СалықТЫҢ есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері



жүктеу 1,39 Mb.
бет13/18
Дата21.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#34022
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
диплом салык











Сурет 7 - КТС бойынша есептеулердің ішкі аудитінің əдістемесі Ескерту - Автормен арнайы əдебиет негізінде құрастырылған





Ресурстар құнының мұндай азаюы таусылу ретінде тіркеледі. «Таусылу» деген терминге тек табиғи ресурстардың орындарының босап қалуы ғана емес, сондай – ақ олардың құндарының пропорционалды түрде алынған өнімге аударылуы кіреді. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен. Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз. Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнат ақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр. Мерзімдік басылымдар, салық органдарының жəне құқық қолдану тəжірибесінің позициясын талдауға негізделген əдістемелік түсініктемелер.


Сурет 8 - Салық есебі мен есептілігінің ішкі аудит аспаптары

Ескерту - Автормен арнайы əдебиет негізінде құрастырылған
Аудитор кәсіпорында есепті ұйымдастыру нысаны қандай болса да, негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттардың бекітілген нысандарымен құжатталатынын әрқашан есте сақтау керек.

Бұл нысандардың қатарына келесідей құжаттар жатады: негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру акті; жөнделген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру акті; негізгі құралдарды есептен шығару акті; көлік құралдарын есептен шығару акті; негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы; негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкаларының тізімі; негізгі құралдардың қозғалысын есепке алу карточкасы; жалға алынған негізгі құралдар есебінің карточкасы; негізгі құралдардың инвентарлық тізімі.

Аудитор алғашқы құжаттардың толтырылуын бекітілген ережелерге сәйкестігін тексереді. Анықталған кемшіліктер аудитор қорытындысында бейнеленуі керек. Қажетті жағдайда аудитор қарама-қарсы тексеру жүргізеді. Негізгі құралдарды пайдалануға беруді бейнелейтін актілердің уақытында толтырылуына ерекше назар аударуы қажет.

Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау дұрыстығын тексеруге ерекше көңіл бөлу керек, өйткені одан өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелердің дұрыстығы, қор қайтарымы деңгейі, негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік есеп берушілік деректерінің шынайылығы байланысты.

Негізгі құралдардың бастапқы құны ағымда ұқсас объектілердің құнынан ауытқиды. Мұны жою үшін негізгі құралдарға қайта бағалау өткізіп, оның ағымдағы құны анықталады.

Аудитор жүргізілген қайта бағалау мен оның нәтижелерінің есепте бейнелену дұрыстығын тексереді. Негізгі құралдардың аудитінің негізгі мақсаттарының бірі- негізгі құралдардың тозуын есептеу және есепте дұрыс бейнеленуін тексеру.

Аудитор берілген әдістердің барлығын біліп амортизациялық есептеулер дұрыстығын тексеру керек. Негізгі құралдардың тозуын есептеуді тексеру кезінде аудитор жинақталған амортизация динамикасын оқып білу керек. Негізгі құралдардың тозуын есептеу дұрыстығын тексеру барысында аудитор негізгі құралдардың тозуын ай бойынша есептеудің бухгалтерия бекіткен ережелерінің сақталуын тексереді.

Негізгі құралдардың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін, оларды жұмыс жағдайында ұстау үшін және пайдалану процесі кезінде жоғалтқан табиғи және техникалық қасиеттерін қалпына келтіру үшін оларды жөндейді.

Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу екі түрге бөлінеді: күрделі және ағымдағы.

Аудитор негізгі құралдардың жөндеуіне кеткен шығындардың жұмсалу дұрыстығын тексеріп, жөндеуге арналған сметалық- техникалық құжаттарды қатаң бақылау керек. Смета құру дұрыстығына және оның шынайылығына ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жөнделген объектінің жөндеуден кейінгі жағдайына да көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар аудитор сату, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына жарна ретінде салу, ақысыз тегін беру, айырбастау, жою, түгендеу кезінде анықталған бұзуларды есептен шығару нәтижесінде кәсіпорын балансынан есептен шығарылған объектілердің есепте дұрыс бейнеленуін тексереді.

Негізгі құралдардың есебі бойынша шаруашылық операциялардың бейнелену дұрыстығын тексерген соң, аудитор негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін қарастыру қажет.

Аудитор қор қайтарымы бірқатар жылдарда зертелді ме, қор қайтарымын жоғарылату үшін қандай да бір шаралардың жүзеге асырылғанын, көлік құралдарының қалай пайдаланылатындығын, олардың жұмыс істеу есебі қалай ұйымдастырылғанын, олардың толықтай пайдаланылғанын, бос тұрып қалған негізгі құралдардың болуы сияқты сұрақтар негізіндегі ақпараттарды да тексереді.

Аудитор негізгі қорлар құрылымы мен динамикасын, олардың техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді (тозу коэффициенті, жарамдылық коэффициенті, жаңару коэффициенті) талдауға назар аудару керек. Негізгі құралдардың белсенді бөлігін пайдалану тиімділігін және оны жоғарылату жолдарын анықтау қажет.

Негізгі құралдардың аудитін жүргізудің соңында есепті тексеру және талдау нәтижесінде алынған мәліметтер аудиторлық қорытындыда көрініс табады және қажетті ұсыныстар жасайды.

Нақты және қаржылық инвестициялардың бар болуы, оларды есепке алудың әдістерінің дұрыстығы және инвестициялардың қаржылық есеп берушілікте көрініс табуы - аудитор назар аударатын сұрақтар. 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бөлімше шоттарындағы қалдықтар мен айналымдар іс жүзінде жүргізілген операциялар бойынша, соларды айғақтайтын құжаттар бойынша тексеріледі.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция аудитінде аудиттелетін саладағы өзара қарым - қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік кұкықтық актілерді мұқият зерттеуі қажет.

Қаржылық - инвестициялық операциялар әдетте көп емес, бірақ кейбір мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір операцияны жеке зерттеу мен бағдарлаудың ерекше жөні бар. Инвестициялардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді алуда ішкі бақылаудың тәуекелділігін алдын - ала бағалау үшін тестілердің ойланып - толғанған жүйесі бар болғаны дұрыс.

Материалдық емес активтің табиғи формасы болмағандықтан, оларды бағалау, алғашқы құнын анықтау және бухгалтерлік есепте көрсету дәлдігіне үлкен көңіл бөлінеді. Қабылдау- тапсыру актісінің толтырылуы , ондағы барлық реквизиттердің бар болуы тексеріледі.

Аудитор осы және басқа да сұрақтарды терең зерттеп аудиторлық қорытындысының талдамалық бөлігінде оларға баға беріп, анықталған бұзушылықтар мен есеп ережелерінен ауытқушылықтарды жоюға бағытталған шаралар ұсыну қажет.

Аудитор кәсіпорынға келісімен келесі жағдайларды анықтап алуы қажет: тексерілетін есепті кезеңде негізгі құралдар есебін ұйымдастыру бағытындағы кәсіпорынның есеп саясатымен танысу; негізгі құралдар бойынша соңғы түгендеудің күнін және нәтижелерін анықтау; негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалау мәліметтерімен танысу; заңды және жеке тұлғалармен негізгі құралдарды жалға алу бойынша жасалған келісім шарттармен танысу; бухгалтерияның негізгі құралдар картотекасын және пайдалану орны мен материалды жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық тізімдердің жүргізілетініне сенімді болу; негізгі құралдардың сақтығына жауап беретін материалды жауапты адамдар және жұмыстан шыққан материалды жауапты адамдар туралы ақпарат алу; бухгалтерияның негізгі құралдардың есебі бойынша қажетті нормативті құжаттармен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау.

Аудитордың басты міндеті негізгі құралдардың бар болуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етуді тексеру болып табылады. Аудитор негізгі құралдарды сақтау бойынша қабылданған шаралармен, материалды жауапты адамдармен, олардың жұмыстарымен танысады.

Негізгі құралдардың нақты бары мен сақтығын тексеру кезінде аудитор негізгі құралдардың талдамалық есебінің жүргізілетінін анықтап алу қажет, яғни негізгі құралдардың әрбір объектісіне ашылатын инвентарлық карточканың бар болуын және дұрыс толтырылуын тексеруді анықтайды. Бұл нысандардың қатарына келесідей құжаттар жатады: негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру акті; жөнделген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру акті; негізгі құралдарды есептен шығару акті; көлік құралдарын есептен шығару акті; негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасы; негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкаларының тізімі; негізгі құралдардың қозғалысын есепке алу карточкасы; жалға алынған негізгі құралдар есебінің карточкасы; негізгі құралдардың инвентарлық тізімі.

Аудитор қорытындысында бейнеленуді. Қажетті жағдайда аудитор қарама-қарсы тексеру жүргізеді. Негізгі құралдарды пайдалануға беруді бейнелейтін актілердің уақытында толтырылуына ерекше назар аударуы қажет.

Алғашқы құжаттар негізінде техникалық паспорттар, негізгі құралдардың есебінің карточкаларындағы объектілерді сипаттау жазбалары негізінде аудитор негізгі құралдардың жіктелуі, яғни негізгі құралдарды иелену құқығы бойынша бөлу, негізгі құралдарды өндіріске қатысу сипаты бойынша бөлу, негізгі құралдарды мақсатты бағыты бойынша бөлу дұрыстығын анықтау қажет [20].

Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау дұрыстығын тексеруге ерекше көңіл бөлу керек, өйткені одан өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелердің дұрыстығы, қор қайтарымы деңгейі, негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік есеп берушілік деректерінің шынайылығы байланысты.

Аудитор кәсіпорынға келісімен келесі жағдайларды анықтап алуы қажет: тексерілетін есепті кезеңде негізгі құралдар есебін ұйымдастыру бағытындағы кәсіпорынның есеп саясатымен танысу; негізгі құралдар бойынша соңғы түгендеудің күнін және нәтижелерін анықтау; негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалау мәліметтерімен танысу; заңды және жеке тұлғалармен негізгі құралдарды жалға алу бойынша жасалған келісім шарттармен танысу; бухгалтерияның негізгі құралдар картотекасын және пайдалану орны мен материалды жауапты тұлғалар бойынша инвентарлық тізімдердің жүргізілетініне сенімді болу; негізгі құралдардың сақтығына жауап беретін материалды жауапты адамдар және жұмыстан шыққан материалды жауапты адамдар туралы ақпарат алу; бухгалтерияның негізгі құралдардың есебі бойынша қажетті нормативті құжаттармен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау.

Осыдан кейін аудитор негізгі құралдардың баланста бейнеленуінің дұрыстығын тексерді. Ол үшін баланс мәліметтерімен Бас кітаптағы 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің 2410 шоты және 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының қалдықтарымен сәйкестендіріледі және берілген шоттар бойынша жазбалар басқа да есептік регистрлердің мәліметтерімен салыстырылады.

Аудитордың басты міндеті негізгі құралдардың бар болуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етуді тексеру болып табылады. Аудитор негізгі құралдарды сақтау бойынша қабылданған шаралармен, материалды жауапты адамдармен, олардың жұмыстарымен танысады.

Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау дұрыстығын тексеруге ерекше көңіл бөлу керек, өйткені одан өндіріс шығындары мен қаржылық нәтижелердің дұрыстығы, қор қайтарымы деңгейі, негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік есеп берушілік деректерінің шынайылығы байланысты.

Ұзақ мерзімді активтердің аудитінің қорытындылары аудиторлық есепте есеп объектілері бойынша жеке – жеке толығымен жазылды [20].

Ұзақ мерзімді активтер ұйымдағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Ұйым өзінің өндірістік – шаруашылық қызметін кеңейту мақсатында ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар салған. Салынған инвестициялардың мақсатты бағытталуы мен жұмсалуы инвестор тарабынан бақыланады. Оның қаржылық есептілігін инвестор тексеріп отырады. Қаржылық есептілікті ұсынбас бұрын есеп объектілеріне ішкі аудиторлық тексеру жасалғаны дұрыс. Осы мақсатта, ұзақ мерзімді активтердің шаруашылықтағы есептелу мен сақталу дұрыстығын анықтау үшін аудиторлық бағдарлама ұсынылып отыр.

Талдау нәтижесінде алынған көрсеткіштердің мәндеріне көз жүгіртетін болсақ, кәсіпорынның инвестициялық жобаларды бағалаудың ұстанып жүрген әдісіне қарай әр түрлі қорытындылар жасауға болады. Мәселен, таза келтірілген табыс, табыстылықтың ішкі мөлшері және инвестициялардың рентабельділік индекісі көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, онда инвестициялық жоба тиімсіз болып табылады, яғни оны қабылдаудың қажеті жоқ.

Ал енді инвестициялардың өтелімділік мерзімі және табыстың есепті көрсеткішіне сүйенер болсақ, онда аталған инвестициялық жобаны қабылдауға болады деп қорытынды жасауға болады. Мұндай жағдайда бір немесе бірнеше көрсеткіштерге сүйене отырып шешім қабылдауға болады. Түптеп келгенде мұндай шешімдерді қабылдауға кәсіпорынның алға қойған басқа да мақсаттары, шешім қабылдаушы тұлғаның өзіндік түйсік сезімі, инвестициялық қызмет бойынша тәжірибесі немесе басқа да қосымша факторлар әсер ететіні сөзсіз.

Жоғарыда келтірілген инвестициялық талдау әдістері көп жағдайларда бірнеше инвестициялық жобаларды талдау барысында қолданылады. Кәсіпорын басшылығы осы әдістерді қолдана отырып, бірнеше инвестициялық жобалардан оңтайлы инвестициялық қоржынын қалыптастыра алады.

Ұйымдардың талдаулары көрсеткендей қазақстандық ұйымдар, оның ішінде мұнай өндіретін сала ұйымдарында, қазіргі бюджеттеу жүйесі нақты бөлімшелерден тұратын кестелік нысан жиынтығы ретінде көрсетіледі. Бірақ, бұл бюджеттеу кестесін жүйе деп айтуға болмайды, себебі оның компоненттерінің өзара толық байланыстылығы жоқ, бұл көрсеткіштер ағымдық жағдайда жүзеге асырылатын операцияларды сипаттамайды, өте абстрактілі немесе ескірген болып табылады.

Мұнай өндіруші ұйымдары қазіргі заманғы аймақтық бәсекелестікке қабілетті болу үшін басшыларға шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауға қажетті нақты ақпараттардың болмауы немесе тез жиналғандықтан шынайылық деңгейі төмен болуы практикалық тұрғыдан қиындылықтар туындатып отыр. Қазақстандық алдыңғы қатарлы консалтингтік ұйымдардың тәжірибесі көрсеткендей, ұйымдарда ақпараттар жинақтауда қиыншылықтар кездеседі, атап айтқанда, оларды жинастыру ұзақ уақытқа созылады, ал ол тиімді басқару үшін қолайсыз болып табылады [32].

Қазақстандық ірі мұнай өндіретін ұйымдардың бір бөлігі көлденең- интегралды болып табылады және олар өз еріктерімен жұмыс жасамайды. Бұл көлденең бірнеше заңды тұлғалардан тұратын қаржылық, операциялық еркіндігі бар холдинг болып табылады. Көлденең деп айтылуы, ол мұнай және газ өндірудің толық циклын қамтамасыз етеді, оларды магистралды құбырларға дейін тасымалдау мен алғашқы дайындығы, сонымен бірге өндірістік үдерістің барлық саласында қызмет көрсететін блоктарды қамтиды.

Сондықтан мұнай өндіретін ұйымдар өз қызметтерінің тиімділігін арттыруға аса мән беріп, бәрінен бұрын мұнай шығару мен мұнай өңдеу шығындарын төмендетуге ұмтылады.

Бухгалтерия қызметкері тәуелсіз аудиторлық тексеру алдында ішкі бақылауды күшейтіп, ұзақ мерзімді активтердің бар болуы мен пайдаланылуына қадағалау жасайды. Оны құрылған ішкі аудит бағдарламасы арқылы жүзеге асыруына болады.

Аудитордың тексеру бағыдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік - құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға анықтауға сондай - ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағыдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжирбиесіне сүйене отырып тест жасауы керек. Тесттің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі жақтарнан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалу тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының алынып, техникалық турып талдап, бухгалтерлік есеп және қорытындылар қаржылық есептілік мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып таблады.

Негізгі құралдар қозғалысы бойынша операцияларға аудитті тиімді және ұтымды өткізу үшін біз аудит бағдарламасын ұсынып отырмыз (А қосымшасы).

Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Сондай- ақ,

аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:

- күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар жен беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және оны орнату);

- заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

- тауарлы - материалды құндылықтарға айырбастау (бартерлік жолымен алынған негізгі құралдарға;

- заңды және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;

- құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде алынған негізгі қүралдарға;

- түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) негізгі құралдарға

- ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.

Негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізу кезінде олардың бухгалтерлік есепте және баланста дұрыс бағалануын тексеру қажет.

Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді негізгі құралдар-қозғалыстарын және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін (тозу, жарамдылық, шығысқа шығару, жаңарту коэффициенттерін) және олардың тиімді пайдаланылғандығын тыңдаумен аяқтау қажет.

Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғандығын қорытындайтын көрсеткіш қор қайтымдылығы болып табылады. Аудитор бұл көрсеткіштердің зерттелгендігін, қор қайтымдылығы-жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар жасалып және оның жүзеге асырылғандығын тексеруі тиіс. Сондай-ақ, аудитор негізгі құралдарды пайдаланудың тәртібін бұзушылыққа және сыздыққа жол берілгендігін, өндірістік мақсат үшін сатып алынған шаруашылық мүліктерін және басқа да мүліктерді шаруашылықтың жұмыскерлеріне заңсыз жеке басына пайдалануға берілген жағдайдың орын алмағандығын анықтауға тиіс. Бұндай фактілер кездескен жағдайда мүліктерді пайдаланған тұлғалардан төлем ақы алынғандығын анықтау керек.

Аудитор негізгі құралдардың белсенді бөлігін пайдаланудың тиімділігін экстенсивті жолмен де, интенсивті (екпінді) жолмен де көтеру арқылы жететін талдауға ерекше назар аударуға міндетті.

Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің соңғы сатысы бұл ұйымның материалдық емес активтерін аудиттеу болып саналады. Материалдық емес активтерді аудиттеудің мақсаты олардың сақталуын, есепке алынуын, қозғалысын және есептен шығарылуының дұрыстығы мен заңдылығын тексеру болып саналады. Ал аудиттеудің міндеті болып мыналар саналады:

- материалдық емес активтердің нақты барын және қозғалысын есепке алуды тексеру;

- материалдық емес активтердің мойындалуы мен дұрыс бағалауын анықтау;

- материалдық емес активтердің амортизациясы мен есептен шығарылуының дұрыстығы мен заңдылығын тексеру;

- материалдық емес активтердің тиімді пайдалануына талдау жүргізу және олар бойынша ұсыныстар беру.

Материалдық емес активтерді аудиттеу кезінде ақпарат көздері болып «Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру актісі», «Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік карточкасы», «Материалдық емес активтерді есепке алу тізімдемесі», бухгалтерлік баланс табылады.

Аудитор материалдық емес активтердің есебінің ауқымын кеңейтіп, аудиторлық тексеру барысында қаралатын мәселелердің мазмұнын ашатындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында бағдарлама жасап, тексеру барысында түзетулер мен өзгерістер енгізіп, толықтырып отырады. Материалдық емес активтер есебінің аудиторлық бағдарламасы мынандай басты мәселелерді

- баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;

- материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;

- материалдық емес активтердің қозғалысының бастапқы құжат-тарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, тиісті материалдық емес активтермен қамтамасыз етілуін тексеруді;

- келіп түскен материалдық емес активтердің уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазулардың жүзеге асырылғандығын тексеруді;

- материалдық емсе активтерге байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына дұрыс жазылғандығын тексеруді;

- материалдық емес активтерге бағалау әдістерін анықтауды;

- материалдық емес активтерің тозуы мен амортизациясының есебін дұрыс жүргізілуін қамтиды.

Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық берешектердің сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық берешектерін өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Бұндай берешектерді түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық берешектері бойынша есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.

Ұйымның баланс активінің маңызды көрсеткіші бұл ұзақ мерзімді активтер, соның ішінде ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтері болып саналады.

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

- негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;

- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты бойынша топталандығын;

- есепте негізгі құралдрдың дұрыс болғандығын;

- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның дұрыс көрсетліп құжатталғандығын;

- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп құжатталғандығын;

- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын;

- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің нақты қолда бар негізі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Негізгі қызметтен түскен табыстық шамасы жалпы табыстан жалпы және әкімшілік шығындарын, проценттерді төлеу және өткізу бойынша шығындарды шегеру жолымен анықталады. Аталған шығындар ұйымның кезең шығындарын құрайды.

Өндіріс шығындарынан бұл шығындардың айырмашылығы олар өнім көлеміне тәуелсіз, әрі нақты өткізілген өнім немесе қызмет түрлеіне байланыссыз тұрақты шығындар ретінде анықталады. Осыдан келіп, оларды уақыт кезеңі бойынша есептеген дұрыс екендігі айқындалады.

Ұйым ол белгілі бір кезең ішінде ештеңе сатпаса да, ешқандай қызмет көрсетпеседе, кезең шығындарын жұмсайды.

Кезең шығындары - бұл табыстар мен шығыстар туралы есеп берудің көрсеткіші, ал өндірістік щығындар ең алдымен тауарлы –материалдық құндылықтардың қалдығының құрамына енгізіледі, баланста активтің бір бөлігі ретінде көрсетіледі, содан кейін барып табыстар мен шығыстар туралы есеп берудің көрсеткішіне айналады.

Кезең шығындары пайда болған есепті кезеңінде көшіріледі, және өткізілмеген өнімнің қалдығымен келесі кезеңге көшірілмейді. Бұл сұрақтар, дәлірек айтқанда, ұйымның баға саясатында негізделген шешімдер қабылдау үшін өте маңызды.

Жалпы және әкімшілік шығындары - бұл өндірісті ұйымдастыру және басқару мен байланысты шығындар.

Пайыздарды төлеу бойынша шығындарға: банк несиелері бойынша проценттерді төлеу; жеткізушілердің несиелері бойынша проценттерді төлеу; мүлікті жалға алу бойынша проценттерді төлеу шығындары жатқызылады.

Аудитор пайыздарды төлеу бойынша шығындар есебімен байланысты шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясының дұрыстығын, сондай-ақ Бас кітап пен №14 журнал ордердегі 7310 «Сыйақылар бойынша шығындар» шотының кредиті бойынша мәліметтерінің сәйкестігін тексеру қажет.

Аудитор, сонымен қатар тауарлы - материалдық құндылықтарды өткізумен байланысты шығындарды тексеруге баса назар аударылуы тиіс.

Аудитор ұйымдағы осы шығындар бойынша берілген бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын және Бас кітап пен 7110 «Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету бойынша шығындар» шотының кредиті бойынша №14 журнал- ордердің мәліметтерінің сәйкестігін тексереді.

Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар есебі белгілі тәртіпте жасалынған алғашқы құжаттарға негізделеді. Алғашқы құжаттар міндетті реквизиттерді қамтуы тиіс.Бұл құжаттар ведомостарды, әртүрлі кестелерді, журнал - ордерлерді, Бас кітапты толтырудың базасы ретінде қызмет атқарады.

Аудитор ұйымның қаржылық нәтижелерін тексеру барысында «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бабына назар аударуы тиіс. Ол өндіріс және өткізу операцияларымен тікелей байланысты емес келесі табыстардың жиынтығын құрайды:

Кәсіпорыннан алынған ағымдағы қарыздарды тексере отырып, аудитор аяқталмаған қарыз қаражаттардың қалдықтарының дұрыстығын (шындығын) анықтайды. Ал бұл қарыз берушілердің деректерін салыстыру нәтижелерімен бекітілуі тиіс. Сол уақытта аудитор басқа ұйымдардан қарыз алудың заңдылығын және негізділігін және оларды өтеудің уақыттылығы мен толықтығын тексереді. Ағымдағы міндеттемелердің аудитін маңызды процедурасы болып несие үшін процентін төлеудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Алынған қарыздар мен қысқа мерзімді несиелерді баланста дұрыс көрсетілуін тексере отырып, аудитор төмендегілерді бақылау қажет:

- несие қандай мақсатқа жұмсалған, бұл мақсаттар несие алу шартының талабына сәйкес келе ме?

- ұйымның әкімшілігі несиені қамтамасыз етуге немесе кепілдігінің құрамына нені немесе қандай мүлік түрін қосқанын;

- несие үшін проценттік төлем, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дұрыс ендірілгендігін;

- несиенің толық және дер кезінде қайтарылып өтелгенін;

- жасалған шартқа сәйкес несие үшін проценттің дұрыс төленгендігін ;

- басқа ұйымнан алынған қарыздардың негізділігін, заңдылығын және сонымен қатар оларды дер кезінде өтеу тәртібі сақталғандығын.

Бухгалтерлік баланстағы «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімдегі несиенің ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі. Оны тексере отырып, аудитор ұзақ мерзімді несиенің аналитикалық есебінің деректері бойынша сомалар негізділігін және қарызды өтеу уақытын анықтау қажет. Аудитор өзінің назарын кредиторлық борышты тексергенде көп көңіл бөлуі қажет.

Баланстың пассив бөліміндегі міндеттемелердің құрамында кредиторлық борыштар бабы да көрсетіледі.

Кредиторлық борыш – жабдықтаушылармен есеп айырысу кезінде туындайтын борыш; несие берушінің қаражатын кәсіпорынның ақшалай айналысында уақытша пайдалану. Кредиторлық борыштың есепті жылдың басындағы және аяғындағы баланстағы қалдықтарына мындай баптар бойынша сипатталынады: төленуге тиісті шоттар мен вексельдер; алынған аванстар; салық бойынша борыштар; төленуге тиісті дивидендтер; негізгі және еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтар бойынша борыштар; басқадай кредиторлық борыштар.

Кредиторлық борыштардың нақтылығын тексеру аудиттің маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып отыр. Несиелік борыштар мен операцияларды нақты ақшамен өтеу бұрмалаушылыққа талан-таражға салуға және қаржылық қортынды есеп мәліметтерін бұрмалауға мүмкіндік береді. Осыған ұқсас іс-әрекеттердің кездесетіндігін есептен шығармай білуі қажет. Мұндай операциялардың өте елеулі көлемде сатып алу операцияларын жүзеге асырған кезде жиі кездесуі мүмкін. Сатып алу дайындау кезінде жіберілген тәртіп бұзушылықтар жай және іс-әрекет көмегімен ешқандай өсу мүмкін емес, өте күрделі болуы мүмкін.

Ұйымның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстары жалпы алғанда салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен түскен табыстарды немесе жиынтық табысты сипаттайды.Аудитор қорытындысында анықтау керек: кәсіпорындағы есепті кезеңде тексерілген негізгі құралдардың есебінің есептік саясатымен танысу; алдағы кезеңмен салыстырғандағы өзгерістерді анықтау, негізгі құралдың соңғы түгендеуін болған күнді анықтау, оның нәтижелерін; негізгі құралдың соңғы болған қайта бағалануының материалдарының алып оны менгеру: жалға берілген негізгі құралдардың заңды және жеке тұлғалармен жассасқан келісім – шарттармен танысу; бухгалтерия негізгі құралдың карточкасын жүргізуін және негізгі құралдардың эксплуаттациялық жердегі, материалды жауапты тұлғаларды инвентарлық кестелерді анықтау; негізгі құралдарға жауапты тұлғалар туралы мәлімет жинау;бухгалтерияда жүргізілетін негізгі құралдар есебінің ережелері нормативті құжаттармен сәйкестігін анықтау: тексеру жүргізу алдындағы осындай мәліметтер аудиторға осы кәсіпорының негізгі құралдардың есебін қалай жүргізілуі туралы ақпараттар және тексеруде қандай сұрақтарға көп көңіл бөлуді анықтауға көмектеседі. Аудитор кәсіпорын балансында көрсетілген негізгі құралдың растығын дәлелдеу үшін тандаулы әдіспен соңғы түгендеу жүргізу қажет.


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау