Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Қызметтік іссапарлар және салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің сапары кезінде өтемақылар сомасының шегерімі



жүктеу 16,95 Mb.
бет32/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97

245-бап. Қызметтік іссапарлар және салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің сапары кезінде өтемақылар сомасының шегерімі

1. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар бойынша мынадай шығыстар:

1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат, отырғызу палоны немесе тасымалдаушы немесе жол жүру құжаты алынған тұлға берген, жол жүру фактін растайтын өзге құжат болған кезде электрондық билет, электронды жол жүру құжаты) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға арналған шығыстар. Мұндай шығыстарға бір елді мекеннің шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды.

2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстарға, оның ішінде іссапарға жіберілген қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыз күндері үшін (іссапарға жіберілген қызметкер стационарлық емделуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар кіреді;

3) іссапарға жіберілген қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыз күндерін қоса, қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы;

4) осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) шегерiмге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының мақсатында:

1) қызметкерді іссапарға жіберу туралы жұмыс берушінің бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген межелі, қызметкер еңбек міндетін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын жер, іссапарға жіберілген жер болып табылады;

2) іссапарда болу уақыты:

жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрығының немесе жазбаша өкімінің;

кету және келу күнін қоса, жол жүруін растайтын құжатта көрсетілген іссапарда болу орнына кету және кері қайтып келу күнінің негізінде іссапарда болу күнінің саны айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапарда болу күнінің саны салық төлеушінің салықтық есеп саясаты көзделген, іссапарда болу орнына кету күніні және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттардың негізінде айқындалады.

3. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыдан басқа, өздеріне жүктелген басқару міндеттерін орындауға байланысты шеккен, жоғары басқару органы болып табылмайтын, салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе өзге басқару органы мүшелерінің сапары кезіндегі өтемақы бойынша мынадай шығыстар:

1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат, сондай-ақ отырғызу палоны немесе тасымалдаушы берген, жол жүру фактін растайтын өзге құжат болған кезде электрондық билет, электронды жол жүру құжаты) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, басқару міндетін орындау орнына баратын және кері қайтуға арналған шығыстар. Мұндай шығыстарға бір елді мекеннің шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды.

2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, басқару міндетін орындау үшін іссапарда болу уақыты ішінде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар;

3) басқару міндетін орындау үшін басқару органының мүшелеріне сапарда болған уақыт үшін салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін ақша сомасы;

4) осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) шегерiмге жатады.

4. Осы баптың 3-тармағының мақсатында:

1) басқару міндетін орындау үшін іс-шараларға басқару органының мүшелерін шақыру, осындай іс-шараларды өткізу орны мен күні қамтылған, салық төлеуші дербес ресімдеген құжатта көрсетілген межелі жер, басқару міндетін орындау жері болып табылады;

2) басқару міндетін орындау үшін сапарда болу уақыты кету және келу күнін қоса, жол жүруін растайтын құжатта көрсетілген басқару міндетін орындау орнына кету және кері қайтып келу күнінің негізінде айқындалады.
246-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

1. Өкілдік шығыстарға мынадай:

1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау бойынша;

2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша, өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:

1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;

2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;

3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;

4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.

2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.

Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жол жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.

3. Мыналар:

1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;

3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;

4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының бір пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.
247-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:

1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;

2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 57-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісі бойынша айқындалады.

3. Осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 3-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс провизиялар (резервтер) құруға құқылы тұлғаға міндеттемелер бойынша сыйақы:

1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде салық төлеуші шығыс деп таныған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;

2) есепті салық кезеңінде салық төлеуші шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде салыө төлеуші немесе осындай салық төлеушінің міндеті есебіне үшінші тұлға іс жүзінде төленген мөлшерде шегерімге жатады.

4. Сыйақыны шегеру осы баптың 2 және 3-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

мұнда:


А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;

Б – Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікте салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, Г1 және Г2 көрсеткіштерінің сомасы;

Г1 – өзара байланысты тараптардың депозитке берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

Г2 – есепті салықтық кезеңде өзара байланысты тараптардың кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысаны бойынша міндетті орындаған жағдайда кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы

Д – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;

ШК – шекті коэффициент;

ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;

МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс объектісінің құнына енгізілген сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.

5. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін:

1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;

2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;

өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;

сыйақылар мен комиссиялар;

дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп айырысуға алынбайды;

3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

6. Бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін осындай тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте, бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсаты үшін осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға атынан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.


248-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

1. Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда осы Кодекстің 259-бабы 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, жүргiзiлген төлемнiң мөлшеріндегі сома шегерiмге жатады.

Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған сома шегiнде жүргізіледі.

2. Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.


249-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе:

1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсетумен байланысты туындаған және осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған;

2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсетумен байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;

3) банк және (немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жылдық жиынтық табыс құрамына кредит (қарыз) шарттары бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды енгізумен байланысты және үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.

2. Мыналарды:

1) тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетулерді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген;

2) тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетулерді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген;

3) осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша талап ету құқығын сатып алған;

4) банк және (немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жылдық жиынтық табыс құрамына заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды енгізген тұлғадағы күмәнді талаптар шегерімге жатады.

3. Мыналардағы:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілген мөлшерде, сондай-ақ осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасы, бірақ бұрын танылған табыс мөлшерінен көп емес;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілетін сома мен осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасыарасындағы оң айырма мөлшерінде, бірақ бұрын танылған табыс мөлшерінен және басқаға берілген талап ету құқығының құнынан көп емес;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілген мөлшерде, сондай-ақ осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасы, бірақ осы Кодекстің 91-бабына сәйкес бұрын танылған табыс мөлшерінен көп емес, талап ету құқығын сатып алу құнына артқан;

4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада – осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында айқындалған табыс ретінде танылған сома мөлшерінде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда есептелетін, үш жылдық кезең өткен, салықтық кезеңде:

1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тұлғада:

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

лизинг шарты бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

қалған жағдайларда:

орындау мерзімі айқындалған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талапты орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

орындау мерзімі айқындалмаған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талап бойынша тауарлар берілген, жұмстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап;

2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада:

кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

лизинг шарты бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

қалған жағдайларда:

орындау мерзімі айқындалған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талапты орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

орындау мерзімі айқындалмаған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күннен бастап;

3) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда банкроттық рәсімді аяқтау туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген салықтық кезеңде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелген үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде күмәнді талаптар шегерімге жатады.

7. Осы Кодекстің 8-тармағына сәйкес өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға жатқызу.

8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет.
250-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналар);

3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналар);

4) осы Кодекстің 106-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстарды;

5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;

6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты өзге шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы.

2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған осындай шарттарға қолданылмайды.

3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша:

1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:

Р * (А/Б), мұнда:

Р – есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;

А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығытарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

Б – шарттың күшіне енген күнінен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.


251-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ескеріледі.

Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

3) құжаттамалық есеп айырысулар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.

Осы тармақтың ережелері:

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады. (тортінші бөлігі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін).

2. Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктердiң шегеруге құқығы бар.

Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алуға осындай бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

Банктердiң еншiлес ұйымдарға бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес. 3-тармақ 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

3. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің есепті салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған динамикалық резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқығы бар.

Динамикалық резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.

4. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

1) қаржы лизингін;

2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ескеріледі.

5. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің тоқсан пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

6. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

7. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

8. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

құжаттық есеп айырысу мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.

9. Осы баптың 1, 4, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды қалыптастырудың жаңа стантарттарына ауысу нәтижесінде туындайтын провизиялар мөлшерін бір мезгілде арттыру сомасын шегерімге жатқызуға құқылы. 01.01.2018 жылдан 01.01.2019 жылға дейінгі кезеңде.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау