МОНТАЖДАУ
15
сәйкес әр контейнерге немесе пакетке буылған тораптың маркасы көрсетілген тақташа
бекітілуі тиіс.
5.9.4 Бөлшектер мен тораптарға орнатылмаған арматура, автоматика аспаптары,
бақылау-өлшеу аспаптары, байланыстырғыш бөлшектер, бекіткіш құралдар, төсемдер,
бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және т.т. бөлек оралуы тиіс және де контейнердің
маркалауында осы бұйымдардың белгілері немесе атауы көрсетілуі тиіс.
Қабылданатын жабдықтар мен бөлшектер нормативтік құжат талаптарына (МемСТ-
ларға, техникалық шарттарға және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат
беретін сертификаттарға) сәйкес болуы тиіс.
5.9.5 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құбырларын, дайындамалары мен
жабдықтарын қоймалау аймағы құрылыс аумағында қоршаулы және жұмыс істейтін жүк
көтергіш кранның аймағында болуы тиіс.
Қоймалау алаңы жоспарлануы тиіс, су ағыны үшін, ал қыс уақытында қардан және
мұздан тазарту үшін еңісі болуы тиіс.
6
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін монтаждау жұмыстарын
ұйымдастыру және орындау
6.1
Монтаждау-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру
6.1.1 Монтаждау-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру:
-
монтаж жүзеге асатын өндірістік жайлар мен алаңшаларында қауіпсіздікті
ұйымдастыруды;
-
жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында жұмыстарды орындау қауіпсіздігін
ұйымдастыруды;
-
өндірістік процеске қатысуға рұқсат берілген персонал қауіпсізідігін
ұйымдастыруды;
-
қауіпсіздікті ұйымдастырудың орындалуын бақылауды;
-
монтаждаужинақтау жұмыстарын орындау барысында жобалау құжаттамасында
пайда болған ауытқулар мен өзгерістерге келісім алуды қамтиды.
6.1.2 Монтаж жүзеге асатын өндірістік жайлар мен алаңшаларында қауіпсіздікті
ұйымдастыру.
6.1.2.1 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау кезінде тәуліктің
қараңғы уақытында жұмыс орындары мен жұмыс учаскелері ҚР ҚТ 2.04-02 талаптарына
сәйкес жарықтандырылуы тиіс.
Жарық біркелкі, жұмыс істеушілерге жарық құрылғыларының көз шағылысатын
әсерінсіз болуы тиіс. Жарықтандырылмаған жерлерде жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.
6.1.2.2 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау жұмыстарын
бастағанға дейін адамдардың жұмыс істеуіне және өтуіне қауіпті жерлерді жұмыс жүргізу
жобасына сәйкес: қоршау, жазулар мен көрсеткіштермен жабдықтау, ҚР ҚТ МемСТ Р
1
2.4.026 бойынша қауіпсіздік белгілерін орнату, ал түнгі уақытта жарық сигналдарымен
белгілеу қажет.
6.1.2.3 Жұмыс жүргізу жобаларында адамдарға қауіпті зиянды факторы шамадан тыс