«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 152-беті
емтихандық парақ және т.б.), жатақханада тұру ережелерін бұзу, университеттің
материалдық-техникалық базасына нұқсан келтіру т.б. ) (факультет деканының
қызмет хаты негізінде);
4)
білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін,
оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда (факультет деканының
қызмет хаты негізінде);
5)
өз еркімен (білім алушының өз өтініші негізінде);
6)
мемлекеттік қорытынды аттестацияға жіберілмегендігі үшін (факультет
деканының қызмет хаты негізінде);
7)
қайтыс болуына байланысты (факультет деканының қызмет хаты негізінде);
8)
басқа оқу орынына ауысуына байланысты (білім алушының өз өтініші
негізінде);
19.7.2 Білім алушы академиялық үлгермеушілігі, академиялық адалдық
кодексін бұзғаны үшін, ішкі тәртіп ережесін мен университет
жарғысын бұзғаны
үшін, білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін,
оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда, мемлекеттік
қорытынды аттестацияға жіберілмегендігі үшін, қайтыс болуына байланысты
оқудан шығарылған жағдайда: 1) университет ректорына факультет деканы қызмет
хат жазады. Қызмет хатқа оқудан шығаруға себептерін растайтын құжаттар
тіркеледі; 3) қызмет хатқа тіркеу офисі, оқу-әдістемелік
басқарма басшысы, оқу
және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор келісімдерін береді және
ректор бұйрық шығару туралы бұрыштама қояды, сол бұрыштамаға сәйкес
университет ректорының білім алушыны оқудан шығару бұйрығы шығарылады.
19.7.3 Білім алушы өз еркімен және басқа оқу орынына ауысуына байланысты
оқудан шыққан жағдайда1) студенттерге қызмет көрсету орталығына барып
университет ректорының атына себебі көрсетілген оқудан шығу туралы еркін
нысанда
өтініш береді; 2) Өтінішке бухгалтерия, факультет деканы, тіркеу офисі,
оқу-әдістемелік басқарма басшысы, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі
проректор келісім береді және ректор бұйрық шығару туралы бұрыштама қояды, сол
бұрыштамаға сәйкес университет ректорының
білім алушыны оқудан шығару
бұйрығы шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: