«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің



жүктеу 0,66 Mb.
бет8/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
1   2   3   4   5   6   7   8

3) Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітілетін Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (бұдан әрі – Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі) талаптарына сәйкес жасалған, ұсынылатын жұмыстардағы немесе қызметтердегі жергілікті қамтудың қорытынды пайыздық мәнін растайтын, ұсынылатын жұмыстардағы немесе қызметтердегі жергілікті қамтуының пайыздық мәні көрсетілген және жергілікті қамту үлесінің есебі берілген, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкіл еткен тұлға қол қойған жұмыстардағы немесе қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша әлеуетті өнім берушінің кепілдікті міндеттемесі (жергілікті қамтуының әр
1% үшін бағаның 0,1%-ға шартты төмендеуі ).


Осы тармақшада көрсетілген жергілікті қамту үлесінің есебі Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі талаптарына немесе тендерлік құжаттаманың техникалық сипаттамасына сай келмеген жағдайда тендерлік комиссия осы тармақшада анықталған өлшем бойынша әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдік қолданбайды;

4) шартты толық орындағанға дейін әлеуетті өнім беруші өндірілуін Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруға міндеттенетін, сатып алынатын тауардың атауы және тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі (өтініште (декларацияда) көрсетілген жергілікті қамтудың пайыздық мәнінің әрбір 1% үшін бағаны 0,15%-ға шартты төмендету) көрсетілген, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе ол өкіл еткен тұлға қол қойған өтініш (декларация). Бұл ретте әлеуетті өнім беруші ұсынылған тауардың шыққан жері туралы сертификаттың (CT KZ нысанының) түпнұсқасына немесе нотариалды куәландырылған көшірмесіне немесе сертификат берген мемлекеттік немесе өкілетті орган куәландырған көшірмесіне сәйкес сатып алынатын тауарлармен біртектес тауарларды отандық өндіруші болуы тиіс.

Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің берген өтініміне осы тармақшада айқындалған өлшем қолданылатын жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында ескерілген өлшемдер бұл әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысу үшін берген өтініміне қолданылмайды.

7. Осы Тәртіпке сәйкес жүргізілетін тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер, сондай-ақ сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушілері енгізбейді.

8. Қағидалардың 80 және 89-тармақтарында көрсетілген өнім берушілердің категориясынан басқа Жер қойнауын пайдаланушыларға авансты (алдын ала төлеуді) қайтаруды және шарттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптың сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушілеріне де қатысы жоқ.
5-бөлім. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асырудың ерекше жағдайлары
9. Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары баға ұсыныстарын салыстырып, ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні анықтайды.

Ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда Холдингтің тауар өндірушілері тізілімінде тұрған, сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі жеңімпаз болып табылады. Холдингтің тауар өндірушілері тізілімінде тұрған сатып алынатын тауардың тауар өндірушісі болмаған жағдайда және жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде баға ұсынысы өзге де әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

Егер ең төменгі баға ұсынысын Холдингтің тауар өндірушілері тізілімінде тұрған, сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушілері болып табылатын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған болса, ұсынылған CT-KZ сертификатына сәйкес сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады. Ұсынылған CT-KZ сертификатына сәйкес сатып алудағы жергілікті қамту үлесі бойынша мәндер тең жағдайда баға ұсынысы өзге де әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

6-бөлім. Сатып алу шартының айрықша ережелері

10. Тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу туралы шартта СТ-KZ нысанды тауардың шыққан жері туралы сертификатқа, кепілдік міндеттемесіне сәйкес тендерге немесе баға ұсынысына қатысу үшін берілген өтінімде өнім беруші көрсеткен тауарлардағы, жұмыстардағы немесе қызметтердегі жергілікті қамту үлесі және жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін оның 5% мөлшерде, сондай-ақ әрбір орындалмаған жергілікті қамту үшін шарттың жалпы сомасының 5%-ы, бірақ шарттың жалпы сомасының 15%-нан артық емес мөлшерде айыппұл төлеу жауапкершілігі қамтылуы тиіс. Сонымен қатар сатып алу шартында жергілікті қамту бойынша есептілікті уақытында ұсынбағаны және күмәнді есептілік ұсынғаны үшін айыппұл төлеу түріндегі өнім берушінің жауапкершілігін қамтылуы тиіс.

Сатып алу шартында әлеуетті өнім беруші/ өнім беруші тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша күмәнді ақпарат берген жағдайда Холдингтің жер қойнауын пайдаланушыларының шартты орындаудан бір жақты бас тарту және залалды өтеуді талап ету құқығы қарастырылуы тиіс.

11. Сатып алу шартында өнім берушінің сатып алу шарты толық орындалғанға дейін Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынатын тауарды өндіруді ұйымдастыру және өтініш (декларация) түрінде тендерге қатысу үшін ұсынылған өтінімінде оның көрсеткен тауардағы пайыздық көріністегі жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемесі көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынатын тауарды өндіруді ұйымдастыру және пайыздық көріністегі жергілікті қамту үлесі бойынша өнім берушінің міндеттемелерінің орындалуын растаған болып өнім берушінің сатып алынған тауарды қабылдауды - тапсыруды растайтын тиісті (ақырғы) актіге тараптар қол қойған күнге дейін сатып алынатын тауарға СТ-КZ нысанды сертификатты (түпнұсқасы, нотариус куәландырған көшірмесі немесе ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сертификат беру жөніндегі уәкілетті органның мөрімен куәландырылған көшірмесі) ұсынуы табылады.

Өнім беруші көрсетілген мерзім ішінде СТ-KZ нысанды сертификатты ұсынбаған жағдайда өнім беруші сатып алынатын тауарды өндіруді ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін сатып алу шартының жалпы құнының 15% мөлшерінде айыппұл төлеуге жауапты болады және оны сатып алынған тауарды қабылдауды - тапсыруды растайтын тиісті (ақырғы) актіге тараптар қол қойғанға дейін өнім беруші төлеуі тиіс немесе Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары ұстап қалуына болады. Бұл ретте Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары мұндай өнім беруші туралы мәліметті Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізіміне енгізу үшін Қордың басқармасы анықтаған еншілес ұйым атынан сатып алу мәселелері жөніндегі Өкілетті органға белгіленген тәртіппен жібереді.

Өтініште (декларацияда) көрсетілген тауардағы пайыздық көріністегі жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелерін өнім беруші орындамаған жағдайда өнім беруші 5% мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ өтініште (декларацияда) көрсетілген жергілікті қамтудың орындалмаған пайыздық мәнінің әр 1% үшін 0,15%, бірақ сатып алу шартының жалпы құнының 15%-нан артық емес мөлшерде төлеуге жауапты және оны сатып алынған тауарды қабылдауды - тапсыруды растайтын тиісті (ақырғы) актіге тараптар қол қойғанға дейін өнім беруші төлеуі немесе Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары ұстап қалуы тиіс.

12. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде тендерге қатысу үшін ұсынылатын өтінімнің құрамында ұсынылған кепілдікті міндеттеме бойынша өндірілетін жағдайда, жұмыстарды орындауға қажетті мұндай отандық тауарларды сатып алу бойынша өнім берушінің міндеттемесі жұмыстарды сатып алу шартында көрсетілуі тиіс.

Өнім беруші тендерге қатысу үшін ұсынылатын өтінімнің құрамында ұсынылған, жұмыстарды орындауға қажетті отандық тауарларды сатып алу туралы кепілдікті міндеттемені өнім беруші ұсынбаған жағдайда өнім беруші сатып алынатын тауарды өндіруді ұйымдастыру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін сатып алу шартының жалпы құнының 15% мөлшерінде айыппұл төлеуге жауапты болады және оны сатып алынған тауарды қабылдауды - тапсыруды растайтын тиісті (ақырғы) актіге тараптар қол қойғанға дейін өнім беруші төлеуі тиіс немесе Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары ұстап қалуына болады. Бұл ретте Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары мұндай өнім беруші туралы мәліметті Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізіміне енгізу үшін Қордың басқармасы анықтаған еншілес ұйым атынан сатып алу мәселелері жөніндегі Өкілетті органға белгіленген тәртіппен жібереді.

Жұмыстарды орындау үшін қажетті отандық тауарларды сатып алу бойынша кепілдікті міндеттемені орындаудың растауы болып жұмыстардың орындалуын растайтын тиісті (ақырғы) актіге тараптар қол қойғанға дейін өнім берушінің тауар(лар)ға СТ-КZ нысанды сертификаттың көшірмесін ұсынуы табылады.

13. Егер шарт Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалардың) тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдарымен (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғамен), сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісімен жасалатын болса, онда шарт талаптарында шарт сомасының 30%-нан кем емес мөлшерде алдын ала төлем төлеу қаралуы тиіс және оны шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеу керек.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асыру кезінде Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың келесі 12 (он екі) айына тауар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін көзделген қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт сомасының 30%-нан кем емес мөлшерде алдын ала төлем төлеуді шарттың талаптарында қарастыруына құқылы.
7-бөлім. Жергілікті қамту мониторингі
14. Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту мониторингін жүзеге асырады. Осы мақсатпен Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары Қазақстан Республикасының бейрезидент өнім берушілері шет мемлекеттің аумағында тауар жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып, жергілікті қамту үлесін есептеуге қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту бойынша есептілікті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілердің міндетті түрде ұсынуын қамтамасыз етеді.

15. Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары Сатып алу мәселелері жөніндегі өкілетті органға Қордың басқармасы айқындаған тәртіппен есептер жібереді.

16. Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептеледі.

17. Сатып алу мәселелері жөніндегі өкілетті орган Холдингтің жер қойнауын пайдаланушыларына осы Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудағы жергілікті қамту есептілігі мен мониторингі мәселелері бойынша қосымша сұратулар жасай алады.

Қағидаларға № 3 қосымша

«Білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды

жүзеге асырудың ерекше тәртібі»
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінде білікті әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу рәсімін өткізуге қойылатын талаптар айқындалады.

2. Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу Қордың басқармасы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы Ерекше тәртіпте мынадай түсініктемелер қолданылады:

1) білікті әлеуетті өнім беруші - алдын ала біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті өнім беруші;

2) біліктілік өлшемдері - алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу үшін әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптардың жиынтығы;

3) алдын ала біліктілік іріктеуі - Қор айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатын біліктілік өлшемдерінің талаптарына әлеуетті өнім берушілердің сай келуін бағалау процесі;

4) білікті әлеуетті өнім берушінің рейтингі - алдын ала біліктілік іріктеуінің нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушіге берілген баллдардың жалпы сомасы;

5) сәйкестік - біліктілік өлшемдерінің талаптарын орындау;

6) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сыншылдық деңгейі - Қор айқындаған тәртіппен олардың құны мен Тапсырыс берушінің қызметіндегі тағайындалуын ескере отырып айқындалатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сыншылдық деңгейі.
2-бөлім. Білікті әлеуетті өнім берушілер арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттары

4. Білікті әлеуетті өнім берушілер арасындағы сатып алу рәсімі осы Ерекше тәртіптің 5 - 12-1-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып, осы Қағидаларда сипатталған сатып алу рәсіміне ұқсас.

Қағидалардың 61, 75-тармақтарында көзделген Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында, сондай-ақ Қор айқындаған веб-сайтта тендерге қатысу үшін берілген өтінімдерді ашу хаттамаларын, тендер арқылы сатып алу қорытындысының хаттамаларын жариялау туралы талаптар осы Ерекше тәртіпке сәйкес жүргізілетін сатып алуға қолданылмайды.

Тендерге қатысу үшін берілген өтінімдерді ашу хаттамаларын, сондай-ақ тендер арқылы сатып алудың қорытындылары хаттамаларын осы сатып алуға қатысқан, білікті әлеуетті өнім беруші жібереді.



Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттары
5. Тендерлік құжаттаманы қалыптастыру кезінде Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы білікті әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидалардың
38-тармағында көрсетілген біліктілік өлшемдеріне және/немесе нақты мәртебеге сай келуі туралы талаптарды қарастыруға құқылы. Тендер әдісімен жүргізген кездегі біліктілік өлшемдерінің саны 3 (үш) біліктілік өлшемінен аспауы тиіс.

Бұл ретте Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы таңдап алынған біліктілік өлшем(дер)іне білікті әлеуетті өнім берушінің сәйкестік деңгейін анықтауға құқылы.

6. Тендерлік құжаттаманы қалыптастыру кезінде Тапсырыс берушіге/Сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сыншылдық деңгей(лер)іне сәйкес келетін (немесе одан жоғары), сондай-ақ біліктілік өлшем(дер)іне және/немесе біліктілік өлшем(дер)іне сәйкестік деңгей(дер)іне және/немесе білікті әлеуетті өнім берушінің мәртебесіне (осы Ерекше тәртіптің 5-тармағында белгіленген жағдайда) сәйкес келетін білікті әлеуетті өнім берушілердің жалпы саны туралы ақпарат ұсынылады.

7. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сыншылдық деңгей(лер)іне сәйкес келетін (немесе одан жоғары), сондай-ақ біліктілік өлшем(дер)іне және/немесе біліктілік өлшем(лер)іне сәйкестік деңгей(дер)іне және/немесе білікті әлеуетті өнім берушінің мәртебесіне (осы Ерекше тәртіптің


5-тармағында белгіленген жағдайда) сәйкес келетін екі және одан да көп білікті әлеуетті өнім беруші бар жағдайда тендер әдісімен өткізілетін сатып алу жүзеге асырылуы мүмкін .

8. Егер білікті әлеуетті өнім берушілердің саны екіден кем болса, онда Тапсырыс беруші/Сатып алуды ұйымдастырушы біліктілік өлшем(дер)іне және/немесе біліктілік өлшем(дер)іне сәйкестік деңгей(лер)іне және/немесе білікті әлеуетті өнім берушінің мәртебесіне қойылатын талаптарды қайта қарастыруы тиіс.

9. Сатып алу туралы хабарлама жарияланған соң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сыншылдық деңгей(лер)іне сәйкес келетін (немесе одан жоғары), сондай-ақ біліктілік өлшем(дер)іне және/немесе біліктілік өлшем(дер)іне сәйкестік деңгей(лер)іне және/немесе білікті әлеуетті өнім берушінің мәртебесіне (тендерлік құжаттамада бар жағдайда) сәйкес келетін білікті әлеуетті өнім берушілерге ашық тендер әдісімен өткізілетін сатып алуға қатысуға шақыру жіберіледі.

10. Тендерлік құжаттаманы қалыптастыру кезінде осы Қағидалардың


37-тармағы 3) тармақшасында қарастырылған талаптар қолданылмайды.

11. Қағидалардың 39-тармағында қарастырылған, бағаны шартты төмендетуге әсер ететін, тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерін бағалаудың және салыстырудың міндетті өлшемшарттары тендерлік құжаттамада қарастырылмайды.

12. Ашық тендердің жеңімпазы ең төменгі жалпы баға негізінде анықталады.

Талдау мен бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған білікті әлеуетті өнім беруші ең төменгі жалпы бағадан кейінгі баға негізінде анықталады.

Тендерлік баға ұсыныстарының жалпы бағалары бірдей жағдайда Қор белгілеген тәртіппен айқындалатын білікті әлеуетті өнім берушінің ең жоғарғы рейтингісіне ие болған білікті әлеуетті өнім беруші жеңімпаз (немесе талдау және бағалау қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған білікті әлеуетті өнім беруші) болып танылады.

Тендерлік баға ұсыныстарының жалпы бағалары мен білікті әлеуетті өнім берушілердің ең жоғарғы рейтингілері бірдей жағдайда тендерлік өтінімді бұрынырақ ұсынған білікті әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

12-1. Егер осы Ерекше тәртіпке сәйкес тендер тәсілімен өткізілген сатып алу Қағидалардың 73-тармағы 1) тармақшасына сәйкес өткізілмеді деп танылған жағдайда Тапсырыс беруші мынадай:

1) Ерекше тәртіпке сәйкес тендер тәсілімен сатып алуды қайталап өткізу туралы;

2) Ерекше тәртіпке сәйкес тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен сатып алуды қайталап өткізу туралы;

3) өткізілген сатып алу талаптары негізінде білікті әлеуетті өнім берушіден сатып алуды бір көзден тәсілімен жүзеге асыру туралы;

4) Ерекше тәртіппен белгіленген талаптарды алып тастауға қатысты тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу және Ерекше тәртіп нормаларын қолданусыз Қағидаларға сәйкес тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.

Қағидаларға № 4 қосымша


«Сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыру

үшін сатып алуды жүзеге асыру туралы қағида
1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы Пилоттық сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыру үшін сатып алуды жүзеге асыру туралы қағидада пилоттық сатып алудың санаттық стратегиялары әзірленіп, бекітілген сатып алу санаттарына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібі айқындалады».

2. Пилоттық сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу және бекіту Қор басқармасы әзірлеу және бекіту Қор Басқармасы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы Қағидаға сәйкес сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін Тапсырыс беруші Холдингке кіретін ұйым(дар)ды сатып алуды ұйымдастырушы(лар) ретінде анықтауға құқылы.

4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Сатып алудың санаттық стратегияcы - ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективадағы пайданы барынша көбейтуге сүйене отырып тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға оңтайлы тәсілдемені анықтайтын құжат. Стратегияға сатып алудың санаттық тобы жүргізген өткен кезеңдердің шығындары, болашақ қажеттілікті, жеткізілім нарығы және бизнес талаптары және т.с.с. талдауы негізінде жасалған қорытынды кіреді;

2) сатып алу санаты (санат) - бірдей болып табылмайтын, сонымен бірге ұқсас функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін, бірдей өзіндік белгілері немесе ұқсас атрибуттары, техникалық және өзге де сипаттамалары негізінде бір топқа бірігетін тауарлар тобы және/немесе жұмыстар мен/немесе қызметтер тобы. Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің номенклатуралық жайғасымын Сатып алу санатына біріктіру кезінде өнім берушілердің ортақ нарығы болуы, бірдей өндіріс технологиясы, бір қызмет саласына жататындығы және т.б. факторлар ескеріледі;

3) иеліктің жиынтық құны (ИЖҚ) - сатып алуға, жеткізуге, монтаждауға, жөндеуге, қызмет көрсетуге және таратуға жұмсалған шығынды қоса алғанда иелену объектісінің барлық өмірлік кезеңі кезінде иесінің жұмсаған жалпы шығыны мөлшері.


2-бөлім. Тендер тәсілімен сатып алудың санаттық стратегияларын іске асыру үшін сатып алу рәсімін жүзеге асыру
5. Пилоттық сатып алудың санаттық стратегиялары әзірленіп, бекітілген сатып алу санаттарына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімінде төмендегі жүйелі шараларды жүргізу қарастырылады:

1) тендер әдісімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы шешім қабылдау, тендерлік комиссияның, қажет жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендерлік комиссияның хатшысын тағайындау, тендерлік құжаттаманы бекіту;

2) Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тендер әдісімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру орналастыру;

3) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссияның хатшысы қабылдап алуы және тіркеуі;

4) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерден келіп түскен өтінімдерді ашу және қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы, тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу;

5) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдерін тендерлік комиссияның қарауы, осы тармақтың 6) тармақшасында қарастырылған рәсімге рұқсат беру хаттамасын ресімдеу;

6) бағаны төмендетуге (иеліктің жиынтық құны арқылы) әлеуетті өнім берушілермен келіссөздер жүргізу;

7) тендердің қорытындыларын шығару, тендердің қорытындылары туралы хаттама ресімдеу;

8) Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тендердің қорытындылары туралы хаттама орналастыру;

9) тендердің жеңімпазымен сатып алу шартын жасасу.

6. Тендер өткізілетіні туралы шешім қабылдау, тендерлік комиссияның, қажет жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендерлік комиссияның хатшысын тағайындау Қағидаларда анықталған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның мүшесі ретінде сатып алудың санаттық тобы өкілі енгізілуі тиіс. Тендерлік комиссияның құрамына енгізу үшін бақылаушы (дауыс беру және шешім қабылдау құқығынсыз) ретінде Қордың немесе Қордың Басқармасы айқындаған еншілес ұйым атынан сатып алу мәселелері жөніндегі өкілетті органның өкілін жіберуге Қор құқылы.

7. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер болуы тиіс:

1) Тапсырыс берушінің (берушілердің) атауы және орналасқан жері;

2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы (техникалық тапсырмасы);

3) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері, көлемі және өзге де елеулі шарттар;

4) ҚҚС-ны есептемей, сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома туралы мәлімет;

5) баға ұсынысының нысаны;

6) сатып алу шартының жобасы;

7) пилоттық сатып алудың санаттық стратегиясында анықталған әлеуетті өнім берушілердің біліктілігіне қойылатын талаптар;

8) ИЖҚ негізінде әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын бағалау формуласы (егер бұл пилоттық сатып алудың санаттық стратегиясында ескерілген болса);

9) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші беретін өтінімінің мазмұнына және оны ресімдеуге қойылатын талаптар;

10) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсыну тәртібі, тәсілі, орны және ақырғы мерзімі;

11) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;

12) әлеуетті өнім берушілермен кездесу, оның ішіне тиісті хаттамаларды ресімдей отырып, бағаны (иеліктің жиынтық құнын) төмендету бойынша келіссөздер өткізу орны, мерзімі және тәртібі;

13) Қордың сатып алу қорытындыларымен келісуі рәсімін ескере отырып сатып алу шартын жасау тәртібі және мерзімі.

Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге жүргізілетін сатып алудың шарттары туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретін өзге де қосымша мәліметтер болуы мүмкін.

8. Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тендер әдісімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарландыру тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер ұсынуының ақырғы мерзіміне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кем емес мерзімде орналастырылады.

9. Тендерге қатысу үшін берілген өтінім тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге әлеуетті өнім берушінің келісетінін білдіру нысаны болып табылады және онда:

1) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің толтырған және қол қойған өтінімі;

2) тендерлік құжаттамада белгіленген талаптарға сай келуі тиіс, сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы (техникалық тапсырмасы);

3) тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келетін баға ұсынысы;

4) тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келетін, ИЖҚ-ны есептеу үшін қажетті мәліметтер;

5) осы Ереженің 7-тармағы 7 ) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын құжаттар (егер тендерлік құжаттамада мұндай талаптар ескерілген болса);

6) тендерлік құжаттамада қарастырылған өзге де құжаттар қамтылуы тиіс.

Бұл ретте әлеуетті өнім беруші сонымен бірге альтернативті шарттармен тендерге қатысуға өтінім жасауға құқылы.

10. Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысу үшін берген өтінімдерін қабылдауды және тіркеуді Қағидаларда анықталған тәртіппен тендерлік комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

11. Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерден келіп түскен өтінімдерді ашу және қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы, тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің берген өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу, әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысу үшін берген өтінімдерін тендерлік комиссияның қарауы Қағидаларда анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.

12. Тендерге қатысу үшін берілген өтінім төмендегі жағдайларда қабылданбайды:

1) әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің үздік шарттарын, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үздік сипаттамаларын ұсынатын техникалық сипаттамаға сай келмеу жағдайларын қоспағанда, тендерге қатысу үшін берілген өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейді  деп танылса;

2) әлеуетті өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы), немесе консорциумға кіретін заңды тұлға Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері тізімінде және (немесе) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізбесінде және (немесе) Жалған кәсіпорындар тізімінде тұрса;

3) егер әлеуетті өнім беруші бұл тендерге (лотқа) қатысуға өтінім берген басқадай әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылатын болса;

4) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса.

Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысу үшін берген өтінімдерін қабылдамау үшін көрсетілген негіздер жеткілікті болып табылады.

13. Тендерлік комиссия өтінімдері қабылданған әлеуетті өнім берушілермен бағаны (иеліктің жалпы құнын) төмендетуге келіссөздер жүргізеді.

Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша әлеуетті өнім беруші тендерлік құжаттамада бекітілген нысан бойынша бағаны (иеліктің жалпы құнын) төмендетуге қосымша баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

14. Қабылданған өтінімдерді тендерлік комиссия бағалайды және бағаны (иеліктің жалпы құнын) төмендетуге қосымша баға ұсынысы бар жағдайда оны ескере отырып салыстырып қарайды.

15. Тендердің (лоттың) жеңімпазы болып сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ең төмен баға ұсынысын ұсынған немесе ұсынысы ең төмен ИЖҚ мәнін қамтамасыз ететін әлеуетті өнім беруші танылады (сатып алуды ИЖҚ-ны есептеуді қолдана отырып жүргізетін жағдайда).

Ең төмен баға ұсыныстары бірдей жағдайда (сатып алуды ИЖҚ-ны қолданбай жүргізетін жағдайда) тендердің (лоттың) жеңімпазы Қағидалардың 70-тармағына сәйкес анықталады.

ИЖҚ-ның ең төмен мәндері бірдей жағдайда, тендерлік комиссия мүшелерінің ең аз дауыс санына ие болған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

16. Сатып алудың қорытындылары хаттама арқылы ресімделеді. Тендерлік комиссия мүшелері, бақылаушылар (олар қатысқан жағдайда) және оның хатшысы қорытындылар туралы хаттамаға қол қояды және оның әр парағына бұрыштама қояды.

17. Тендердің қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) қорытындылар шығарылған орын және уақыт туралы;

2) тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерден келіп түскен өтінімдер туралы;

3) ҚҚС есептемегенде сатып алу жоспарында қарастырылған сатып алу үшін бөлінген сома туралы;

4) қабыл алмаудың егжей-тегжейлі негіздері көрсетілген қабылданбаған өтінімдер туралы;

5) тендерге қатысу үшін ұсынған өтінімдері қабылданған әлеуетті өнім берушілер туралы;

6) бағаны төмендетуге қосымша баға ұсыныстарын ұсыну күні (бар жағдайда) туралы;

7) тендердің қорытындылары туралы;

8) егер тендер өткен болса, сатып алу туралы шарттың сомасы және мерзімі туралы;

9) екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші туралы;

10) тендерлік комиссияның қарауы бойынша өзге де ақпарат болуы тиіс.

18. Тапсырыс беруші тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) жеңімпазға хабарлама жібереді;

2) Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тендердің қорытындылары туралы хаттама орналастырады.

19. Мынадай жағдайларда тендерлік комиссия тендерді өткізілмеді деп таниды:

1) тендерге қатысу үшін екіден кем әлеуетті өнім берушінің өтінім беруі;

2) егер осы Ережелердің 12-тармағында қарастырылған негіздер бойынша тендерлік комиссия қабылдаудан бас тартқан соң тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің ұсынған екіден кем өтінімі қалса;

3) жеңімпаз бен екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса;

4) тендердің жеңімпазы мен екінші орынға ие болған әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 77, 79, 87-тармақтарына сәйкес авансты (алдын ала төлемді) қамтамасыз етпесе және (немесе) сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ептесе.

20.Егер тендер арқылы өткізілетін сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда Тапсырыс беруші төмендегі шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:

1) сатып алуды тендер арқылы қайтадан өткізу туралы;

2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және сатып алуды тендер арқылы қайтадан өткізу туралы;

3) сатып алуды бір көзден тәсілімен жүзеге асыру туралы.

Бұл ретте Ережелердің осы тармағы 3) тармақшасында қарастырылған шешім қабылданған жағдайда сатып алу Қағидаларда анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.

21. Өткізілетін/өткізілген тендерде тендердің (лоттың) қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін Тапсырыс беруші/Сатып алуды ұйымдастырушы мен (немесе) тендерлік комиссия тендердің (лоттың) немесе оның қорытындыларының күшін жоюға міндетті. Бұл ретте тендер (лот) қайта қарастырылуы тиіс (тендерлік комиссияның тура сол құрамында, тендерге (лотқа) қатысқан тура сол әлеуетті өнім берушілермен).

Тендерлік құжаттамада өткізілетін/өткізілген тендердің (лоттың) қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін Тапсырыс беруші/Сатып алуды ұйымдастырушы мен тендерлік комиссия тендердің (лоттың) күшін жоюға, сондай-ақ тендерлік құжаттаманы сәйкестендіріп, тендерді (лотты) қайта жариялауға міндетті.

Тендердің (лоттың) немесе оның қорытындыларының күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші бұл туралы өткізілетін тендерге (лотқа) қатысушы адамдарға хабарлап, Тапсырыс берушінің веб-сайты мен Қор айқындаған веб-сайтта тиісті хабарландыру беруге міндетті.
Шарт жасасу
22. Сатып алу туралы шарт тендерлік құжаттамадағы сатып алу туралы шарттың жобасына сәйкес Қағидаларда қарастырылған тәртіппен және мерзімде жасалады.

Сатып алу туралы шарттың жобасына, сондай-ақ жасалған шартқа өзгерістер мен толықтырулар Қағидаларда қарастырылған жағдайларда енгізіледі.».


3. Қосымша ережелер
Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі Қордың құзыреттер орталығы мына функцияларды жүзеге асырады:

1) пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу және бекіту үшін Сатып алу санаттары тізбесін қалыптастырады, жүргізеді және бекітеді;

2) Қор деңгейінде басқару жүзеге асырылатын сатып алу санаттары бойынша пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу кестесін қалыптастырады;

3) Қор деңгейінде басқару жүзеге асырылатын сатып алу санаттары бойынша пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу үшін Сатып алатын санаттық топтарды қалыптастырып, құрамын бекітеді;

4) Қор деңгейінде басқару жүзеге асырылатын сатып алу санаттары бойынша пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлейді және оларды іске асыру үшін іс-шараларды жүзеге асырады;

5) Холдингте сатып алу санаттарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру регламентіне сәйкес пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға мониторингті жүзеге асырады;

6) Холдингке кіретін ұйымдарға сатып алу санаттарын басқару мәселелері бойынша әдіснамалық және сараптамалық қолдау көрсетеді;

7) Холдингке кіретін ұйымдардың пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеуге ішінара қатысады;

8) пилоттық сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу кезеңінде Қағидалардың 138-тармағының 10) тармақшасында көзделген бір көзден сатып алу әдісін таңдау негізділігі бөлігінде ұсынымдар береді;

9) Қор айқындаған өзге де функциялар.






жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау