен армоқұрылымдарды жинау, орнату және бекіту тәсілдері, дайындалатын арматураға арналған сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесі, арматураны ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1) Тірек, тіреу және колонналар табандары, қада ұштары, қоршау іргетастары;

2) Іргетас блоктары мен плиталары;

3) Құдық мойны сақиналары, қонышсыз арынсыз құбырлар;

4) Маңдайшалар, бағандар;

5) Балкон, ернеу, трамвай жолына арналған, арна аражабын плиталары;

6) Коллекторлар мен жерасты өту жолдарының тегіс және қырлы плиталары, жабындар мен аражабын плиталары;

7) Қарапайым қима жүгіртпелері мен беларқалары;

8) Қадалар, тіреулер мен консольсіз ұстындар.

3. Арматуршы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір стерженде төртке дейін қайырмасы бар арматура болатын механикалық станоктарда майыстыру. Массасы 100 кг. дейінгі қарапайым торлар мен тегіс қаңқаларды және массасы 100 кг. дейінгі қос торшаларды жинастыру және орнату. Қарапайым және орташа күрделі кеңістікті қаңқаларды фиксатор орнату және дайын торлар мен бөлшектерден өру жолымен құрастыру. Арматураны автоматты станоктарда жасау. Массивтерде, ұстын төсемдерінде, ұстындарда, қабырғалар мен арақабырғаларда жекелеген стержендерден арматура орнату. Арматура стержендерін, ішекпакеттер мен аса мықты сым байламдарын алдын ала тарту. Орташа күрделі құрылымдарда анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату. Орнатылған торлар мен қаңқаларды өлшеп тексеру. Ванналық және ванна-жіктерін дәнекерлеу үшін арматура шығындыларын бөлу.

Білуге тиіс. Арматураны алдын ала кернеуге және монтаждауға арналған такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді қолдану ережесі, шаблондағы немесе стержень кондукторларындағы торлардың, қаңқалардың орналасуын белгілеу және оларды чертеждер мен сызбалар бойынша тексеру әдістері, арматураны дәнекерлеуге дайындау ережесі, қолданылатын электрмен дәнекерлеу аппараттарының құрылысы мен оларға қызмет көрсету ережесі, болаттың маркасына қарай электродтарды іріктеу әдісі, дайындалатын бұйымдарға арналған ерекшеліктерді, сызбалар мен чертеждерді жасау және оқу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1) Орама, ілмекті және іргетас арқалықтары;

2) Коллекторлар мен жерасты өту жолдары – бөлшектері Р- және П-үлгісіндегі, ауқымды коллекторлар;

3) Канализация, су ағызу, су құбыры, газ, жаңбыр қабылдау және телефон құдықтары, телефон қораптары;

4) Консольді және таяқты ұстындар;

5) Түйісу жүйесі, электржеткізу торабы және көше жарықтары бағандары;

6) Сыртқы және ішкі көтергіш қабырға панельдері;

7) Сыртқы және ішкі көтергіш құрылымдар ригельдері;

8) Арынсыз қонышты және тегіс табанды құбырлар.

3. Арматуршы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын торлар мен бөлшектерден жауапты құрылымдарға арналған массасы 100 кг. дейінгі күрделі торлар мен тегіс қаңқаларды (массасына қарамастан) және қос торшаларды, жинастыру және монтаждау. Арматураны бетонға тарта отырып жинастыру-блок элементтерін ірілеп жинастыру. Беріктігі жоғары сымдардың, стержендер мен арматуралық ішекті-пакеттер байламдарын тарту станцияларымен тарту. Жылжымалы қорамада бетондалатын құрылымдар үшін арматура жинастыру. Плиталы негіздерде, арқалықсыз және қырлы жабындарда, баспалдақ марштарында, көпірлердің аралық құрылыстарында, кері тоғыспалар мен жерасты дайындамаларының, штольнялардың, градирен мұнараларының, құбырлардың және т.б. қисық сызықты қабырғаларында сызбалар бойынша орналасу белгілерімен жекелеген стерженьдерден арматура монтаждау. Арматуралық стерженьдер мен плиталы көпірлердің аралық құрылыстарының байламдарын алдын ала тарту. Күрделі құрылымдарда массасы 600 кг. дейінгі анкерлік болттар мен төсем бөлшектерін орнату.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін тарту станцияларының, механизмдері мен айлабұйымдарының құрылымы мен қолданылу принципі, кеңістікті қаңқаларды, армо-қорамалы блоктар мен фермопакеттерді чертеждер мен сызбалар бойынша жинастыру кезінде стерженьдердің орналасуын белгілеу ережесі, жинастыру-блокты элементтерді жинау тәсілдері, төсемдік бөлшектер мен анкерлік болттарды орнату ережесі, орнатылған арматура мен армоқұрылымдарды тексеріп өлшеу тәртібі, арматура болаттарының физикалық-математикалық қасиеттері, арматуралық қаңқалар мен блоктарды қабылдап алу ережесі.

Жұмыс үлгілері.

Қаңқа бұйымдарды жасау:

1) 500-800 т. жүктеме астындағы стерженді ұстындар;

2) Машина орынжайлары секциялар мен ауқымды лифт шахталары;

3) Силостар мен элеваторлар (ауқымды элементтер);

4) Аралық көпір және жол сымдары құрылыстары;

5) Ұзындығы 12 м. дейінгі ілмектік және ісмекастылық фермалар.



  1. Арматуршы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жауапты темір-бетон бұйымдар мен құрылымдарға арналған күрделі арматура қаңқалардың бас үлгілерін чертеждер бойынша дайындау. Ерекше күрделі кеңістікті арматура қаңқаларды, армоқорамалы блоктар мен фермопакеттерді құрастыру және монтаждау. Сору құбырларындағы, спиральді камералардағы, тіреулердегі, генератор асты құрылымдардағы, түпкі және жеткізу құбырларындағы, ауа жолдарындағы, турбогенераторлар іргетастарындағы, бункерлердегі, бункер галереяларындағы, тоғыспалар мен жұқа қабырғалық қабықтардағы, арка үстілік құрылыс ұстындарындағы, аркалар мен аркалар арасындағы байланыстардағы қақпаларға арналған төсемді бөлшектері бар шлюз басының жекелеген стержендерінен арматура монтаждау. Қырлы және қорапты аралық құрылыс байламдарын алдын ала тарту. Массасы 600 кг. асатын төсемді бөлшектерді күрделі және аса күрделі құрылымдарда орнату.

Білуге тиіс. Жекелеген сымдар мен өрмелерден арматура байламдарын дайындау технологиясы, аса күрделі кеңістікті қаңқаларды, армоқорамалы блоктар мен фермопакеттерді дайындау және монтаждау технологиясы, дайындалатын арматура элементтері мен құрылымдарына қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Бұйымдардың басқы үлгілерінің қаңқаларын дайындау:

1) Бөлмелер, тор қаңқалары, лифтілердің машина орындары-ауқымды элементтер;

2) Көпірлер мен жол құбырларының аралық құрылыстары;

3) Ұзындығы 12 м. асатын итарқа фермалары;

Игерілген бұйым қаңқаларын жасау:

Стерженді арматуралары 800 т. асатын жүктемелі тіреу пластиналары бар ұстындар.

5. Арматуршы 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі кеңістікті арматура қаңқалары гидротехникалық құрылымдарға құрастыру және монтаждау. Атомэлектрстансалар (бұдан әрі – АЭС) реакторының қорғаныс қабығының купонды және цилиндрлік бөлшектерінің арматуралы байламдарын орнату және алдын ала тарту.

Білуге тиіс. Аса күрделі кеңістікті арматура қаңқалары жасау және монтаждау технологиясы, құрылымдардағы арматура және арматура байламдарын алдын ала тарту тәсілдері, гидравликалық домкраттар мен арматура тартуды жүзеге асыратын басқа да механизмдердің құрылымы мен жұмыс ережесі.

Асфальтбетоншы
6. Асфальтбетоншы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асфальтбетоннан және өңделетін қара тұтқырғыш материалдардан жол жабындарын орнату және жөндеу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау. Негіздемені шаңнан және ластан қолмен және сығымдалған ауамен тазарту. Жабындарды бөлшектегеннен және кескеннен кейін материалдарды жинау. Автомашина кораптарын асфальтбетон қоспасы қалдықтарынан тазарту.

Білуге тиіс. Жол жабындары негіздемелерін дайындау сапасына қойылатын талаптар.

7. Асфальтбетоншы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол жабындарын орнату және жөндеу кезінде негіздемелер дайындау. Негіздемені түсіру балғасымен тазалау. Инертті тығыздағыштарды елеу. Ағаш жару. Қара тұтқырғышты қайта айдау. Жол материалдарын тегістеу және кенерлеу.

Білуге тиіс. Жабындарды орнатуға арналған негіздемелерді дайындау тәсілдері, тұтқырғыш материалдарды тарқату, тасымалдау және сақтау ережесі, жабын дайындауға арналған компоненттер құрамы.

8. Асфальтбетоншы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қара тұтқырғыш материалдарды пісіру қазандарында жылыту. Компоненттерді қазанға толтыру. Жабын негіздемелерінің құрылымы. Негіздемелерді қолмен таратушының көмегімен қара тұтқырғыш материалдармен өңдеу. Тірек білеушелерді орнату. Ыстық және суық қалпындағы қара тұтқырғыш материалдармен өңделетін асфальтбетон қоспалары мен материалдарын қолмен беру және салу. Үлгілерді кесу және кесу орындарын бітеу. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды қолмен және асфальтжылытқыш немесе ремонтерді қолдана отырып ұсақ жөндеу. Механикаландырылған құрал көмегімен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған асфальтбетон жабындарын бөлшектеу және кесу. Пісіру қазандарын, шығару қазандарын, шығару астаушалары мен араластыру қондырғыларын тазалау.

Білуге тиіс. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындардың негізгі түрлері, мастикалардың, асфальт қоспалары мен инертті толтырғыштардың түрлері, асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды механикаландырылған құралдың көмегімен бөлшектеу, кесу және бүтіндеу тәсілдері.

9. Асфальтбетоншы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асфальт қоспаларын ашық қазандарда пісіру. Тұтқырғышты электротермиялық тәсілмен дайындау. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды қималау және өңдеу. Асфальтбетон және асфальт жабындарын, сондай-ақ тротуарларды, бау-бақша жолдары мен көтермелерді жөндеу. Жабындарды асфальтбетонмен және қара қоспамен шұңқырлы жөндеу.

Білуге тиіс. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындардың астыңғы негіздемелеріне қойылатын негізгі талаптар, эмульсия мастикаларының, асфальт қоспалары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған қоспалардың сапасына қойылатын талаптар, жабындарды асфальтбетонмен және қара қоспамен шұңқырлы жөндеудің ережесі мен тәсілдері.

10. Асфальтбетоншы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарды жабын материалдарын қолмен және механикаландырылған жолмен салу кезінде қималау және өңдеу. Салынатын жолақты асфальттау алдында бөлу. Материалдар қабатының қалыңдығын катокпен тығыздап реттеу. Қоспаларды асфальттөсегішпен салғаннан кейінгі соңғы өңдеу. Ұстасу коэффициенті арттырылған арнайы іріктелген қоспалардан және түсті асфальтбетоннан жасалған жабындарды өңдеу.

Білуге тиіс. Асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындарға қойылатын талаптар, төселетін қоспалар мен материалдарды тығыздау схемасы, қоспалар мен материалдарды төсеудің және тығыдаудың температуралық режимі, жетілдірілген жабындарды құру тәсілдері, үстіңгі активті қосындысы бар түрлі асфальтбетон қоспаларын қолдану ережесі, жолақтарды өзара және құдық люктерімен, торкөздермен және трамвай жолдарымен ұштастыру құрылымы тәсілдері, асфальтбетон жабындары мен қара тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдардан жасалған жабындар астының күрделі конфигурация негіздерін бөлу тәсілдері, асфальт жабындарының үстінің кедір-бұдыр қабаты құрылымының схемасы.

Бетоншы
11. Бетоншы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құз негіздер мен бетон үстіңгі қабатын тазарту. Бетонның үстіңгі қабатын қол жабдығымен оймыштау. Бетон қоспасын көлік құралдарынан қабылдау. Бетон қоспасын қайта лақтыру және науамен, хоботпен түсіру. Құрамдастарды массасы мен көлемі бойынша айлабұйым (арба, өлшеуіш) көмегімен дозалау. Бетон қоспасын дайындау. Бетон және темірбетон құрылымдарын қолмен бөлшектеу. Бетон және темірбетон құрылымдарына қол жабдығымен тесіктер мен бороздалар салу. Темірбетон қадалардың ұштарын қолмен кесу. Бетонды баптау. Қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу. Қораманы бетоннан тазарту.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларын дайындау технологиясы, бетонның үстіңгі қабаттарын оймыштау тәсілдері, дайын бетон қоспаларын құрылымдарға беру, бетонды баптау ережесі, темірбетон құрылымдары мен қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу тәсілдері.


12. Бетоншы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын қорамаларға, негіздер мен массивтерге төсеу. Бетон қоспасын жазық тегістіктерге төсеу. Бутобетон іргетастарын құйма, төсем қабаттары мен еденнің, цемент тұтастырғыштардың бетон негіздері астына орналастыру. Қауғаларды инвентарь ілмекпен құлағынан (скоба, қайырма) ілу. Бетон және темірбетон құрылымдарын пневматикалық және электрлендірілген құралмен оймыштау және сындыру. Майысуларды, тесіктер мен бороздаларды бетон қоспасымен бітеу. Қарапайым құрылымдардың қорамаларын бөлшектеу. Темірбетон қадалардың ұштарын пневматикалық құралмен кесу. Арнақұрушыларды монтаждау және серпентинит қоспаларын АЭС құрғақ қорғау блоктарына төсеу.

Білуге тиіс. Цементтің, толтырғыштар мен бетон қоспалардың маркалары мен қасиеттері, монолитті бетон және темірбетон құрылымдарынын негізгі элементтері, бетон қоспасын төсеу және тығыздау тәсілдері, электрлендірілген және пневматикалық құралдың құрылымы және олармен жұмыс істеу ережесі, қарапайым құрылымдардың қорамаларын құрастыру ережесі, бетон және темірбетон құрылымдарын механикаландырылған құралдың көмегімен сындыру тәсілдері, жүктердің орнын ауыстыру және беру ережесі.

13. Бетоншы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын ұстындарға, қабырғаларға, тіреулерге, плиталарға, көпір тіректеріне, кеспекке салу. Бетон қоспасын қисық тегістіктерге (бөгеттердің, арналардың, дамбылар мен т.б. құламаларына) төсеу. Арнайы және ауыр бетон қоспаларын атом электростансалары құрылымдарына төсеу. Полигондардағы құрылыс алаңдарында көпірлердің аралық құрылыстарының плиталы блоктарын дайындау. Таза бетон едендерді жолақтар мен дестелерге кесе отырып орнату және жөндеу. Таза бетон едендерді вакуумдеу әдісімен орнату. Бетон едендерді төсеу және жөндеу. Бетон қоспасын су асында тік жылжымалы құбырлар әдісімен төсеу және су асты қуыстарын ерітіндіні тік жеткізумен толтыру. Үстіңгі қабатты цемент себе отырып металл тегістеуішпен тегістеу. Цемент-бетон жол жабындарын салу кезінде температура тігістерін өңдей отырып тесу. Жабындардың тігістері мен үстіңгі қабаттарын өңдеу. Бетонды электрмен және бумен жылыту. Қорамалардың барлық түрлеріндегі, оның ішінде «Модостр» ұсақ қорғаныс үлгісіндегі түзу сызықты шеңберлер мен элементтердің щитті қорамасын орнату.

Білуге тиіс. Бетон қоспаларының, дайын құрылымдар мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, темір-бетон жабындарын орнату ережесі мен олардың сапасына қойылатын талаптар, бетоннасостары мен бетон жүргізушілердің, машиналар мен цемент-бетон жол жабындарын орнату кезінде жіктерді тесуге арналған айлабұйымдардың, вибраторлар мен вибро алаңдардың, вакуумді агрегаттардың құрылымы, қыс кезінде құрылымдарды бетондау ережесі мен бетонды жылыту тәсілдері, аязға қарсы қоспа түрлері және олардың қолданылу аясы, күрделілігі орташа қорама құрылымдары мен сүйеніш мінбесатыларды орнату және бөлшектеу ережесі, қарапайым арматураны құрастыру және бөлшектеу ережесі мен тәсілдері, қаптама астының бетон қабатын дайындауға қойылатын талаптар, футерлеу және сырлау ережесі,темірлеу және қабаттарды флюатирлеу тәсілдері.


14. Бетоншы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетон қоспасын мұнаралардың, тоғыспалардың, жалғыз және қосарлы қисықтар қабаттарының жұқа қабырғалы құрылымдарына, резервуарлар мен бункерлердің, аэроценді камералардың құрылымдарына, жуылатын галереялардың бөлек қабырғалары мен тұндырғыштардың камерааралық қабырғаларына, спиральді қамералар қабырғаларына, гидроқұрылымдардың аралық жабындары мен сору құбырларына, көпірлердің аралық құрылыстарындағы қырлы, қорапты және басқа да күрделі құрылымдарға, сондай-ақ барлық монолитті құрылымдарға салу. Ерекше ауыр бетон қоспасын АЭС құрылымдарына салу. Бетон қоспасын қаптама сыртына және штрабтарға салынды бөлшектермен құю. Құрылыс алаңдары полигонында қатаң арматураланған темір-бетон бұйымдарын (көпірлер мен жол құбырларының аралық құрылымдары, ұзын өлшемді қадалар мен тіреулер, үлкен аралықтардың фермалары мен тағандары) дайындау. Турбогенераторлардың және қоректендіру насостары мен т.б. іргетастарына салынды бөлшектерді құю. Ұңғымалар мен траншеяларды бетондау. Бұрғы ұратын қадаларды орнату.

Білуге тиіс. Қатаң арматураланған темір-бетон құрылымдары мен бұйымдарын дайындау технологиясы, бетон бөлшектеу машиналарының жұмыс істеу принципі, күрделі арматура қорамаларын құрастыру ережесі, арнайы бетон қоспаларының құрамы (пластификаторлар, суперпластификаторлар), вибрациялы жабдықтар астындағы іргетастарының салынды бөлшектерін бетондау (құю) әдістері, монтажды және салынды бөлшектерді, оның ішінде анкерлік болттарды бетондау кезінде орнатуға қойылатын талаптар, бетон қоспалары мен дайын бетонды тексеру тәсілдері, зақымдалған және реконструкцияланатын құрылымдарды күшейту тәсілдері.

Ескерту. Темірбетон құбырларды, радиобашнялар мен басқа да зәулім жұқа қабырғалы құрылымдарды тұрғызу жөніндегі жұмыстар өнеркәсіптік темірбетон құбырларын салатын құбырсалғышпен орындалады және осы кәсіп бойынша біліктілік сипаттамаларына сәйкес тарифтелуге тиіс.

Жол жұмысшысы


16. Жол жұмысшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жол табандарын қардан, ластан, және шаңнан қолмен тазарту. Құмды, малтатас және қиыршыққұмды қайта үю. Жол табандары мен жабындарын сумен шаю. Цемент-бетон жабындарын орнату кезінде рельс формалардың үстіңгі қабатын тазарту және майлау. Цемент-бетон жабындарға құм себу. Жол белгілері мен жол жағдайы элементтерін қолмен тазарту. Жол табандары мен жабындарын салу және жөндеу кезінде жол құрылысы материалдарын бөлу.Жерқазу машиналарынан кейін астауларды қолмен тазарту. Рельс формаларды жамау. Жол табандарын, жабындар мен бордюрлерді қолмен бөлшектеу. Тегіс жұлманы жабдықтау және жөндеу. Жылжымалы електердегі құмды, малтатас және қиыршыққұмды қолмен елеу. Жиектерді қолмен жоспарлау. Тұтқырғыш материалдарды бөліп құю. Қоспаны өзі түсіретін автомобильден бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып қабылдау. Бетон жабынын төсеу кезінде қорапты тазалай отырып өзі түсіретін автомобильден жаңа салынған қоспаның жиектерін кесу. Жаңа салынған бетон қоспасының жиектерін кесу. Механикаладырылған төсем жетпейтін жерлерді қолмен тығыздау. Тас дестелерді және пакеляж дайындау. Тас пен пакеляжді сұрыптау.

Білуге тиіс. Негізгі жол-құрылысы материалдарының, жол қабаты құрылымдарының және жолдардағы жасанды құрылымдардың түрлері, асфальт-бетон, цемент-бетон, битумматериалды және басқа да қоспаларды дайындау ережесі, жолтайғақтан және қар үйінділерінен тазалау тәсілдері, жол қозғалысы ережесі.


жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау