5. Жабық тендер өткізу тәсілімен сатып алу
92. Жабық тендер ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған жағдайда өткізіледі.
93. Жабық тендерді өткізу рәсімі жабық тендер тәсілімен сатып алу туралы ақпаратты жариялау туралы ережелерді, сондай-ақ Қағидалардың 36-тармағын қоспағанда ашық тендер рәсіміне ұқсас
94. Жабық тендер өткізу туралы әлеуетті өнім берушілерді хабарлау жабық тендерге қатысуға шақыру жіберу арқылы жүргізіледі.
6. Екі кезеңді тендер өткізу тәсілімен сатып алу
95. Тендерлер екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларын және өзіндік ерекшелігін тұжырымдау қиын болған;
2) мұқтаждықтарды қанағаттандырудың ықтимал жолдарымен таныстыру және олардың ең үздігін таңдау қажеттілігі болған өзара байланысты жағдайларда өткізілуі мүмкін.
96. Екі кезеңді тендер тәсілімен сатып алу мынадай дәйекті іс-шаралардың өткізілуін көздейді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
екі кезеңді тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы Тапсырыс берушінің шешім қабылдау, тендерлік комиссияның, қажет болған кезде сараптау комиссиясының (сарапшының) құрамын бекіту, тендерлік комиссияның хатшысыны белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту;
ашық екі кезеңді тендер тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыруды жариялау не жабық екі кезеңді тендер өткізілген жағдайда, әлеуетті өнім берушілерге шақыртулар жіберу;
тендерлік құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге беру;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссия хатшысының қабылдауы және оны тіркеуі. Екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне қатысуға өтінімдер баға ұсыныстары көрсетілмей беріледі;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу;
екі кезеңді тендердің бірінші кезеңіне қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендерлік комиссияның қарауы, Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарымен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ұсынылған техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктерін негізінде тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерге іріктеу жүргізуі, тендердің екінші кезеңі қатысушыларының тізбесін қалыптастыру, екі кезеңді тендердің бірінші кезеңінің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу, бірінші кезеңге қатысқан әлеуетті өнім берушілерді оның қорытындылары туралы хабарлау;
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
қажеттілік болғанда, техникалық ерекшелікті (техникалық тапсырманы) нақтылауды қоса алғанда, тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізу;
тендердің екінші кезеңінің қатысушыларына нақтыланған тендерлік құжаттаманы және/немесе техникалық өзіндік ерекшелігін (техникалық тапсырманы) және тендерлік ұсынысты беруге шақыру жіберу;
тендерлік комиссияның баға ұсыныстарын және бағаны төмендетуге қосымша баға ұсыныстарын (олар бар болған жағдайда) және тендердің екінші кезеңі қатысушыларының нақтыланған техникалық ерекшеліктерін (олар бар болған жағдайда) қарауы, тендердің қорытындыларын шығару, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу;
тендердің екінші кезеңінің қатысушыларын олардың қорытындылары туралы ақпараттандыру, ашық екі кезеңді тендердің қорытындылары туралы хаттаманы жариялау (жабық тендерді өткізу жағдайында, жариялау жүргізілмейді);
тендердің жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасу жүзеге асырылады.
97. Екі кезеңді тендердің екінші кезеңін өткізуді бастау мерзімі екі кезеңді тендердің бірінші кезеңінің қорытындыларын шығарған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
98. Егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, екі кезеңді тендерді өткізу кезінде ашық тендер қолданылатын рәсімдер пайдаланылады.
7. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
99. Егер Тапсырыс берушінің жылдық сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен асып кетпесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, осы тәсілді пайдалануға болады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспайтын бөлікке қаржы жылы ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерін сатып алудың жылдық көлемін бөлшектеуге болмайды. Тапсырыс берушінің атынан Тапсырыс берушінің тікелей филиалы (өкілдігі) мұндай сатып алуды жүзеге асыруы талабымен, Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда осы талап қолданылмайды.
Төмендетуге арналған сауда-саттықтарды қолдана отырып баға ұсыныстары сұранысы тәсілімен электрондық сатып алуды өткізу рәсімі Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.
100. Қағидалардың 104-115-тармақтарының ережелері баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілетін электрондық сатып алуға қолданылмайды.
101. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа мынадай ақпаратты:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жоспарланып отырған сатып алуды жүргізу туралы - атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін көлемі, төлеу шарттары, мерзімі, орны мен талаптары (қажет болған кезде Қағидалардың 37-тармаының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс техникалық ерекшелік қоса берілген), жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт жасау мерзімі;
2) мүдделер қақтығысы туралы мәліметтердің нысанына және мазмұнына қойылатын талаптар (консультациялық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде);
3) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуінің басталу мерзімі туралы;
4) баға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін бастау орны, күні және уақыты туралы;
5) сатып алу туралы шарттың жобасын;
6) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу мәні болып табылатын ҚҚС-ты есепке алмай, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сомалар туралы мәліметті;
7) баға ұсыныстары бар конверттерді ресімдеу бөлігінде талапты қамтитын хабарландыруды орналастыруға міндетті.
102. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу:
1) Холдингтің Тауар өндірушілер тізілімінде тұрған тауарды сатып алатын тауар өндірушілердің;
2) Холдингтің мүгедектер ұйымының тізілімінде тұрған (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер – жеке тұлғалар) сатып алынатын тауарды шығаратын мүгедектер ұйымдарының (жеке тұлғалар - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедектер);
103. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның сатып алуды жүргізу туралы ақпаратта көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
104. Баға ұсынысы баға ұсыныстары тәсілімен сатып алулар туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімі басталған уақытқа дейін мөр басылған конвертте беріледі. Әр әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен (ол бар болған кезде) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады, ол мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің атауын, нақты мекенжайын;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы және санын, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемін;
3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда белгіленген нысан мен мазмұнға сәйкес келетін мүдделер қақтығысы туралы мәліметтерді (консультациялық қызметтерді сатып алу жөніндегі баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысқан кезде);
4) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орнын және мерзімін;
5) тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты оған енгізілген шығыстармен ҚҚС-ны есептемегендегі тауарлар, жұмыстар, қызметтердің бірлігі үшін бағасын және жалпы бағасын;
6) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің немесе анықтаманы көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не электрондық тіркеу жүйесін пайдаланатын куәлікті немесе анықтаманы берген мемлекеттік органның ресми интернет көзіне сілтеме (www.egov.kz) көрсетілген әлеуетті өнім берушінің өтінішінің электрондық көшірмесін; заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін – Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне (хабарлама берген Субъектілердің тізілімі) сілтеме көрсетілген әлеуетті өнім беруші өтінішінің электрондық көшірмесін не қызметтің басталуы туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірі көрсетілген рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесін не кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың электрондық көшірмесін, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) үшін – консорциум туралы келісімнің электрондық көшірмесін және консорциумның қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің электрондық көшірмелерін;
7) лицензияның көшірмесін (егер сатып алу талаптарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет деп болжанған жағдайда);
8) әлеуетті өнім беруші қол қойған техникалық ерекшелікті (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда техникалық ерекшелік және әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігін беру туралы талабы қамтылған жағдайда);
9) Қордың Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 маусымдағы № 140 шешіміне сәйкес алынып тасталды);
Қағидалардың 102-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды өткізу кезінде Қағидалардың 102-тармағындағы талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысуға рұқсат етіледі. Әлеуетті өнім берушілердің Қағидалардың 102-тармағындағы талаптарға сәйкес келетіндігі Қордың веб-сайтында жарияланған тиісті Тізілімдерде орналасқан ақпарат негізінде анықталады.
105. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бар мөр басылған конвертінің сыртқы бетінде мыналар көрсетілуі тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келетін Тапсырыс берушінің/сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілген тауарлар, жұмыстар, қызметтердің, лоттың атауы.
106. Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер тиісті баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізілуге тиіс. Аталған мәліметтер журналға әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі.
107. Қағидалардың 105-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ конверттерді ашу рәсімі басталған уақыттан соң берілген баға ұсыныстары салынған конверт қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
108. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруларда көрсетілген күнде, уақытта және орында баға ұсыныстары салынған конвертті ашады, баға ұсыныстарын жариялайды.
109. Кез келген мүдделі тұлға конвертті ашқан кезде қатысу құқығына ие болады. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, конверттерді ашу аудио- және бейнежазбаға жазуға рұқсат етіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарымен қол қоя отырып танысу құқығына ие болады.
Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға конверттерді ашу рәсіміне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
110. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарында әлеуетті өнім берушілер өтініш берген бағаны жария етеді, әлеуетті өнім берушілердің қатысушы уәкілетті өкілдерін берілген баға ұсыныстарымен қол қойғыза отырып таныстырады.
111. Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын салыстырады және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер ұсынған жағдайда, Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімінде тұрған сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады. Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімінде тұрған сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болмаған жағдайда және жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған кезде баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
112. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы өзге валютада берілген жағдайда оларды салыстыру мақсатында баға ұсыныстарын бірыңғай валютаға келтіру үшін баға ұсыныстарын ашу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы қолданылады.
113. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:
ол сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келмесе, әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің таңдаулы талаптарын, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің елеулі сипаттамасын ұсынған жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім беруші сатып алу талаптарымен келіспесе не оны өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса;
ол Қағидалардың 104-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынса;
әлеуетті өнім беруші не оның қосалқы мердігері (бірге орындаушы) не консорциумға кіретін заңды тұлға Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілер тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде тұрған болса, қабылданбай тасталуға жатады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай:
кемінде екі баға ұсынысын берген;
егер Қағидалардың 113-тармағында көзделген негіздемелер бойынша баға ұсынымдары қабылданбай тастағаннан кейін, екіден кем баға ұсынысы қалған жағдайда;
сатып алу туралы шарт жасаудан әлеуетті өнім беруші жалтарған жағдайда өтпеді деп танылады.
Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылса, Тапсырыс беруші:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізуге;
2) сатып алу талаптарын өзгертуге және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізуге;
3) бір көзден тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімді Тапсырыс беруші сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдауы тиіс.
Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көзделген сатып алуды Тапсырыс беруші Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындылары хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялауы тиіс.
116. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындыларын бағаны төмендетуге өткізілген электрондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша қалыптастырылған қорытынды хаттамаларды қоспағанда және тендерге қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің бірінші басшысы/сатып алуды ұйымдастырушы немесе оларға уәкілетті өзге тұлға бекіткен хаттама түрінде ресімделеді. Сатып алу қорытындылары әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасы мынадай:
1) Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошталық мекенжайы;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлар, жұмыстар, қызметтерге өткізілген сатып алудың аты;
3) олар мәлімдеген тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге арналған бағаны берген түпкілікті мерзім аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің толық атауы;
4) бас тарту себептерін негізге ала отырып қабылданбай қалған баға ұсыныстары туралы;
5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы;
6) егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу болған жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасы және жасау мерзімдері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қорытындылар туралы ақпаратты Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтта орналастыруға міндетті.
117. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілетін/жүргізілген сатып алуға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларына әсерін тигізетін бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы шарт жасасқан сәтке дейін сатып алуды (лотты) немесе олардың қорытындыларын қабылдамауға міндетті. Бұл ретте сатып алу (лот) қайта қаралуы керек (сатып алуға (лотқа) қатысқан сол әлеуетті өнім берушілермен қоса).
Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы сатып алудан (лоттан) немесе олардың қорытындыларынан бас тарту туралы шешімді бекіткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өткізілетін сатып алуға қатысқан тұлғаларға бұл туралы хабарлауға және Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор белгілеген веб-сайтта тиісті хабарландыруды жариялауға міндетті.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін/өткен сатып алу қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда Тапсырыс беруші/сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін сатып алудың (лоттың) немесе оның қорытындыларының күшін жойып, хабарландырудың мазмұнын сәйкестікке келтіруге және сатып алуды (лотты) қайта жариялауға міндетті.
8. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықтарда және тауар биржалары арқылы және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында сатып алу
118. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу сауда-саттық қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оларға уәкілетті өзге тұлғалардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
119. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға арналған электрондық сауда-саттық қатысушыларының келісімі (шарттары) негізінде сауда-саттық мәмілелерді жасау жолымен жүзеге асырылады.
120. Электрондық сауда-саттықтың қатысушылары мыналар:
тиісті ақпараттық жүйелері мен желілерді ұйымдастыру және басқаруға байланысты қызметтерді көрсететін тұлғалар (сатуға және сатып алуға арналған ұсыныстары бар электрондық құжаттарды алу, орналастыру, сақтау) (делдал);
белгілі бір тауарларды сатуға ұсынатын тұлғалар (сатушы);
тиісті тауарлардың әлеуетті сатып алушы тұлғалар (сатып алушы) болып табылады.
Электрондық сауда-саттық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауда-саттық қызметінің субъектілеріне белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
121. Тауар биржалары арқылы тауарларды сатып алу Тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі бойынша тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа тауарларының тізбесі бойынша биржалық тауарлар тізбесінде көзделген топтаманың ең төменгі мөлшерінен кем емес көлемде жүзеге асырылады.
122. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу Тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі бойынша электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Сатып алу туралы шартты жасасу
123. Сатып алу туралы шарт тендерлік құжаттамада немесе баға сұраныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруда қамтылған сатып алу туралы шарттың жобасына сәйкес жасалады.
Бір көзден тәсілімен жасалатын сатып алу туралы шарт Қағидалардың 127-128 және 134-135-тармақтарында көзделген талаптарға жауап беруі тиіс. Қағидалардың 131-133-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша өзгерістерді жобаға не бір көзден сатып алу туралы жасалған шартқа енгізуге болмайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидентімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, онда ұсынылған нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге болады.
Ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алу қорытындылары бойынша шарт жасасқан кезде Тапсырыс беруші жеңімпазбен шарт жасағанға дейін Электрондық сатып алуды өткізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес түпнұсқалары және/немесе қағаз құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бар әлеуетті өнім берушінің электрондық құжаттарын салыстыру рәсімін өткізеді.
124. Сатып алу туралы шарт тендер жеңімпазы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын немесе ҚҚС салынбай жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызметтің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жағдайларын қоспағанда, оған ҚҚС есептей отырып, тендер жеңімпазы ұсынып отырған немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бағасын қамтуы тиіс.
Егер сатып алынатын тауардың өндірушісі болып табылатын білікті әлеуетті өнім берушімен шарт жасалса, шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төленуі қажет шарт сомасының 30%-дан кем емес мөлшеріндегі алдын ала төлем шарт талаптарында көзделуге тиіс.
Сатып алынатын тауардың өндірушісі болып табылатын білікті әлеуетті өнім берушіден тауарларды ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асырған кезде Тапсырыс берушілер сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт қолданысының кейінгі 12 (он екі) айында тауарды жеткізу үшін көзделген, сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт сомасының 30%-дан кем емес мөлшеріндегі алдын ала төлемді шарт талаптарында қарастыруға міндетті.
125. Тапсырыс беруші шартқа қол қоюдың түпкілікті мерзіміне дейін
10 (он) күнтізбелік күннен кем емес мерзімде сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу тендерінің жеңімпазына Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу тендерінің жеңімпазы Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоюы тиіс. Тендер немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы шарт сатып алу қорытындылары туралы хаттамада көрсетілген, бірақ қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін және қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен асырмайтын мерзімде жасалады.
Егер сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасаған жағдайда немесе тендердің тәсілімен электрондық сатып алудың қорытындылары бойынша 10 (он) күнтізбелік күнге қосымша ұзартылуы мүмкін.
Бір көзден тәсілімен сатып алу туралы шарт бір көзден тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде жасалады (Қағидалардың 137 және 138-тармақтары).
126. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт оған қол қойылған күннен бастап 10 (он) жылдан аспайтын мерзімге оны ұзарту туралы Тапсырыс берушінің міндеттемесін қарастыруы мүмкін. Сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартты ұзарту тиісті жылға (дарға) бекітілген ұзақ мерзімді сатып алу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Егер бұл пилоттық сатып алудың санаттық стратегиясында қарастырылған жағдайда, Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт 10 (он) жылдан астам мерзімге жасала алады.
127. Есеп айырысуды, оның ішінде шарт бойынша түпкілікті есеп айырысуды Тапсырыс беруші тараптар тауардың жеткізілуін, қызметтердің көрсетілуін, жұмыстардың орындалуын растайтын актілерге қол қойған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асыруға міндетті.
128. Тапсырыс беруші егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шартта көзделген жағдайда, өнім берушіге сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді сатып алу туралы шарт бойынша олар өздерінің міндеттемелерін толық және тиісті дәрежеде орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Өнім беруші шарттық міндеттемелерін орындауды бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерін орындауды бұзғаны үшін өнім берушіге есептелген айыппұл мен осыған байланысты туындаған шығындардың сомасын сатып алу туралы шартты орындауға енгізілген қамтамасыз ету сомасынан ұстап қалуға құқылы. Өнім беруші шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толық және тиісті дәрежеде орындаған, сондай-ақ жіберілген және ықтимал шарттың талаптарын бұзуды жойған (мұндай бұзушылықтар жіберілген жағдайда) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесіне оны енгізбестен, шартты орындауды қамтамасыз етудің қалған сомасы қайтарылады.
Бұл ретте, өнім беруші дербес айыппұл санкцияларын толық төлеген жағдайда Тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалмайды және өнім беруші Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (жеткізушілер) тізбесіне енгізілмейді.
129. Сатып алу туралы шарт Қағидалардың 127-128-тармақтарын бұзғаны үшін Тапсырыс берушінің жауапкершілігін көздеуі тиіс.
130. Бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, әлеуетті өнім беруші тендердің қорытындылары туралы хаттамада немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу хаттамасында белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушіге сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда, онда осындай әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан деп танылады.
Бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші оларға қамтамасыз етуге берілген өтінімдерді ұстап қалады және Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне осындай өнім беруші туралы мәліметтерді енгізу үшін Қордың Басқармасы анықтаған еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органға тиісті ақпаратты белгіленген тәртіппен жібереді.
Әлеуетті өнім беруші:
- тендерге қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап және сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейін кезеңде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының бағамын біршама азаюына байланысты сатып алу туралы шартты (ұзақ мерзімді шартты) жасаудан;
- сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап және авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізген күнге және (немесе) шартта көзделген сатып алу туралы шартты орындағанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының бағамын елеулі түрде азайтуға байланысты сатып алу туралы шартты орындаудан және (немесе) авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізуден әлеуетті өнім беруші бас тартқан жағдайда сатып алу туралы шартты жасаудан жалтарды деп танылмайды.
131. Сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың өзара келісімі арқылы жол беріледі:
1) сапаның өзгермейтіндігі жағдайында және өнім берушіні таңдау үшін негіз болатын басқа да жағдайларда сатып алу туралы шарт жобасы сомасының төмендеу бөлігінде;
2) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге арналған бағаларын және тиісінше әлеуетті өнім беруші жеңімпазды айқындаған күннен бастап және сатып алу туралы шартқа қол қойған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамын біршама азайтуға байланысты сатып алу туралы шарт (ұзақ мерзімді шарт) жобасының сомасын ұлғайту бөлігінде.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарттың жобасын осылай өзгеруі сатып алу жоспарында осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі (ұзақ мерзімді жоспарда).
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріске және/немесе растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарттың орындалмаған көлемінің бөлігіне тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларға арналған шығындардың толық калькуляциясын көрсете отырып, сатып алу туралы шарт жобасының бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;
3) Тапсырыс беруші ықтимал өнім берушінің баламалы талаптарын қабылдаған жағдайда;
4) аванс (алдын ала төлем) талаптарын өзгерту не бас тарту жағдайында;
5) бағалау қорытындысы бойынша және салыстырмалы екінші орын алған ықтимал өнім берушімен Қағидалардың 84, 85-тармақтарына сәйкес сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бойынша өнім берушінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзарту бөлігінде өзара келісімі бойынша сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, бұл ретте шарт олар тендерге қатысуға берген өтінімде ұсынған бағадан аспайтын баға бойынша жасалады. Мұндай жағдайда, Тапсырыс беруші жүргізген тендер жеңімпазы орындаған міндеттемелердің құнын төлеу ескеріледі.
Қағидалардың 84-тармағы қолданылған жағдайда, мерзім тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жеңімпаз сатып алу туралы шартқа қол қою үшін белгіленген мерзім өткен күнге дейін немесе жеңімпаз сатып алу туралы шартқа қол қоюдан жазбаша түрде бас тартқан күннен бастап (тендер жеңімпазы шартқа қол қою үшін белгіленген мерзім шегінде шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайды қоспағанда) есептелетін күн санына ұзартылады. Қағидалардың 85-тармағы қолданылған жағдайда, мерзім тендер жеңімпазымен шарт жасасқан күннен бастап тендер жеңімпазымен шартты бұзған күнге дейін есептелетін күн санына ұзартылады.
132. Қағидалардың 91, 117-тармақтарын сатып алу туралы шарттың жобасына қолданған жағдайда сатып алу қорытындыларының күшін жою және қайта қарау және шарттар жасау үшін пайдаланылған күндер санына тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту бөлігінде өзгеріс және/немесе толықтыру енгізіледі.
133. Сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге төмендегі жағдайларда өзара келіскенде жол беріледі:
1) егер сатып алу туралы шартты орындау барысында ұқсас сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерге арналған бағалар төмендеу жағына өзгерсе, тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағалар және тиісінше сатып туралы шарттың сомасы төмендеу бөлігінде;
2) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге арналған бағаларын және тиісінше орындауды бастаған күннен бастап және шартта көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын аяқтаған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамын біршама азайтуға байланысты сатып алу туралы шарттың (ұзақ мерзімді) сомасын ұлғайту бөлігінде.
Тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттың осылай өзгеруі жылына бір реттен аспайтын сатып алу жоспарында, ал жылына екі реттен аспайтын ұзақ мерзімді шартта осы тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу үшін көзделген сомалар шегінде жол беріледі.
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріске және/немесе растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарттың орындалмаған көлемінің бөлігіне тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларға арналған шығындардың толық калькуляциясын көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың (ұзақ мерзімді) бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;
3) мемлекеттік сараптамадан немесе аккредиттелген ұйымның сараптамасынан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға және сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізген жағдайда сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімдерін тиісінше өзгерту бөлігінде;
3-1) мемлекеттік сараптамадан өткен, жобалық-сметалық құжаттамада көзделген құн шегінде кешенді жұмыстардың сатып алу туралы шарт сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімін тиісінше өзгерту бөлігінде;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жұмыстардан басқа, сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар көлемінде қажеттілікті азайтуға немесе негіздемелі түрде ұлғайтуға байланысты сатып алу туралы шартта бастапқы жоспарланғаннан аспайтын сома мен көлемге сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, қызметтің бір бірлігіне бағаның өзгермеуі талабымен шарттың орындалу мерзімін тиісінше өзгерту бөлігінде. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттың осылай өзгеруіне сатып алуды жүзеге асыру үшін анықталған жылға сатып алу жоспарында осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома мен көлем шегінде жол беріледі;
5) егер өнім беруші онымен жасалған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы жасаған шартты орындау үдерісінде тауардың бір бірлігіне бағаның өзгермеуі талабымен, үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамасын не болмаса онымен жасалған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарттың мәні болып табылатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мерзімі мен (немесе) талабын ұсынды;
6) сатып алу туралы шарттың сомасын салық, кеден және басқа да салаларда заңнаманың өзгеруімен туындаған келесі (кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен жұмысты орындауға соманы азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамадағы тиісті өзгерістерді енгізген жағдайда жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалуын тиісті өзгерту бөлігінде;
7) салық, кеден және басқа да салаларда заңнаманың өзгеруімен туындаған тауарларды жеткізуге, қызметтерді көрсетуге сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалу мерзімін тиісті өзгерту бөлігінде. Осындай өзгеріс шарттың бір жыл және жылына бір реттен аспайтын әрекет етуі бойынша жол беріледі;
8) шикізаттың және (немесе) тауарды өндіру үшін қажетті жинақталымдардың құнын елеулі түрде өзгертумен туындаған тауардың бағасын, сондай-ақ тауардың баға түзіліміне әсер ететін тарифтерді азайту немесе ұлғайту салдарынан отандық тауар өндірушімен жасалған тауарды жеткізуге арналған сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Шарт қолданылған сәттен бастап бір жыл өткен соң және жарты жылда бір реттен артық емес рет осындай өзгерісті енгізуге жол беріледі.
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалардың, тарифтердің, алымдардың және төлемдердің өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарт сомасының азаюы немесе ұлғаюы бөлігінде. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттың осылай өзгеруіне сатып алу жоспарында осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі;
10) нарықтық бағалар немесе биржалық баға белгілеулер туралы ресми танылған ақпарат көздеріне сәйкес баға қалыптастырылатын импортталатын көмірсутегі шикізатының бірлігі үшін бағаның өзгеруі бөлігінде;
11) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген баға шегінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген тауардың бірлігіне бағаның өзгеруі бөлігінде.
12) Қағидалардың 126-тармағы негізінде енгізілетін осы Қағидалардың күшіне енген күнге дейін, сондай-ақ осындай ұзақ мерзімді шарттың орындалу кезеңінде тауарларды қайта бөлуіне байланысты отандық тауар өндірушімен жасалған ұзақ мерзімді шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар бөлігінде.
Осы Қағидалардың 1) – 3) - 6), 9), 11) тармақшаларының ережелері сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартқа да қолданылады.
134. Сатып алу туралы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылатын шартқа қосымша жазбаша келісім түрінде ресімделеді.
135. Сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа Қағидалардың 131-133-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және/немесе өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.
Арнайы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылған, сатып алу қорытындылары бойынша жасалған жобаға не сатып алу туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар Қағидалардың 131-133-тармақтарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың өзара келісімі бойынша және Арнайы тәртіпке сәйкес жұмыс істейтін Қор Комиссиясымен келісілгеннен кейін енгізіледі.
10. Бір көзден сатып алу
136. Тапсырыс беруші сатып алуды бір көзден тәсілімен:
1) Тапсырыс берушінің атқарушы органы басшысының немесе оларға уәкілетті өзге тұлғаның шешімі негізінде;
2) Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органы (алқалық атқару органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) /қадағалаушы кеңесінің шешімі негізінде;
3) Тапсырыс берушінің жарғысына сәйкес құзыретіне Тапсырыс берушінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтайтын шешім қабылдау жатқызылған Тапсырыс берушінің уәкілетті органының шешімі негізінде;
4) тікелей шарт жасасу жолымен жүзеге асыруға құқылы.
Қағидалардың осы тармағының негізінде бір көзден тәсілімен жүзеге асырылған сатып алу қорытындылары туралы ақпарат Жүйеде жарияланады.
Қағидалардың 138-тармағының 5) тармақшасына және 140-тармағының
13) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылған сатып алу туралы ақпарат егер оларды жариялау коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпия болып табылатын Тапсырыс берушінің ақпаратын ашуға қабілетті болған жағдайда жарияланбауы мүмкін. Бұл ретте Жүйеде осы сатып алу туралы ақпаратты жарияламау туралы шешім Қор Басқармасы айқындаған еншілес ұйымның атынан Сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіскеннен кейін Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органымен қабылданады.
137. Тапсырыс беруші Қағидалардың осы тармағының 30) тармақшасында көзделген жағдайда Тапсырыс берушінің атқарушы органы басшысының немесе оларға өзге уәкілетті тұлғаның шешімі негізінде бір көзден тәсілімен сатып алуды мына жағдайларда жүзеге асыруға міндетті:
1) егер сатып алу Қағидалардың 15-тармағының 1) - 3), 5) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірі өткізілмеді деп танылған.
Егер тендер немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу әлеуетті өнім берушінің тендеріне қатысуға бір қабылданбаған өтінімнің болуына немесе әлеуетті өнім берушінің бір қабылданбаған баға ұсынысының болуына байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда Тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуды жүзеге асырады.
Бұл ретте сатып алу туралы шарт оның тендерге қатысуға өтінімінде, баға ұсынысында көзделген талаптарда олармен жасалуы тиіс және олармен жасалған шарттың бағасы тендерге қатысуға арналған өтінімде, баға ұсынысында көрсетілген оның бағасынан аспауы тиіс.
Егер тендер немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өзге де негіздемелер бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда сатып алу өткізілген сатып алу талаптарында Тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушімен жүзеге асырылады.
2) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлар, жұмыстар, қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселік мөлшерінен аспаса, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу;
3) егер Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органы/қадағалау кеңесі (алқалық атқарушы орган/басқару органының/жоғары органның қадағалау кеңесі болмаған жағдайда (қатысушылардың жалпы жиналысы)) бекіткен тізбе бойынша сатып алуды жүзеге асыруға күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілік (жариялаған сәттен және тендер қорытындылары бойынша шарт жасалғанға дейінгі кезеңде) болса, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу.
Бұл ретте осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған сатып алу жоспарымен көзделген сомасының 1/4 астам сомаға күнделікті және (немесе) күнделікті қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жол берілмейді;
4) Ұйымның Жарғысында көзделген қызмет түрі/лері бойынша меншік құқығында дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
құрылтайшылары мекеменің Жарғысында көзделген қызмет түрі/лері бойынша Қор және/немесе Холдингке кіретін ұйымдар болатын мекемелердің қызметтерін сатып алу.
Бұл ретте дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар және (немесе) мекемелер бизнес-шешімдер провайдері тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша көлемнің кемінде үштен екісін (2/3) дербес орындауға міндетті.
Осы тармақшада көзделген сатып алулар Қор Басқармасы бекіткен, оларды сатып алу холдинг ішіндегі кооперация шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін Тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесі бойынша жүзеге асырылады;
5) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және Тапсырыс берушінің алқалық орган/қадағалаушы кеңесі (алқалық атқару органы/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
6) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;
7) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік қаріппен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды, мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу, өндірушілерден әуе кемелерін пайдалану және жөндеу бойынша техникалық құжаттаманы, нұсқаулықтарды және олардың жекелеген құрамдауыштарын сатып алу;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
9) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді және міндетті медициналық қарау нәтижесінде ауруы анықталған қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі қызметтерді (амбулаторлық, стационарлық тексеру/емдеу) сатып алу;
10) теңіз агенті, теңіз брокері қызметтерін сатып алу;
11) Тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уранның және оның қосылыстарын, сондай-ақ уран мен оның қосылыстарын қайта өңдеу бойынша қызметтерді сатып алу;
12) олардың орналасқан жерінің құпиялылығын сақтауды көздейтін объектілерде жұмыстарды сатып алу;
13) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Тапсырыс берушінің тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуы:
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде олармен өнім беруші ретінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы;
тендердің қорытындылары бойынша Қағидалар шеңберінде олармен өнім беруші ретінде жасалған сатып алу туралы;
тендер қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде олармен өнім беруші ретінде жасалған сатып алу туралы;
14) жобалау/жоба алды құжаттамасын тиісті дәрежеде әзірлеген өнім берушіден жобалау жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде жобалау/жоба алды құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жұмыстарды, сондай-ақ жоба әзірлеушісінен авторлық қадағалау бойынша қызметтерді сатып алу;
15) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
17) спутниктік ресурсты жалдау бойынша қызметтерді сатып алу;
18) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
19) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
20) мамандандырылған кәсіпорындарда авиациялық техниканы, теңіз кемелерін және кеме жабдығын жөндеу жөніндегі қызметтерді сатып алу;
21) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
22) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) Тапсырыс берушінің инвестициялық бағдарламаларды, жобаларды іске асыру мақсатында бес жылдан астам мерзімге жер учаскесін ұзақ мерзімді жалдау, Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт қолданылған уақытта жеке немесе заңды тұлғалардан жер учаскесін алған кездегі жыл сайынғы шығындарды өтеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес нарықтық және кадастр (бағалау) құны бойынша меншіктенушіден (меншіктенушілерден) немесе мемлекеттен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жерді тегін пайдалану құқығын сатып алу;
24) Тапсырыс берушінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жалдау қызметтерін бастапқы сатып алуды қоспағанда, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды жалдау қызметтерін, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты қызметтерді сатып алу;
25) теңіз кемелерін жалдауды және жалдау кезінде техникалық менеджментті Ұлттық теңіз тасымалдаушысынан сатып алу;
26) жол бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
27) тұтынушылардан көрсетілген қызметке, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы төлем қабылдау бойынша қызметтерді сатып алу;
28) мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен кестеге сәйкес кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ақаулы тізімдемеде және өзге де техникалық ерекшелік құжаттарында болмаған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қосымша қажеттілік пайда болған жағдайда, мұнай өңдеу кәсіпорындарына күрделі жөндеу жүргізу кезеңінде және оны өткізуге байланысты қажеттілік туындаған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу;
29) ұлттық авиа тасымалдаушының Қорға меншік құқығы бойынша тиесілі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын, әуе кемелері паркінің техникалық жай-күйін қолдау үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, сондай-ақ шетел мемлекетінің аумағында жеткізілетін, тұтынылатын және пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулар мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тәртіппен жүзеге асырылатын сатып алу;
30) жаңа өндірістерді құру бойынша жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті өнім беруші өндіретін тауарды сатып алу.
31) акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында ұйымға тиесілі, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік құқығында Қорға тиесілі, сатып алынатын тауарды өндіретін тауар өндірушілерден тауарды сатып алу.
138. Бір көзден сатып алу мына жағдайларда Тапсырыс берушінің алқалық атқарушы органының/қадағалау кеңесінің (алқалық атқарушы органның/басқару органы қадағалау кеңесінің/жоғары органы болмаған жағдайда) шешімі негізінде жүзеге асырылады:
1) егер қандай да бір өнім берушіден тауарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алған Тапсырыс берушіден бар тауарлар, жабдық, технология, жұмыстар немесе қызметтерді біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында сол сатып алушыдан басқа сатып алуды жүргізу қажеттілігі туындаса;
2) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу;
3) осы технологияның меншік иесінен жаңа технологияны енгізуге байланысты жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу;
4) шетелдік юрисдикцияларда халықаралық төреліктерге және сот дауларына ықтимал бастамашылық жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ халықаралық коммерциялық төреліктерде, халықаралық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында Тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен/немесе білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
5) мемлекеттік тапсырысты орындау, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу;
6) Тапсырыс берушінің басқару органы бекіткен және телекоммуникациялық активтерді іріктеу, бағалау және сатып алу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған оның ішкі нормативтік актісіне сәйкес жүзеге асырылатын осындай активтерді сатып алу (телекоммуникациялық жабдықтардың, құрылыстардың және олармен тікелей байланысты құқықтардың жиынтығы/кешені, олардың жалпы тағайындалуы байланыс қызметтерін көрсету болып табылады);
7) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік және сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама тиесілі екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдау және (немесе) қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
8) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік және сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың атқарушы органының басшысы сатып алуды мақұлдаған жағдайда дайындаушы зауыттан инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті тауарларды, сондай-ақ инновациялық жобаны өндірістік қызметке енгізу бойынша жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;
9) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік құқығында тиесілі ұйымдардың активтері мен объектілерін өткізудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын активтер мен объектілерді өткізуге байланысты қызметтерді сатып алу.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген сатып алу әлеуетті өнім берушілер мен Тапсырыс берушілер арасында мүдделер қақтысының болмауын көздейтін нормаларды есепке ала отырып, Қор Басқармасы бекіткен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
10) пилоттық сатып алудың санаттық стратегиялары әзірленіп, бекітілген сатып алу санаттарына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу.
Қағидалардың 138-тармағының 10) тармақшасын қолдану Холдингте сатып алу санттарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру регламентімен анықталған рәсімдерді ескере отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
139. Тапсырыс берушіге аудит өткізу бойынша аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу Тапсырыс берушінің уәкілетті органының шешімі негізінде бір көзден тәсілімен жүзеге асырылады, оның құзіретіне Тапсырыс берушінің жарғысына сәйкес Тапсырыс берушіге аудит өткізуді жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның анықтамасы бойынша шешім қабылдау жатқызылады.
140. Тікелей шарт жасасу жолымен жүзеге асырылатын сатып алулар:
1) төтенше жағдайлар және Холдингтің объектілерінде қауіпсіздік қатерін тудыратын ереуілдер кезіндегі ахуал салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшін, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін, электр энергетикалық объектілердегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялар мен оқиғаларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;
2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан, сондай-ақ Қормен әріптестік туралы стратегиялық келісім жасаған тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
3) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің, тағылымдамалардың, шебер-кластардың, біліктілікті арттыру курстарының материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу және көрсетілген іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру үшін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу;
4) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
6) мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу;
7) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын, сондай-ақ ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
8) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда), тендерлерде сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;
9) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
10) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
11) медициналық сақтандыру қызметтерін қоспағанда, рейтингілік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
12) теміржолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) және авиабилеттерді ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу;
13) базалық активі Холдингке кіретін акциялар, ұйымдар болып табылатын
акцияларды және/немесе бағалы қағаздарды қазақстандық және/немесе шетелдік қор нарығында орналастыру бойынша, сондай-ақ базалық активі Холдингке кіретін акциялар, ұйымдар болып табылатын, қазақстандық және/немесе шетелдік қор нарығында орналастырылған акцияларды және/немесе бағалы қағаздарды сатып алу, өтеуін төлеп алу және/немесе олардың делистингі бойынша консультациялық және өзге де қызметтерді сатып алу;
14) Астана, Алматы қалаларының және облыс орталықтары шегінен тысқары жерде орналасқан Тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерді тойлауға арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді сатып алу;
15) байланыс қызметтерін сатып алу;
16) Тапсырыс берушіге тікелей немесе гранттар беру, облигацияларды сатып алу, Тапсырыс берушінің жарғылық капиталын төлеуге ақшалай қаражат беру арқылы жанама түрде ұсынылатын, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың ақшалай қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу. Жанама түрде ұсыну дегеніміз –Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың Холдингке кіретін ұйымдар арқылы Тапсырыс берушіге ақшалай қаражат ұсынуы.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген сатып алу мұндай сатып алу процедураларын жүзеге асыру мәселелерін реттейтін аталмыш халықаралық ұйымдардың қағидалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
141. Екі қатысушы бірауыздан мақұлдау кезінде шешім қабылданатын және Қазақстан Республикасының келісімшарттарында заңнаманың тұрақтылығы бойынша талап көрсетілген шетелдің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар, сондай-ақ акциялары заңды тұлғалардың сенімгерлік басқаруына берілген, жалғыз құрылтайшысы қоғамдық бірлестік болып табылатын ұйымдар Қағидалардың негізінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидасын әзірлейді және Қордың Басқармасы анықтаған еншілес ұйым тұлғасында сатып алу мәселесі жөніндегі уәкілетті орган келіскеннен кейін басқару органы немесе қадағалаушы кеңес бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |