«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің


жер қойнауын пайдалануға келісімшарт



жүктеу 0,66 Mb.
бет2/8
Дата08.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26070
1   2   3   4   5   6   7   8

жер қойнауын пайдалануға келісімшарт«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарт;

тендерлік комиссия мүшесінің мүдделер қақтығысы тендерлік комиссия мүшесінің жеке мүдделері тендерлік комиссия шешімдер қабылдағанда оның қатысу бейтараптығына әсер ететін ахуал;

жергілікті қамту – осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан сатып алу туралы шартты орындауға тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы құнының пайыздық қамтуы және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттері жеткілікті өңдеу немесе толық өндіру өлшемшарттарына сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген жергілікті жерде шығу үлесінің (үлестерінің) құны;

Холдингтің жер қойнауын пайдаланушылары«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге құқығы бар Тапсырыс берушілер;

авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада белгілеген авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды өзге де қамтамасыз ету, оның ішінде сатып алу туралы шарт бойынша аванс (алдын ала төлем) толық өтелгенге дейін қолданылу мерзімімен сақтандыру шарты;

шарттың орындалуын қамтамасыз ету - банк кепілдігі немесе Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада белгілеген шартты орындауды өзге де қамтамасыз ету, оның ішінде шарт толық орындалғанға дейін қолданылу мерзімімен сақтандыру шарты;

біртекті тауарлар, жұмыстар, қызметтер – бірдей болмаса да, белгілі бір және сол функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер;

сатып алуды ұйымдастырушы – сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау мақсатында оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушілер) анықтаған заңды тұлға не құрылымдық бөлімше;

отандық кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;

отандық тауар – тауардың шыққан тегі туралы сертификат (CT KZ нысанындағы) берілген, отандық тауар өндіруші шығарған тауар;

отандық тауар өндірушілер – Қазақстан Рес­публикасының аумағында тауар шығаратын әлеуетті өнім берушілер;

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы – өткен жұмыс күніне қор биржасының таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан шетелдік валюталарға ұлттық валютаның орташа өлшемді биржа бағамы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам

тауар өндірушілер – тауар шығаратын әлеуетті өнім берушілер;

Аттестатталған әлеуетті өнім берушілердің тізбесі – әлеуетті өнім берушілерді аттестаттау қорытындылары бойынша қалыптастырылып, Қор комиссиясы бекітетін Арнайы тәртіпке сәйкес сатып алу жүзеге асырылатын әлеуетті өнім берушілердің қызметтер тізбесі

Холдингтің адал өнім берушілер тізбесі – Холдингке кіретін ұйымдармен жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындаған тұлғалар туралы жүйеге келтірілген мәліметтер;

Жалған кәсіпорындардың тізбесі – оларға қатысты Қазақстан Республикасының соттары оларды жалған кәсіпорындар деп тану туралы сот актілерін (шешімдерін, үкімдерін) шығарған және ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің web-порталында орналастырылған салық төлеушілерді туралы жүйеге келтірілген мәліметтер;

Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (берушілерінің) тізбесі – сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (берушілер) туралы жүйеге келтірілген мәліметтер;

Пилотты сатып алу санатты стратегиясы – Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі Қордың құзыреттер орталығы бекіткен санаттар тізбесіне енгізілген сатып алу санаттары бойынша Қор Басқармасы бекіткен «Самұрық-Қазына» АҚ Холдингінің (сатып алу санаттарын басқару) сатып алу қызметін басқару санатымен анықталған тәртіппен әзірленіп, бекітілген сатып алу санатты стратегиясы;

әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелей белгіленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

өнім беруші – Тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелей белгіленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

Бизнес шешімдердің провайдері – бизнес - шешімдерді әзірлеу және/немесе іске асыру мақсатында Қор Басқармасы анықтайтын Холдингке кіретін ұйым;

Жаңа өндірісті құру жөніндегі жоба – Қор Басқармасының шешімімен бекітілген жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және/немесе жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің 2013 - 2022 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын Жобалар тізбесіне енгізілген жоба;

жұмыстар – заттай нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;

Тауар өндірушілерінің тізілімі – Қор Басқармасы белгілеген еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын тауар өндірушілердің және олар өндіретін тауарлардың тізбесі;

резиденттер – Қазақстан Республикасының рези­денттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқы­ғына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар аза­маттарды қоспағанда, оның ішінде шетелде уақыт­ша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мем­лекет­тік қыз­метте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқы­ғы­на құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;

«кілтпен тапсырылатын» құрылыс – құрылысты салу, оны қамтамасыз ету және пайдалануға дайын объектіні Тапсырыс берушіге тапсыру;

тендерлік құжаттама – тендерге (лотқа) қатысу үшін өтінім дайындауға әлеуетті өнім берушіге берілетін және тендер өткізу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтері бар құжаттама;

тендерлік комиссия – тендер тәсілімен сатып алу өткізу рәсімдерін орындау үшін Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган (сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы);

тауарлар – заттар (бұйымдар), оның ішінде қатты, сұйық немесе газ түріндегі жартылай фабрикаттар немесе шикізат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлік қызметтің объективтендірілген нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасауға болатын заттық құқық;

Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қордың Басқармасы анықтайтын Қордың құрылымдық бөлімшесі және (немесе) еншілес ұйымы;

қызметтер – заттай нәтижесі жоқ Тапсырыс берушінің мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

Хеджирлеу – қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес хеджирлеу объектісінің баға, валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме немесе өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін шығындарды төмендету мақсатында жасалынатын және салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде хеджирлеу құралдарымен танылған туынды қаржылық құралдары бар операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтермен және (немесе) міндеттемелермен немесе күтілетін мәмілелермен байланысты ақша ағындары хеджирлеу объектісі болып танылады;

Қор – «Самұрық-Қазына» АҚ;

Холдинг – Қор мен акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей емесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы. Жанама тиесілі – меншік немесе сенімгерлік басқару құқығындағы өзге заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы әрбір кейінгі заңды тұлғаға тиесілі болуы;

сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы (сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) құратын алқалы орган;

сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігін (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеу үшін тартылатын, Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы (сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жеке тұлға;

электрондық сатып алу – сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, баға ұсыныстарын сұрату немесе тендер тәсілдерімен, оның ішінде төмендету сауда-саттықтарын пайдаланып сатып алу.

Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулық (Нұсқаулық) – Қор Басқармасы бекіткен, электрондық сатып алуды, оның ішінде төмендетуге сауда-саттықтарды қолдана отырып, өткізу рәсімдерін айқындайтын, сондай-ақ техникалық іркіліс пайда болған жағдайда іс-қимылдар тәртібін реттейтін Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулық;

Жүйе – осы Қағида мен Нұсқаулыққа сәйкес электрондық сатып алуды өткізуді қамтамасыз ететін Қордың ақпараттық жүйесі;

Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі Қордың құзыреттер орталығы – Қордың құрылымдық бөлімшесі және (немесе) Қор Басқармасы айқындайтын еншілес ұйым.

3. Тауарларды, жұмыстарды қызметтерді сатып алу:

1) сатып алу үдерісінің жариялылығы мен ашықтығы;

2) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау;

3) сапалы тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу;

4) Холдингтің мүгедектер ұйымы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) қолдау талабымен сатып алу үдерісіне қатысу үшін барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру;

5) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

6) холдинг ішіндегі кооперацияны дамыту мақсатымен Холдингке кіретін ұйымдар арасында сатып алуға жәрдемдесу;

7) қабылданатын шешімдерді бақылау және жауапкершілік;

8) сатып алу үдерісінде делдалдардың қатысуын азайту;

9) инвестициялық стартегиялық жобаларды тиімді іске асыру қағидаттарына негізделеді.

4. Сатып алу үдерісі:

1) сатып алу жоспар(лар)ын әзірлеу мен бекітуді;

2) өнім берушіні таңдауды;

3) сатып алу туралы шарттың қорытындысын және оның орындалуын қамтиды.

5. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуына жауапты жеке құрылымдық бөлімшесі болуы қажет.

Өткізілетін/өткізілген сатып алу жөніндегі құжаттар Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындауы үшін жауапты құрылымдық бөлімшеде сақталады. Бұл ретте құжаттардың сақталу мерзімі іс қағаздарын жүргізу нормаларымен және (немесе) Тапсырыс берушінің іс қағаздары номенклатурасымен анықталады.



6. Холдингтің адал өнім берушілер мен сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбелерін Қордың Басқармасы анықтаған тәртіппен Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Отандық тауар өндірушілердің, Холдингтің мүгедектер ұйымдарының (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар) тізілімдерін Қордың Басқармасы анықтаған тәртіппен Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Сатып алу саласындағы есептілікті Тапсырыс берушінің беру тәртібі мен нысандарын, тауарларға маркетингілік бағалар белгілеу қағидасын, Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор анықтаған веб-сайтта сатып алуды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ақпаратты орналастыру қағидасын, әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) өтініштерін қарау тәртібін, электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықты, Холдингте сатып алу санаттарын басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру регламентін, сондай-ақ Қордың сатып алу мәселелері туралы шағымдарды қарау жөніндегі комиссиясы туралы ережені Қор Басқармасы бекітеді.
2. Сатып алуды жоспарлау
7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді Тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспар(лар)ының негізінде қабылдайды.

8. Жоспарланған кезеңге арналған сатып алу жоспар(лар)ы өндірістік бағдарламаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның және (немесе) бюджеттің және (немесе) даму жоспарының және (немесе) бизнес-жоспардың негізінде қалыптастырылады. Тауарларға қатысты сатып алу жоспар(лар)ы тауарлар номенклатурасы бөлінісінде қалыптастырылады.

9. Сатып алу жоспарын өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оған уәкілетті өзге де тұлға Жүйеде нақты уақыт тәртіптемесінде электрондық қолтаңба арқылы бекітеді және ол Қор Басқармасы белгілеген нысанға сәйкес келуге тиіс.

10. Ұзақ мерзімді сатып алу жоспары өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінің ішінде Тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оған уәкілетті өзге де тұлғаның шешімімен Жүйеде нақты уақыт тәртіптемесінде электрондық қолтаңба арқылы бекітіледі және ол Қор Басқармасы белгілеген нысанға сәйкес келуге тиіс. Тапсырыс беруші өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) қажеттілігіне қарай бизнес-жоспар шеңберінде бекітілген ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

Бұл ретте өзгерістер мен толықтырулар Жүйеде нақты уақыт тәртіптемесінде электрондық қолтаңба арқылы бекітілуге тиіс.

11. Сатып алу(лар) жоспарында Қағидалардың 138-тармағының 5) тармақшасына және 140-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер туралы ақпарат және егер оны жариялау Тапсырыс берушінің коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын ақпаратын ашуға әкелетін жағдайда көрсетілмеуі мүмкін. Бұл ретте мұндай шешімді Қор Басқармасы анықтайтын еншілес ұйым тұлғасында Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісімнен кейін Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы қабылдайды.



Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдері сатып алу жоспар(лар)ында белгіленген мерзімде жүзеге асырылуға тиіс.

Сатып алу жоспар(лар)ы Қор Басқармасы белгілеген еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Холдингтің мүгедектер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар – мүгедектер) ұйымдарының тізбесінде тұрған сатып алынатын тауарды шығаратын мүгедектер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар – мүгедектер) ұйымынан сатып алынатын тауарлар көлемін қамтуға тиіс.

12. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға болмайды.

Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органының/қадағалау кеңесінің (алқалы атқарушы орган/қадағалау кеңесі болмаған жағдайда, басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша Тапсырыс берушінің сатып алудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) инвестициялық бағдарламасы және (немесе) бюджеті және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар(лар)ы және оларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгенге дейін Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруға құқылы. Қор Басқармасының шешімімен бекітілген тізбе бойынша сатып алудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) инвестициялық бағдарламасы және (немесе) бюджеті және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар(лар)ы және оларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгенге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін Қор жүзеге асыруға құқылы. Осы жағдайда сатып алу туралы шартты жасасу талабы өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған сатып алудың өндірістік бағдарламасын және (немесе) инвестициялық бағдарламасын және (немесе) бюджетін және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспар(лар)ын және оларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларды бекіту болып табылады.

13. Тапсырыс беруші сатып алу жоспар(лар)ына өзгерістерді, толықтыруларды мынадай:

- бекітілген өндірістік және (немесе) инвестициялық бағдарламаға және (немесе) бюджетке және (немесе) даму жоспарына және (немесе) бизнес-жоспарына өзгерістер, толықтырулар енгізу;

- сатып алуға жоспарланған тауарлардың бағаларын кемітуді маркетингтік зерттеу нәтижесінде анықталған жағдайларда, сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғанға дейін енгізуге міндетті.

Тапсырыс беруші сатып алу жоспар(лар)ына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістер және/немесе толықтырулар көрсетілген нақтыланған сатып алу жоспарын өзінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыруға міндетті.

Бұл ретте өзгерістер мен толықтырулар Жүйеде нақты уақыт тәртіптемесінде электрондық қолтаңба арқылы бекітілуге тиіс.

Сатып алу жоспар(лар)ында сатып алу Қағидалардың 138-тармағының 5) тармақшасына және 140-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер туралы ақпарат және егер оны жариялау Тапсырыс берушінің коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын ақпаратын ашуға әкелетін жағдайда көрсетілмеуі мүмкін. Бұл ретте мұндай шешімді Қор Басқармасы анықтайтын еншілес ұйым тұлғасында Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісімнен кейін Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы қабылдайды.

14. Тапсырыс беруші тендерге қатысуға өтінімдері және баға ұсыныстары бар конверттер ашылатын немесе бір көзден тәсілімен сатып алу туралы жасалатын күнге дейін сатып алу жоспар(лар)ында көзделген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар қысқартылған, қажеттіліктің негізді азайтылуы немесе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың негізделген орынсыздығы жағдайларында сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Сатып алудан бас тарту сатып алу жоспар(лар)ына тиісті өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында көзделген жағдайда сатып алу жоспарына сатып алуға жұмсалатын шығыстардың кейіннен ұлғаюы, қажеттіліктің ұлғаюы немесе ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың орындылығының туындауы туралы куәландыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Бұл жағдайда Тапсырыс беруші:

1) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды бұл туралы хабарлауға және тиісті хабарландыруды Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа жариялауға;

2) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға міндетті.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау