«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 153-беті
20.4 Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін
беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
20.5 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
20.6 Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы «Сырдария»
университетінің ректорының атына өтініш береді
20.7 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер,
оларды орындау ұзақтығы:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің студенттік бөлімі көрсетілетін қызметті
алушы ұсынған құжаттар топтамасын 30 минут ішінде қабылдайды және қарастыру
үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті бөліміне тапсырады.
2)
Студенттерге қызмет көрсету орталығы 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін
қызметті алушының деректері бойынша академиялық демалыс беру туралы
бұйрықтың жобасын дайындайды,оны қарау үшін қызметті берушінің басшылығына
тапсырады.
3)
көрсетілетін қызметті берушінің студенттерге қызмет көрсету орталығы
1(бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бұйрықтан
үзінді көшірме дайындайды.
20.8 Білім алушыға академиялық демалыс мынандай жағдайда беріледі:
- сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-
емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-
ДКК) қорытындысы;
- ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге
қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық
(бұдан әрі-ОДКК) қорытындысы;
- әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
- босанғанда, ұл немесе қыз бала асырып алғанда 3 жасқа толғанға дейін
беріледі.
20.9 «Сырдария» университетінің ректоры үш жұмыс күні ішінде ұсынылған
құжаттардың негізінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете
отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
20.10 .Білім алушы академиялық демалыстан шыққан соң «Сырдария»
университетінің ректорының атына өтініш береді және ауруына байланысты
академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін
жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқасты қараған денсаулық
сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын
тапсырады.
20.11 Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы үш
жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім
алушының академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық шығарады және
Академиялық демалыстағы студенттерді есепке алу журналына тіркеледі
Достарыңызбен бөлісу: