Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет6/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

МОНТАЖДАУ 
 

етілмейді: 

сыртқы беті майысқан және сынған, бұралған және жаншылған, өзге механикалық 
зақымданулар, 

ішкі бетінде бөгде қосындылар; 

қабырға  қалыңдығында  және  сыртқы  диаметрлерінде  МемСТ    EN  12451  және 
МемСТ  15040 талаптары шеңберінен шығатын ауытқулар.  
5.2.3  Мыс  құбырлардан  жасалған  құбыржолдарында  бұрылыстар  мен  тармақтарды 
құру  үшін  тиісті  мыс  байланыстырғыш  бөлшектерді    пайдалану  қажет.  Тиісті  негіздеме 
болған  жағдайда  қоладан,  жезден,  тоттанбайтын  болаттан  және  термотөзімді 
пластмассадан жасалған байланыстырғыш бөлшектерді пайдалануға рұқсат етіледі. 
Мыс  құбырларды    алюминийден  және  оның  қорытпаларынан  жасалған  қыздыру 
аспаптарымен  жалғау  үшін  тоттанбайтын  болаттан  немесе  қоладан  жасалған  бұрандалы 
ауыспалы бөлшектерді пайдалануға рұқсат етіледі. 
 
5.3 
Термопластыдан  жасалған  арынды  құбырлар  мен  байланыстырғыш 
бөлшектер 
 
5.3.1  Сумен  жабдықтау  жүйелеріне  арналған    термопластыдан  жасалған  арынды 
құбырлар мен олардың байланыстырғыш бөлшектеріне  мына құбырлар жатады: 

металлполимер; 

полипропилен; 

тігілген полиэтилен; 

поливинихлорид; 

полибутен; 

ҚР ҚТ МемСТ 52134 талаптарына сәйкес орындалған акрилнитрилбутадиенстирол. 
5.3.2  Сумен  жабдықтау  жүйелеріне  арналған    термопластыдан  жасалған  арынды 
құбырлар  мен  олардың  байланыстырғыш  бөлшектері  МемСТ  ИСО  161-1,  МемСТ  ИСО 
11922, МемСТ 18599, МемСТ 24157, МемСТ 27077, МемСТ 27078, МемСТ 28117, МемСТ 
293
25,  МемСТ  24157,  МемСТ  ИСО  4065  талаптарына  сәйкес  дайындалады  және  жұмыс 
қысымы  1  Мпа-ға  дейін  және  судың  температурасы  750С  дейін  ішкі  сумен  жабдықтау 
жүйесін құруға арналған және суық сумен жабдықтау қызметінің есептік мерзімі кемінде 
50 жыл, ал судың температурасы 750С-тан аспайтын ыстық сумен жабдықтаудың есептік 
мерзімі 25 жыл алынғанда пайданылады. 
5.3.3 Құбырдың беті түзу және тегіс болуы керек. Мөлшерлеуден қалған азғана іздер 
мен шашындыларға, сондай-ақ 0,5 миллиметрден аспайтын ойықтарға рұқсат етіледі. 
5.3.4 Құбырларды бумаларда жеткізгенде, буманың ішкі диаметрі құбырдың сыртқы 
диаметрі кемінде 40, ал буманың сыртқы  диаметрі 3 метрден аспауы тиіс. 
5.3.5 Құбырларды 30° С аспайтын температурада бумаға орайды. 
5.3.6  Құбырлар  партиясы    олардың  сапасын  растайтын,  сондай-ақ  дайындаушы-
зауыттың атауы және басқа мәліметтері бар құжатпен қамтамасыз етіледі. 
 
 
 


 
 
МОНТАЖДАУ 
 
10 
5.4 Кәріздік құбырлар мен олардың фасон бөлшектері 
 
5.4.1 Кәріз жүйесінде қолданылатын құбыр түрлері: 

шойын; 

қыш; 

асбестцементті; 

болат тұтас тартылған және электрпісірме; 

полимер (пластмасса). 
5.4.2  Ғимараттың  ішкі  кәріз  жүйесі  мен  суағарына  арналған  шойын  құбырлар  мен 
олардың  фасон  бөлшектерін  МемСТ  6942.0  бойынша  сұр  шойыннан  дайындайды. 
Олардың сыртқы және ішкі беттерін мұнай битумымен жабады. Бұл жабын тегіс, берік, 
тұтас, жабысқақ емес, суда ерімейтін және 60° С-тан төмен температурада  жұмсармайтын 
болуы керек. 
5.4.2.1 Шойын кәріздік құбырлар мен олардың фасон бөлшектері екі класқа бөлінеді. 
А  класына  тоттанудан  сақтайтын  жабынды  жаққанға  дейін  0,1  МПа  (1  кгс/см2) 
гидравликалық қысымға төзетін құбырлар мен фасон бөлшектер жатады. Оларды әрлеуге  
көтеріңкі талап қойылатын ғимараттарда кәріз жүйесін және ашық құбыржолдарын құйып 
бекіту үшін пайдаланады. Б класына тоттанудан сақтайтын жабынды жаққаннан кейін 0,1 
МПа (1 кгс/см2) гидравликалық қысымға төзетін құбырлар мен фасон бөлшектер жатады. 
Оларды массалық құрылыс ғимараттарының кәріз жүйелері үшін пайдаланады. 
5.4.2.2 Құбырлар үш шартты өтпемен шығарылады: 50, 100 және 150 мм. 
5.4.
2.3 Шойын құбырларда сызаттар болмауы тиіс. Құбырлардың беті тегіс және қож 
қосындылары  болмауы  тиіс  (көлемі  жағынан  тереңдігі  3  миллиметрден  және  ені  10 
миллиметрден  аспайтын  ойықтарға  рұқсат  етіледі).  Кең  қоныштың  ішкі  беті  мен  құбыр 
ұштары  оқшаулағыш  жабындар  мен  басқа  заттардың  қатпарынан,  әсіресе  майдан 
тазартылуы  тиіс.  Металл  қатпары,  құмның  күйігі,  кең  қоныш  ішкі  бөлігінің  шығыңқы 
және үшкірлеу жерлері және басқа ақаулар алынып тасталуы тиіс. 
5.4.2.4 Кең қоныштар мен фасон бөлшектері сағасының төрт түрін дайындайды: 
1- 
кең қоныш; 
2 – 
компенсациялық кең қоныш; 
3 – 
кең қоныш ұзартынды; 
4 – 
төмен кең қоныш. 
5.4.3 МемСТ 286-74 бойынша қыш кәріздік құбырларды өндірістік, тұрмыстық және 
жауын сарқынды суларының сыртқы арынсыз кәріз жүйелерін құру үшін қолданады. 
5.4.3.1  Дайындаушы-зауытта  құбырларды  0,15  МПа  (1,5  кгс/см2)    қысыммен  су 
өткізбейтіндігіне тексереді. 
5.4.3.3    Құбырлар  сыртқы  және  ішкі  жағынан  химиялық  төзімді  глазурь  жағылып, 
күйдірілуі  тиіс.  Әр  құбыр  кең  қонышының  сыртқы  бетіне  дайындаушы-зауыттың  тауар 
белгісі жазылуы тиіс. 
5.4.4  Арынсыз  құбыржолдары  үшін  асбестцементті  құбырларды  МемСТ  1839-80 
бойынша дайындайды. 
5.4.4.1  Дайындаушы-зауытта  арынсыз  асбестцементті  құбырларды  диаметріне 
қарамастан кемінде 0,4 МПа (4 кгс/см2) қысымға гидравликалық сынақтан өткізеді. 


МОНТАЖДАУ 
 
11 
5.4.4.2 
Арынсыз 
асбестцементті 
құбырларды 
қосу 
үшін 
цилиндрлі 
жалғастырғыштарды  қолданады.  Құбырдың  сыртқы  беті  мен  жалғастырғыштың  ішкі 
бетінің арасындағы сақиналы кеңістікті зығыр шашпен және цемент қоспасымен немесе 
битумды қоюжақпамен бітейді. 
5.4.4.3 Асбестцементті құбырды шойын құбырлар мен арматураға жалғау қосу үшін 
кең қонышы бар шойын келте құбырды қолданады. 
5.4.5 Ішкі кәріз жүйесіне арналған кәріздік пластмасса құбырлар мен олардың фасон 
бөлшектерін МемСТ 22689.0—77 — МемСТ  22689.20—77 бойынша тығыздығы жоғары 
полиэтиленнен  (ТЖП),  тығыздығы  төмен  полиэтиленнен  (ТТП),  полипропиленнен  (ПП) 
және пластифирленбеген поливинилхлоридтен (ПВХ) дайындайды. 
5.4.5.1  Тығыздығы  жоғары  полиэтиленнен  (ТЖП)  және  тығыздығы  төмен 
полиэтиленнен (ТТП) жасалған құбырлар үшін тұрақты ағынның масимал температурасы 
60° С, полипропиленнен (ПП) - 70° С, пластифирленбеген поливинилхлоридтен (ПВХ) 50° 
С. 
5.4.5.2  Құбырларды  резеңке  тығыздауыш  сақиналардың  көмегімен,  желімдеу, 
салмалы сомын және резеңке төсем, сондай-ақ  пісіру арқылы қосады. 
5.4.5.3  Кең  қоныштар  мен  фасон  бөлшектердің  тегіс  ұштарының  төрт  түрін 
дайындайды (МемСТ 22689.2—77):  
І  -  ПВХ,  ТЖП  және  ПП-дан  жасалған  бұйымдарды  резеңке  тығыздауыш 
сақиналардың көмегімен немесе желімдеу арқылы (тек ПВХ) қосу үшін; 
II  - 
ТЖП,  ТТП  және    ПП-дан  жасалған  бұйымдарды  түйіспелі  кең  қонышты  –
жапсарлы пісіру арқылы қосу үшін; 
III  – 
ТЖП, ТТП және  ПП-дан жасалған бұйымдарды салмалы сомын және резеңке 
төсем арқылы қосу үшін; 
IV  – 
ТЖП,  ТТП  және    ПП-дан  жасалған  бұйымдарды  электршиыршық  салынған 
жалғастырғыш немесе түйіспелі жапсарлы пісіру арқылы (тек ТЖП)  қосу үшін. 
5.4.5.4  МемСТ  22689.3—77  бойынша  құбырларды  түзу  кесінді,  ал  тұтынушының 
талабы  бойынша  кең  қоныштармен  және  қосылыс  үшін  тегіс  ұштары  дайындалған, 
сондай-ақ  тораптардың,  қабат  сайын  тік  құбырлардың  және  ажыратқыштардың  фасон 
бөлшектерімен қосылған түрінде дайындайды. 
5.4.5.5 ПВХ-дан жасалған құбырлардың кең қоныштарын қалыптайды, ал ТЖП, ТТП 
және  ПП-дан  құбырларға  келтеқұбырларды    МемСТ  22689.4  бойынша  немесе 
жалғастырғыштарды  МемСТ 22689.13 бойынша пісіру арқылы алады. 
5.4.5.6  Кең  қоныштар  мен  тегіс  ұштар  МемСТ  22689.2  сәйкес  болуы  тиіс.  І  түр 
бойынша  резеңке  тығыздауыш  сақиналардың  көмегімен  22689.19  бойынша  қосылатын 
құбырлардың тегіс ұштарына монтаж белгілері салынады. 
 
5.5 
Болат  құбырлардан  жасалған  құбыржолдар  қосылыстарының  түрлері  мен 
тәсілдері 
 
5.5.1 Болат құбырлардан тораптар мен құбыржолдарының бөлшектерін дайындауды 
техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкес жүргізу қажет.  
5.5.2  Болат  құбырларды,  сондай-ақ  олардан  жасалған  бөлшектер  мен  тораптарды 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау