|
Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер§ 9. Сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы
|
бет | 76/97 | Дата | 18.12.2017 | өлшемі | 16,95 Mb. | | #4751 | түрі | Кодекс |
| § 9. Сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы 602-бап. Жалпы ережелер
1. Сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы) сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы:
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда (нақтылау қажет);
2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағының шегінде республикалық және облыстың маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген алабындағы стационарлық орналастыру объектілерінде орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, республикалық және облыстың маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген алабындағы стационарлық орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін алынады.
2. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде өндіріп алу және бюджетке төлемақы сомасын енгізу үшін негіздеме сыртқы (көзбен шолу) жарнама объектісін іс жүзінде орналастыру болып табылады.
3. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей ай сайын рұқсат құжатында көрсетілген сыртқы (көзбен шолу) жарнама объектісі орналасқан жер бойынша мемлекеттік кірістер органдарына төлемақы төлеушілер туралы жарнама имараттары мен жарнама объектілерінің орналасқан жері, берілген рұқсат құжаттары, олардың әрекет ету мерзімі мен салық салу объектілері туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.
603-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Төлемақы төлеушілер сыртқы (көзбен шолу) жарнамасын орналастыратын жеке тұлғалар (соның ішінде дара кәсіпкерлер) болып табылатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Осы параграфтың мақсаттары үшін стационарлық объектілерде сыртқы (көзбен шолу) жарнама орналастыратын адамдар осындай объектілердің меншік иелері болып табылады.
2. Заңды тұлға өзінің шешімімен осындай құрылымдық бөлімше пайдаланатын объектілер бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесіне төлемақы сомасын төлеу бойынша міндеттемені жүктеуге құқығы бар.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға жаңадан құрылған құрылымдық бөлемшеге төлемақы сомасын төлеу бойынша міндеттеме жүктеген болса, онда мұндай шешім аталған құрылымдық бөлімшені құрған күннен бастап немесе осындай құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көзбен шолу) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
604-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көзбен шолу) жарнамасын орналастыру тиісті күнтізбелік айдың бірі күніне әрекет ететін реттік айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) көлемінде айқындалады.
2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген алабындағы сыртқы (көзбен шолу) жарнамасын орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері үш шаршы метрге дейін мыналарды құрайды:
Р/с №
|
Жолдар санаты
|
Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)
|
1.
|
Қалаға кіреберістер
|
8
|
2.
|
I, II
|
7
|
3.
|
III
|
3
|
4.
|
IV
|
2
|
Реклама объектісінің бір жағының алаңы үш және одан жоғары шаршы метр жарнама орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері жарнама объектісінің бір жағы (беті) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
Р/с №
|
Виды рекламы
|
Жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері (бір жағы үшін) (АЕК)
|
Республикалық маңызы бар қалалар және астана
|
Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар
|
1.
|
Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi
|
2
|
1
|
2.
|
Лайтбокстар (сити-форматтағы)
|
3
|
2
|
3.
|
Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:
|
|
|
3.1.
|
2-ден 5 ш.м. дейін
|
5
|
3
|
3.2.
|
5-тен 10 ш.м. дейін
|
10
|
5
|
3.3.
|
10-нан 20 ш.м. дейін
|
20
|
10
|
3.4.
|
20-дан 30 ш.м. дейін
|
30
|
15
|
3.5.
|
30-дан 50 ш.м. дейін
|
50
|
20
|
3.6.
|
50-ден 70 ш.м. дейін
|
70
|
30
|
3.7.
|
70 ш.м. астам
|
100
|
50
|
4.
|
Шатырүсті жарық жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):
|
|
|
4.1.
|
30 ш.м дейін
|
30
|
20
|
4.2.
|
30 ш.м. астам
|
50
|
30
|
5.
|
Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама:
|
|
|
5.1.
|
5 ш.м дейін
|
1
|
1
|
5.2.
|
5-тен 10 ш.м. дейін
|
2
|
1
|
5.3.
|
10 ш.м. астам
|
3
|
2
|
6.
|
Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама:
|
|
|
6.1.
|
2 ш.м дейін
|
2
|
1
|
6.2.
|
2-ден 5 ш.м. дейін
|
2
|
1
|
6.3.
|
5-тен 10 ш.м. дейін
|
3
|
2
|
6.4.
|
10 ш.м. астам
|
8
|
4
|
7.
|
Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)
|
10
|
5
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары облыстық маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша төлемнің базалық мөлшерлемесінің мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне байланысты екі еседен артық болмайтын мөлшерге арттыруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|