Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап Төлеуші қосылған құнға қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері



жүктеу 16,95 Mb.
бет50/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97

432-бап Төлеуші қосылған құнға қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері (2019 жылдан бастап ЕНГІЗІЛЕДІ)

Осы бапта төлеуші қосылған құнға қосылған құн салығының бақылау шотын (бұдан әрі – бақылау шоты) пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері белгіленеді

Осы баптың мақсаттары үшін бақылауы шоты – қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашқан және қосылған құн салығы бойынша есеп айырысудың қозғалысын есепке алу үшін, оның ішінде:

импорт пен бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

тауарларды сатып алушылар (алушылар) қосылған құн салығын төлеу;

қосылған құн салығын төлеушінің өзге банк шотынан ақшаны есепке алу үшін пайдаланатын банк шоты.

2. Қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу қосылған құн салығын төлеушілер арасында бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте бақылау шотын пайдалану құқығына электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушылар ие.

Егер тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу оның банк шотынан тауарды берушінің бақылау шоты болып табылмайтын өзге банк шотына жүргізіледі. Бұл ретте бақылау шотын пайдаланатын тауарды беруші қосылған құн салығын мұндай сомасын өзінің бақылау шотының есебіне аударуға құқылы.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару құқығына мынадай:

1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысанасын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер ие.

Осы тармақшада көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысанасы) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;

2) тауарларды экспортқа өткізетін;

3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік әуе компанияларына әуе кемелеріне құю үшін жанар-жағар май материалдарын өткізетін;

4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында сатып алынған, шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;

5) арнайы экономикалық аймақ аумағына арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізетін салық төлеушілер ие.

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі бөлігінде жүргізіледі, олар бойынша қосылған құн салығын төлеу осы тауарларды өткізу бойынша айналым жасаған берушілердің бақылау шоттарына жүргізілген.

Осы баптың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеуші бақылау шотын пайдалана отырып және пайдаланбай сатып алған және өткізген тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

5. Мыналар:

тауарды беруге арналған шарт (лизинг шарты);

тауарды (лизинг нысанасын) алуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

тауардың (лизинг нысанасының) жөнелтілуін растайтын, тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

сатып алынған тауар (лизинг нысанасы) үшін берушінің бақылау шотына қосылған құн салығының сомасын есеп айырысу фактісін растайтын құжат осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.

Осы Кодекстің 31-тарауында көзделген құжаттар осы баптың 3-тармағы 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.

6. Тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушіге он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бұл ретте қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мерзімінің өтуі осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген, осы Кодекстің 72-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, соңғы күн өткен соң басталады.

7. Егер бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін және салық кезеңінің қорытындысы бойынша тауарлар берушілермен және (немесе) сатып алушылармен есеп айырысқаннан кейін бақылау шотында ақша қалдығы болса, онда қосылған құн салығының көрсетілген сомасы салық төлеушінің қалауы бойынша бюджетке аударылады және осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

Осы тармақтың ережесі қайта құру арқылы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, бақылау шотын қолданатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда да қолданылады.

  1. Осы баптың ережесі осы Кодекстің 274-бабына сәйкес салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.


433-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен және ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Салықтық мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.

Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, салықтық мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

Салықтық мониторингке жататын салық төлеуші – заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі салықтық мониторингке жататын салық төлеуші болса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;

бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.

Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесі немесе көлденең мониторинг туралы келісім қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.

Бұл ретте:

ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер үшін - есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде;

көлденең мониторингтегі салық төлеушілер үшін - есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан 90 пайыздан астам қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.

3. Қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
434-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

1. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:



1) грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;

2) орындаушыға – грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгілде мынадай шарттар сақталса:

1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берілсе;

2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 599, 604-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенін растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;

2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;

3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;

4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;

5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;

6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;

7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;

8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін;

9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алғаны үшін ақының төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.

Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.

 

435-бап Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару



1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдіктер) және дипломатиялық, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрі – персонал), олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.

Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады.

2. Өзара түсіністік принципі негізінде, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.

Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.

3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.

Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды.

4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.

Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі.

Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.

Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.

5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.

6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.

Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.

7. Өкілдіктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыға қарсы тексеру жүргізеді.

Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.

Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса табыс етілген жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.

8. Өкілдіктер құжаттарды салық органына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды.

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы табыс етіледі.

9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.


50-ТАРМАҚ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТА ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ, ЖҰМЫСТАР ОРЫНДАУ, ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

436-бап.Жалпы ережелер

1. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.

Егер осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларындағыдан өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.

Осы тарауда тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.

Егер Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 268-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудада тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші табыс еткен салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

2. Осы тараудың мақсатында мүлікті лизинг (лизинг нысанасы) шарты бойынша үш жылдан артық мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартымен анықталса;

2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асса;

3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің (лизинг нысанасы) бүкіл мерзімінде мүлік лизингі бойынша берілетін құнның 90 пайызынан асса, лизинг болып танылады.

Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте, лизинг алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.

Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар құнының бір бөлігі түсініледі.

Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.

Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп, осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер түсініледі.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау