МОНТАЖДАУ
16
аймақтарды көрсету қажет.
6.1.2.4 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау кезінде жұмыс
жүргізу жобаларында слесарь-монтаждаушы биіктікте жұмыс істегенде ұстануға болатын
бекіткіш бөлшектерді орнатуды қарастыру қажет.
6.1.2.5 Материалдарды, жабдықтарды жұмыс орнына әкелу жұмыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін технологиялық реттілікпен жүзеге асырылуы тиіс.
6.1.2.6 Жұмыс орындарында дайындамалар мен жабдықтарды жұмыс орындағанда
қауіп тудырмайтын, өтетін жерді тарылтпайтындай және жабдықты ірі блоктармен
жинауға мүмкіндік болатын етіп қоймалау қажет.
6.1.2.7 Шоғырлануды болдырмай және аражабынның 1м2 рұқсат етілетін
жүктемеден аспай аражабындарда жабдықтар мен дайындамалардың дұрыс орналасуын
қадағалау қажет.
6.1.3 Жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында жұмыстың орындалу қауіпсіздігін
ұйымдастыру.
6.1.3.1 Ғимарат аумағында сумен жабдықтау және су бұрудың ішкі жүйесін
монтаждау бойынша жұмыстарды орындау кезінде санитарлық-гигиеналық нормалардың
сақталуын бақылау осы объекті үшін белгіленген тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс.
6.1.3.2 Жұмыс істеп тұрған ғимаратта жұмыс жүргізу кезінде монтаж ұйымының
жетекшілері ғимарат әкімшілігімен бірлесіп монтаждаушылар, сондай-ақ жұмыс істеп
тұрған ғимарат қызметкерлері еңбегінің қауіпсіздігі мен зиянсыздығын толықтай
қамтамасыз ететін нақты іс-шараларды әзірлеуге міндетті.
6.1.3.4 Монтаж жұмыстары басталар алдында шебер немесе жұмыс жүргізуші
барлық монтаждаушыларды жұмыс істеп тұрған ғимараттағы қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыруға міндетті.
6.1.3.5 Жұмыс істеп тұрған ғимаратта жұмыс жүргізу кезінде:
-
қоршалмаған қозғалғыш механизмдер мен білдектердің, люктар мен
саңылаулардың жанында;
-
егер электрқондырғылар мен сымдар ажыратылмаған немесе қоршалмаған болса,
онда оларға жақын жерде жұмыс істеуге болмайды.
6.1.3.6 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау кезінде жұмыс
істеп тұрған ғимараттың жарылыс қауіпті үй-жайларында:
-
ашық отты қолдануға, сондай-ақ жалынның пайда болуына әкеп соғатын түрлі
механизмдер мен құралдарды пайдалануға;
-
құлағанда жалынның пайда болуына әкеп соғатын металл бөлшектерді, құралдар
мен басқа заттарды және материалдарды еденге тастауға;
-
металл шегелермен, тағамен және т.б. ұлтандалған аяқкиімде жүруге тыйым
салынады.
6.1.4. Өндірістік процеске қатысуға жіберілген персонал қауіпсіздігін ұйымдастыру.
6.1.4.1 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждау жұмыстарына
рұқсат алғанға дейін ұйым жетекшілері МмСТ 12.0.004 талаптарына сәйкес жұмыс
орнында қауіпсіздік техникасы жөнінде оқытуды және нұсқаулық өткізуді қамтамасыз
етуге міндетті.
6.1.4.2 Электргазпісіру жұмыстарына тиісті оқытуды, нұсқаулықты және жұмыс
МОНТАЖДАУ
17
қауіпсіздігі ережелеріне білімін тексеруді өткен арнайы журналда ресімделген және ҚР
ҚН 1.03-12 талаптарына және «Өндіріс қауіпсіздігі талаптарына. Дәнекерлеушілер мен
пісіру өндірісі мамандарын аттестаттау» сәйкес біліктілік куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.
6.1.4.3 Қолмен жұмыс стейтін электр машиналары (электрленген құралмен)
жұмысына ндірістік оқытудан өткен және ҚР ҚН 1.03-14, МемСТ 12.2.013.3 және МемСТ
30699 талаптарына сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша біліктілік тобы бар тұлғалар
жіберіледі.
6.1.4.4 Объектіде жұмысты қауіпсіз жүргізу дұрыс ұйымдастыру жауапкершілігі
жұмыс жүргізуші мен шебере жүктеледі.
6.1.4.5 Объектіде жұмысты қауіпсіз жүргізу мақсатында бригадир немесе жұмыс
жүргізуге жауапты тұлға:
-
ауысым басталмас бұрын өзі жетекшілк ететін бригаданың барлық жұмыс
орындарында қауіпсіздік техникасы жағдайын жеке өзі тексеруге және анықталған
кемшіліктерді шұғыл түрде жоюға міндетті. Егер кемшіліктерді бригада күшімен жою
мүмкін болмаса немесе жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда
бригадир ол туралы шеберге немесе жұмыс жүргізушіге хабарлауы және жұмысқа
кіріспеуі тиіс;
-
тұрақты негізде жұмыс барысында бригада мүшелерін еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне
оқытуға, олардың дұрыс орындалуын бақылауға, бригада мүшелері арасында еңбек
тәртібін қамтамасыз етуге және олар ішкі тәртіпті сақтауға, бригада мүшелері қауіпсіздік
техникасы кемшіліктерін шұғыл түрде жоюға;
-
кранда жұмыс істегенде бригада мүшелерінің қауіпсіз жұмысын, немесе кранда
жұмыс істеушіні, итарқашы мен монтаждаушыны визуалды, радио- өткізгіш байланыспен
қамтамасыз етуге;
-
жұмыс жүргізу жобасына сәйкес жұмысты ұйымдастыруға;
-
бригада мүшелерін жеке қорғаныш құралынсыз, арнайы киімсіз және арнайы
аяқкиімсіз жұмысқа жібермеуге;
-
жұмыс орындарының тазалығын, қауіпті жерлерді қоршауға және қажетті габаритті
сақтауға;
-
бригада мүшелері мен бөгде адамдардың қауіпті аймақта болуына жол бермеуге;
-
сырқат белгісі бар немесе мас адамдарды жұмысқа жібермеуге, оларды құрылыс
аймағынан кетіруге міндетті.
6.1.5 Ұйымның қауіпсіздікті орындауын бақылау
6.1.5 Сумен жабдықтау және су бұру ішкі жүйелерін монтаждағанда қолданылатын
жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын бақылау мен байқауды әкімшілік
тағайындаған инженерлік-техникалық қызметкерлердің ішінен жауапты тұлға осы
қорғаныш құралдарына арналған нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес
жүргізілуі тиіс, оның ішінде:
-
қорғау қоршаулары - МемСТ 12.4.059 сәйкес;
-
сақтандырғыш белбеулер - МемСТ 12.4.089;
-
қорғаныш каскалары - МемСТ 12.4.087 сәйкес ;
-
монтаж жарақтары МемСТ 24259 сәйкес;
-
тас төсеу құралдары - МемСТ 24258;
Достарыңызбен бөлісу: |