«Астана» халықаралық
қаржы орталығы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«26» қазан 2017 жыл
№ 24
Астана
қаласы
«31» қазан 2017 жыл
№ 1362
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
органдары, олардың ұйымдары мен «Астана»
халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне
енгізудің және оларға сәйкестендіру нөмірлерін
берудің уақытша тәртібін бекіту туралы
«Астана»
халықаралық
қаржы
орталығы
туралы»
Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Конституциялық заңының 3-
бабы 1-1 және 1-2 тармақтарын, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Сәйкестендiру
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын
орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Астана» халықаралық
қаржы орталығының органдары, олардың ұйымдары мен «Астана» халықаралық
қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) қатысушылары туралы мәліметтерді
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға
сәйкестендіру нөмірлерін берудің уақытша тәртібі (бұдан әрі – Уақытша тәртіп)
бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес күн мерзім ішінде:
1) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
Астана қаласының Әділет департаментіне мәліметтер ұсынуға жауапты
жұмыскерлерді айқындасын;
2) Орталықтың Әкімшілігі Астана қаласының Әділет департаментіне
мәліметтер ұсынуға жауапты жұмыскерлерді айқындасын;
3) Астана қаласының Әділет департаменті Орталықтың органдары,
олардың ұйымдары мен Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуге және оларға сәйкестендіру
нөмірлерін беруге жауапты жұмыскерлерді айқындасын.
3. Осы
бірлескен бұйрықтың
орындалуын
бақылау
Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына,
2
Орталықтың Әкімшілігінің Төрағасына және Орталықтың Қаржылық қызметтер
көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің Бас директорына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық қол қоюшы тұлғалардың соңғысы қол қойған
және «Астана» халықаралық қаржы орталығының сайтына орналастырылған
күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста
болады.
«Астана» халықаралық қаржы
орталығының Басқарушысы
Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
3
«Астана» халықаралық қаржы
орталығы Басқарушысының
2017 жылғы "26" қазандағы № 24
және
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы "31" қазандағы № 1362
бірлескен бұйрығына
қосымша
«Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары, олардың
ұйымдары мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізіліміне енгізудің және оларға сәйкестендіру нөмірлерін берудің
УАҚЫТША ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1.
Осы «Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары, олардың
ұйымдары мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі –
Орталық) қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға сәйкестендіру нөмірлерін берудің
уақытша тәртібі (бұдан әрі – Уақытша тәртіп) «Астана» халықаралық қаржы
орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы
Конституциялық заңының 3-бабы 1, 1-1 және 1-2 тармақтарына, «Сәйкестендіру
нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен
өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін
қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш
жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
22 мамырдағы № 406 қаулысына сәйкес әзірленген.
2.
Уақытша тәртіпті қолдану мақсатында Орталықтың қолданыстағы
құқығымен көзделген негізгі ұғымдар пайдаланылады.
2. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушыларына арналған сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың
тәртібі
3. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушыларына арналған сәйкестендіру нөмірлері бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) түрінде қалыптастырылады.
4. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушылары үшін БСН-ды қалыптастыру Орталықтың нақты бір органына,
оның ұйымына және Орталықтың қатысушысына қатысты мәліметтерді бизнес-
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен
4
өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге
асырылады.
5. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушылары үшін БСН-ды қалыптастырудың тәртібі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге
асыралады.
3. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушыларының ұйымдық-құқықтық нысандары
6.
Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушылары Орталықтың актілерімен айқындалатын ұйымдық-құқықтық
нысандармен құрылады.
7.
“Орталықтың Әкімшілігі” АҚ (бұдан әрі – Орталықтың Әкімшілігі)
Орталықтың органдары туралы мәліметтерді, Орталықтың Қаржылық қызметтер
көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Орталықтың
органдарының ұйымдары мен Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді
Астана қаласының Әділет департаментіне (бұдан әрі – әділет органы) ұсыну
барысында осы Уақытша тәртіпке 1-қосымшада көзделген ұйымдық-құқықтық
нысандардың
тізбесі
шеңберінде
осы
Уақытша
тәртіптің
барлық
Қосымшаларында Орталықтың органы, оның ұйымы мен Орталықтың
қатысушысының ұйымдық-құқықтық нысанын өзі дербес көрсетеді.
4. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізіліміне енгізу тәртібі
8.
Комитеттің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен
тиімді өзара іс-қимыл жасауы, осы Уақытша тәртіпті орындау бөлігінде олардың
жауапкершіліктері аймақтарын нақты айқындау мақсатында:
1)
Орталықтың Әкімшілігі және Комитет әділет органына мәліметтерді
ұсынуға жауапты жұмыскерлерді айқындайды және жауапты жұмыскерлердің
аты-жөнін, олардың жұмыс телефондары мен электронды пошталарының
мекенжайын көрсете отырып, хабарлау-хат жібереді.
2)
әділет органы Орталықтың органдары, олардың ұйымдары мен
Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізу мен оларға БСН беруге жауапты
жұмыскерлерді айқындайды және жауапты жұмыскерлердің аты-жөнін, олардың
жұмыс телефондары мен электронды пошталарының мекенжайын көрсете
отырып, Орталықтың Әкімшілігі мен Комитетке хабарлау-хат жібереді.
5
9. Хабарлау-хаттарды тіркеу, өңдеу, әділет органдарының дайын
нәтижелерді беруі «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама
жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22
желтоқсандағы № 144 бұйрығының 10-11 тарауларына сәйкес ұйымдастырылуы
тиіс.
10. Орталықтың
органдары
туралы
мәліметтерді
Орталықтың
Әкімшілігінің жауапты жұмыскері әділет органына жеке өзі және қағаз
тасығышта пошта байланысы арқылы немесе әділет органы жауапты
жұмыскерінің электронды пошта мекенжайы бойынша электронды құжат
түрінде жібереді. Орталықтың органдарының ұйымдары мен Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтерді Комитеттің жауапты жұмыскері әділет
органына жеке өзі және қағаз тасығышта пошта байланысы арқылы немесе
әділет органы жауапты жұмыскерінің электронды пошта мекенжайы бойынша
электронды құжат түрінде жібереді.
11. Әділет органы осы Уақытша тәртіпке 2-қосымшада көзделген
мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде хабарлау-хатқа
сәйкес мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне
енгізеді (құжаттарды қабылдау мен беру күні мемлекеттік қызметті көрсету
мерзіміне кірмейді).
12. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мынадай
тексерулер қамтамасыз етілуі тиіс:
1)
заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге сәйкес белгіленген деректерді толтыруды форматтық-логикалық
бақылау;
2)
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланған
төмендегі жүйелердегі деректерді тексеру:
а) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде
– Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының
құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке
тұлғаны оның ағымдық жай-күйін анықтауға тексеру (әрекетке қабiлетсiз немесе
әрекет қабiлетi шектелуі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп
танылған және (немесе) қайтыс болған деп жарияланған және (немесе) Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238 және 240-баптары бойынша
қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар);
б) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде
– Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының
құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке
тұлғаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетімен өзектендірілген мәліметтер бойынша әрекет етпейтін заңды
тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы тізімінде
болуына тексеру;
в) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде
– Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының
құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке
6
тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және
экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде
болуына тексеру;
г) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу органдарының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде – Орталықтың органы, оның ұйымы
және Орталық қатысушысының құрылтайшысын (жеке тұлға және (немесе)
заңды тұлғаның) және (немесе) басшысын мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу
туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және
мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын
берешегi жоқ адамды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкерлер
тізімінде болуына тексеру;
д) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық
жүйесінде – жою кезінде мемлекет алдында берешектің болуы/болмауына
тексеру;
е) Кедендік бақылау комитетінің ақпараттық жүйесінде – жою кезінде
кедендік қарыздардың болуы/болмауына тексеру;
ж) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде – тіркеуге арналған
Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының орналасқан
жері болып табылатын мекенжайдың тіркеу кодын алу;
з) «Жылжымалы мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесінде – жарғылық
капиталда заңды тұлға құрылтайшылары үлесінің кепілдігінің болуы/болмауына
тексеру.
13. Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының
жарғылық капиталының мөлшері, шетел валютасымен көрсетілген әрбір
қатысушының үлесі туралы мәліметтер ұсынған кезде Комитет осы Уақытша
тәртіпке 2-қосымшаның тиісті бағандарында жарғылық капиталдың сомасын
жарғылық капиталды белгілеу (тіркеуге өтініш беру) күніне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен көрсетеді.
14. Осы Уақытша тәртіптің 12-тармағымен көзделген тексеруден сәтті
өткен жағдайда әділет органы Комитеттен осы Уақытша тәртіпке 2-қосымшада
көзделген мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде БСН бере
отырып, Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысы туралы
мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізеді және осы
жөнінде Орталықтың Әкімшілігіне, Комитетке қағаз тасығышта пошта
байланысы арқылы немесе Комитеттің хабарлау-хатында көрсетілген
электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық құжаттар түрінде
хабарлама жібереді.
15. Егер осы Уақытша тәртіптің 12-тармағымен көзделген тексерулер
процесінде Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысы
туралы мәліметтерді енгізуге және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға кедергі келтіретін себептер
туындаса әділет органының жауапты жұмыскерлері Орталықтың Әкімшілігінен,
Комитеттен мәліметтер алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде
Комитетке қағаз тасығышта пошта байланысы арқылы немесе Комитеттің
7
жауапты жұмыскерінің электронды поштасының мекенжайы бойынша
электрондық құжаттар түрінде хабарлау-хат жібереді.
Әділет органының хабарлау-хатының негізінде Орталықтың Әкімшілігі,
Комитет мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1)
Орталықтың органын, оның ұйымын және Орталық қатысушысын
тіркеуден бас тарту туралы; немесе
2)
Орталықтың органын, оның ұйымын және Орталық қатысушысын
тіркеу туралы. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты
ұйымдар мен тұлғалардың тізімінен табылған тұлғалар қатысқан Орталықтың
органын, оның ұйымын және Орталық қатысушысын тіркеген жағдайда
Орталықтың Әкімшілігі және Комитет тіркеу туралы қаржылық мониторинг
жөніндегі уәкілетті органға міндетті түрде хабардар ету бойынша
жауапкершілікті өзіне алады.
Осы Уақытша тәртіптің 15-тармағының екінші бөлігімен көзделген
шешімді қабылдаған жағдайда Орталықтың Әкімшілігі, Комитет қабылданған
шешім туралы әділет органына хабарлама жібереді, әділет органы хабарламаны
алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде БСН бере отырып, Орталықтың
органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысы туралы мәліметтерді
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізуді жүзеге асырады.
16. Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысын қайта
тіркеу, құрылтайшы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату кезінде Орталықтың
Әкімшілігі, Комитет сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің
ақпараттық жүйелерінің деректерін өзектендіру мақсатында әділет органына
Орталықтың органы, оның ұйымдары және Орталық қатысушысы туралы
мәліметтерді өзектендіру туралы осы Уақытша тәртіпке 3-қосымшада көзделген
хабарлама жібереді.
Әділет органы Орталықтың органы, оның ұйымдары және Орталық
қатысушысы туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде осы Уақытша тәртіпке 3-
қосымшада көзделген хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы
Уақытша тәртіптің 12-тармағымен көзделген деректерді тексеруді жүзеге
асырады.
17. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы Орталықтың актілерімен
көзделген жағдайларда жүргізіледі.
18.
Қайта ұйымдастыру кезінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізіліміне қайта ұйымдастыру қатысушысының қызметі тоқтатылғаны туралы
жазба:
1)
осы Уақытша тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын
мәліметтердің негізінде біріктіру және бөлу кезінде;
2)
осы Уақытша тәртіпке 3-қосымшаға немесе 4-қосымшаға сәйкес
ұсынылатын мәліметтердің негізінде қосу кезінде жазылады.
19. Орталықтың органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысының
қызметі тоқтатылған кезде Комитеттің хабарламасы (осы Уақытша тәртіпке 3-
қосымша) негізінде әділет органы сәйкестендіру нөмірін сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастайды.
8
5. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтерді «Заңды тұлғалар» мемлекеттік
деректер қорымен интеграцияланған Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінің қызметтеріне
берудің тәртібі
20. Әділет органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізген
Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары
туралы мәліметтер автоматты режимде Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің
ақпараттық жүйелеріне жіберіледі.
21. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Орталықтың органдары,
олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына олардың «Заңды тұлғалар»
мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне келіп түскен сұратуларына
сәйкес ешқандай шектеусіз ұсынады.
22. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Орталықтың органдары,
олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушыларының тіркеу әрекеттеріне
және Орталықтың Әкімшілігінің, Комитеттің сұратуларынан басқа Орталықтың
заңды тұлғасындағы үлесіне ауыртпалықтар салу туралы сұратуларды
қабылдамайды.
23. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Орталықтың органдары,
олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді:
1)
«электрондық үкіметтің» порталына – оларды тек порталға тіркеу
және авторизациялау мақсатында;
2)
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесіне –
мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді рәсімдеу және электрондық-
сандық қолтаңбаны алу мақсатында;
3)
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының
ақпараттық жүйесіне – тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу үшін ұсынады.
24. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі Орталықтың
органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы
мәліметтер:
1)
Комитеттің
жазбаша
рұқсатының
негізінде
сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімінің ақпараттық жүйелерінің деректерін өзекті күйде
ұстап тұру мақсатында тіркеуші органдарға;
2)
заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
3)
құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті белгілеу жөніндегі істерді
қарастыру барысында соттарға ұсыну жағдайларын қоспағанда жария етуге
жатпайды.
25. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізу үшін әділет
органына ұсынылатын Орталықтың органдары туралы мәліметтердің растығына
Орталықтың Әкімшілігі жауапты.
9
26. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізу үшін әділет
органына ұсынылатын Орталықтың органдарының ұйымдары және Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтердің растығына Комитет жауапты.
6. Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізілімінде толтыру бойынша талаптар
27.
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде Орталықтың
органдары туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
1)
Орталықтың
органы
атауында
ұйымдық-құқықтық
нысан
көрсетілмейді;
2)
«Жарғылық капитал» бағанында «0» (нөл) мәні немесе Орталық
органының құрылтайшы құжаттарында болған жағдайда өзге мән көрсетіледі;
3)
«Заңды
тұлғаның
түрі»
бағанында
Орталықтың
органы
коммерциялық емес ұйым ретінде көрсетіледі;
4)
Орталық органының құрылтайшылары туралы
мәліметтер
толтырылмайды;
5)
«Меншік нысаны» бағанында Орталықтың органы мемлекеттік деп
көрсетіледі.
28.
Орталықтың заңды тұлғалары туралы мәліметтерді толтырған кезде
осы Уақытша тәртіпке 1-қосымшаның 2-8-тармақтарында көрсетілген ұйымдық-
құқықтық нысандарда:
1) Орталықтың заңды тұлғасының атауында ұйымдық-құқықтық нысан
көрсетіледі;
2) «Жарғылық капитал» бағанында сомасы теңгемен көрсетіледі;
3) Орталықтың заңды тұлғасының құрылтайшылары туралы мәліметтер
толтырылады;
4) Орталықтың
заңды тұлғасының түрі (коммерциялық немесе
коммерциялық емес ұйым) көрсетіледі.
10
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының
2017 жылғы "26" қазандағы № 24
және
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы "31" қазандағы № 1362
бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
органдары, олардың ұйымдары мен
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға
сәйкестендіру нөмірлерін берудің
уақытша тәртібіне
1-қосымша
Ұйымдық-құқықтық нысаны
р/с
Атауы орысша Атауы қазақша
Аббревиатура
орысша
Аббревиатура
қазақша
1.
Орган МФЦА
АХҚО-ның
органы
ОМФЦА
АХҚОО
2.
Общее
Партнерство
Жалпы
серіктестік
ОБП
ЖС
3.
Ограниченное
Партнесртво
Шектеулі
серіктестік
ОГТ
ШС
4.
Партнерство с
ограниченной
ответственностью
Жауапкершілігі
шектеулі
серіктестік
ПОО
ЖШ
5.
Некоммерческая
организация
Коммерциялық
емес ұйым
НО
КЕҰ
6.
Частная компания Жеке компания
ЧК
ЖК
7.
Публичная
компания
Жария компания ПК
ЖРК
8.
Компания
специального
назначения
Арнайы
мақсаттағы
компания
КСН
АМК
11
АХҚО-ның органдарының түрлері
1
Регуляторный орган МФЦА
АХҚО-ның реттеуші органы
2
Судебный орган МФЦА
АХҚО-ның сот органы
3
Международный арбитражный
центр
Халықаралық төрелік орталығы
4
Администрация МФЦА
АХҚО-ның әкімшілігі
АХҚО-ның тіркеуші органдары
1
Комитет МФЦА по регулированию
финансовых услуг
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер
көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
2
Администрация МФЦА
АХҚО-ның әкімшілігі
12
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының
2017 жылғы "26" қазандағы № 24
және
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы "31" қазандағы № 1362
бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
органдары, олардың ұйымдары мен
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға
сәйкестендіру нөмірлерін берудің
уақытша тәртібіне
2-қосымша
Орталықтың Әкімшілігі, Комитет оларды тіркеу кезінде ұсынатын
Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың
қатысушылары туралы мәліметтер
р/с
Атрибуттың атауы
Тіркеуші орган туралы мәліметтер
1.
Тіркеуші органның атауы
Тіркеу мәліметтері
2.
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
3.
Өтініштің берілген күні
4.
Тіркеу түрі (алғашқы тіркеу)
5.
Құрылу тәсілі (жаңа заңды тұлғаны құру немесе жұмыс істеп
тұрғанын қайта ұйымдастыру). Қайта ұйымдастыру арқылы құрған
кезде қайта ұйымдастыру түрін көрсету (біріктіру, өзгерту, бөлу
немесе бөліну)
6.
Ұйымдастыру формасы (заңды тұлға, филиал, өкілдік)
7.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық атауы
(ұйымдық-құқықтық нысаны және заңды тұлғаның аты)
13
8.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша атауы
9.
Орталықтың Басқарушысының, Комитет бұйрығының күні
10.
Тіркеу туралы Орталықтың Басқарушысының, Комитет бұйрығының
нөмірі
11.
Ұйымдық-құқықтық нысаны
12.
Меншік нысаны (мемлекеттік немесе жеке)
13.
Үлгілік жарғы бойынша атқаратын қызметі?
14.
Заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) түрі (коммерциялық
немесе коммерциялық емес)
15.
Жеке кәсіпкерлік түрі (шағын, орта немесе ірі)
16.
Еншілес ұйым болып табылады ма?
17.
Халықаралық ұйым болып табылады ма?
18.
Субъектінің құрамында шетел инвесторлары қатысады ма?
19.
Заңды тұлға ҚҚС төлеушісі болып табылады ма?
Бас ұйым (филиалды, өкілдікті тіркеген кезде)
20.
Резиденттілік белгісі (резидент / резидент емес)
21.
Бас ұйымның БСН (болған жағдайда көрсетіледі)
22.
Бас ұйымның толық атауы
ҚР резиденті емес – бас ұйым туралы мәлімет
23.
ҚР-да қызметті жүзеге асыру басталған күні (немесе тіркеуге өтініш
берілген күні)
24.
Инкорпорация елі
25.
Инкорпорация еліндегі тіркеу нөмірі
26.
Инкорпорация елінде тіркелген күні
27.
Инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірі
28.
Ұйымдық-құқықтық нысанының атауы
14
29.
Қызмет түрінің атауы
30.
Резиденттілік елі
31.
Тіркеуші органның атауы
32.
Тіркеуші органның мекенжайы
33.
Бас ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің есімі
34.
Тіркелген елдегі бас ұйымның заңды мекенжайы
35.
Телефон (болған жағдайда көрсетіледі)
36.
e_mail (болған жағдайда көрсетіледі)
37.
Халықаралық ұйым болып табалады ма?
38.
Тіркеу режимі (АЭА, Офшор немесе өзге режим)
39.
Жарғылық капиталының түрі
40.
Жарғылық капиталының мөлшері
Орталықтың органы, оның ұйымдары және АХҚО
қатысушысының заңды мекенжайы
41.
Мекенжайының тіркеу коды МТК (МТК болған жағдайда 43-49
бағандар толтырылмайды)
42.
Пошта индексі
43.
Астана қаласы ауданының атауы
44.
Құрылыс типі (АЖ МТ)
45.
Құрылыс нөмірі
46.
Блок (болған жағдайда көрсетіледі)
47.
Корпус (болған жағдайда көрсетіледі)
48.
Орын-жай типі (АЖ МТ) (болған жағдайда көрсетіледі)
49.
Пәтердің, тұрғын емес орын-жайдың нөмірі (болған жағдайда
көрсетіледі)
50.
Кеңсенің немесе кабинеттің нөмірі (болған жағдайда көрсетіледі)
15
51.
Телефон (болған жағдайда көрсетіледі)
Басшы туралы мәліметтер
52.
Азаматтылыққа қатысы (ҚР азаматы/шетелдік тұлға/азаматтығы жоқ
тұлға)
53.
Бірінші басшының ЖСН-і
54.
Қай елдің азаматы (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін көрсетілмейді)
55.
Негізгі тұратын елі
Экономикалық қызметінің түрі
56.
Қызмет түрінің атауы (өтініш беруші бойынша)
57.
ЭҚТЖЖ бойынша қызмет түрінің коды
58.
Негізгі қызметі қай түрге жатады
59.
Жұмыспен қамтылған адамдардың күтілетін саны
Заңды тұлғаның жарғылық капиталы туралы мәліметтер
60.
Жарғылық капиталдың сомасы, барлығы теңгемен
Мемлекеттік капиталдың үлесі
61.
сомасы теңгемен
62.
үлесі %-бен
Жеке капиталдың үлесі
63.
сомасы теңгемен
64.
үлесі %-бен
65.
Қатысушылар саны
Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер
Құрылтайшылар – жеке тұлғалар (болған жағдайда толтырылады)
66.
Азаматтылыққа қатысы (ҚР азаматы/шетелдік тұлға/азаматтығы жоқ
тұлға)
67.
ЖСН (ЖСН болған жағдайда 72-75 жолдар толтырылмайды)
16
68.
Тегі, аты, әкесінің есімі
69.
Қай елдің азаматы
70.
Негізгі тұратын елі
ЖСН-і жоқ шетелдік тұлға туралы мәліметтер
71.
Инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірі
72.
Жеке басты куәландыратын құжат
73.
Құжаттың нөмірі
74.
Құжаттың берілген күні
75.
Жарғылық капиталдағы үлесі, %
76.
Салым сомасы теңгемен
Құрылтайшылар – Заңды тұлғалар (болған кезде толтырылады)
77.
Резиденттілік белгісі (резидент немесе резидент емес)
78.
БСН (БСН болған жағдайда 80-83 жолдар толтырылмайды)
79.
Толық атауы
ҚР резиденті емес құрылтайшы туралы мәліметтер
80.
Тіркеу елі
81.
Тіркелген елдегі тіркеу нөмірі
82.
Инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірі
83.
Тіркелген күні
84.
Қызмет түрінің атауы (ҚР резиденті емес тұлға үшін БСН
болуы/болмауына байланыссыз толтырылуы тиіс)
85.
Жарғылық капиталдағы үлесі, %
86.
Салым сомасы теңгемен
Қайта ұйымдастырудың қатысушылары
(егер құрылу түрі қайта ұйымдастыру арқылы болса)
87.
Қайта ұйымдастыру түрі
17
88.
Қайта ұйымдастыруға қатысқан заңды тұлғалардың саны
89.
Қайта ұйымдастырудың қатысушылары
90.
БСН
91.
Толық атауы
Төлеушілерді тіркеу есебіне алу
92.
ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу талап етіледі ме
18
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының
2017 жылғы "26" қазандағы № 24
және
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы "31" қазандағы № 1362
бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
органдары, олардың ұйымдары мен
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға
сәйкестендіру нөмірлерін берудің
уақытша тәртібіне
3-қосымша
Орталықтың органдары, оның ұйымдары мен Орталықтың қатысушысы
туралы мәліметтер жөнінде хабарлама
р/с
Атрибуттың атауы
Тіркеуші орган туралы мәліметтер
1.
Тіркеуші органның атауы
Тіркеу мәліметтері
2.
Тіркеу әрекеттері (қайта тіркеу, өзгерістер енгізу)
3.
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
4.
Өтініштің берілген күні
5.
БСН
6.
Қайта ұйымдастыру түрі (қосу, бөліну)
7.
Қайта тіркеудің, мәліметтерді өзгертудің негіздемесі
8.
Орыс тіліндегі толық атауы
9.
Мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі толық атауы (атауы өзгерген
жағдайда)
10. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша атауы (атауы
өзгерген жағдайда)
19
11. Орталықтың Басқарушысының, Комитет бұйрығының күні,
мәліметтерді өзгерту күні
12. Орталықтың Басқарушысының, Комитеттің тіркеу, қайта тіркеу,
мәліметтерге өзгерістер енгізуді тіркеу туралы бұйрығының нөмірі
13. Меншік нысаны (мемлекеттік немесе жеке)
14. Үлгілік жарғы бойынша қызмет атқарады ма?
15. Заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) түрі (коммерциялық немесе
коммерциялық емес)
16. Жеке кәсіпкерлік түрі (шағын, орта немесе ірі)
17. Еншілес ұйым болып табылады ма?
18. Халықаралық ұйым болып табылады ма?
19. Субъектінің құрамында шетелдік инвесторлар қатысады ма?
Төменде көрсетілген мәліметтер 1-қосымшаға сәйкес оларда
өзгерістер болған жағдайда толтырылады
Орталық органы, оның ұйымы, АХҚО қатысушысының заңды
мекенжайы
Басшы туралы мәліметтер
Экономикалық қызмет түрі
Жарғылық капитал туралы мәлімет
Құрылтайшылар туралы мәлімет
Қайта ұйымдастырудың қатысушылары
(егер заңды тұлға өз құрамынан бөлсе немесе өзіне басқа заңды
тұлғаны қосып алса)
20
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысының
2017 жылғы "26" қазандағы № 24
және
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы "31" қазандағы № 1362
бірлескен бұйрығымен бекітілген
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
органдары, олардың ұйымдары мен
«Астана» халықаралық қаржы орталығының
қатысушылары туралы мәліметтерді сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізудің және оларға
сәйкестендіру нөмірлерін берудің
уақытша тәртібіне
4-қосымша
Орталық органы, оның ұйымы және Орталық қатысушысы қызметінің
тоқтатылғаны туралы хабарлама
р/с
Атрибуттың атауы
Тіркеуші орган туралы мәліметтер
1.
Тіркеуші органның атауы
Тіркеу мәліметтері
2.
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
3.
Өтініштің берілген күні
4.
БСН
5.
Орыс тіліндегі толық атауы
6.
Орталықтың Басқарушысының, Комитет бұйрығының күні
7.
Орталықтың Басқарушысының, Комитеттің қызметті тоқтату туралы
бұйрығының нөмірі
Қызметті тоқтату туралы мәліметтер
8.
Қызметті тоқтату түрі (ерікті және мәжбүрлі)
9.
Қайта ұйымдастыру түрі (басқа заңды тұлғаға қосылу)
10.
Қызметті тоқтау негіздемесі (субъектінің өтініші, лицензияны
қайтарып алу, банкроттық, тіркеу туралы бұйрықтың күшін жою,
21
жоюдың соттан тыс рәсімі, мәжбүрлі түрде жою, соттың заңды
тұлғаны әрекет етпейтін деп тану туралы шешімі
11.
Қызметті тоқтату туралы сот шешімінің нөмірі
12.
Сот шешімінің күні
13.
Қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған органның атауы
14.
Заңды қабылдап алушының БСН-і (басқа заңды тұлғаға қосылған
жағдайда толтырылады)
15.
Заңды қабылдап алушының атауы
Достарыңызбен бөлісу: |