234-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциясы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. (үшінші бөлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін).
Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма егер мұндай талап ету құқығы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. (үшінші бөлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін).
2. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын сатып алушы салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісі болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындаған/ артқан салық кезеңінде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңде танылған оң айырма ескерілмейді.
235-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс
Егер осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа қосуға жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.
Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.
236-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс
Егер осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.
237-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына қосуға жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 252-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.
238-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар
1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:
1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде, оның ішінде мұндай талаптар құқығын басқаға беру жолымен өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;
2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;
3) осы Кодекстің 119-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.
2. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына қосылады.
239-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс мөлшерін айқындау мақсаты үшін өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша, бірақ беруші тараптың құжатында көрсетілген қосылған құн салығын ескере отырып. Осындай мүлікті қабылдап алу-беру актінде көрсетілген құннан төмен емес болып айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
240-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс
Егер осындай табыстарды қоса, әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табыстың 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде жұмсалған шығыстардан асып кеткен осындай табыстар қосылады.
2. Салық төлеушінің меншік құқығына тиесілі мүлік әлеуметтік сала объектісі болып табылады:
1) қызметтің мына түрлерінің бірінде немесе бірнешеуінде пайдаланылатын:
демалыс, көлік көтеруді ұйымдастыру саласындағы қызмет;
ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер;
медициналық қызмет;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы қызмет;
2) тұрғын үй қорының объектілері.
241-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
242-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
1) 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі дивиденттерді төлеуші заңды тұлға бойынша тұтастай алғанда есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан да көп пайызын құраса, азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивиденттер есептелген жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде көзделген осындай азайтуды жүзеге асыратын, оның ішінде қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивиденттер;
2) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;
3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті арттыруға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;
5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
6) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
7) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін арттыруға бағытталған инвестициялық табыстар;
10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін арттыруға бағытталған инвестициялық табыстар;
11) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;
12) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
13) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
14) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
15) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
16) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
17) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған табыстар;
18) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
19) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
20) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған табыстары алып тастауға жатады.
Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті арттыруға бағытталған жағдайда қолданылады;
21) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың табысы;
22) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық табыстары;
23) осы бапта белгіленген шарттарды сақтаған кезде, осы Кодекстің 170-бабының 2-тармағында көзделген коммерциялық ұйымдардың табысы алып тастауға жатады.
Екінші, үшінші және төртінші бөліктер 2012 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысына қосылған және бас банкке аударылған табыстары алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар) бойынша осындай ұйым бұрын басқаға берген талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.
2. Жылдық жиынтық табыстан:
1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтін;
2) егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі дивиденттерді төлеуші заңды тұлға бойынша тұтастай алғанда есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан да көп пайызын құраса, азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивиденттер есептелген жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде көзделген осындай азайтуды жүзеге асыратын, оның ішінде қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивиденттер алып тастауға жатпайды.
3. Запастарды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеушi запастарды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
§ 2. Шегерімдер
243-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, осы бапта және осы Кодекстің 128-... баптарында белгіленген ережелерді ескере отырып салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
Осы тармақтың ережелері салық төлеушінің Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде шеккен шығыстарына қолданылады.
2. Осы Кодекске сәйкес тұрақты мекеме арқылы шет мемлекетте қызметтік жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстары шегеруге жатады.
3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген шығыстар бойынша жүргiзедi.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстары, олар қатысты болатын салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
4. Егер осы бапта және осы Кодекстің 128-... баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін оларды тану күнін қоса шығыстарды тану Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шығыстарды тану тәртібі осы Кодекске сәйкес шегерімдерді айқындау тәртібінен басқаша болған жағдайда, көрсетілген шығыстар осы Кодексте белгіленген тәртіпте салық салу мақсаты үшін ескеріледі.
5. Егер осы Кодекстің ...-бабында (қолданыстағы 57-баптың 4-тармағының бағамын ескеріп) өзгеше көзделмесе, төлеуге жататын (төленген) шығындардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде активтер және (немесе) міндеттер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепте туындайтын шығын салық салу мақсатындағы шығын ретінде қаралмайды.
6. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп айырысуы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.
7. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуді жүзеге асырады. Бұл ретте шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
244-бап. Шығыстардың жекелеген түрлері бойынша шегерім
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы шегерiмге жатады.
Реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсыну мақсатында табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде (шекті деңгей) және (немесе) шектеулерді ескере отырып, шегерiмге жатады.
3. Салық төлеушінің бұрын шегерімге жатқызылмаған тауарлардың баланстық құны мөлшеріндегі шығыстары, жойылуына немесе жоғалуына байланысты немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде залал келтірген тұлғадан немес сақтандыру ұйымынан алынған шағынды өтеу, оның ішінде сақтандыру төлемі түріндегі сомасы, шығынды өтеу сомасын алу күніне келетін кезеңде алынған өтемақы сомасы шегінде шегерімге жатады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін:
тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауарды табыс алу үшін бағытталған қызметте пайдалану мүмкін емес;
нәтижесінде тауарлардың жойылуын немесе жоғалуна әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шеккен тауар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
4. Салық төлеушінің келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Pecпубликасының заңнамаларына көзделген жағдайларда, медициналық пункттерді ұйымдастыру бойынша ұстауға немесе қызмет көрсетуге арналған қызметкерлердi міндетті түрде (еңбек қызметi iшiнде) медициналық байқаулардан және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан (байқаудан) өткiзуге арналған шығыстары шегерімге жатады.
5. Салық төлеушінің Қазақстан Pecпубликасының еңбек заңнамасына еңбек, ұжымдық шарттарына немесе жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек қауiпсiздігінің, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасының талаптарына, оның ішінде қызметкерлердің арнайы жабдықталған орында демалу және тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларымен қызметкерлерді қамтамасыз ету жөніндегі шығыстары шегерімге жатады.
6. Салық төлеушінің қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстары шегерімге жатқызуға жатады.
7. Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, қойылған немесе танылған тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) шегерімге жатады.
8. Егер мәміле шартында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер ретінде кепілдікті табыс етуі көзделген жағдайда, онда мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жүргізілген салық төлеушінің өткізілген тауарлардағы, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердегі кемшіліктерді жою бойынша іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызуға жатады.
9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сатып алынған тауарлар, жұмыс, қызмет құнында қосылған құн салығы бойынша мынадай шығындар ескеріледі:
осы Кодекстің 256-бабының ХХ тармағына сәйкес есепке жатқызылмаған қосылған құн салығы;
261, 262, 262-1-баптарға сәйкес есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы;
осы Кодекстің 258-2-бабында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы.
Қосылған құн салығын төлеуші:
1) егер бухгалтерлік есепте осындай салық сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер құнында ескерілмеген болса, осы Кодекстің 261-бабына сәйкес пропорционалды әдіс қолданылған кезде есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы;
2) табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған, бекітілген активтер, запастар, жұмыстар, қызметтер бойынша осы Кодекстің 258-2-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету;
3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталына салым ретінде берілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 258-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығының азайтылған сомаларын шегерімге жатқызуға құқығы бар.
Осы Кодекстің 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісі қолданылған кезде есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім жүргізіледі.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету жүргізілетін салық кезеңінде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерім жүргізіледі.
Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 258-1-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы осы Кодекстің 87-бабы 4-тармағына сәйкес ескеріледі.
3. Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімдерді бөлу туралы келісім (келісім-шарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын және қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттерді орындау осы Кодекстің 421-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген жер қойнауын пайдаланушы болып табылса, онда декларацияның деректері бойынша оператордың қосылған құн салығы бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тиесілі мөлшерде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген қосылған құн салығы шегерімге жатады.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 258-бабы 3-тармағына сәйкес құны шегерімге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
10. Салық төлеуші:
1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамаларына сәйкес тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңда жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санының негізінде бір жұмыскерге белгіленген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жеке кәсіпкерлер субъектілерінің бірлестігі;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті мүшелік жарналар мөлшерінің шегінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төлеген, жеке кәсіпкерлік субъектерінің мүшелік жарнасы шегерімге жатады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
12. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, есептеулер бойынша:
1) есепті салықтық кезеңде – есепті салықтық кезең және (немесе) салықтық кезең үшін, алдыңғы салық кезеңдері үшін есептелгендер және (немесе) аударылғандар шегіндегі;
2) алдыңғы есептік салық кезеңдегі салықтық кезеңдерде – есептік салық кезең үшін есептелгендер және (немесе) аударылғандар шегіндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.
13. Егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселік мөлшерінен аспаған жағдайда, осындай тауарды беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде жарнамалық мақсатта өтеусіз (оның ішінде сыйлық түрінде) берілген тауардың құны шегерімге жатқызуға жатады.
14. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге өтеусіз көрсететін электр энергиясын беру жөніндегі қызметтің құны шегерімге жатады.
15. Осы бөлімнің мақсатында, осы Кодексте сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызмет бойынша салықтық міндетті орындау жүктелген жағдайда, шегерімге жатқызу мақсаты үшін осы Кодекстің 35, 35-1, 35-2, 35-3, 35-4-баптарының ережелерін ескере отырып, осындай сенімгерлікпен басқарушының шығыстары айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |