«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің


Сатып алу туралы шартты орындау



жүктеу 0,66 Mb.
бет7/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Сатып алу туралы шартты орындау
142. Сатып алу туралы шартты орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына, шарттарды дайындау, жасасу және орындауды реттейтін Қағидалар мен Тапсырыс берушінің ішкі құжатына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Қосымша ережелер
143. Қор Холдингке кіретін ұйымдарда Қағидалардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Қор Қағидалардың 144-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша бақылауды шарттық негізде жүзеге асыруды Қордың Басқармасы анықтаған еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға табыстауға құқылы.

Холдингке кіретін ұйымдардың Қағиданы сақтауын бақылау Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Бақылауды жүзеге асыру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

144. Қордың құрылымдық бөлімшесінің атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган:

1) сатып алу мәселелері бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

2) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде:

- Холдингке кіретін ұйымдардың ішкі аудит қызметтерімен бірге сатып алу саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

- әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарайды;

- Холдингке кіретін ұйымдардан қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамаларды, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарау үшін қажеттерін сұрайды;

- сатып алуда бірыңғай баға саясатының сақталуын (қолданылуын) бақылауды жүзеге асырады;

- әлеуетті өнім берушілердің (жеткізушілердің) шағымдарын қарау және бақылау тексерістердің қорытындылары бойынша Холдингке кіретін ұйымдардың басшылығына сатып алу саласында қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жібереді;

3) сатып алуға мониторинг және талдау жүргізеді;

4) Холдингке кіретін ұйымдардың Қордың Басқармасы анықтаған тәртіппен Қағидалардың 73-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сатып алу қорытындылары өткізілмеген деп тануының дұрыстығын тексереді;

5) сатып алу рәсімдерін жүзеге асырудың кез келген сатысына қатысуға құқылы;

6) пилоттық сатып алудың санаттық стратегиялары әзірленіп, бекітілген, сатып алу категорияларына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды келісуді жүзеге асырады.

145. Қор Басқармасында белгіленген еншілес ұйымның атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті орган:

1) Холдингке кіретін ұйымдарда сатып алу үдерісін үйлестіреді;

2) Холдингке кіретін ұйымдардың қызметкерлерін оқытады және сатып алу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырады;

3) Холдингке кіретін ұйымдардың ішкі аудит қызметтерімен сатып алу саласында өзара әрекеттеседі;

4) Қағидаларда көзделген тізілімдер мен тізбелерді жасайды, жүргізеді және бекітеді;

5) Қорда белгіленген тәртіппен Холдингке кіретін ұйымдар ұсынатын сатып алу саласындағы есептілікті жинау, қорытындылау және талдауды жүзеге асырады;

6) сатып алу саласында ақпараттық жүйені әзірлейді және енгізеді;

7) қажеттілігіне қарай сатып алу саласында Холдингке кіретін ұйымдар берген сатып алу туралы есепті деректердің, материалдар мен ақпараттардың растығын тексереді;

8) Холдингтің мүгедектер ұйымы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімінде тұрған, сатып алынатын тауарды өндіретін мүгедектер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) ұйымынан сатып алынатын тауарлардың тізбесін қалыптастырып, жүргізеді және оны бекітеді.

9) Қордың Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 маусымдағы № 140 шешіміне сәйкес алынып тасталды;

10) Қордың Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 маусымдағы № 140 шешіміне сәйкес алынып тасталды.

146. Әлеуетті өнім берушілер (жеткізушілер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тендерлік, сараптамалық комиссия мүшелері, сарапшыны қоса алғанда, Тапсырыс берушінің атқарушы органы, сондай-ақ өзге тұлғалар қабылдайтын әрекеттер мен шешімдерге шағымдануға құқылы.

Сондай-ақ шағымдар сатып алу мәселелері бойынша Тапсырыс берушіге немесе уәкілетті органға қарау үшін жіберілуі мүмкін.

147. Қор Қағидалардың 144-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша бақылауды шарттық негізде жүзеге асыруды Қордың Басқармасы анықтаған еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органға табыстаған жағдайда, Тапсырыс берушілер Уәкілетті органға табысталған өкілеттіктерді жүзеге асыру тәртібінде ол шығарған тексеру актілеріне шағым жасауға құқылы.

Осы тармақ бойынша шағым жасау Қорда құрылатын сатып алу мәселелері бойынша шағымдарды қарайтын комиссияға өтініш жасау арқылы жүргізіледі.

Комиссияның құрамын және тексеру актілеріне шағым жасауға байланысты Тапсырыс берушінің өтінішін қарау тәртібін Қордың Басқармасы анықтайды.
13. Қағидалардың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
148. Тапсырыс берушінің/Сатып алуды ұйымдастырушының қызметкерлері, оның ішінде сатып алу мәселелеріне жетекшілік жасайтын басшы, тендерлік комиссияның мүшелері және хатшысы, сарапшылар және/немесе сараптамалық комиссияның мүшелері, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, сатып алу мәселелері бойынша есептілік жасауға және оны беруге жауапты тұлға Қағидалардың нормаларын бұзғаны үшін дербес жауапкершілікте болады.

Қағидалардың нормаларын бұзғаны үшін қызметкерлерді жауапкершілікке тарту тәртібі тапсырыс берушінің шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік шаралары мен дәрежесін белгілейтін ішкі құжат негізінде анықталады.


14. Қорытынды ережелер
149. Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін басталған (жарияланған) сатып алу рәсімдері сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күнде қолданылған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Қағидалар күшіне енгенге дейін жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша тауарларда қайта бөлу рәсімдері ұзақ мерзімді шарт жасалған күні қолданылған Ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес іске асырылады.

Бұл ретте Тапсырыс берушінің маркетингтік зерттеулері негізінде Тапсырыс беруші қайта бөлу рәсімін жүзеге асырады.

150. Қазақстан Республикасы шекарасынан тыс орналасқан Тапсырыс берушінің филиалдары мен өкілдіктері сатып алуды Қағидалардың негізінде әзірленген нұсқаулық (регламент) негізінде және басқару органы немесе қадағалау кеңесі бекіткен Қор Басқармасы белгілеген еншілес ұйымның атынан сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органмен келіскеннен кейін жүзеге асырады.

Қағидаларға №1 қосымша

Консультациялық қызметтерді сатып алуды

жүзеге асырудың арнайы тәртібі
1. Осы Қордың Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 113 шешімімен бекітілген Қорды трансформациялау бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) жүзеге асырудың арнайы тәртібінде Қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі айқындалады.
2-бөлім. Әлеуетті өнім берушілерді аттестаттаудан өткізу
2. Қызметтерді әлеуетті көрсетушілерді аттестаттауды Қор жүзеге асырады және онда мынадай дәйекті іс-шараларды жүргізу көзделеді:

1) Қор Комиссиясының, қажет болған кезде сараптамалық комиссияның (сарапшыны) құрамын бекіту, комиссия хатшысын тағайындау;

2) әлеуетті өнім берушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы бекіту;

3) әлеуетті өнім берушілерді аттестаттауды өткізу туралы шешім қабылдау;

4) Қордың веб-сайтына аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру орналастыру және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, аптасына кемінде 3 (үш) рет басылу мерзімі бар мерзімді баспасөз басылымында жариялау;

5) әлеуетті өнім берушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы Қордың веб-сайтына орналастыру;

6) аттестаттауға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерін комиссия хатшысының қабылдап алуы және тіркеуі;

7) әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарастыру бойынша Қор Комиссиясының отырысы;

8) аттестаттау қорытындыларын шығару, қорытынды туралы хаттама рәсімдеу;

9) Аттестатталған өнім берушілер тізбесін қалыптастыру және Қордың веб-сайтында жариялау.

3. Қызметтерді әлеуетті көрсетушілерді аттестаттау жөніндегі рәсім аттестаттау жөніндегі рәсімдерді өткізу жоспар-кестесіне сәйкес, сондай-ақ Тапсырыс берушінің (берушілердің) немесе әлеуетті өнім берушінің (берушілердің) аттестаттау рәсімінен өту туралы өтініштері болған жағдайда кемінде жарты жылда 1 (бір) рет жүзеге асырылады.
Қор Комиссиясы
4. Қор Комиссиясының құрамы Қордың бірінші басшысының немесе ол өкілеттілік берген өзге де тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

Әлеуетті өнім берушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы әзірлеу үшін Қор сараптамалық комиссия құруға (сарапшы тартуға) құқылы.

5. Қор Комиссиясының өкілеттілігіне:

1) аттестаттау өткізудің кезеңділігін көрсете отырып, аттестаттау жөніндегі рәсімдерді өткізу жоспар-кестесін бекіту;

2) аттестаттауды жүзеге асыру;

3) аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесін бекіту;

4) Қызметтерді сатып алу туралы шарттың жобасына және/немесе жасалған шартқа өзгерістерді және/немесе толықтыруларды келісу кіреді.

6. Қор Комиссиясының құрамында бес комиссия мүшесінен кем болмауға тиіс. Қор Комиссиясының мүшелері – төраға, төрағаның орынбасары және басқа комиссия мүшелері. Төраға болмаған кезде оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

7. Қор Комиссиясының төрағасы:

1) жұмысты жоспарлайды және комиссияның қызметіне басшылық жасайды;

2) комиссия отырыстарына төрағалық етеді;

3) осы Тәртіпте көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

8. Қор Комиссиясының отырыстары комиссия құрамының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және комиссияның қатысып отырған құрамы және комиссия хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің бірі қатыспаған жағдайда, комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

9. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Қор комиссиясының отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, ол қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, Қор Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

Қор Комиссиясы мүшелерінің қандай да бір адамында мүдделер қақтығысы болған жағдайда, осы адам комиссияның хатшысын бұл туралы хабарландырады, ол туралы алдын ала біліктілік іріктелуінің қорытындылары туралы хаттамада жазба жасалады. Бұл ретте ол адам Қор Комиссиясының шешім қабылдауына қатыспайды.

10. Қор Комиссиясының ұйымдастыру қызметі хатшымен қамтамасыз етіледі. Хатшы Қор Комиссиясының мүшесі болып табылмайды және Қор Комиссиясы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығын иеленбейді.



Аттестаттау жөніндегі құжаттаманы әзірлеу және бекіту
11. Аттестаттау жөніндегі құжаттаманы Қор Комиссиясы Тапсырыс берушінің (берушілердің) аттестатау рәсімдерін жүзеге асыруға өтінім(дер)інің негізінде қалыптастырады.

12. Аттестаттау жөніндегі құжаттама Қор Комиссиясының шешімімен бекітіледі және мынадай ақпаратты:

1) қызметтерге Тапсырыс берушінің (берушілердің) атауын, орналасқан жерін, сипаттамасын;

2) сатып алынатын қызметтердің сипаттамасын және талап етілетін техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын қызметтер мен аттестаттау рәсімдері туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді;

3) аттестаттаудың мәні болып табылатын қызметтер нарығындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін бағалауға мүмкіндік беретін әлеуетті өнім берушілерді іріктеудің біліктілік өлшемдерін, сондай-ақ оларға осы қызметтерді көрсету үшін тартылатын мамандардың жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін;

4) әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат беру форматын;

5) әлеуетті өнім берушінің әлеуетті өнім беруші пайдаланатын озық практиканы бағалауға мүмкіндік беретін мәліметтерді және/немесе құжаттарды беруі жөніндегі талаптарды, сондай-ақ оның бәсекелік артықшылықтарын қамтуға тиіс.

Аттестаттау жөніндегі құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін аттестацияның шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.


Аттестаттау рәсімдерін өткізу туралы хабарлама
13. Қор әлеуетті өнім берушілердің аттестаттауға қатысу үшін өтінімдер беруінің ақырғы күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде тиісті хабарландыруды:

1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын, аптасына кемінде 3 (үш) рет басылу мерзімі бар мерзімді баспасөз басылымында;

2) Қордың веб-сайтында жариялайды.

14. Аттестаттау өткізу туралы хабарлама мынадай:

1) жоспарланып отырған аттестаттау рәсімдерін өткізу туралы;

2) Қордың толық атауы, электрондық және пошталық мекенжайы;

3) әлеуетті өнім берушілердің аттестаттауға қатысуға өтінімдер беруінің басталу және аяқталу мерзімі туралы;

4) өтінімдерді ашу рәсімі басталатын орын, күні және уақыты туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

15. Аттестаттау жөніндегі құжаттама хабарлама жарияланатын күні Қордың веб-сайтына орналастырылады.
Әлеуетті өнім берушілердің аттестаттауға қатысуға

өтінімдерін қабылдау және тіркеу
16. Аттестаттауға қатысуға келіп түскен өтінімдерді Қор Комиссиясының хатшысы өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің аттестаттауға қатысуға өтінімдер беруінің белгіленген мерзімі өткеннен кейін ұсынылған аттестаттауға қатысуға арналған өтінімдер тіркелмейді және қайтарылады.

17. Әлеуетті өнім беруші өзінің аттестаттау рәсіміне қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Қор аттестаттаудың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
Өтінімдерді қарау және аттестаттаудың қорытындысын шығару
18. Аттестаттау рәсіміне қатысуға өтінімдерді Қор Комиссиясы өтінімдердің аттестаттау жөніндегі құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

19. Аттестаттауға қатысуға өтінімдерді Қор Комиссиясы өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

20. Өтінімдерді қарау кезінде Қор Комиссиясы:

1) әлеуетті өнім берушілерден өтінімдерді қарау, бағалау үшін қажетті материалдарды және түсіндірмелерді сұратуға;

2) өтінімдерде қамтылатын мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

21. Ашық тендерге қатысуға арналған өтінімдерді формалды негіздемелер бойынша қабылдамауға жол берілмейді. Осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген жағдайлар формалды негіздемелер болып табылады.

22. Өтінімді Қор Комиссиясы мынадай:

1) өтінім аттестаттау жөніндегі құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылған;

2) әлеуетті өнім беруші не консорциумға кіретін заңды тұлға Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған жағдайларда қабылдамайды.

23. Аттестаттау қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Қорытындылар туралы хаттамаға Қор Комиссиясының мүшелері және оның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

24. Аттестаттау қорытындылары туралы хаттамада:

1) қорытынды шығарылған орын және уақыт туралы;

2) әлеуетті өнім берушілердің келіп түскен өтінімдері туралы;

3) қабылдамаудың егжей-тегжейлі негіздемелері көрсетіле отырып, қабылданбаған өтінімдер туралы;

4) аттестаттау рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер туралы;

5) Қор Комиссиясының қалауына қарай өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.

Аттестаттау қорытындылары туралы хаттама қорытынды шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қордың веб-сайтына орналастырылады.
Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру
25. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесін аттестаттау қорытындыларының хаттамасы негізінде аттестаттау рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілердің ішінен Қор Комиссиясы қалыптастырады және бекітеді.

26. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің бекітілген тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды Қор Комиссиясының хатшысы қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қордың веб-сайтына орналастырады.

27. Тізбе мынадай ақпаратты:

1) аттестатталған әлеуетті өнім берушінің атауын және орналасқан жерін;

2) аттестатталған әлеуетті өнім берушінің байланыс деректерін;

3) аттестатталған әлеуетті өнім беруші көрсететін қызметтердің атауын және мамандануын;

4) аттестатталған әлеуетті өнім берушінің тізбесіне енгізілген күнді қамтуға тиіс.

Бұдан басқа, аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесі Тапсырыс беруші үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтуы мүмкін.

28. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар Қор Комиссиясы шешімінің негізінде енгізіледі.

29. Өнім берушілер Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесінен мынадай:

1) Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген;

2) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

3) шарт(тар) бойынша міндеттемелер мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар төлегені туралы құжаттамамен расталған мәліметтердің негізінде Қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе лайықты түрде орындамағаны туралы Тапсырыс беруші(лер)ден ақпарат алынған жағдайларда шығарылады.
3-бөлім. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілерден

қызметтер сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру
30. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілерден қызметтер сатып алу рәсімінде Тапсырыс берушінің мынадай дәйекті іс-шараларды жүргізуі көзделеді:

1) тендер тәсілімен қызметтерді сатып алу жүргізу туралы шешім қабылдау, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту;

2) тендер тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру және Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілерге шақыру және тендерлік құжаттаманы жіберу;

3) тендерлік комиссия хатшысының тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдауы және тіркеуі;

4) тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу бойынша тендер комиссиясының отырысы, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясының қарауы;

5) тендердің қорытындыларын шығару, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу;

6) тендердің қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру;

7) тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасу.

31. Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін кемінде екі аттестатталған әлеуетті өнім беруші болған жағдайда, қызметтерді тендер тәсілімен сатып алу осы Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

32. Тендер өткізу туралы шешім қабылдау, тендерлік комиссияның, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын тағайындау Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның мүше(лер)і ретінде Қордың өкіл(дер)і кіруге тиіс.

33. Тендерлік құжаттаманы Тапсырыс беруші бекітеді және мынадай мәліметтерді:

1) Тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін;

2) сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын);

3) қызметтер көрсетудің мерзімін, көлемін және басқа да елеулі шарттарын;

4) ҚҚС есептемегенде, Қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома туралы мәліметтерді;

5) баға ұсыныстарының нысанын;

6) Қор бекіткен Қызметтерді сатып алу туралы үлгі шарттың нысанына сәйкес келетін сатып алу туралы шарттың жобасын;

7) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімінің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптарды;

8) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімін беру тәртібін, тәсілін, орнын және түпкілікті мерзімін;

9) тендерге қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күнін және уақытын;

10) әлеуетті өнім берушілермен кездесулер, оның ішінде бағаны төмендету бойынша келіссөздер жүргізудің шарттарын қамтуға тиіс.

Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетіін сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

34. Тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін берудің ақырғы күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастырылады.

Шақыру және тендерлік құжаттама Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген, Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерге тендер өткізу туралы хабарландыру орналастырумен бір мезгілде жіберіледі.

35. Тендерге қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісімін білдірудің нысаны болып табылады және мыналарды:

1) сатып алынатын қызметтердің тендерлік құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын);

2) тендерлік құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс баға ұсынысын;

3) тендерлік құжаттамада көзделген өзге де құжаттарды қамтуға тиіс.

Бұл ретте әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді баламалы шарттарда да қалыптастыруға құқылы.

36. Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін қабылдауды және тіркеуді тендерлік комиссияның хатшысы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

37. Тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу және қарау бойынша тендер комиссиясының отырысы, тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу, тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясының қарауы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

38. Тендерге қатысуға өтінім мынадай:

1) әлеуетті өнім беруші Қызметтер көрсетудің ең жақсы шарттарын, сондай-ақ сатып алынатын Қызметтердің ең жақсы сипаттамаларын ұсынатын, техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысуға өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылған;

2) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;

3) әлеуетті өнім беруші не оның қосалқы мердігері (бірге орындаушысы) не консорциумға кіретін заңды тұлға Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылардың тізілімінде тұрған жағдайларда қабылданбайды.

39. Тендерлік комиссия өтінімдері қабылданған әлеуетті өнім берушілермен бағаны төмендетуге келіссөздер жүргізеді.

Жүргізілген келіссөздердің қорытындылары бойынша әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамамен бекітілген баға ұсынысының нысаны бойынша бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысын беруге құқылы.

40. Қабылданған өтінімдерді тендерлік комиссия бағаны төмендетуге (ол болған жағдайда) қосымша баға ұсынысын ескере отырып бағалайды және салыстырады.

41. Ең төменгі баға ұсынысын (бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысы) ұсынған әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы деп танылады.

Ең төменгі баға ұсыныстары тең болған кезде тендерлік комиссия бағалары ең төмен деп танылған және тең болып табылатын әлеуетті өнім берушілермен қайтадан келіссөздер жүргізеді.

Қайталама келіссөздердің қорытындылары бойынша әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттамада бекітілген баға ұсынысының нысаны бойынша бағаны төмендетуге қосымша баға ұсынысын беруге құқылы.

Ең төмен баға ұсыныстары қайтадан тең болған немесе қайталама келіссөздердің қорытындылары бойынша қосымша баға ұсыныстары берілмеген жағдайда тендерлік комиссия мүшелері дауыстарының барынша көп санын жинаған әлеуетті өнім беруші тендердің жеңімпазы болып танылады.

42. Қызметтерді сатып алу қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Қорытындылар туралы хаттамаға тендерлік комиссия мүшелері және оның хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама соғады.

43. Тендердің қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат:

1) қорытынды шығарылатын орын және уақыт туралы;

2) әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға келіп түскен өтінімдер туралы;

3) ҚҚС есептемегенде сатып алу жоспарында көзделген, сатып алу үшін бөлінген сома туралы;

4) қабылдамаудың егжей-тегжейлі негіздемелері көрсетілген қабылданбаған өтінімдер туралы;

5) тендерге қатысуға өтінімдері қабылданған әлеуетті өнім берушілер туралы;

6) бағаны төмендетуге (ол болған жағдайда) қосымша баға ұсынысы берілген күн туралы;

7) тендердің қорытындылары туралы;

8) егер тендер өткізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасы және оның жасалған мерзімі туралы;

9) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;

10) тендерлік комиссияның қалауы бойынша өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.

44. Тапсырыс беруші тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) жеңімпазға хабарлама жібереді;

2) тендердің қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастырады.

45. Тендерді тендерлік комиссия мынадай:

1) саны екіден аз әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінім берген;

2) егер осы Тәртіптің 38-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тендерлік комиссия қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға екіден аз өтінімі қалған;

3) жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған жағдайларда өткізілмеді деп таниды.

46. Егер тендер тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай:

1) тендер тәсілімен сатып алуды қайталап өткізу туралы;

2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен сатып алуды қайталап өткізу туралы;

3) сатып алуды бір көзден тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.

Бұл ретте, Тәртіптің осы тармағының 3) тармақшасында көзделген шешім қабылданған жағдайда, сатып алу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

47. Өткізіліп жатқан/өткізілген тендерде (лотта) тендердің (лоттың) қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші және (немесе) тендерлік комиссия шарт жасалатын сәтке дейін тендердің (лоттың) немесе оның қорытындыларының күшін жоюға міндетті. Бұл ретте, тендер (лот) қайта қаралуға тиіс (тендерлік комиссияның сол құрамымен, тендерге (лотқа) қатысқан сол әлеуетті өнім берушілермен).

Тендерлік құжаттамада өткізіліп жатқан/өткізілген тендердің (лоттың) қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші шарт жасалатын сәтке дейін тендердің (лоттың) күшін жоюға, тендерлік құжаттаманы сәйкестікке келтіруге және тендерді (лотты) қайта жариялауға міндетті.

Сатып алуға тапсырыс беруші тендердің (лоттың) немесе оның қорытындыларының күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ол туралы өткізілетін сатып алуларға қатысқан тұлғаларды хабардар етуге және тиісті хабарландыруды Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор анықтаған веб-сайтта жариялауға міндетті.
Шартты жасасу

48. Сатып алу туралы шарт тендерлік құжаттамада қамтылған сатып алу туралы шарттың жобасына сәйкес Қағидаларда көзделген тәртіппен және мерзімде жасалады.

Сатып алу туралы шарттың жобасына, сондай-ақ жасалған шартқа өзгерістер мен толықтырулар Қағидаларда көзделген жағдайларда енгізіледі.

Қағидаларға № 2 қосымша



Холдингтің Жер қойнауын пайдаланушылары

сатып алуды жүзеге асыруы тәртібі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Бұл тәртіпте Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруының ерекше шарттары анықталады.

2. Тауарларды сатып алуды жүзеге асыруға қатысты Тәртіпте белгіленген ерекше шарттарды 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасасқан Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары қай мерзімнің бұрын келуіне байланысты мұндай келісім-шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданады.
2-бөлім. Сатып алуды жоспарлау
3. Сатып алуды жоспарлау қағидаларда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Сатып алу жоспар(лар)ын қалыптастыру кезінде Жер қойнауын пайдаланушылар Холдингтің ақпараттық дерекқорын, оның ішінде Холдингтің тауар өндірушілері тізілімін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәлімет берілетін, уәкілетті мемлекеттік органның тиісті ақпараттық дерекқорларын пайдалана отырып, отандық тауарлар нарығының мониторингін жүзеге асырады. Бұл ретте тауарларды жеткізу мерзімін жоспарлау кезінде Жер қойнауын пайдаланушы өндірудің технологиялық мерзімін немесе 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс, отандық тауар өндірушіден сатып алуға жоспарланып отырған тауарды жеткізу мерзімін ескеруі тиіс.



3-бөлім. Сатып алу тәсілін анықтау
4. Қағидалардың 17-тармағы негізінде Жер қойнауын пайдаланушылар сатып алу тәсілін өз бетімен таңдайды.

Бұл ретте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабы 3-тармағына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды отандық тауар өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуға міндетті.


4-бөлім. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге

асырудың ерекше шарттары
5. Жер қойнауын пайдаланушылар жұмыстарды сатып алуы кезінде тендер құжаттамасында жұмыстарды орындауға қажетті отандық тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жағдайда мұндай тауарларды сатып алу міндеттемелерін әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы туралы талап белгіленеді.

Бұл жағдайда тендерге қатысу үшін ұсынылатын өтінім Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттармен қоса әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған немесе ол уәкіл еткен тұлғаның қолы қойылған, мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жағдайда жұмыстарды орындауға қажетті отандық тауарларды сатып алу туралы әлеуетті өнім берушінің кепілдік хатын қамтуы тиіс.

6. Сатып алуды осы Тәртіпке сәйкес жүргізген кезде тендерлік құжаттамада Қағидалардың 39-бабы 1), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген міндетті бағалау өлшемдері мен салыстырулар ескеріледі, сондай-ақ мынадай өлшемдер қосымша ескерілуі тиіс:

1) тауардың шыққан жері туралы сертификаттың (CT KZ нысандағы) ұсынылған түпнұсқасына не нотариалды куәландырылған көшірмесіне не мемлекеттік немесе сертификат берген өкілетті орган куәландырған көшірмесіне сәйкес сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылады және Холдингтің тауар өндірушілері тізілімінде болады (бағаның 5%-ға шартты төмендеуі);

2) тауардың шыққан жері туралы сертификаттың (CT KZ нысандағы) түпнұсқасы не нотариалды куәландырылған көшірмесі не сертификат берген мемлекеттік өкілетті орган куәландырған көшірме негізінде анықталатын, жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын, әлеуетті өнім берушінің тауарындағы жергілікті қамту (жергілікті қамтудың әр 1% үшін бағаның 0,15%-ға шартты төмендеуі);



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау