19.5 БОСАҒАН БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ БОЙЫНША ОҚУҒА
АУЫСТЫРУ ТӘРТІБІ
19
.
5.1 Ақылы негізде білім алушы білім босаған грант орнына сәйкес білім
беру бағдарламасы бойынша заңды тәртіппен конкурстық негізде ауысуға құқылы.
19.5.2 Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың
нәтижесі бойынша өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен
курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп,
университет сайтында орналастырылады.
Конкурсқа көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек
қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы")
бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар
басым құқыққа ие болады.
Білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және
қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға мынадай
тәртіппен жүзеге асырылады:
1)
ақылы негізде білім алушы университет басшысының атына алдағы уақытта
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға
өтініш береді;
2)
келіп түскен өтініштер университеттің ғылыми кеңесі отырысында
қарастырылады;
3)
университеттің ғылыми кеңесі шешімі негізінде ағымдағы жылғы 5 тамыз
және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлердің
тізімін ҚР БҒМ шешім шығару үшін Тіркеу офисі жолдайды.
Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми кеңесінің шешімі, білім
алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
және университеттен шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа)
қоса беріледі.
4)
ҚР БҒМ бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы
куәлікті ресімдейді және оны үш жұмыс күні ішінде тиісті университетке жібереді;
5)
білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде университет ректоры
алдағы уақытта білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.
19.5.3 Тіркеу офисі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім
алу процесінде босаған, пайдаланылмаған бос білім беру гранттары куәліктерінің
білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 151-беті
Достарыңызбен бөлісу: |