Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн мынадай мөлшерде:
1) некеге тұруды тiркегенi үшiн – 1 АЕК;
2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК;
сот шешiмi негiзiнде – 1,5 АЕК (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 0,1 АЕК;
3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн – 2 АЕК;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн – 0,5 АЕК;
4) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн – 0,5 АЕК;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн – 1 АЕК;
6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн – 2 АЕК;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 0,3 АЕК;
8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК;
9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК мемлекеттiк баж алынады.
612-бап. Қазақстан Республикасының визасын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты тұруға кетуге құжаттарды рәсімдеуге, шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды рәсімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасының визасын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты тұруға кетуге құжаттарды рәсімдеуге, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды рәсімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 0,5 АЕК;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 7 АЕК;
Қазақстан Республикасына қайта-қайта келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 30 АЕК;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұрғылықты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға құжаттарды ресімдегені үшін – 1 АЕК;
3) жеке жұмыстары бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруды рәсімдегені, Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу үшін – әрбір шақырылушы үшін 0,5 АЕК;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 1 АЕК.
613-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн – 1 АЕК;
2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн – 1 АЕК;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн – 1,5 АЕК;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 15 АЕК;
5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн – 1 АЕК мемлекеттiк баж алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |