|
Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер-бап. Есептеудің, төлеудің және төлеу мерзімінің тәртібі
|
бет | 77/97 | Дата | 18.12.2017 | өлшемі | 16,95 Mb. | | #4751 | түрі | Кодекс |
| 605-бап. Есептеудің, төлеудің және төлеу мерзімінің тәртібі
Төлем мөлшері төлем мөлшерлемесінің және:
стационарлық жарнама объектісінің төлем төлеушісінде меншік құқығында болуының іс жүзіндегі мерзімінің;
стационарлық болып табылмайтын жарнама объектілерінде – рұқсат ету құжатында белгіленген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың іс жүзіндегі мерзімінің негізінде есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама бір айдан кем мерзімге орналастырылған немесе стационарлық жарнама объектісіне меншік құқығының қолданыс мерзімі бір айдан кем болған кезде төлем мөлшері бір ай үшін айқындалады.
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлем сомасы ай сайын төленеді, бұл ретте құқық қолданысының бірінші айы үшін – рұқсат ету құжаты алынғанға дейін төленеді.
3. Рұқсат ету құжатын алған кезде төлемді төлеушілер Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлем сомасының бюджетке енгізілуін растайтын құжатты ұсынады.
4. Төлем сомасы рұқсат ету құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
70-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ. § 1. Мемлекеттік баж 606-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын міндетті төлем.
2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы, олардың есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпарат ұсынады.
607-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
1. Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде мемлекеттік баж сомаларын төлеу бойынша міндетті құрылымдық бөлімшесіне өзінің шешімімен жүктеуге құқылы.
608-бап. Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;
2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар рәсімдегені үшін;
5) жеке жұмыстары бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруды рәсімдегені, Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын қабылдау және келісу үшін;
6) Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені және ұзартқаны үшін;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
8) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
9) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
10) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
11) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
12) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;
13) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
14) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;
15) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
16) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
17) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;
18) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн;
19) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;
20) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін;
21) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшерiнде айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|