Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет14/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51

 
 
МОНТАЖДАУ 
 
26 
құйғыштарын  салу  бағытын  өзгерту  мен  қосуды  байланыстырғыш  бөлшектер 
(фитингілер) арқылы істеу қажет. 
6.7.20 Бұрғыш құбыржолдарының минимал еңісін аспалы құбыржолдары үшін 0.005 
деп қабылдау қажет. Бұрғыш (көлденең) құбыржолының учаскесінде салу еңісін өзгертуге 
болмайды. 
6.7.21 Тік құбырға бұрғыш құбыржолдарын қосу үшін, әдетте, қиғаш айқаспалар мен 
үштармақтар  қарастырады.  Бұған  екіжолақты  айқаспалар  жатпайды.  Көлденең 
жазықтықта түзу айқаспаларды қолдануға болмайды. 
6.7.22  Жүйеде  арнайы  орнықтырғыш  қамыты  жоқ  бітеуіштерді  пайдалануға 
болмайды,  себебі  бітеуіштер  фитингіде  шамасы  ~0,1м/с  болатын  үйкеліс  күшінің 
арқасында ұсталып тұрады. 
6.7.23 Ішкі суағарлар желісін тазарту үшін ревизиялар,  D 100 – 150 құбыржолдары 
үшін арасы кемінде 20 метр қашықтықта тазартқыштар орнатуды қарастыру қажет. 
6.7.24 Кең қонышты қосылыстары бар диаметрі 110 мм құбыржолдарының көлденең 
учаскелері үшін қозғалмайтын және қозғалатын бекіткіштер арасындағы қашықтық 20D-
дан  аспайы  тиіс,  мұнда  D  –  құбыр  диаметрі,  қозғалатын  бекіткіштер  арасындағы 
қашықтық көлденең құбыржолдары үшін  10D-дан аспауы тиіс. 
 
6.8 Су өлшеуіш торапты монтаждау 
 
6.8.1 Суөлшеуіш торапты монтаждау жобалау-сметалық құжаттама негізінде жүзеге 
асырылады. 
6.8.2 
Суөлшеуіш торапты монтаждау тек жұмыс істеп тұрған және су толтырылған, 
шайылған суқұбырларында жүзеге асырылады. 
6.8. 
Суөлшеуіш  торапты  орнату    жылы  (20  С-тан  төмен  емес)  және  жақсы 
жарықтандырылған, құрғақ тұрғын емес үй-жайда жүзеге асырылады. 
6.8.4 Дұрыс көрсеткішке қол жеткізу үшін торапта өту диаметрі 15-40 мм қанатты 
суөлшеуіштер болғанда, ұзындығы суөлшеуіш пен ысырманың (вентильдің) арасындағы 
құбырдың  кем  дегенде    6-8  диаметріне    тең  келетін  құбыржолының  түзу  учаскесін;  өту 
диаметрі 50-150 мм турбиналық суөлшеуішті орнатқанда –ұзындығы суөлшеуіш алдында 
құбырдың 8-10 диаметріне және құбырдан кейін үй ысырмасын орнату жеріне дейін кем 
дегенде құбырдың  бес диаметріне тең келетін учаскені қамтамасыз ету қажет. 
6.8.5  Қанатты  суөлшеуіштер  бұрандалы  қосылысы  бар  көлденең  учаскелеріне 
арналған,  ал  турбиналық  суөлшеуіштер  жалғастырғыш  қосылыстардың  көмегімен 
құбыржолының  кез  келген    учаскесінде  орнатылуы  мүмкін.  Түзу  учаскелер 
құбырларының  диаметрі  суөлшеуішке  дейін  және  одан  кейін  суөлшеуіш  өткелінің 
диаметріне  сәйкес  келуі  тиіс.  Суөлшеуіштерді  үлкен  диаметрлі  құбыржолдарына  түзу 
сызықты норматив учаскелерінен тыс орнатылған конус тәрізді өткелдермен жалғанады. 
6.8.6  Суөлшеуіш  тораптар  еден  деңгейінен  0,3-1  м  биіктікке,  қабырғаға  қатты 
бекітілген  кронштейндерге  немесе  үй-жай  еденінде  кірпіштен  салынған  бағандарға 
орналастырылады; сондай-ақ кронштейннің немесе бағанның біреуі тікелей суөлшеуіштің 
астында  болуы  тиіс.  Суөлшеуіш  торап  астына  негіз  құрғанда  қондырғыш  төрткілдешті 
пайдаланып  деңгей  бойынша  суөлшеуіштің  көлденең  қалыбын  тексереді.  Тораптан  ең 


МОНТАЖДАУ 
 
27 
жақын  қабырғаға  дейінгі  ұсынылатын  минимал  қашықтық  кемінде    400-450  мм; 
шаруашылық-ауызсу және өртке қарсы магистральдарда ось деңгейі – 800-1400 мм. 
6.8.7  Су  арынының  төмендеуін  болдырмау  үшін,  бұрғыштар  мен  фасон  бөлшектер 
саны минимал болуы тиіс, сол себепті өлшеуіш құрылғы  құбыржолының түзу учаскесіне 
орнатылады.  Егер  пайда  болатын  күштер  құбыр  жапсарларымен  қабылданбаса,  онда 
бұрылыстарда тіректерді қарастыру қажет. 
6.8.8  Суөлшеуіш  жұмысына  санкциясыз  араласудан  және  есептегіштің 
көрсеткіштерін өзгертуден қорғау үшін оны қорғасын және пластик пломбалармен немесе 
пломбаны  білдіртпей алуды болдырмайтын арнайы бұранда сыммен пломбаланады. 
 
6.9 Өртке қарсы ішкі суқұбырын монтаждау 
 
6.9.1  Өрт  крандары  бары  бар  жүйелер  басқа  сумен  жабдықтау  жүйелеріндегі 
элементтерден  тұрады.  Монтаж  үшін  мырышпен  қапталған  болат  құбырлар  мен  жұмыс 
қысымы 0,9 МПа-дан кем емес арматура пайдаланады. 
6.9.2 Өрт шығырынан, жеңнен, металл өрт  оқпанынан (брандспойттан) және жеңді 
оқпанмен  және  шығырмен  жалғайтын  жылдам  қабысатын  жартылай  сомыннан  тұратын 
өрт крандары су бөлетін арматура болып табылады. Әдетте, шартты диаметрі 50 немесе 65 
мм өрт крандарын қолданады. 
6.9.3  Металл  өрт    оқпаны  бір  жағынан  байланыстырғыш  бастиекпен,  ал  екінші 
жағынан – ұштықпен, яғни бүріккішпен аяқталады. 
6.9.4  Өрт  крандарын  өрт  шығырының  осі  еденнен  1,35  м  биіктікте  болғандай  етіп 
шыны  есігі  бар  шкафта  орналастырады.  Бір  шкафта  бір-бірінің  үстіне  салып  екі  өрт 
крандарын  орналастыруға  болады,  ал  мұндай  жағдай  шкафтың  көлемі  биіктігі  жағынан 
1820 мм, ені жағынан 750 мм-ге үлкейеді. 
Шкаф есігіне қызыл бояумен «ӨК №....» (өрт краны №....) деп жазылады. 
6.9.5  Өрт  крандарын  пайдалану  үшін  қол  жететін  жерлерге  орналастыру  қажет: 
кіреберісте,  жылытылатын  басқыш  алаңшасында,  вестибюльдерде,  дәлізде,  өтетін 
жерлерде. Бір ғимараттағы бүріккіштер, жеңдер мен өрт крандарының диаметрі бірдей, ал 
өрт жеңдерінің ұзындықтары бірдей болуы тиіс.  
6.9.5  Судың  циркуляциясы  болу  үшін  өртке  қарсы  суқұбырының  тік  құбырларын, 
әдетте, шаруашылық-ауызсу мен жабдықтау жүйесінің тік құбырларына қосады. 
6.9.7  Желі  учаскелерін  жөндеу  үшін  тиектік  арматура    қарастырылады  және  де  әр 
ажыратылған  учаскеде  бір  қабатта  крандар  саны  5-тен  аспауы  тиіс  және  биіктігі  50 
метрден  асатын  ғимаратта  тік  құбыр  саны  біреуден  аспауы  тиіс.  Дұрыс  жұмыс  істеп 
тұрғанда тиектік арматураны ашық күйінде пломбылайды. 
 
6.10 Сорғы қондырғыларын монтаждау 
 
6.10.1  Сорғы  қондырғылары  мен  олардың  жұмыс  режимін    әзірленген  нұсқаларды 
техника-экономикалық салыстыру негізінде анықтау қажет: 

реттегіш  сыйымдылықтар  болмағанда  үздіксіз  немесе  ауық-ауық  жұмыс  істейтін 
сорғыларды; 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау